Материалдар / Еліне қарап, жерін таны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Еліне қарап, жерін таны

Материал туралы қысқаша түсінік
Жамбыл облысында дүниеге келген атақты адамдар туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
479
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

І жүргізуші: Армысыздар Ақтоған ауылының асыл азаматтары мен азаматшалары!

ІІ жүргізуші: Қайырлы күн жыр сүйер қауым!

І жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаев сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» деген еді.

ІІ жүргізуші:Елбасы мақаласында айтылған «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасын іске асыру мақсатында өткізгелі отырған «Еліне қарап, жерін таны» атты кешімізге қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Жамбыл жері – көне замандардан сыр шерткен шаһарларымыз бен тарихи –мәдени жәдігерлеріміздің жайлы қоныс тапқан жері.

ІІ жүргізуші: Жамбыл жері - қаймағы бұзылмаған қалың қазақтың қара шаңырағы, Қазақ хандығының туы тігілген жер.

І жүргізуші: .Жамбыл жері-азаттық үшін жан алысып жан берісер ақтық шайқасқа айналған Аңырақайдың азалы үні, өшпес ізі қалған жер, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елін қорғап басын оққа байлаған көзсіз ерлер - Саңырақ, Өтеген, Көшек,Қойгелді, Қосы,Мәмбет, Сыпатай және басқа да батырлардың елінің бірлігі мен жерінің тұтастығын ойлаған дана би – Төле бидің туған өңірі.

ІІ жүргізуші:.Жамбыл жері - шаруашылығы сан-сапалы, өндірісі өрге басқан, қойнауы қазынаға толы құтты мекен .

І жүргізуші: Өз тарихымызды білмей біз қазір баршамыз мақсат етіп отырған, тәуелсіз мемлекетіміздің іргесін бекіту, шаңырағын шайқалмайтын ету мүмкін емес.

ІІ жүргізуші:. «Жері байдың – елі бай» демекші, Европаның небір айтулы мемлекеттерінің территориясынан көлемі кем түспейтін Жамбыл есіміндегі облыстың жер байлығы да, сол жерлерді игеретін ел әлеуеті де білім, парасаты да әбден жеткілікті.

І жүргізуші:.Жамбыл облысында ауыз әдебиетінің аса ірі өкілдері болып табылатын. Ақтанберді Майкөт, Қылышбай, Бөлтірік шешен, жыр алыбы Жамбыл мен Кенен, Ұлбике мен Жанылдық, Сарыбас пен Сауытбек секілді ақын-жыраулардан бері қарай Жамбыл облысынан жарқырап шыққан ақын, жазушылардың есімдерін қуанышпен атап өтуге болады .

І І жүргізуші:.Жалпы, жылт еткен талант көзі ашылу үшін де, әрі оның жетіліп, ірі тұлғаға айналуы үшін де қоғамдық-әлеуметтік ортаның тигізер әсері орасан. Орасан ғана емес, тіптен бірден бір шарты десек те болады. Кез келген қайраткерді өсіретін де, өшіретін де - сол.

І жүргізуші:Ер болған жерде ер болады дейміз. Олар қанатымен су сепкен қарлығаштай білімін, білігін ел пайдасына жұмсасам, қалың жұртым қазағым деп ел намысын , ел қамытын мойнына салатын азаматтар.

ІІ жүргізуші: Қазіргі заман тарихындағы мақтанышымыз, ірі тұлға жерлесіміз, Жуалы ауданының Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын ерекше атауға болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази секілді прозаиктеріміздің барлығына мақтанамыз.

І жүргізуші:Кешіп өтіп кешегі от-жалыннан,


Дүниеге ерлігімен танылған,


Кең жауырынды, Талғардай тік иықты.


Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.


І жүргізуші: Қалтыраған атынан жау ордасы,


Панфиловтың жорықтағы жолдасы,


Даңқ туын майдандағы көтерген


Гвардия бөлімінің қолбасы.


І жүргізуші: Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы. Қазақта: «Ақыл жастан, асыл тастан» деген нақыл сөз бар. Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә.

І І жүргізуші: Батырдың өмір жолына көз жүгірте отырып, амалсыз осындай ойға қаласың. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – Момыш, шешесі – Рәзия. Әкесі жаны жомарт кісі болған. Отбасыларында 4 қыздан кейін, әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті. Тәуіржан деген інісі бір жасында қайтыс болып кеткен. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде 1 жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, Аса интернатында 3 жыл оқып бастауыш мектепті тәмәмдады. 1921 жылы Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатына оқуға түседі. 1928 жылы оны бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

І жүргізуші: Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке ауаткомның хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған. Еңбекқор, іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары да көрсетсе керек. Баукеңнің зайыбының аты Бибіжамал. Ұлы Бақытжан және қызы Шолпан.

ІІ жүргізуші: Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» орден, медальдарымен марапатталған. Сонымен қоса Кеңес Одағының батыры атағын алды.

І жүргізуші: Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Биылғы жылғы айтулы датаға байланысты елімізде және шет елдерде де батырға құрмет көрсетіліп жатыр. Көрші Ресей мемлекетінің астанасы Мәскеу қаласындағы №229 мектепке Б.Момышұлының атағы берілмекші. Және қазақ батырына арнап мектепте мұражай бұрышы да ашылды. Бұдан басқа да бұрында батырға көрсетілген құрметтер баршылық.

ІІ жүргізуші: Мол тартқан қан майданның ғаламатын,

Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.

Жан аға, жақсы аға – жетпес баға,

Кім сүймес Бауыржандай азаматын.-дей отырып, Бауыржандай азаматын үлгі тұтатын, шығармаларын сүйіп оқитын шәкірттерімізді ортаға шақырайық


І жүргізуші: 1947 жылы Бауыржан Момышұлы Красноярскіде әскери қызметте жүргенде былай деп жазған екен:


Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,


Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.


Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,


Тарихтың түкпірінен сөз келгенде,- деп ақынның өзі жырлағандай ақынның мерейтойы жан-жақты тойлануда.


ІІ жүргізуші:. Өзі дара, сөзі дара

Ой толқытқан көңіл сана

Әдебиеттің майталманы

Мұртазаұлы Шерхан аға

І жүргізуші: Талай газет,талай баспа

Еңбек еткен ол баста

Жүріп өткен жолы оның

Үлгі болар талай жасқа

- дей келе бүкіл өмірін шығармашылыққа сарп еткен ардақты азаматымыз Шерхан Мұртаза жайлы арнайы әзірленген бейне роликке көз жүгіртейік

ІІ жүргізуші: Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылында дүниеге келген.Қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза “Жұлдыз” журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.

І жүргізуші: Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ал тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды.

ІІ жүргізуші: Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды.

І жүргізуші: Шерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды. Шерхан Мұртаза “Құрмет белгісі”, “Отан” (1999) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы

ІІ жүргізуші: Олай болса «Шерханға арнау» өлеңімен ортаға ------------------------------------------------шақырамыз.

І жүргізуші: Келесі кезекте :

Өнері мен өнегесі азбаған,

Жүрегінде арман оты маздаған.

Жер шарында қазақ дейтін халық бар,

Ақ жолынан ата салттың жазбаған,-деп жырлаған Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Меркі ауданының Құрметті азаматы, ақын , ойлы сөздерімен, өрнекті ұйқастарымен оқырманды тәнті еткен Шырын Мамасерікованың өмірі мен шығармашылығына тоқталмақшымыз

ІІ жүргізуші: Шырын Мамасерікова 1945 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданының Қарақыстақ мекені, «Жалпақсаз» ауылында туған. 1963 жылы Жамбыл педучилищесін, 1967 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік пединститутының филология факультетін бітірген.

І жүргізуші: Еңбек жолын Меркі ауданындағы Гранитогор мектеп-интернатында мұғалім болып бастаған. Кейін аудандық халық ағарту бөлімінде методист, Меркі аудандық тарихи өлкетану мұражайының директоры қызметтерін атқарған.

«Нәзік нақыш», «Гәкку», «Назерке», «Жыл құстары», «Әулие бабам – Сыпатай», «Өлеңімнің әр жолы – өмірбаян», «Фатима», «Асылдың сынықтары», т.б. кітаптардың авторы. Онға тарта жыр жинақтарына топтамалары енген.

ІІ жүргізуші: Бірнеше рет республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері болды. «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» (2000) медалімен, 2001 жылы ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», аудандық, облыстық әкімшіліктің Құрмет грамоталарымен марапатталған

І жүргізуші: Тәттілігі балдай,

Киелілігі нандай.

Алла нұрын төккен,

Меркім менің қандай?!-деп , туған өлкесін жырға қосқан қазақ қызының жүрегінен шыққан жыр жолдарына кезек берсек.

Оқушылар шырын Мамасерікованың өлеңдерінен үзінді оқиды.

ІІ жүргізуші: Сіздердің назарларыңызға «Мен қазақтың қызымын» атты әнімен қазақ қызы Марат Аяулымды шақырамыз.

І жүргізуші: Қалың қатпарлы қазақ тарихында бойындағы барын елінің жарқын келешегі үшін аямаған азаматтар көп. Оларды атқарған лауазымына қарап қана бағалауға болмайды.

ІІ жүргізуші: "Тарихы жоқ елдің- келешегі жоқ", дейді Елбасымыз. Тарихты адамдардың өзі жасайды десек, сол көненің бір тармағы , ауылымыздың ардақты азаматы Серік Құралбайұлы бүгін бізде қонақта отыр.

І жүргізуші: Серік Құралбайұлы 1947 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген. Қазақ Жамбыл малдәрігерлік техникумын үздік дипломмен, 1983 жылы Қазақ Мемлекеттіңк Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

ІІ жүргізуші: Серік Құралбайұлы 52 жылдан астам еңбек жолының 24 жылын Ақтоған ауылында еңбек етсе, қалған жылдарын аудандық газетте редакторлық-директорлық қызмет атқарды.

І жүргізуші: Ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», ҚР Мәдениет, Ақпарат және Қоғамдық келісім министрлігінің медальдарымен , «Құрмет грамоталарымен» марапатталған. Аудан әкімі, облыстық, аудандық мәслихаттардың «Құрмет грамоталарымен» бірнеше рет марапатталған. Және де 18 жылға жуық мерзімде аудандық мәслихаттың депутаты болған.

ІІ жүргізуші: Бугінгі таңда жекеменшік «Меркі ақиқат», «Білім әлемі» газеттерінің Бас редакторы, Аудандық кеңестің төрағасы.

І жүргізуші: Олай болса өзінің ыстық лебізін білдіру үшін сөз кезегін Серік ағамызға берейік.

ІІ жүргізуші: Бүгінгі кеште мектебіміздің жас ақындарының өлеңдері жинақталған кітапшаның тұсаукесері болмақ. Жас қаламгерлердің қаламынан туған дүниелерді паш етіп, қанаттандыру рәсімін Серік Құралбайұлына ұсынбақшымыз.


Сөз соңында, осынау ұшан-теңіз дүниені, яғни облыс қайраткерлері туралы толық айтып шығу бір кештің көтерер жүгі емес екендігі анық. Болашақта осы өңіріміздің мақтаныштары, қайратерлер туралы еңбектерді ұрпақ тәрбиесінің арқауына айналдыру - басты борышымыз екендігін айтқым келеді.





































4 Тілеміс батыр орта мектебі











«Еліне қарап, жерін таны»

әдеби-сазды кеш











Ақтоған ауылы-2017 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!