Еңбек- тіршілік негізі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбек- тіршілік негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Екінші кіш ітопқа арналған ұйымдастырылған оқу әрекетніің конспектісі . тәрбиешілер мен педагогтарға үлгі ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зейнуллина Айгерим Сейткалиевна

Қостанай қаласы

МКҚК № 51 бөбекжай бақшасы

тәрбиеші

Еңбек-тіршілік негізі

Бүгінгі бала, ертеңгі қоғам иесі. Қоғамдағы экономикалық, саяси, мәдени жаңалықтардың жаршысы бола алатындай парасатты азамат тәрбиелеу ата-ана, тәрбиеші , мұғалім алдына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Оқу-тәрбие орындарының басты міндерінің бірі – баланың дербес әрекеттерін дамыту, әртүрлі шығармашылық белсенділікке баулу болып табылады. Ал еліміздің көркеюі осы еңбек пен шығармашылыққа байланысты. Еңбекпен ләззат ала алмаған жастарымыз рухани құндылықтарын түсінбеуі мүмкін. Демек еңбек- адам тіршілігінің ең негізгі қажеттілігі.

Баланың дүниеге келген күнінен бастап бағып күтетін табиғи тәрбиешісі ата-ана, отбасы. Отбасындағы тұрмыстық шаруашылық еңбектерге араласуын баланың ес біле бастаған кезінен-ақ күнделікті әдетіне айналдырған дұрыс. Бұл баланы еңбекке баулудың басты шарттарының бірі. Бірақ еңбек әрекетін балаға күштеу жолымен атқару қателіктің басы болмақ. Тек саналы түрде түсіндіріп, тәртіппен жүргізілген еңбектің нәтиже берері анық. А.С.Выготский, Р.Б. Эльконин ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың өз бетімен еңбек дағдысына икемі келетінін дәлелдейді. В.В. Мухина тәрбие процесінде бала іс-әрекетітің сан алуан түрін меңгеретінін атап көрсетеді. Ал Мағжан Жұмабаев: бала ешуақытта іссіз тұра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді. Егер балаға пайдалы іс берілмесе, бала өз бетімен қайдағы нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетеді деп жазған.

Бала өмірі түрлі іс-әрекеттерге толы болуы баланың дамуына жағымды әсері және бақытты балалық шақтың кепілі- дейді. Баланы кішкентай жасынан-ақ еңбекке тәрбиелеудің маңызы тек оның келешегі үшін ғана емес, оның дұрыс дамуы үшін –дене, ақыл-ой, эстетикалық тәрбиенің, сондай-ақ адамгершілік сапаларының ең қажеттілерінен бастап тәрбиелеуде аса бағалы құралы.

Болашаққа, өркениетке ұмтылудың бастамасын мектеп жасына дейінгі тәрбиеден бастау, іздеу, әрбір ата-ананың, тәрбиеші мен көзі ашық қоғам мүшелерінің міндеті болуы тиіс.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2021
697
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі