Электр
көліктері әлемге олжа ма, обал ма?
Бүгінгі таңда көптеген экологтар мен эко-белсенділер «Іштен
жану қозғалтқышы (ICE) автомобильдерін экологиялық таза жолмен не
алмастыра алады және сонымен бірге не тиімді бола алады?» деген
сұраққа, саусақтарын, біздің планетамыздың және оның бүкіл
экожүйесінің құтқарушысы, электромобильдерге сенімді түрде
сілтейді. Бірақ ол шынымен солай ма? Жанармайсыз көлік түрі,
экожүйеге отынға негізделген көліктен де ауқымды зиян келтіруі
мүмкін бе? Литий-ионды батарея дегеніміз не және ол Африканы ішінен
қалай құртып жатыр? Осы мақалада біз бұл мәселені және оның бүкіл
әлемге әсерін егжей-тегжейлі талдаймыз.
Қазіргі уақытта барлық электр көліктері литий-ионды
аккумуляторларды пайдаланады. Бұл, шамамен айтқанда, литийден және
сорттарға байланысты басқа элементтерден тұратын автомобильдерге
арналған үлкен батарея. Ең арзан, ең көлемді және, тиісінше, ең көп
таралған түрі ол- литий-кобальт батареясы. Электр көліктері
көмірқышқыл газдарды шығармағанымен, аккумуляторлық батареялар
біздің экожүйеге орасан зор зиян келтіруде.
Литий - кез келген
литий-иондық аккумуляторды өндіру үшін қажет, активтілігі жоғары
металл . Оны өндірудің екі
жолы бар: 1) Карьерлерді қазу және
тау жыныстарынан алу; 2)
Cортаңдардың химиялық тұздықтарында өндіру;
Карьерлерден бір тонна литий алу үшін (әлемдік өндіріс үшін бір
тонна литий ол теңіздің тамшысындай) литиймен байытылған 250
тоннаға жуық тау жынысы қажет. Ал егер литийді тұзды топырақтан
(бетінде тұздың артық мөлшері бар топырақ түрі; ең көп мөлшерде
Чилиде бар) алсаңыз, сол 1 тонна таза
литий үшін 750 тонна тұз ерітіндісі қажет
болады! Мәселе мынада: өңделген
барлық артық шикізатты қайта пайдалануға болмайды және жүздеген
тонна тау жыныстары, сондай-ақ тұзды ерітінділер жай ғана жер
бетінде қалып, онсыз да уланған топырақты уландырады. Сонымен
қатар, қазіргі таңда аса құнды металды өндіру барысында шығарылатын
көмірқышқыл газдың шексіз мөлшері ауаны ластап, атмосферада
қалады.
Кобальт өндіру мәселесі одан бетер нашар күйде .
Планетадағы бар кобальт Конгода өндіріледі - Африкадағы кедей ел,
үкіметі, экономикасы және заңдары тұрақсыз. Кобальтты өндіру тек
карьерлерде жүзеге асады және литийдегідей, кенді өңдеу және одан
кобальт алудың күрделі процесінен кейін жүздеген тонна тау
жыныстары жай ғана жер бетінде, топыраққа сіңіп қалады. Ал оны
алудағы процессте заңсыз балалар еңбегі жаппай пайдаланылады. Иә,
бұл тәжірибе 21 ғасырда, өкінішке орай әлі де сұранысқа ие. БҰҰ
және басқа да халықаралық, әлеуметтік ұйымдар бұған жол бермеуге
тырысуда, бірақ Конгоға шектеулер енгізілсе, бүкіл әлем кобальтсыз
қалады. Ал әлемнің жетекші, ауқатты елдері үшін бизнес пен табыс,
Африка құрлығының экологиясына , Африка халқының денсаулығы мен
тұрмысына қарағанда әлдеқайда маңызды болып табылады.
Мұның бәрі іштен жанатын қозғалтқышы бар автомобильдерді
«экологиялық таза» электромобильдермен алмастыру үшін ғана
жасалынып жатыр. Бірде-бір эко-белсенді адам оны өндіру және жою
процестерін зерттемейді. Бұл тек корпорациялар мен кәсіпкерлер үшін
тиімді және осы жоба табыс әкелмейінше, нағыз ғалымдарды мен
зерттеушілерді ешкім тыңдамайды.
Қазірдің өзінде 10 миллионға жуық электромобильдер
жасалынып, адамадардың тұтынуында жүріп жатыр. Олардың өндіріс
қарқыны тек қана артып келеді. Олар болашақта ластану жағдайын
жақсарта ма, ушықтыра ма қазір дәл болжау қиын. Она алда уақыт
көрсетеді!
Мақаланы дайындаған : Арыстан Оспанов