Материалдар / Ел тұтқасы - Елбасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ел тұтқасы - Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
макалада Елбасы жайлы ойларым қамтылды, себебі 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай өз ойларыммен бөліскен болатынмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
306
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елімнің тұңғыш Президенті

«Тәуелсіздік – сан буын бабалардың

қасиетті жеріміздің әрбір қадамын

қорғау үшін төгілген өлшеусіз

қаны мен терінің өтеуі......»


Н.Ә.Назарбаев


Халық, ел, ұлт, мемлекет болып қалыптасу үшін ең қажетті алғышарттардың бір де бірегейі- оның егемендігі, өзге жұрттан тәуелсіз,, даралығы, халқының бостандыңы екенін білеміз. Ата-бабамыз тарихтан сыр шерте отырып, ұрпағына қашан да бірлік, елдік, ерлік, жайлы насихаттаудан тынған емес.

Ендеше, еліміздің сан қилы тарих қатпарларынан қол бұлғаған қанды қырғын мен небір зұлмат соғыстар, түрлі шайқастар мен қантөгістер, небір боздақтардың жаны қиылған оқиғалар- бір ғана мақсатты, бір ғана мүддені көздегенін көреміз. Сан ғасырлар бойы келе жатқан халық арманы, үкілі тілегі- қазақ боп қалыптасқан,тарих ізімен екшеліп, осынау уақыт аралығында ұлттық мақсаты айқындалған, қадір-қасиетімен астасқан ұраны бар тәуелсіз ел атану еді.

Ақыры кешегі «Желтоқсанның мұздағы алауының» қызуы елдің үмітін жағып, тәңір қолдап, қазамның өз тәуелсіздігін еншіледі.

Елін сүйген Елбасының бұл мерекесінің мән-маңызы, артықшылығын мәңгі жойылмайтын құндылығын өз халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында қайталаудан талмайды.

Бала да болсақ, Елбасының Үндеуін жас жүрегімізбен жақын қабылдауды дағдыға айналдырғанбыз. Оған қоса, ұстаздарымыз бен үйдегі ата-аналарымыз да ел өміріне қатысты барлық жаңалықтар мен мәнді ақпараттарды бізге дер кезінде жеткізуден жалыққан емес. Елбасынығ тәуелсіздік туралы толғауы, халық үшін жасайтын Жолдауы жайлы тебіренбей айтуға болмас. Өйткені Елбасы қайсыбір бөлімінде, бұл құжаттың әрбір тармағында елімнің кемел келешегі үшін жасап жатқан еңбегінің ізін қалдырған.

«Айта бергім келеді, айта бергім...» деп ақын жырлағандай, сарабдал саясаткер Президентіміз жайлы, елдікті дәріптейтін еңбектері жайлы таңды таңға ұра жырлай бергің келеді. Елдік демекші, осы құндылық – елдің бірлігіне, тұтастығы, ауызбіршілігі, «ұлтым» деп ұдайы ұйытқы боп отырған барлық хандардың да, билердің де арманы еді ғой. Десек те, Ресей империясына бодан болған қалып, қашан да өз көлеңкесінен, шырмалған торынан босатпай, қанша ғасыр әуреледі. Асылымызды жасырып, бас көтерер батырымызды жаншып, жігерімізді құм еткені жасырын емес. Өзінікін өзмдікі дей алмағаннан артық қорлық бар ма? Жеріміздің байлығын, пайдалы қазбалары мен табитғим ресурстарын тек өз игілігімізге жұмсай алмай жүрміз. Оқып-тоқыған, көкірек көзі мен жүрегі ашық табиғи тума таланттарымыз қудаланып, «саяси құрбандар» аталып қанша жүрді. Бас көтерер елдің рухын жанитын біртуар перзенттеріміз қудаланып, нағыз ұлт қаймағын шашыратып алдық.

Өкінішті... өкінішті, әрине. Дегенмен бүгінде орны толған өкініш бұлар. Тәубе дейміз! 70 жылдың езгісінен ақыры сытылып, жарыққа шықты халқымыз.

«Құм да ақ алмасты жасыра алмайтыны» секілді көкіректегі ұлттық рухты бүркемелей алмаған тарих ақыры «Қазақ» деген қастерлі ұлттың өз тәуелсіздігін еншілеуіне бұғау бола алмады.Осындай елең-алаң жағдайда бітімі бөлек қайраткерге ғана тән қайсарлық пен батылдықтың, саяси ерік-жігер мен өршілдіктің үлгісін көрсеткен Н.Назарбаев Қазақстан тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Тәуелсіздікті нығайтуды, саяси демократияландыруды, нарықты экономикаға көшуді, ұлтаралық келісім мен әлеуметтік қорғауды стратегиялық міндет ретінде белгіленген бағыт жұртшылық тарапынан бірауыздан қолдау тапты.Республикамыздың қайталанбас құндылығына айналып үлгерген бұл саясат – бүгінде сенімді, әрі табысты болғандығын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.

Әрине мұның өзі ерекше саяси дарыны бар, ел басқару ісіне ата-бабамыздың даналығын, бітімшілдік қасиетін мұрат тұтқан, стратегиялық көрегендігі басым, терең де байыпты Елбасымыздың арқасы екендігі шүбәсіз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме, асыл халқымыз. Тер сіңіп жетсе де, дәмі тәтті «Тәуелсіздік» ұғымын бейне бір тұмарындай қастерлеген Елбасы мереке қарсаңында еліне арнап рухани жан-дүниесінің шынайы жанайқайы іспетті «Тәуелсіздік толғауы» эссесін баяндаған екен.

«Шын жүректі жарып шыққан шүбәсіз сөз – жүрекке де жетеді» емес пе, Елбасы тарапынан айтылған ойлар көңілге қонымды, құлаққа да жағымды. Әрбір саналы азаматқа ондағы көзқарас, ондағы мақсат бүкпесіз әсер етері хақ. Ата-бабаларымыз сынды даналық, кемеңгерлік, жыраулық, шешендік қасиеттер өн-бойынан табылған Нұр-аға – тарихымызға шолу, барлау жасап, жас ұрпақтың жүрегін бір тебірентті.

Сондай-ақ, албырт жүрегімізге рух берген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы болса, онда айтылған «мәңгілік қазақтың перзенті» ретінде тәуелсіз елімізді «Қазақстан-2050» мінберіне мүлтіксіз жеткізуде елеулі еңбек етуге бел шештік.

«Ел үмітін ел ақтар,

Ер атағын ер сақтар» деген мақал бар. Ұлтын сүйген ұлы тұлғаның орамды ойларын жадымызда жаңғыртып, бостандық, егемендік, тәуелсіздік секілді қастерлі ұғымның қадіріне жете білуіміз қажет.



























«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары және мәні. 
Қойшекен Светлана Жақсығұлқызы 
Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің 
тарих пәні мұғалімі 

«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың 
сан мың жылдан бергі асыл арманы». 
Н.Ә.Назарбаев. 
Тарих – шындыққа айналған тағдыр. Әрқилы тағдырдың тоғысып, адамзаттың тұтас ғұмырын құрайтыны сияқты, түрлі ұлттың шежіресі де әлемнің ортақ тарихына айналады. Сондықтан дүние тегершігі айналған сайын тарлан тарихтың қатпары арта түседі. Бұл тұрғыдан алғанда, адамзат тағдыры мен өркениет тамырын түркілер тарихынсыз елестету мүмкін емес. 
Бағзы заманға көз жіберсек, қуатты империялар құрған түркілер ғасырлар бойы ұлан-ғайыр аймаққа билік жүргізіп, арғымақтың тұяғы жеткен жерге-Байкалдан Балканға дейінгі орасан зор аймаққа иелік етті. Алтайдан тарайтын айбынды ел тілі жақын, танымы мен талғамы ұқсас бір әлемді – ортақ өркениетті құрады. Алтын тақта отырып билік жүргізген айбарлы қағандар мен абыздар «Мәңгілік Ел» орнатуды армандады. 
Ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүрген, елін жаудан азат еткен күллі көне түркі елінің арманы да мәңгілік Ел идеясы болған. Елін тәуелсіз еткен Күлтегін батыр халықты байлыққа кенелткен: «Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп кылдым. Тату елге жақсылық қылдым»,- деп мақтаныш сезіммен баяндаған. [3] 
Жоңғар шапқыншылығы және Ақтабан шұбырынды алмағайып заманда қазақ ұлттық идеясының бағыт-бағдары айқындалып, отаншылдық, патриоттық сарыны өзекті ойларға арқау болады. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастаны ұлттық идеяның негізіне айналды. 
Ұлттық идея мәселесі бүгінде барлық мемлекеттер үшін маңызды болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мен қоғамда: «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?»деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлттық мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы», - деген еді. [1] 
Жалпы, «Мәңгілік Ел» идеясының үш негізден немесе үш тұғырдан тұратыны анық. Біріншісі – Түркі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк) саяси акт – «манифест» ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы; екіншісі – әл-Фарабидің философиялық шығармасында идеяның теориялық-философиялық тұрғыдан негізделуі және үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастанында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының, яғни Ата Заң іргетасының қалануы. 
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі саяси тұжырымдар, Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» және тағы басқа әйгілі туындыларының ой-идеялары – «Құтты білік» дастанындағы философиялық түйіндер, саяси-әлеуметтік болжамдар бір мәдениеттің, бір өркениеттің, заман мен әлеуметтік жағдай ғана емес, біртектес ел-жұрт тіршілігі тұтастырғын бір дүниетанымның жемістері. Тарихи кезең мен мемлекетшілдік сипаттарын білдіретін ұғымдар Күлтегін жырларында да, әл-Фарабидің философиялық шығармаларында да Жүсіп Баласағұнның дастанында да бірдей кездесіп отырады. 
Белгілі бір идеяның мемлекеттік сипат алып, қоғам мүшелерінің көңілінен шығуы үшін негізгі екі талапқа жауап беруі тиіс. Біріншіден, ол сол мемлекетте өмір сүріп отырған халықтың мақсат-мүддесімен, болмысымен толық сәйкес келгені жөн. Бұл туралы Монтьеске: «Заңдар үкіметтің табиғаты мен принциптеріне, басқару формасына, елдің географиялық факторы мен физикалық қасиеттеріне, жағдайы мен көлеміне, климатына, топырақ сапасына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, санына, байлығы мен қабілетіне, әдет-ғұрпына сәйкес болу керек», - дейді. Екіншіден, идеологияның мемлекеттік сипат алуына қажетті тағы бір қасиет оның мемлекет тарихымен сабақтас болып, ұзақ мерзімдер бойы сол қоғамда үйреншікті, жетекші идеологиялық деңгейде тұру тиістігін айтады. Осы негізгі екі белгі де түркілердің ұлы қағанатын құрғанда бар еді. [2] 
Ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясын теориялық-философиялық тұрғыдан негізін салып берген әйгілі ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фараби болды. Ол ежелгі грек философиясы мен Шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесіне сәйкес «Мәңгілік Ел» идеясының саяси-философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. 
Әл-Фараби мемлекеттің мақсатын және оның ішкі-сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Мемлекеттің сыртқы міндетіне қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастыру жүктеледі. Ал мемлекеттің ішкі міндеті әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оны керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату болып табылады. 
«Құтты білік» дастаны орта ғасырларда өркениетті ел болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашғар қаласында аяқтаған. Дастан елде Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Шығармада ел басқарудың, экономиканы, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды, әскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. 
Ж.Баласағұн – саяси-әлеуметтік ойда мемлекеттегі басқару істерінің заңмен реттелуі мәселесін кешенді көтерген ғұламалардың бірі. Дастанның басты идеясы – мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Шығармада елдегі, қоғамдағы ішкі тәртіпті халық мүддесіне, заңдылыққа негіздеп құру идеясы айқын көрініс береді. Осы идеялар негізінде бүгінгі Қазақстан өзінің алдына қойған стратегиялық, конституциялық міндеттері, яғни «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қағиданы ойдағыдай шеше алады. 
Ж.Баласағұн еңбегіндегі елдегі заңдардың бүкіл халыққа қызмет етуі және орта топтың мемлекеттің әлеуметтік тірегіне айналуы туралы идеялары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін өте маңызды. Бұл бағыт – қазіргі таңда «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде жариялап отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың да ұстанып отырған стратегиялық саясаты. 
Сонымен, көне тарихтан бастау алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани тұрғыдан тұрақты даму ресурсына айналып отыр. Оны Елбасының жария еткен 2015 жылға арналған Жолдауында айқын көрсетіп берді: «Біздің жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан -2050» Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры». 
«Мәңгілік Ел» идеясында Н.Ә.Назарбаев басты жеті құндылықты атап көрсетті: 
«Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Тәуелсіздік дегеніміз – елдің егемендігі, халықтың бостандығы, сана еркіндігі. Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, рухани құндылықтары, рухы. Бұл бірнеше ғасырлар бойы халықтың армандаған қасиетті ұғымы. Арман болып жеткен тәуелсіздігімізді, ендігі жерде сақтап қалу біздің халқымыздың ең қасиетті борышы. 
Екінші құндылық, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің халқымыз – өзгеге қыспақ көрсетпек түгіл көмекке мұқтаж кез-келген ұлттың өкілін бауырына баса білген дана, мейірімді халық. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәттерде бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің дербестігін, тәуелсіздігін сақтап, мемлекеттігін қалпына келтіре алғандығы тарихтан да аян. Сондықтан біздің ең басты мақсатымыз – тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен көркейіп өсуі. Қасиетті тәуелсіздігімізді – мықтап ұстап тұру. 
Ел дегенде, жер дегенде – білегін сыбанып, іске дайын тұратын, еліміздің жарқын болашағы үшін күресе білетін, намысты ұрпағымыз болса, қоғамымыздағы ұлттық бірліктің іргесі шайқалмаса, ұлтымыз өз әдет-ғұрпын, таза тілін сақтаса Мәңгілік ел боламыз, бұл – жеңіске жетуіміздің негізгі кепілі. Міне, біздіңбастыбайлығымыз да – осы. Рухыеркінхалыққанакез-келгенмәселенішешеалады, әлемдікдеңгейдеөзорнынтабаалады. 
Қазақхалқыөзініңтарихинегізгіұлттыққұндылықтарынөзі де танып, өзгеге де танытып, ұлттықтілінқұрметтеп, жасұрпақтыұлттықрухтатәрбиелегендеғанаруханиятыжоғары, зайырлықоғам бола алады. Бұл – біздіңүшіншіқұндылығымыз. 
Ғасырларбойыбасқыншылық-шапқыншылық, соғыстарға, отарлауезгісіне, әдейіұйымдастырылғанашаршылық пен босқыншылықтарға, саясиқуғын-сүргіндергежәнетағыбасқаозбырлықтарғаұшыраса да осы күнгедейіннегізгіхалықтық-ұлттықділінсақтағанқазақұрпақтарыныңұлттықрухтатәрбиеленуі – аса зәрумәселеекендігіайқынсезіледі. 
ХХІ ғасырдағытәуелсіздік осы ежелденкележатқанұлттық идея мен ұлттықидеологияныңмаңызынарттыратүсті, ұлттықрухымыздыасқақтатты. Мәңгілік ел болу үшінұлттыңрухынасқақтарып, тілін, дінін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетіняғниұлттыққұндылықтарын жете зерттеп, насихаттауміндетітұр. Өйткені, қайхалықтыңболмасынөзгежұртқаұқсамайтынбөлекболмыс-бітіміндаралап, өзіндіктағдырынайқындайтынбастыбелгі – әдебиеті мен мәдениеті, рухы мен тілі. Ал, «Әрбірұлт – өзініңхалқыүшінҰлыХалықтыңмәңгіғұмыры – оныңтілінде» (Ш.Айматов). 
Елбасытөртіншіқұндылық, бұл – индустрияландыру мен инновацияларғанегізделгенэкономикалықөсімекендігінетоқталаотырып, әрбірқазақстандықтардыңәл-ауқатыныңжақсарыпдамығанотызелдіңқатарынақосылудыңбірден-бірсаражолынанықтапберді. 
Бесіншіқұндылық, бұл – ЖалпығаОртақЕңбекҚоғамы. ЖалпығаОртақЕңбекҚоғамыЕлбасыныңқазақстандыққоғамныңбүгінгі, жаңазамандағыбейнесідеугеболады. Президент Н.Ә.Назарбаевтыңжаңғыртуүрдістерініңтабыстылығынжүзегеасыратынбастықағидалардыңбіріынталандыру. Адалеңбеккеынталандырудыңжолын табу, еңбектабыстарынқоғамдықынталандырудыңжүйесінқұруҚазақстандағыәлеуметтікжаңғыртудың аса маңыздымәселелерініңбірі. Бұл рейтинг жүйесі. Әркіматқарғанеңбегінеорайжәнекөрсеткеннәтижесінеқарайбағалануызаңдылық. Адалеңбекеткенғанабақыттыболмақ. 
Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдіңортақтығы; 
«Өзтарихын, өзфилософиясынбілмейіншежәнеоғанбелгілібіркөзқарастаболмайыншаешқандай да мәдениеттіңдамуымүмкінемес», - дейдікөрнектітүркітанушығалымЛ.Н.Гумилев. Шындығында, өзелініңтарихын, философиясынбілу, ұлттыққұндылықтарынзерттеу, соларарқылыұлттықидеологиянықалыптастыру, жасұрпақтыұлттықрухтатәрбиелеу, оны ұрпақсанасынасіңіруелдің, ердіңбастымұраты. Еліміздің сан ғасырлықдәстүрін, ата-баба салтын, әдебиеті мен өнерінөзінің бар болмысыменсақтайотырып, олардыәлемдікөркениетөрісінеқарайөрістетеотырып, мәңгілік ел болу идеясынұсынды. «Анатілі –бәріміздіңанамыз, өйткені, ол-ұлтымыздыңанасы». «Толыққандытілсіз – толыққандыұлтболуымүмкінемес». Анатіліміз – біздіңбүгінімізүшін де, ертеңімізүшін де мәңгіліктіңтілі. НұрсұлтанӘбішұлы «Қазақстан - 2050» СтратегиясынжариялағанЖолдауындаайқынатапкөрсеткеніндей: «Қазақтіліжаппайқолданыстілінеайналып, шынмәніндегімемлекеттіктілмәртебесінекөтерілгенде, бізеліміздіҚазақмемлекетідепатайтынболамыз». Түпкімұрат – тәуелсізеліміздіМәңгілік Ел ету. 
Жетіншіқұндылық, бұл-еліміздіңұлттыққауіпсіздігіжәнебүкіләлемдік, өңірлікмәселелердішешугежаһандықтұрғыданқатысуы. 
Қазақстанегемен ел ретіндедамудыңалғашқыкүндеріненбастапжаһандықдеңгейде де, өңірлікдеңгейде де жауаптысаясатжүргізіпкеледі. Қазақстанныңбарлықбастамалары, Президентімізұйытқыболғанбастамаларәлемдікқоғамдастықтарапынанкеңіненқолдаутапты. Елімізөзініңшешімдеріменжәнебелсендіқызметіменжаһандықжәнеөңірлікқауіпсіздіккеорасанзорүлесқосты. Оны қару-жарақтыеселепкөбейтужәнебасқаелдергеқатертөндіруесебіненемес, ашықтық, теңқұқықтыәлемдікынтымақтастық, жасампаздықжәнебасқаелдерменсындарлыүнқатысуорнатуарқылыайғақтауда. [1] 
«Мәңгілік Ел» жалпыҚазақстандықортақшаңырағымыздыңұлттықидеясы. Ата-бабаларымыздың сан мыңжылданбергіарманыболатын. Әлеуметтікмаңызызорқұндылықтыңмән-мағынасынұғындыру, баланыңсанасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқынаәсерететіндейдәрежегежеткізуұстаздықшеберліктіқажететеді. 
Тарихсабағындаоқушылардыңдүниегеғылымикөзқарасықалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгіліккетәрбиеленеді, отаншылдыққа,халықтардықұрметтеуге, сыйлауғаяғнихалықтардостығынатәрбиеленеді, бейбітшіліктісақтауға, туғанжерінсүйебілугетәрбиеленеді. 
Тарихсабақтарындаоқушылардыңотансүйгіштіккетәрбиелеудіңмынадайжолдарынұсынаредім: 
-Халықтыңалдыңғықатарлыдәстүрлеріннақтымысалдарменашыпкөрсету; 
-Халықтартағдырыныңортақтығына, әдет-ғұрыптарының, салт-дәстүрлерініңортақтығынаназараудару; 
-Көрнекіқайраткерлердің де, қарапайымхалықөкілдерінің де тарихтағы, халықалдындағықызметін, еңбегінкөрсету; 
-Туғанөлкематериалдарынтиімдіпайдалану; 
-Отансүйгіштіксияқтытамашақасиеттердіөркендетугебайланыстымемлекет пен үкіметтарапынанқабылданғанқұжаттардыпайдалану. 
Ұлытұлғалардыңқаһармандықжолдарыбүгінгіжасұрпақтыпатриоттықтәрбиегебаулудыңтемірқазығыдепсенімдітүрдеайтуғаболады. Сабақтаағымдағыжылдарыболыпжатқанбастықоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәденисаладағымаңыздыжаңалықтарды, жетістіктеріміздікеңіненәңгімелеп, пікірталас, зерттеу, жобалауәдістерінқолданыпөткізуоқушыныңтанымдыққабілетіменөзтарихынадегенқызығушылығынарттырады. 
«Ел боламындесеңбесігіңдітүзе» депМ.Әуезовайтқандай, ел болашағықазіргіжасжеткіншектіңқаншалықтыбілімді, тәрбиеліболуынабайланысты. Осы мақсаттабарлықжұмыстардыңнәтижесінүнемібағалап, зерттеп, қорытындыжасапотырудыңмаңызызор. Әрбіроқушығаөзмемлекетіне, оның бай тарихына, болашағынадегенжауапкершілігінсезіндіретінәрекетжүйесінжасауымызкерекдепбілемін. 
Өткен мен бүгінгінітаразыға сала алатын, келешегініңсабағынертеңінебағдареткенрухтағыасқақ, жандары таза жастардытәрбиелеу – бүгінгікүнніңміндеті. Білімніңіргетасыныңберіктігі – болашақтыңмықтыболуынанегіз. Тарихсабағындаоқушылардыңелін, Отанынсүюсезімінқалыптастыру, ерлікрухынояту- тарихмұғалімініңбастыпарызы. Біздіңміндетіміз – айқын, алғанбағытымыз – дұрыс. ЕндешеТәуелсіздігімізбаянды, тұтастығымызберік, елдігімізмәңгіболсын! 

Пайдаланылғанәдебиеттер: 
1.«Қазақстан жолы - 2050: Бірмақсат, бірмүдде, бірболашақ», аттыхалыққаарнағанжолдауы. « ЕгеменҚазақстан» газеті, 2014, 17 қаңтар . [1] 
2. СатайСыздықов. «Мәңгілік Ел» Бұлкөнетарихтантінтартқанидеяныңжаңадәуірменұштасуы», «ЕгеменҚазақстан» 2014 ж 4 желтоқсан 
3. АмангелдіАйталы. «Мәңгілік Ел» идеясыныңтарихитамыры», «ЕгеменҚазақстан», 2014 ж 26 ақпан Тәрбие.орг сайтынан «Мәңгілік Ел» ұлттықидеясыныңқұндылықтарыжәнемәні. Баяндамаларматериалдытегінжүктепсабақбарысындақолдануғарұқсатетіледі. Жарияланғанматериалға tarbie.org сайтыныңәкімшілігіжауаптыемес

Авторы: Қойшекен Светлана Жақсығұлқызы

Атырау облысыИсатайауданыАққыстау орта мектебіТарихпәнімұғалімі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!