Материалдар / ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША «ҚАЗПОШТА» АҚ САПАҒА ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША «ҚАЗПОШТА» АҚ САПАҒА ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС КОЛЛЕДЖІ» МКҚК НҰРБАЕВА ГҮЛЖАН БАТЫРШАҚЫЗЫ 07141000 – Пошта байланысы мамандығының өндірістік оқыту шебері және арнайы пән оқытушысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Тамыз 2023
155
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС КОЛЛЕДЖІ» МКҚК


НҰРБАЕВА ГҮЛЖАН БАТЫРШАҚЫЗЫ

07141000 – Пошта байланысы мамандығының өндірістік оқыту шебері және арнайы пән оқытушысы


ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША «ҚАЗПОШТА» АҚ САПАҒА ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ



Бүгінгі таңда кәсіптік білім берудің басты мақсаты – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз кәсібін жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша нәтижелі жұмыс істеуге қабілетті, үздіксіз кәсіби өсуге дайын, тиісті деңгейдегі және бейінді білікті кадрларды дайындау.

Шымкент қаласының білім басқармасы мен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бұйрығы негізінде «Энергетика және байланыс колледжі» МКҚК 07141000 – Пошта байланысы мамандығы, 3W07141001 - Пошта байланысының операторы біліктілігінде «Казпошта» АҚ мемлекеттік мекемесімен үш жақты келісім-шарт бойынша дуальды оқыту жүйесінің элементтерін қолданып білім беруде. Дуальды оқыту жүйесі – теорияны өндіріспен ұштастыра оқытатын оқыту технологиясы. Оның ерекшелігі сонда, оқу уақытының 60% ын өндірісте, қалған 40%-ын оқу мекемесінде өткізіп жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Колледжде оқу тобы нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, тәжірибелік оқыту бағдарламасында жұмыс жүргізілуде.

«Пошта байланысының операторы» маманыдығы дегенде, жасыратыны жоқ көбіңіздің көз алдыңызға газет-журнал жеткізетін ескі замандағы қоржын қалта асылған «почтальон» бейнесі елестетіні анық. Алайда, "Қазпошта"АҚ қазіргі таңда пошталық және қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын ірі инновациялық және жоғары технологиялық компанияға айналып, халыққа ақыл-кеңес беретін, сервистік қызмет көрсететін және кросс-сатылым жүргізетін дәрежеге жетеді. Бүгінде "Қазпошта" АҚ қарапайым тапсырысты, құнды жазбаша және пошталық жөнелтілімдерді жіберу, қомақты және ауыр салмақты жүктерді республика ішінде жөнелту мен жеткізу, арнайы байланыс, жедел пошта қызметі (EMS қызметі), газет-журналдарға жазылуды ресімдеу, постомат қызметі, сәлемдемелер супермаркеті сынды пошталық қызмет түрлерін ұсынып отыр. Бұған қоса коммуналдық төлемдер, салық және басқа да төлем түрлері, ақша аударымдары, депозит салымын қабылдау, халықаралық төлем карточкаларын ресімдеу, жеке және заңды тұлғаларға банк шотын жүргізу мен ашу, зейнетақы, еңбекақы, әлеуметтік жәрдемақы төлемдерін қабылдау, әуе және темір жол билеттерін сату, екінші деңгейлі банктердің несиелерін ресімдеу; несиелік бюро, трансферт-агенттік, шетелден интернет-дүкен арқылы тапсырыс қабылдау сияқты қызметтерді көрсетуде. Бұл дегеніміз қоғамда «Пошта байланыс оператор» мамандығына сұраныс өте жоғары дегенді білдірмей ме?!

Бұл бағытта біздің «Энергетика және байланыс колледжі» оқыту жүйесінде теория мен тәжірибемен қатар іске асыру яғни дуалдық білім беру жүйесі – жаңа индустрияландыру үшін кадрлар даярлаудың тиімді көптеген жұмыстарын атқаруда. Мәселен, пошта зертханасында «Пошта байланыс операторы» мамандығын оқыту үшін кәсіптік модульдерді оқып-үйренуге барлық жағдай жасалған және өндірістік объекті орнатылған ақпараттық жүйемен жабдықталған, студенттер өзін өндірістік мекемедегідей сезініп еркін жұмыс істеп, практика сабақтардан өтуге жағдай жасалған. Студенттер оқу жұмыс жоспарына сәйкес әр аптаның бір күнінде, өндірістік мекемеде іс-тәжірибеден өтіп отырады. Оқу тәжірибесі барысында студенттер әрбір оқыту нәтижесі бойынша әдістемелер мен дағдыларды пысықтайды. Өйткені, егер теорияда алып жүрген білімдерін студенттер кәсіби қызметінде пысықтайтын болса, қажетті еңбек операцияларын өз қолдарымен орындауды үйренсе, жұмыста әдеттен тыс жағдай туындаса, оларды жою оңайырақ болады.

Сонымен қатар студенттер үшін «Пошта байланысының операторы» мамандығы бойынша өндірістік іс-тәжірибе Шымкент почтамты базалық кәсіпорнының тұрақты орындарында өтеді. Өндірістік тәжірибе – білікті мамандарды дайындаудың ең маңызды кезеңі. Тек өндірісте оқыту барысында студенттерге заманауи өндіріс технологиясын меңгеруге, өзін еңбек ұжымының мүшесі ретінде жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі. Студенттер өндірістік мекемеде тек қана білім алып қана қоймай этека-эстетиканы, адамдармен қарым-қатынас жасауды, қоғамдық парыз санасына, ұжым дәстүрін құрметтеуге бейімделеді.

Біздің базалық кәсіпорын – Шымкент почтамты. Мұндағы жұмыс орындары заманауи техникалық құралдармен және электронды құрылғылармен жабдықталған.

Студенттер бірінші курстан бастап Шымкент қаласының пошта бөлімшесінің жұмыс орнында тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Алдымен жұмыс орындарымен, байланыс операторларының қызметтік міндеттерімен, жұмыс орнындағы техника қауіпсіздік ережелерімен танысады. Шымкент поштасының ұйымдық құрылымына мыналар кіреді: операциялық зал; сақтандыру аймағы; пошта; жазылу бөлімі. Студенттерді жұмыс орындарына орналастыру кәсіптік модульді игеруді ескере отырып жүзеге асырылады.

Ең жауапты аймақ – операция бөлмесі. Өйткені, студенттер клиенттермен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Студент клиентпен өзін дұрыс, сыпайы, байсалды ұстау керектігін білуі керек. Келген тұтынушыға поштаның әмбебап, қаржы, агенттік. және т.б. қызмет түрлерін жүзеге асыруды, ақпараттық бағдарламалармен жұмыс істеуді меңгереді.

Сонымен бірге, студенттер оқу зертханасында теориялық тұрғыдан зерттеліп, игерілген практикалық жұмыс әдістерін бекітеді. Барлық жұмысты студенттер қызығушылықпен, жауапкершілікпен орындайды. Кәсіпорында оқыту кезінде студенттердің кәсіби дербестігін дамытуға қолайлы жағдай жасалады.

Кәсіпорын – тапсырыс беруші педагогикалық процестен шет қалмай, оған белсенді түрде қатысады. Әлеуметтік серіктес «Қазпошта» АҚ филиалымен тұрақты түрде бірлескен кездесулер өткізіледі, онда кәсіпорынның қажеттіліктері үшін жұмыс тәжірибесінің жоспары келісіледі. Егер оқу тәжірибесінде дағдыларды дамытуға және бастапқы практиканы меңгеруге байланысты сұрақтар қарастырылса, онда өндірістік кәсіпорында шешімін табуы әбден мүмкін. Тәжірибеден өту кезінде әрбір студентке жұмыстың белгілі бір түрін орындауда практикалық тәжірибені меңгергенін растайтын, бағаны көрсететін аттестаттау парағы толтырылады.

Студенттер әрбір кәсіптік модуль бойынша өндірістік тәжірибе туралы есеп жасайды. Өндірістік жағдаяттарды талдау практикалық сабақтарда да, оқу материалын бекіту сабақтарында да, тәжірибе барысында да жүргізіледі . Осы орайда айта кету керек, «Казпошта» АҚ серіктесіміздің мақсаттары төмендегідей:

  • Оқу орны тарапынан кәсіпорынға қанша маман дайындау қажеттілігін айқындау;

  • Оқу орнына маман дайындауға өз талаптарын қою

  • Оқу орнымен бірлесе отырып оқу-материалдық құжаттарды әзірлеу

  • Студенттерді оқу және өндірістік тәжірибеден өткізу арқылы мүмкіндігін қарастыру, шешу;

  • Студенттерге оқу және өндірістік тәжірибеден өткізуге жағдай жасау

  • Оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту.



Студент мақсаты:

  • Теориялық білім мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жойып, кәсіби құзіретке негізделген білім алу

  • Өндірістік оқу және өндірістік тәжірбиеден ақылы өту

  • Колледж бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу

Дуальды оқыту жүйесі бойынша атқарылатын жұмыстар:

  1. Тәжірибелік жұмыстардың орындалуын қадағалау;

  2. Атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру;

  3. Студенттердің білімі мен біліктілігін анықтауда тест нәтижесін сараптау;

  4. Өндірістік тәжірибеден өту кезеңдерінде үшжақты келісім-шартқа отырған мекемелерден тәлімгер тағайындау;

  5. Студенттердің кәсіпорындармен алғашқы танысуы, «Қазпошта» АҚ, аудандық пошта байланыс торабы, поштаны алу және жіберу, арту бөлімшесі жұмысының барысын көріп білу;

  6. Студенттерді еңбекке тәрбиелеу, саналы тәртіпке, жолдастық қарым-қатынасқа, кәсіби шеберлікке, ұйымшылдыққа, ой-танымдық қасиеттерін қалыптастыруға; іскерлік қарым-қатынасқа тәрбиелеу;

  7. Кәсіптік білімді меңгеру, өз мамандығы бойынша мәдениетке тәрбиелеу және құжаттарды ұқыпты пайдалану;

  8. Ұжыммен сыпайы қарым-қатынаста болу, таңдап алған кәсіби мамандықты толық меңгеру;

  9. .Пошта ережелері және нұсқауларын меңгеру.


Дуальды оқыту жүйесі бойынша  «Қазпошта» АҚ сапаға қатысты саясаты


Қазақстан Республикасының барлық аумағында клиенттердің сұраныстарын толық қанағаттандыратын пошталық, қаржылық және логистикалық заманауи сапалы қызмет түрін көрсету Яғни студенттер тәжірибеден өту барысында мына ұстанымда болу керек «Біздің сапа бұл жылдамдық, сенімділік, қол жетімділік, кепілді жеткізу. Ең жақсы баға – клиенттердің сенімі». Сонымен қатар, студенттер өз жұмысының кәсіби маманы болу керек.

  • Өз жұмысының маңызын және оның мақсаттарын айқын түсіну

  • Клиентке қызмет көрсеткенде, белгіленген Ережелер мен Нұсқауларды нақты орындау;

  • Клиентке мұның өте маңызды екенін түсіндіре отырып, қызмет көрсетуде жоғарғы жылдамдықты қамтамасыз ету;

  • Клиенттерге нақты және дәл мәліметтер беру;

  • Өзіне алынған міндеттерді әрқашан орындау;

Оқытудың практикалық бағыттылығы біліктілік емтихандары кезінде де бақыланады. Емтихан нәтижесі барлық студенттердің белгілі бір қызмет түрін меңгергенін көрсетеді. Біліктілік емтихандарын тапсырғаннан кейін студенттер практикалық жұмысты орындауға көбірек ой салады, емтихан тапсыру кезінде әрқайсысы кәсіби қызметтің осы түрін меңгергенін дәлелдейтін нәтиже көрсетуі керек екенін түсінеді. Оқытудың практикалық бағыттылығы қала кәсіпорындарында жұмыс істеуге неғұрлым дайын және қалалық еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды шығаруға мүмкіндік береді.

Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік әріптестік – өзекті әрі келешегі зор құбылыс. Жұмыс беруші кәсіпорынмен жемісті ынтымақтастық жалғаса береді. Бұл барлығына пайдалы: түлек үшін де, жоғары сапалы дайындалған мамандарды алуға мүдделі кәсіпорын үшін де. Сондай-ақ, нақты өндірістік жағдайларға жақын арнайы пәндер оқытушыларының тағылымдамасы, студенттердің қорытынды жазбаша біліктілік жұмыстары сияқты өзара әрекеттестік формалары бар. Студенттердің практикалық тәжірибе алуы және өндіріс саласында ақпараттық байланыстарды жинақтауы түптеп келгенде оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мәселесін жеңілдетеді.

Дуальды жүйемен оқытудың төмендегідей артықшылықтары бар:

Біріншіден, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған студент жұмыс берушінің айтқан талаптарын игеріп, меңгерген тәжірибесі бар маман болады.

Екіншіден, жақсы білімді, болашақ маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізуге және өндірістегі жұмыстарды алып кетуге қабілетті.

Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, студент теориялық, яғни мәтінмен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теорияда қиындау келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.

Төртіншіден, студент тек теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.

Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дуальды оқыту технологиясы енгізіліп, жүзеге асқан кезде қол жеткізетін нәтижелер. Қазіргі кезде еліміздегі еңбек нарығында білікті мамандар тапшылығы байқалып отыр. Соның ішінде «Пошта байланысының операторы» мамандары тапшы. Сондықтан қалыптасқан жағдайда білім беруді тек теориялық тұрғыдан ұйымдастыру жеткіліксіз, яғни жас маманның өндірістік машықтанудан толық кәсіптік деңгейге шығуына жағдай жасау өзекті мәселе.

Дуальды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуына септігін тигізеді. Жаңа жұмыс орындарында жаңа жұмысшының жұмысқа деген көзқарасы, үйрену уақытының төмендеуіне және тез сіңісуіне әкеледі. Әлеуметтік серіктестіктерге отырған кәсіпорындардың жұмысшылырының тұрақтылығы жақсарады.

Жаңадан келген жас жұмысшыға кететін шығындар төмендейді және жұмыссыздық деңгейі төмендейді. Сапалы оқу жүйесін қалыптастыру; бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы орын алады. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясы кеңейтіледі және білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату мүмкіндігі туады.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ!


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы.

  2. «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі No 498-V Заңы (24.05.2018 ж. өзгерістер мен толықтырулармен

  3. https://post.kz/

3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!