Материалдар / Ересек топ караша перспективалык жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ересек топ караша перспективалык жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Караша айына перспективалык жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
38
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қараша айы 2024жыл



Ұйымдастырылған іс әрекет


Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері


Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

Жүру: бағытты және қарқынды өзгертіп жүру, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіру.

Тепе-теңдікті сақтау: қырлы, көлбеу тақтай бойымен (ені 2 сантиметр, биіктігі 30-35 сантиметр) жүру;

Жүгіру: 1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен жүгіру, орташа жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге жүгіру.

Еңбектеу, өрмелеу: табан мен алақанға сүйеніп, төрт тағандап еңбектеу, 50 сантиметр биіктікте ілінген арқанның астынан еңбектеу;

Секіру: 4–5 сызықтан аттап (сызықтардың арақашықтығы 40–50 сантиметр) секіру, 20–25 сантиметр биіктіктен секіру

Лақтыру, домалату, қағып алу: допты бір-біріне төменнен және бастан асыра лақтыру (1,5 метр қашықтықта), қағып алу; допты кедергілер арқылы бастан асыра екі қолымен және бір қолымен лақтыру (2 метр қашықтықтан);

Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру. оңға, солға бұрылу, орнында айналу; араларын алшақ ұстау және жақын тұру.


Ырғақтық жаттығулар.

Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу арқылы орындау


Жалпы дамытушы жаттығулар:

Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар.

Қолды кеуденің алдына қою, желкеге қою, иықтарды түзеп, екі жаққа бұрылу. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.

Кеудеге арналған жаттығулар.

Тізерлеп тұрып, алға еңкею және артқа шалқаю, екі аяқты кезек бүгу және жазу, көтеру және түсіру. Қолына зат ұстап, шалқасынан жатып, қолды созу және осы қалыпта етпетінен бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалыпта иықтарын, басын, қолдарын алға созып көтеру

Аяққа арналған жаттығулар.

Түрегеліп тұрып, аяқтың бақайларымен орамалдарды, тағы басқа ұсақ заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Тізені бүгіп, екі аяқты кезек көтеру.


Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу: екі немесе үш дөңгелекті велосипед тебу; оңға, солға бұрылу. Спорт залда


Қимылды ойындар.

Қимылды ойындарға қызығушылықты дамыту. Таныс ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық, дербестік танытуға баулу. Ойындарда физикалық қасиеттерді (жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік) дамыту.


Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

«Денсаулық - зор байлық» сөзінің мәнін түсіну, өзінің жасаған іс- әрекетінің ағзаға әсерін, тістерді тазалаудың пайдасын, суық тимеудің алдын- алуға болатынын түсіну.


Дербес қимыл белсенділігі:

Балалардың доптармен, қозғалатын ойыншықтармен, құрсаулармен ойындарын қолдау, дене шынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындарға арналған атрибуттарды пайдалануға ынталандыру


Мәдени-гигеналық дағдыларды жетілдіру.

Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға, тісін тазалауға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту.

Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю.



Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын: өз бетінше киіну мен шешінуді, тісін тазалауды жетілдіру. Киімдерді жинау, ілу, ересектің көмегімен оларды тазалау, құрғату. Бейнелеу әрекетінен соң құтыларды, қылқаламдарды жуу, үстелді сүрту.


Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

Шынықтырудың барлық түрлерін, жалпы және жергілікті су шараларын жүргізу: әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шаю. Жалпақ табандылықтың алдын-алу үшін түрлі жолдармен

жалаң аяқ жүру. Тыныс алу жолдарын шынықтыру.


Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.

Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу. Дикция бойынша жұмысты жалғастыру: сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын жақсарту.

Сөздік қор.

Айналасындағы заттармен сөздік қорды кеңейту: тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну, заттардың атауларын, олардың бөліктері мен бөлшектерін, олар жасалған материалдарды, материалдардың белгілі және белгісіз қасиеттерін сөйлеуде қолдануды дамыту.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға үйрету. Зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану дағдысын дамыту

Байланыстырып сөйлеу.

Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу.


Көркем әдебиет

Әдеби шығармаларды мұқият тыңдауды, кейіпкерлерге жанашырлық танытуды, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, мазмұнын түсінуге және олардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтауға, автор сөздерін айту, кейіпкерлердің мінезін беру, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беругеді, ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу.


Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта

Ұжымдық әңгімеге қатысуға, әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен сөйлеуге баулу.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту. Қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу.

Сөздік қор

Туыстық қарым-қатынасты («сіңлі», «жеңге», «жезде», «нағашы», «жиен»,

«бөле») білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің отбасы, отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Етістіктің болымсыз түрін немесе есім сөздермен қолданылатын «емес» шылауын қолдана білуге үйрету

Байланыстырып сөйлеу

ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу.


Математика негіздері

Жиын:

Балаларға жиын, оның әртүрлі түстегі, пішіндегі, өлшемдегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру, заттарды жұппен қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білуді меңгерту.

Сан, санау:

5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, сандарды реті бойынша атауға «нешінші?» сұрағына жауап беруге және қорытынды санды атауға, «барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету.

Шама:

Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.

Ұзындығы, ені, және биіктігі бойынша екі затты салыстыру Геометриялық пішіндер:

Геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу

Кеңістікте бағдарлау:

Кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтауды, берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-солға, жоғары-төмен), заттарды оң қолмен солдан оңға қарай орналастыруды, заттардың өзіне қатысты орналасуын сөздермен белгілеуді дамыту (менің алдымда үстел, сол жағымда орындық тұр).

Уақытты бағдарлау:

Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту.


Сурет салу

Қоршаған ортаның әсемдігіне, қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына, киіз үйге, оның жабдықтарына, тұрмыстық заттарға, ойыншықтарға, сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылықты дамыту.

Дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерін: «құс қанаты», «бүршік»

элементтердің орналасу ретін, олардың арасындағы қашықтықты сақтауға зейін бөлуін дамыту .


Мүсіндеу

Мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістеуге үйрету.

Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру дағдыларын пысықтау

Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтауын жетілдіру.


Жапсыру

Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеуді меңгерту.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, киіз үй оның жабдықтарымен, сандық, кебежемен, қоржынмен таныстыру.


Құрастыру

Құрылыс материалдарынан, «лего» конструкторлардан құрастыру:

Құрастыруға қолданған құрылыс бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок) және атау, оларды сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау, өз бетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру

Қағаздан құрастыру:

Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, ілмекке айналдыра білуін дамыту

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру:

Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өз бетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру.

Музыка

Музыка тыңдау:

Музыкалық шығарманың мәнерлі құралдарын байқауға үйрету (ақырын, қатты, баяу, жылдам), жоғары дыбыстарды ажырату (секста, септима шегінде жоғары, төмен),

Ән айту:

Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту. Әуенді таза және сөздерді анық айтуға, музыканың сипатын жеткізе білуге үйрету.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

Музыканың ырғағын нақты бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіруді үйрету

Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау:

Таныс әндерді орындауда балаларға арналған музыкалық аспап сылдырмақтарды қолдану, қарапайым әуендерді ойнауына жағдай жасау

Билер:

Музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтауын дамыту


Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:

Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде қабылдау, оның ойын ашық білдіруге мүмкіндік беру, келісім білдіру, жеке басын құрметтеуді үйрету.

Заттық әлем:

Қоршаған орта заттары, олардың қасиеттері және қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту.

Байланыс және қозғалыс құралдары:

Қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу дағдыларын қалыптастыру.

Еңбекке баулу

Шамасы келетін жұмысты орындау кезінде балалардың бастамасын қолдау: бөлме өсімдіктеріне күтім жасау, оларды суару, жапырақтарды жинау, қыстайтын құстарды қоректендіру.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

Қарапайымдылыққа, мейірімділікке және әділдікке, ересектерге құрмет көрсетуге, кішілерге көмектесуге тәрбиелеу.

Менің Отаным Қазақстан.

Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.

Жолда жүру ережелері.

Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өтетін жол және жерасты жолдары, велосипедке арналған жол), бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

Өлі табиғат құбылыстары мен заттары.

Ауа райы мен климаттық жағдайлардың өзгеруін бақылау. Қазақстанның түрлі аймақтарында ауа райының түрліше болуы туралы түсінік беру.

Өсімдіктер әлемі.

Өсімдіктер, оларға күтім жасау (жерді қопсыту, суару, жапырақтардың шаңын сүрту) туралы түсінікті дамыту.

Жануарлар әлемі.

Төрт түлік және оның төлдері (мінезіндегі ерекшеліктер, қозғалысы, қоректенуі, адамдарға пайдасы), оларға күтім жасаудағы ересектердің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту.

Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормаларын меңгеруіне ықпал ету.

Мінез-құлық мәдениеті мен сыпайы қарым-қатынас негіздерін қалыптастыруды жалғастыру; амандасу, қоштасудың қажеттігі туралы еске салу, ересектердің әңгімесіне араласпау, өз өтінішін сыпайы түрде білдіру, көрсеткен қызметі үшін алғыс айту.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!