400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ел бірлігі куреспен келген

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік жолы туралы.тарих және әдебиет сабақтарына эссе, мақала жазса, үлгі ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ел бірлігі де күреспен келген

Тәуелсіздік жолы қазақ халқы үшін оңайлықпен келмегені баршамызға аян. Осы жолда халқымыз қанша қиындық пен азапты, қайғы мен қасіретті бастан өткізді. Бұның бәрі өткен тарихымыздан-ақ белгілі. Тәуелсіздік жолында елім деп еңіреген талай боздақтардың қасиетті қаны, қайғысы мен мұңы, құсасы мен арманы жатыр. Олар сонау «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» басталып, кешегі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл жылдары қанша жас қыршынынан қиылып, қанша жанның өмірі ойран болмады. Қазақтың Әбілмәмбет, Абылай сияқты кемеңгер хандары да, Қазыбек, Төле, Әйтеке сияқты ақын дария билері де, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сияқты жүрек жұтқан батырлары да еркіндік деп ойларын он санға жүгірткенмен, жан-жақтан қысқан құрсау бойды жазып, еркін тыныстауға мүмкіндік бермеген.

Одан кейін де бостандық үшін арпалыс қайта өршіп жалғаса берді. Тарих сахнасына шыққан Сырым, Махамбет, Исатай, Кенесары, Наурызбайлар кең даланы дүбірге толтырды. «Алаш» деп ұрандатып, азаттық жолындағы қасиетті күреске шақырған Ахмет, Міржақып, Әлихандар да осы жолда құрбан болған жандар.Ал, 1986 жылғы желтоқсанда ғасырлар бойы ішке жиналған бостандыққа деген ұмтылыс буырқана толқып,кемерінен асты.Қаруланған қалың әскерге жалаңаш қолымен қаймықпай қарсы тұрған жастардың жанарларындағы ыза-кек пен қайпас қайсарлықтың сыры-бостандық. Желтоқсан ызғары талай жүректерді қарып, талай жастың өмірін ойрандады.

Тәуелсіздік – талай боздақтардың төгілген қаны мен көз жасы, азапты өмірі,арман-мұңы, сарғайған сағынышы арқасында ғана келді. Ұзақ жылдар зарықтырып, ақырында бейбіт жолмен қолымыз жеткен осы ұлы қуаныш халқымызды ұзағынан сүйіндіргей, бірлікке, ынтымаққа бастағай!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
349
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі