Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Екінші сыныпта оқимын. Мен сегіздемін" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Екінші сыныпта оқимын. Мен сегіздемін. Мұғалім:Амир Абай Муратулы 2- сынып Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 2.1.3.1 тыңдаған мəтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау жəне қарапайым сұрақтарға жауап беру 2.2.1.1 сөйлеу барысында алған ақпарат бойынша сұраулы сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану 2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Екінші сыныпта оқимын. Мен сегіздемін.


Мұғалім:Амир Абай Муратулы

2- сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.1.3.1 тыңдаған мəтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау жəне қарапайым сұрақтарға жауап беру

2.2.1.1 сөйлеу барысында алған ақпарат бойынша сұраулы сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану

2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырыпқа қатысты жаңа атауларды меңгереді.


Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді.


Кейбір оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтін бойынша
сұрақтарға жауап береді, сәйкес суреттер таңдай алады.


Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді, сәйкес суреттер таңдайды;

Сөйлеу барысында алған ақпарат бойынша сұраулы сөйлем үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолданады және құрастырады;

Берілген суреттерге қарап отырып, өздері еркін сөйлем құрайды.

Дискриптор

Суреттерге қарап сұрақтарға жауап береді;

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қояды;

Төл дыбыстарды дұрыс айтады;

Сөздерді қатесіз жазады;

Диалог құрастырады.

Жаңа сөздер:

Нешінші, екінші, үшінші, қабатта, жақсы көремін

Сабақта қолданылатын
материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті суреттер, кестелер, желімқағаздар, суреттер, мультипроектор, альбомдар, слайдтар

Оқыту әдістері:


















Түсін діру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Баспалдақ» техникасы, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Сабақтың барысы:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық

Дайындық

Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең
жолдарын оқиды:

Бәрі жақсы баланың,

Тілін алған ананың.

Бәрі жақсы баланың,

«Беске» оқыған сабағын.

Мұғалім оқушыларға өлең жолдарын қайталатады.

Мұғаліммен бірге қайталайды.
Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Қайырлы күн, достым! Әр күнің
сәттілікке толсын!


Өткен сабақты тексеру

Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты
ояту

Оқушыларды жаңа сабаққа кіргізу мақсатында
Ө. Ақыпбековтың «Бес саусақ» өлеңін оқиды, ой шақыру
сұрақтарын қояды:

Мынау -
Бас бармақ,

Мынау -
Балаң үйрек,

Мынау -
Ортан терек,

Мынау -
Шылдыр шүмек,

Мынау -
Кішкене бөбек

Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, өлеңде не туралы
айтылады?

Оқушылар жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа
сөздерді тыңдайды, қайталайды,
оқиды.


Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға
жаттығады, қайталайды.


2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтіңці мұқият
тыңдайды. Жаңа сөзцерді
қайталайды.


3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.

А) Айтылым.
Оңулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.


Ә) Жазылым. Оқулықтағы 3 -тапсырманы
орындатады.

Жазылым. Суреттерге қарап диа-
логті толықтырып жазады.



5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардың бой жазуы үшін орындарынан тұрғызып, сергіту жаттығуын жасатады.
Ал, балалар, тұрайық ,

Алақанды ұрайық!

Оңға қарай бұрылып,









Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық!

Орындарынан тұрып, сергіту
жаттығуын жасайды, мұғаліммен
бірге таңдағанын қайталайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 2-тапсырма.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды.
Сөйлемдерге сұрақ қояды..

IV. Бекіту,

.

Жаңа таңырыпты бекіту үшін мұғалім оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.


Айтылым. Суреттегі кейіпкерлердің
атынан диалог құрады

«Есте сақта» берілген сөздерді жаттатады.

Берілгең сөздерді жаттайды.
Қайталайды.

V. Бағалау

Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі жәңе сыртқы шеңбер» тех-
никасы бойыңша өзара бір-бірін
бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Жазу дәптерінен тапсырма беріледі


VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін
смайликтерді көрсету арқылы көңіл- күйлерін білдіреді.

Қосымша ақпарат

Қортындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.

Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.10.2020
681
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12