Бағалау
критерийі:
Жұрнақ арқылы жасалған туынды
сөздерді грамматикалық нормаға сай қайта жаза
алады;
Күрделі сөздерді дұрыс жаза
алады;
Мәтіндегі орфографиялық
қателерді сөздіктерге сүйене отырып түзете
алады;
Мәтіндегі сөздерді лексикасына
сай дұрыс қолданып, редакциялап қайта жаза
алады.
1-тапсырма. Жұптық
тасырма. Оқушыларға қате үлгідегі
мәтіндер беріледі. Қажетті сөздерді түзетіп, қатенің орнын жақша
ішіне қайта жазады.
1-мәтін.
Мені түрлі кездесу, жиындарқа
(...) жиі шақырады. Сондай бір кезекті кездесуде сөзден-сөз
туындап, бүгінгі қыздардың киімкию (...) үлгісіне тірелді. Осы
кезде шолақ кеудеше, джинсыдан өзгешелеу тар шалбар киген қыс (...)
сұрау қойды.
– Апай, ашық киім киген зиан
(...) болса, Үнді, Африка елдерінің қыздары неге түгел ауыру
болмайды? Тұрмысқа шығып, балалы болып-ақ жүр емес пе? – деді
ол.
– Үнді, Африка елдерінің
тұрғындары – сан мыңдаған жылдан бері сол топырақта туып-өскендер.
Олардың тегі де, бітім-жаратылысы да сол жердің
табиғатынің бөлінбейтін
бөлігіне айналған. Біздің
атабабамызыдың (...) жүрек қаны
тамып, өніп-өскен Отаны, ауа райы,
жер бедері оларға мүлде ұқсамайды.. Оның үстіне әр
ұлттың өмір-салты, киім киу (...) үлгілері бар.
Сондықтан «анау неге басқа, мен неге сондай емеспін»
деп сырт көрініске
елікпей (...) бермей, әркімнің өзіне өзінің ұқсағаны
жақсы, – деп жауап бердім.
2-мәтін.
– Айналайын, үстіңдегі киімің
ата анаңа ұнай ма? Айнаға қарағанда осы киімің келісті көрінеме? –
деп сұрадым.
Сонда
қыз:
– Ата-анам алыста. Менің не киіп
жүргенімді көріп-тұрған жоқ. Сондықтан олар үшін жауап
береалмаймын. Жаспыс ғой, қатарымнан барғым
келмейді, бұл қазіргі нағыз «писк»
моды, – деді күліп.«Писк» дегенның не екенін түсінбесем
де:
– Егер «Батыстың писк модасы»
деп ол жақтан біреу шарбарын басына орап келсе, оны да қабылдап,
киесің бе? – дедім.
Барлығы ду күлді, бойжеткеннің
өзі де күліп:
– Жоқ, әрине, – деп орнына
отырды…
3-мәтін.…Қазақтың арулары
келін болыптүскенде сәнді де жанды
сәукеле киеді. Бір жыл жас келін
ретінде сәукеленің жібек желегінің
салады, күнделікті үйшаруасында
шаршы орамал тартады. Жыл толғанда апа әжелер, абысын ажын арнайы
дастарқан жасап, келінге кимешек кигізу расімін жасайды. Қазақ
әйелінің өміріндегі бұл да бір өнегелі дәстүр, атаулы апта
саналған. Көшіп қонып жүретін тіршілігіне қарамай, қазақ
әйелдерінде қәзіргі заманда жиі кездесетін төс, бүйрек, құлақ
аурулары сирек болыпты. Байқап отырсыздар, қазақәйелдері әрі жабық,
әрі әсем бас киім киген. Ешуақытта
ашық- жабық
жүрмеген.
Мәтіндердің дұрыс үлгісі
интерактивті тақтадан беріліп өздерін тексеріп,
бағалайды.
Бағалау. Дұрыс жауаппен
салыстыра отырып, критерий бойынша жұптар бір-бірінің жұмысын
тексереді, бағалайды.
Кері байланыс.Мәтінді
редакциялауда қандай қиындық кездесті? Жұптық жұмыстың сіз үшін
тиімділігі болды ма?
2-тапсырма. Жеке
жұмыс.
Мұғалім сыныпқа үйде жазған
эссе жұмыстарын сағат тілімен ауыстыруды сұрайды. Оқушылар
қолдарындағы эссеге (кейбір қате сөйлемдер мен сөз тіркестеріне)
түзетулер енгізеді. Түзету барысында эссеге берілген нақты
талаптарды ескеруі тиіс. Егер түзету енгізсе, неліктен енгізгені
туралы түсініктеме бергені дұрыс. Кестені
толтырады.
Бастапқы нұсқадағы
сөйлем/ сөз тіркесі
|
Редакцияланған
сөйлем/сөз тіркесі
|
түсініктеме
|
1.
2.
|
|
|
Бағалау
критерийі:
Кестені сауатты толтыра
алады;
Қате жазылған 2 сөйлемге
түзету жасай алады;
Қате жазылған 2-3 сөз не сөз
тіркесіне түзету жасай алады.
ҚБ.Өзара бағалау жүреді немесе
мұғалім жұмыстарды жинап алады.
|