Материалдар / "ЕР ТУҒАН ЖЕРІНЕ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ЕР ТУҒАН ЖЕРІНЕ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен де өз туған жерімді асыл қасиеттерімен, ұлы тұлғаларымен мақтан тұтамын. Кіндік қаным тамған туған жерім Жамбыл өңірі нағыз жұмақтың өзіндей құт мекен. Ежелден-ақ аты Ұлы Жібек жолы арқылы күллі әлемге танымал болған атамекенім тұмса табиғатымен де көптің көңілін сүйсіндіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2022
339
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ер туған жеріне

Әлемнің ұстазы саналатын Аристотельдің айтуынша, адам туған топырағына тартып туады. Рас, қазақтың киелі топырағы от тілді, орақ ауызды ақындарды, би-шешендерді, жаужүрек батырларды дүниеге әкелді. Топырағына тартып тумаса маң-маң дала Маңғыстауда Махамбеттер дүниеге келер ме еді? Сұлу Көкше Сәкендей асылды жарық дүниеге әкелер ме еді? Ежелден-ақ көзі қарақты, көкірегі ояу ұлыларды тудырған Семей қазаққа Абайдай дананы берді емес пе? Сондықтан да болар, біздің халық даналығында «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» деген терең мағыналы сөз бар.

Мен де өз туған жерімді асыл қасиеттерімен, ұлы тұлғаларымен мақтан тұтамын. Кіндік қаным тамған туған жерім Жамбыл өңірі нағыз жұмақтың өзіндей құт мекен. Ежелден-ақ аты Ұлы Жібек жолы арқылы күллі әлемге танымал болған атамекенім тұмса табиғатымен де көптің көңілін сүйсіндіреді.

Жердің иесі, елдің киесі барда ұрпақтар сабақтастығы ешуақытта үзілмейді. Есте жоқ ескі замандардан бастап, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан осы сабақтастық талай буынды тәрбиеледі. Тірісінде аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының бір өзі ақиқаттың алдаспанындай болып әрбір қазақтың рухында жарқырап тұр деуге болады. Шындықтың жебесіндей атылған әйгілі жазушы Шерхан Мұртаза, атақты Әкім Тарази, мөлдір ойдың иесі Күләш Ахметова сыңды тұлғаларымыз халқынан өз бағасын алған.
Әйгілі сазгер Мэльс Өзбековтың әні жергілікті әнші Досымжан Таңатаровтың орындауымен қалың елге жетіп, жүрегінен орын алғаны белгілі.

«Үмбет құмын асып,

Жібек жолын басып,

Келші, сәулем, келші,

Біздің Құланға» деп өрілген өлең туған жердің перзенті үшін тым ыстық екенін сездірмей ме?

Өнер адамы болған соң жолда көп жүреміз ғой. Ауылымның тұсындағы күре жолмен қайда тартсам да тоқтап, саф таза ауасын жұтып, сағынышымды басамын. Алыс жолдан шаршап-шалдыққанда осы бір Шал тауының баурайындағы кішкене ғана ауылым үнемі перзенттерін күтіп тұрғандай сезіледі маған, -дейді белгілі әнші Досымжан Таңатаров.

Ал, Сидней олимпиадасының жеңімпазы, танымал боксшы Ермахан Ибраимов:

Менің туған жерім өте киелі. Әйтпесе осыншама тұлғаларды тудыра ма? Әрдайым жері қасиетті туған ауылым, ел-жұртым жүрегімнің төрінде тұрады. Оларға деген махаббатым шексіз, -деп тебіренеді өскен өлкесі жөнінде әңгіме қозғағанда.

Осындай тұлғаларды тудырған топырақтан шыққан бүгінгі жас буын туған жеріміздің бір қажетіне жарайтын, абыройын асқақтатар ұланы боларымыз хақ. Соған сенемін. Себебі, жастарының сапалы білім алып, салауатты өмір салтын ұстануына бар жағдайды жасап отырған мемлекетіміздің бүгінгі болашаққа деген беталысы осыны айғақтайды. Қазіргі ұрпақтың жанарынан «Мен мемлекетіме не бере аламын?..» деген ойды оқу қиын емес. Әрбірі де елдің игілігіне жарауға ұмтылуда. Дәйім солай болсын!



Айгуль Оралбаева

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!