Материалдар / Экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы жастарды тәрбиелеу.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы жастарды тәрбиелеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Экологиялық мәдениет күрделі ұғым ретінде табиғатты танып білу, пайдалану және жаңарту іс – әрекет түрлерінің мәдениетімен байланысты. Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2022
367
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы жастарды тәрбиелеу.


Адам — табиғатпен егіз. Адам ауырса, одан табиғатқа келіп-кетер ештеңе жоқ шығар, ал табиғат ауырса, адам онымен қоса ауырары хақ. Сондықтан да, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау, оған қамқор болу адамзат баласы үшін маңыздылығын жойған емес. Егер сіз табиғатқа қамқорлық жасасаңыз, оны табиғат үшін емес өзіңіз үшін, келешек ұрпақ үшін жасалған сауапты іс деп түсінгеніңіз жөн шығар.

Біз -тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халықпыз. Бұған күні кешеге дейін туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды… Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды.
Міне енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады? Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшасынан
бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесек көп нәрседен ұтылатынымыз айдан анық. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көзқарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау,теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады.Адамдардың көздерін адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды. Экология — жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, «экология» пәнін балабақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз.
Экология – мекен ететін табиғи орта туралы ғылым. Расында, экология өзіңнің тұрған үйіңнің, қоршаған ортаңның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір сал­­тын қалыптастыру дегенді біл­­діреді. Сонымен қатар бұл та­биғат­та болып жатқан барлық өз­геріст­ің себебін анықтау, баға бе­ру жә­не алдын алу мәселелерін қа­рас­тырады.

Жастарға экологиялық білім мен тәрбие беру – қашанда өзекті мәселе. Бүгінде ауыл-аймақтарда экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартып жатыр: қатерлі ісік, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғарылауы, жүрек, жүйке ауруымен ауыратындар көп.

Айналамыздың ластанбауына ті­келей адамдар жауапты болғандық­тан, экологиялық мәдениетті қалып­тас­тыру өте маңызы. Бұл үшін балабақ­шадан бастап қоршаған ортаның бү­тін­дігіне бейжай қарамайтын ұрпақ тәр­биелегеніміз дұрыс. Осы ретте ата-ана­лар балаларының бойына табиғатқа, қоғамға жанашырлық, жауапкершілік әдептерін сіңіруге ерекше мән берген жөн.

Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Экологиялық мәдениет күрделі ұғым ретінде табиғатты танып білу, пайдалану және жаңарту іс – әрекет түрлерінің мәдениетімен байланысты. Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық мәдениет білім берудің барлық салаларына енуі қажет және тұрғындардың барлық топтарын қамтуы абзал. Қазақстанның экологиялық дағдарыстан шығуының маңызды бағыттарының бірі, тұрақты даму жолымен жүре отырып, мәні, мақсаты азаматтардың экологиялық білімін, экологиялық мәдениетін, экологиялық тәрбиесін дамыту болып келетін экологиялық – ағартушылық табылады, ондағы басты мақсат қоғамның экологиялық санасын өзгерту, адамның табиғи ортаға деген қарым – қатынасын түбірімен өзгерту болу керек. Сол себепті экологиялық мәдениетті дамыту керекпіз.

Экологиялық тәрбие мақсаты – оқушыларды табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру. Экологиялық тәрбиенің міндеті-жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту, экологиялық тәрбие ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Менің ойымша халықтың жағдайын жақсарту үшін, елу елдің қатарына кіруіміз үшін осындай мәселелер өзінің шешімін табу керек деп ойлаймын. Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, соның ішінде суды үнемдеу экологиялық мәдениеттің бір белгісі болып табылады. Судың да сұрауы бар демекші, халық оны тіршіліктің бастауы, тазалықтың рәмізі ретінде санаған.
Соңғы жылдары көптеген елдерде моральдық сананың
экологизациясы орын алды және құндылықтық бағыттыр өзгерді. Адам – қоғам – табиғат қарым – қатынасы саласындағы моральдық нормалар мен мінез – құлық өнегелілігі экологиялық этиканың негізі болады.

Экологиялық мәдениеттің негізін экологиялық қарым – қатынас құрайды.

Алғаш рет «экологиялық мəдениет» ұғымын ұсынған Д.С. Лихачевтің пікірінше (1980), Экологиялық мəдениеттің қарапайым ережелерін сақтамаған жағдайда ол қоғамды адамгершілік, рухани жағынан құлдырауға əкеліп соқтыратынын атап айтады.

Философ И.П. Сафронов: «Мұғалімнің экологиялық мəдениетін қалыптастыру» деген ғылыми зерттеуінде экологиялық мəдениет белгілі бір əлеуметтік бірліктің шеңберіндегі табиғатты танып- білумен бірге, оны меңгеру жəне жаңартумен тығыз байланысты адамның іс-əрекет нəтижелерін көрсететін, адам — қоғам — табиғат арасындағы қарым-қатынастың сипаты мен сапалық деңгейін байқататын жалпы мəдениеттің бір бөлшегі деген тұрғыда пікір білдіреді.
Халықтың табиғи ортаны қорғауға белсенді қатысу қажет екендігін түсінбейінше салынған күш күтілетін нәтиже әкелмейді. Әрине экологиялық мәдениеттің қалыптасу процесінде мемлекет, мемлекеттік саясат қоршаған ортаны қорғау саласында үлкен рөл ойнайды. Мемлекет экологиялық саясаттың субъекті ретінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету керек.
Әсіресе, бүгінгі экологиялық апат біздің елімізге қауіп төндіріп тұрғаны барлығымызға да белгілі. Ғасырлар бойы адам баласы өзін табиғаттың қожасы, билеушісі ретінде сезініп, одан өзіне керектің барлығын алды. Бірақ оған келтірілген зиянның орнын толтыруға, дер кезінде қамқорлық жасауға әдеттенбеді.
Экологиялық тәрбие беру – адамзат баласының әр бір іс – әрекетіне шек қоя отырып, экологиялық жағдайды жақсартудың бірден – бір жолы. Экологиялық мәселелерді шешу экологиялық таза технологияларды енгізумен, адамда экологиялық мәдениеттің қалыптасуымен байланысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа зиян келтіріп, қоршаған ортаны ластағандарға айыппұл көлемін арттыруды және еліміздегі мектептерде экология пәнін енгізуді тапсырды. Бұл міндетті орындау Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігіне жүктелді. Қос ведомство қоршаған ортаны қорғауды қалай жүзеге асырады?

Сынып сағаттарының бағдарламасы әзірленуде

Президент айтқан экологиялық білім беру пәні биыл мектеп бағдарламасына енбейді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қыркүйектен бастап жаңа пәнді енгізу мүмкін емес. Оған тыңғылықты дайындық пен жүйелі жұмыс қажет. Сондықтан министр Тоқаевтың тапсырмасы асықпай орындалатынын мәлімдеді. Есесіне, жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаға қамқор болуға үндейтін арнайы сынып сағаттарын өткізу міндеттеледі. Мұндай сынып сағаттары 1-сынып оқушыларынан бастап, 11 бітіретін түлектерге де өткізіледі. Тағы экология мәселесіне қатысты олимпиадалар ұйымдастырып, балаларды туристік серуендерге шығарып тұру қарастырылып жатыр. Экобілім тақырыбында сынып сағаты мен факультатив сабақтар өткізу міндеттеледі.

Экологиялық мәдениетті дамыту үшін 10 миллион доллардың жобасы жасалады

Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының (БҰҰДБ) экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жобасының жетекшісі Виктория Байгазинаның айтуынша, қазір экологиялық мәдениетті көтеруге бағытталған тұтас жоба жасалып жатыр. Сәуір айында БҰҰДБ мен Білім және ғылым министрлігі "Инновациялық мүмкіндіктер және білім беруді жаңғырту: елдің тұрақты дамуы үшін экологиялық мәдениет жолында" атты бірлескен жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойған. Жоба 2020-2024 жылдарға арналған. Оның іске асуына бюджеттен – 7 млн, БҰҰДБ – 3 млн теңге бөлінбек.

"Жоба аясында үздіксіз экологиялық білім берудің кешенді моделі, 17 экологиялық орталық құру көзделуде. Оқушылар мен педагогтар үшін экологиялық білім берудің оқу-әдістемелік базасын әзірлеу, олардың біліктілігін арттыру, білім беру веб-ресурсын құру жоспарланып отыр. Орталықтар 14 облыста және республикалық маңызы бар үш қалада мектеп, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беру мекемелері, бір университет және бір ТжКБ негізінде құрылатын болады.

Бұл жоба шеңберінде Жер, Ауа, Су, Энергия сияқты маңызды экологиялық аспектілерді қамтитын ақпараттық-білім беру бағытында бейнесюжеттер, көпсериялы анимациялық бейнероликтер түсіріледі. Сондай-ақ осы бағыттар бойынша интерактивті онлайн-сабақтар дайындалады. Түрлі эко-акциялар, тақырыптық көрмелер, мектепті үздік көгалдандыру байқаулары жүйелі түрде жүргізіледі. Білім беру ұйымдары жанынан экологиялық алаңдар (жылыжай кешені, тиімді жарықтандыру, күн панельдері, тамшылатып суару, сенсорлық крандар және т. б.) құру жоспарланған.

Табиғатқа жанашыр болуды үйрететін мультфильмдер түсіру керек

"Мектепке дейінгі жастағы балаларға, төменгі сыныптағы оқушыларға танымдық кітаптар жазуды қолға алу керекпіз. Олар көзбен көргенін көкейге түйеді. Сондықтан, табиғатты аялау туралы ой салар мультфильмдер мен фильмдер шығару мәселесін қарастыру қажет. Оған арнайы қаржы бөліну керек.

Шетелде бұл пән оқытыла ма?

Сарапшылар мұндай пәннің әлемнің көптеген елдерінде жүйелі түрде оқытылып жатқанын алға тартты. Сондықтан, экосананы қалыптастыру үшін, бұл пәнді мектептен тыс колледждер мен ЖОО-да да тереңінен оқыту қажет деді.

  • Швецияда мектеп оқушылары апта сайын тұрмыстық қоқыстарды сұрыптау сабақтарына қатысады, онда олар қандай заттарды екінші мәрте қолдануға болатындығын және қандай заттар ерекше утилизация жасауды қажет ететінін біледі;

  • Финляндияда мектептер мен балабақшаларға ақысыз баратын Roskisnalle («қоқыс аюы») балаларға қоқысты утилизациялаудың қыр-сырын таныстырады;

  • Грекияда мектеп оқушылары мен университет студенттері жергілікті экологиялық мәселелерді зерттеуге және олардың шешімдерін іздеуге қатыса алады;

  • Францияда экологиялық білім міндетті: 16 жасқа дейін әр оқушының экология және қоршаған ортаны қорғау туралы іргелі білімі болуы керек;

  • Бельгияда экологиялық зерттеулер балабақшалардағы балаларды дамытудың міндетті бағдарламасына кіреді;

  • Жапонияда көптеген қалалық мектептерде балалармен бірге биотоптар жасалады, онда оқушылар табиғатты зерттеп, тәжірибе жасай алады.

Табиғатты ластағандарға айыппұл 10 есе өседі

Табиғатқа зиян келтіріп, осы саладағы заңнаманы бұзғандарды жауапқа тарту үшін Тоқаев берген тағы бір маңызды тапсырма – айыппұл көлемін арттыру. Себебі, қазіргі заңнамада көрсетілген айыппұлдың мөлшері аз. Сондықтан болар, адамдар күл-қоқысты көрінген жерге төгіп, ойына келгендерін істейді. Ал салынатын айыппұлдың аздығы, жауапкершілікке жүктемейді. Осыған байланысты, президенттің тапсырмасы аясында экология министрлігі заң жобасын әзірледі. Күзде құжат парламент қарауына енгізіледі. Жаңа экологиялық кодексте табиғатқа зиян тигізгендерге әкімшілік айыппұлды 10 есе көбейту жоспарлануда. Қайталанған жағдайда 20 есе болмақ. Тиісінше, әрбір азамат қолындағы қоқысын тастамас бұрын ойланады. Ал айыппұлдан түскен ақша, экологияны оңалтуға жұмсалады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі, заңбұзушылық орын алған күннен бастап, 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Қазір елімізде жалпы көлемі 150 миллион тонна қалдық бар екен. Жыл сайын 4,5-5 миллион тоннадай қатты тұр­мыс­тық қалдық жиналады. Ал елімізде 3,5 мың­нан астам қоқыс полигоны болса, оның 17 пайы­зы ғана эколо­гия­лық  санитарлық талаптарға сай кө­рінеді.  Полигондардың басым бөлігі толған.  Оның үстіне, ауылдарымыз да қоқысқа батып бара жатқаны жайлы деректер бар.

 

Ауылдарда қоқыс контейнерлері өте аз

Ашығын айтсақ, мыңдаған қазақ ауылының маңы күл-қоқыс полигонына айналып кеткен. Онда не жоқ, қоқыс­тың бәрі бар. Қыс бойы ауыл тұр­ғындары тұрмыстық қал­дықтардан бастап малдың тезе­гіне дейін сонда төге­ді. Ең қауіптісі, ол күл-қоқыс по­ли­­гондарында малдың, ит-мы­сық­тың өлекселері үйіліп жатыр. Сол өлекселерді талап жеп жүрген ит-құстар. Олар жұқпа­лы ауру таратады. Қазір көп ауылды қара шыбын басқан. Қалыптасқан бұл сұмдықты қада­ғалап жатқан бір жанды көр­медік. Шұғыл шара қолдан­ба Ауыл­ды қай­­та­­­дан қалпына кел­тіріп, жан­дан­дырып, түбе­гейлі кө­теру керек. Ауыл рефор­ма­сын жүр­гізу қажет. сақ, елге жұқпалы аурулар тарап кету қаупі бар» делінген.


Қоқыс өңдеуден үздік отыздыққа кіре алмаймыз


Қазақстан – дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырған ел. Үздік болу үшін кез келген істе көш басында бол­мақ керек. Алайда қоқыс өң­деу ісінде Қазақстан үздіктер қатарына әзірге кіре қоймайтын тәрізді. Өйткені дүниежүзіндегі көшбасшы, дамыған отыз елде қоқыс 90 пайыз өңделеді, тек 2 пайызы ғана жерге көмі­ле­ді. Ал бізде, керісінше екенін сан­дық көрсеткіштен аңғаруға болады. Негізінен, қағаз, плас­­тик, полиэтилен ғана ірік­­теліп алынады. Қалғаны сы­ғым­далып, жерге көміліп жатыр. Елі­­мізде қоқысты жою­дың не­­гізгі екі жолы бар. Бірін­шісі – бактериямен шірітіп ты­­­ңайт­­қышқа айналдыру. Ал оның өзі бірден шірімей ұзақ уа­қыт бойы жататынын ескеру қажет. Екіншісі – өртеу. Эко­лог­тар екінші әдіске күрделі қон­дырғымен қатар отын көп керек екенін айтады. Сондай-ақ ауаға да зиянды заттар бөледі. Ол жағын да қаперге алған дұрыс болар.

Қорыта айтқанда, тұрмыстық қатты қалдықтар көлемінің шектен тыс ұлғаюы – алаңдатарлық ахуал. Оның үстіне,  қоқыстың ауылды жерлерде көптеп шашылуы мәселені тіптен күрделендіре түседі. Қалаларда  сенбіліктер арқылы төңіректі тазалаудың,  тұр­мыстық қатты қалдықтарды ком­муналдық шаруашылық қыз­меті арқылы  жинап алудың мүм­кіндігі бар. Ал ауылдарда күл-қоқысты жинайтын қызмет түгілі  бірлі-жарым техника да табыла қоймайды. Әрі тұрғындар да  төңіректегі қоқысқа назар аудар­­май­тын кездер кездеседі. Бәл­кім, еттері үйреніп кете ме, кім білсін?! Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған, тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық парызы.


«Астана» көпсалалы колледжі, 2022 ж

Бүргебай Ә.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!