Материалдар / «Емтихан үстіндегі стресті жеңу жолдары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Емтихан үстіндегі стресті жеңу жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
580
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психология

Педагог-психолог

Оразаева Н.К.

Сабақтың тақырыбы

«Емтихан үстіндегі стресті жеңу жолдары»

Сабақ түрі

Тренинг сабақ

Әдіс-тәсілдері


Жалпы мақсаттар

Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стресті жеңуге жол көрсету.

Оқыту  нәтижесі

Өзіндік сенімін болу.

Өзіндік бағалау.

Стресті жеңуге жол көрсету.

Көрнекілігі

плакаттар, шарлар, ақ қағаз, қалам.

Кезеңдер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Топқа бөлу

Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айтпақшы «Талаптыға нұр жауар!» деген емес пе? Бақтарың жансын.


Ынтымақтастық атмосферасы

«Сәлемдесу» ойыны. Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір –бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адамман әртүрлі амандасасыздар. Сонымен, көзбен.... қолмен... иықпен.... құлақпен.... тіземен.... иекпен.......өкшемен.... арқамен....;

Оқушылар бір-бірлерімен белгі бойынша амандасады.

Топқа бөлу


1. «Менің бүгінгі көңіл-күйім неге ұқсайды» ойыны


Оқушылардың өзінің бүгінгі көңіл-күйлерін алдарындағы дайындалған қағазды бастарына қойып көрмей қаламсаппен суретін салып, сол сурет бойынша өздерінің көңіл-күйлерімен бөліседі.

Мағынаны тану


. Постер қорғау «Жаңа форматтағы емтиханды» қалай түсінесіздер

Қосымша: Барлық емтихан оқу орнында – мектептерде өтеді.

Ұлттық тестілеу орталығы барлық тестілеу тапсырталарын әзірлейді.

Жазбаша және ауызша емтихандар, сонымен қатар, тесттің жауап парақтары мектептердегі пән бойынша емтихан комиссиясы дұрыс жауаптар кодтары арқылы тексеріліп, бағалайды.

Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары және т.б.) мектептерде үш оқу жылы бойы сақталатын болады.


Постер құрайды, қорғайды.

Сергіту сәті

«Дерижер» Үш топқа психолог өзі дерижор болып 1 топқа «Пия, пия пияно»; 2 топқа «гита, гита, гитара», 3 топқа «симбо, симбо, симбола»

Сергіту жаттығуын орындайды

Ой толғаныс

«Сұрақтар жолы» әдістемесі . Оқушылардың жол торабында «Ата-ана....», «Ұстаздар...», «Құрдастарым....» ; «Өте жаман баға....», «Мен....», «Бақыттымын......» деген сөздер жазылған дайын плакаттарболады, сол плакаттарды ұстаған оқушылар бойымен 1 оқушыдан сұрақтар жолынан өтеді. Плакаттардағы сөздерді өз ойларымен жалғастыру ұсынылады. Бұндағы менің мақсатым баланың болашшаққа көзқарасын анықтау.

Алдыға 12 оқушы шығып жұптасып жол болып тұрады, бір шетінен бастап әр оқушы өзінің сәттілікке апарар жоспарын ортаға салады. Психолог жеткізе алмаған оқушыларға жетелейді, бәрі айтып біткен соң олардың айтқан сөздеріне қортынды жасайды.

Әр оқушы өзін сәттілікке апарар жоспарын ортаға салады.

Сабақты бекіту

. «Стрессті қалай жеңуге болады?»

Ойын барысы: Ортаға 12 оқушы шығады. 1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда ашуланасыздар?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айтқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата - анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата - анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.


Кері байланыс

«Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?»

оқушылар өз ойын айтады






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!