Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ерік-жігерді тәрбиелеу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Kемел тұлғаның мінезіндегі ең қалаулы қасиеттері арасынан көпшілік мақсаттылықты – алға мақсат қоя білу мен қалауына қол жеткізе білуді атайды. Әрі көптеген ата-аналар баласын қалай жігерлі, тәртіпке берік етіп тәрбиелеуге болады деген сұраққа жауап іздейді.Ерік-жігер – бұл адамның саналы түрде алға қойған мақсатына қол жеткізу үшін сыртқы және ішкі кедергілерді (мысалы, бір мезеттік албырттықты) еңсере отырып, әрекет ету қабілеті. Баланың ерік-жігерінің дамуы ерте балалық шақта өз қимыл-қозғалыстарын басқара білу қабілетіне ие болудан басталып, ұзақ үдерістен өтеді. Қалауын жүзеге асыруға көмектесетін қимыл-әрекет жасау қабілеті бірте-бірте жетіледі, белгілі бір мақсатқа, мінез-құлық ережелеріне сәйкес тікелей эмоционалдық ой-талапқа қарсы әрекет ету дайындығы артады, яғни, өзін-өзі қадағалауды және өзін-өзі бақылауды ерік-жігер күшіне бағындыру қабілеті дамиды.Ата-аналар жүктілік, босану және бастапқы даму кезеңіндегі қиындықтармен байланысты «қауіп-қатер факторлары», соның ішінде төменде келтірілген жағдайлар орын алғанда баланың ерік-жігері мәселесіне айрықша көңіл бөлуі қажет:
гипоксия (бала миының оттегімен жеткілікті көлемде қоректендірілмеуі);
шала туылу;
нәрестелердің гипо- және гипертонус күйіне шалдығуы;
3 жасқа дейінгі жаста жұқпалы аурулардың күрделі өтуі;
гипербелсенділік және т.б.
Бақытқа орай, бала психикасы иілімді, әрі бастан өткерген «зиянды» жайттарға қарамастан, ми залал орнын толтыру қабілетіне ие. Бірақ, оған барынша толық қалпына келу үшін көмек қажет.Тәрбие беру барысындағы белгілі бір қателіктер ерік-жігер қасиеттерінің қалыптасуына кедергі жасайды. Атап айтқанда: бала шамадан тыс ерке болып, аузынан шыққанның бәрі екі етпей орындалса немесе ересектердің қатал мінезі баланың еңсесін басып, ол өз бетінше шешім қабылдай алмаса, оның тілек-қалауы ескерілмесе. Ерік-жігер күшін баланы өзге балалармен салыстырып, оған теріс баға беру де басып тастауы мүмкін, мысалы: «Сен ештеңені аяғына дейін жеткізе алмайсың!», «Арман бәрін сенен жақсы істейді!».
Балаларының ерік-жігерін шыңдағысы келетін ата-аналар келесі ережелерге бағынады:
1.үйренуі тиіс дағдыларды баланың орнына жасамау, бірақ дағды игеру ісінде жетістікке жетуіне жағдай жасау;
2.баланың өз бетінше әрекет етуін қамшылау, жетістіктері үшін қуану сезімін тудыру, баланың бар қиындықтарды жеңе білу қабілетіне деген сенімін арттыру;
3.тіпті кішкентай балалардың өзіне ересектер оларға қоятын талаптардың, шешімдердің мақсатын және орындылығын түсіндіру;
4.баланы бірте-бірте өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Мектеп жасындағы бала үшін оның орнына әрекет етпеу, керісінше, оңтайлы шешім қабылдауға жетелеу және алға қойған мақсатына міндетті түрде қол жеткізуге итермелеу.
Баланың ерік-жігерінің дамуы мен түзелуі оның күнделікті ересектермен тікелей қарым-қатынасы (тілдесуі) барысында орын алады. Төменде осындай қарым-қатынас үлгілері келтірілген. Олар жақындары баланың өзін-өзі қадағалауын ерік-жігеріне бағындыруға қалай итермелей алатынын көрсетеді. Әрбір үлгі ерік-жігер күшінің белгілі бір көрінісіне негізделген: мақсат таңдау, кедергілерді еңсеру және күш салу, жоспарлау және болжау, баға беру және т.б. Әрі қарай сипатталған нақты ойындар мен тапсырмалар да балалардың ерік-жігерін нығайтуға бағытталған.Балалардың дамуындағы келесі ерекшеліктер туралы есте сақтау қажет: ерік-жігер күшінің негізін тілек-қалау құрайды. Тілек-қалаусыз бала өзін-өзі жеңе алмайды. Ал баланың қалауы пайда болуы үшін оған әсер алу қажет. Бұл, әсіресе, нәрестелер үшін айрықша маңызды. Олар неғұрлым есте қаларлық сезім әсерлерін алса, әлемде болып жатқан өзгерістерге атсалысу ниеті соғұрлым тезірек пайда болады. Дыбыстар, әуендер, ұстағанда әртүрлі әсер тудыратын заттар мен ойыншықтар, ата-ана алақанының жылуы – осының барлығы баланың өз қалауының пайда болуына септігін тигізеді. Әсіресе, тонусы төмен, тым байсалды нәрестелер үшін тілек-қалауларын ынталандыру барынша қажет.Кішкентай бөбектің алғашқы ерік-жігер белгілерін байқау қиын емес: кеше ғана ол алдында ілініп тұрған ойыншықтардың қалай қозғалатынын қарап жатты, ал бүгін ол осы ойыншықтарды жақынырақ көргісі келеді, оларға қолын созады. Қызыққан балалар көзіне көрінгеннің барлығын ұстағысы келеді. Міне, осы - бала өз қалауы мен оларға қол жеткізу үшін қажетті әрекеттер арасындағы байланысты түсінуіне
арналған жаттығу.
Баланы етбетінен жатқызыңыз, қашықтау, бірақ қолы жететін
жерге түрлі-түсті ойыншық қойыңыз. Келесі күндері ойын-
шықты қол созуға, ембектеуге тура келетіндей етіп, алысырақ
қойыңыз.
1 ЖАС
Өсіп келе жатқан бөбек белсендірек қимылдай бастағанда – жүре бастағанда, оған өз қалауларының күшін сездіріңіз. Біржасар балалар әртүрлі заттардың үстіне шыққанды, өрмелегенді, кедергілер арқылы өткенді жақсы көреді. Осылайша олар өз денесінің мүмкіндіктерінен хабардар болады, өз дербестігіне, ептілігіне көз жеткізеді, сөйтіп мақсаттылық іргетасын қалайды. Кез-келген жастағы баланың физикалық белсенділігін ынталан-дырып отырыңыз – бұл балаға кең мағынада «өзі-өзі билеуді» үйренуге көмектеседі.
2 ЖАС
Екі жастан кейін баланың белгілі бір, мәселен, тазалыққа және
тәртіпке қатысты әдеттері қалыптасқаны жөн. Бұл да ерік-жі-
гердің дамуына өз үлесін қосады. Балаға көмектесу үшін оның сүйікті жұмсақ ойыншықтарын оларға бақылаушы қызметін беріп, пайдалануға болады:
«Қара, біздің Ақбота қуыршағымыз келіпті, ол не дейді, тыңдашы: «Барлық балалар далада серуендеп жүр, Аяулымға да далаға шығу керек». Қара, Ақбота бізге сенің кеудешеңді алып келіпті. Ақбота қара, Аяулым өзі киініп жатыр». Баланың жігерлі-
гігін ынталандыра отырып, аралық мақсаттарды пайдаланыңыз. Мысалы, дүкенде баратын жол алыс, ал балақай қыңқылдап, өзін көтеруін қалап тұр. Баланың көңілін аулаңыз: «Қара, қандай әдемі көлік, жүр, жақынырақ барып көрейікші. Ал ана жерде
кішкентай мысықтар бар екен, жүр, соларға барайық. Ал, кім баспалдаққа бірінші жетеді екен?! Міне, келіп те қалдық».Ойын түріндегі әрекеттерді өзін-өзі қадағалау қабілетін меңгеру үшін, мысалы, шулы ойыннан тыныш ойынға көшу үшін пайдаланған жақсы. Бала доппен бірге жүгіріп, тоқтай алмайды. «Менің кішкентай «тышқаным» қайда екен?» Балаға мысық келе жатқанын, тышқанды ұстап алатынын айту керек. Міне, «кішкентай тышқан» (балаға қаратып айтамыз). Аяулым, кішкен-
тай тышқан, сен қалай жүгіресің? Мысық естіп қалмауы үшін ақырын жүгіресің. Ал енді, кішкентай тышқан, ініңе кір, анаңның жанына бар, мысық бізді таба алмайды». Бала диван үстіне шығып, кітап қарайды. Рөлдік ойын баланың өз белсенділігін
реттеуге үйретеді.
2–3 ЖАС
Бұл жаста балалар өзінің дербестігін барынша көрсеткісі келеді. Бала әлденені ересектер сияқты епті және тез істей алмаса да, шыдамды болыңыз, балаға бастаған ісін аяқтауға уақыт беріңіз, атқарған жұмысы үшін мақтаңыз. Гипербелсенді
балалар үшін бар зейінін салып, ұзақ уақыт бойы әрекет ету тәжірибесі әсіресе маңызды. Егер сіз гипербелсенді балаңыз, мысалы, құрастырғыш құраудың қызығына түсіп кеткенін байқасаңыз, ұзағырақ осы іспен айналысуға мүмкіндік беріңіз. Егер тіпті сорпа дайындап, балаңызды тамақтандырайын деп жатсаңыз да, гипербелсенді бала өз белсенділігін белгілі бір мақсатқа бағыттауда қажетті тәжірибе жинауы үшін тамақтануды кейінге қалдыра тұрыңыз. Ойын балаға жаңа немесе «түйіткілді» жағдайда мінез-құлық ережелерімен танысуға мүмкіндік береді. Осылайша, ойыншықтың көмегімен алда болатын оқиға қойылым түрінде көрсетіледі. Мысалы: «Біздің Ақбота қуыршағымыз балабақшаға барады. Ақбота, кел, амандаса ғой. Сенің киім салатын өз сөрең болады (көрсетеміз). Тамақты басқа балалармен бірге үстелге отырып ішесің (басқа қуыршақтармен бірге үстел басына отырғызамыз), төсекте ұйықтайсың. Сенің достарың болады. Сосын апаң келіп, сені алып кетеді». Дәл осы ойын артынан баламен бірге ойналады: «Көрсетші, топта балалармен қалай амандасасың, қалай тамақ ішесің, ұйықтайсың...». «Жеті лақ» ертегісі және ондағы «біреу есікті қағып тұр» жағдайын қойылым түрінде ойнату балаға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгеруге көмектеседі.Ойын ережелерін бірге құрастыру мінез-құлық ережелеріне үйретеді. Мысалы, бала балабақшадан балағат сөздер үйреніп келеді. Ойын ойнауды ұсынып, келісіп алыңыздар: «Кім жаман сөз айтса, соның аузынан бақа, ал жақсы сөз айтқанның аузынан гүл шығады. Кімде қанша гүл, ал кімде қанша бақа көп екенін санаймыз».
5–6 ЖАС
5-6 жастағы болашақ бірінші сынып оқушысының өзін-өзі ерік-жігері арқылы қадағалау қабілетінің қалыптасуы үшін баланың мектепте оқуға деген ниетін ояту қажет. Осы мақсатпен мектеп ойынын ұйымдастыруға болады, ойын барысында балаға әртүрлі рөлдер беруге болады: оқушы, мұғалім, директор... Мектепке экскурсияға барып, сыныпты көрсету, мектеп тәртібі, мінез-құлыққа қойылатын талаптар туралы айтып беру, баланы бастауыш сынып мұғалімімен таныстыру пайдалы болады. Мектеп ойыны оқуға деген оң көзқарас қалыптастырады. Бастапқыда ойында мұғалім рөлін ата-ана ойнайды, кейін осындай ойынды баланың құрбы-құрдастарын қатыстырып ұйымдастыруға болады. Егер бала осы ойынды жалғыз ойнауға талпынса, «оқушылар» рөлін қуыршақтар ойнай алады. Мектеп ойыны барысында мазмұны қызықты және ерекше, шағын, бірақ эмоционалдық тұрғыдан мағыналы тапсырмалар орындауды ұсыныңыз, түрлі-түсті оқу құралдарын, «үй тапсырмаларын» пайдаланыңыз. Ойын барысында баланың жетістіктерін мақтап отырыңыз. Эмоционалдық қанағаттанушылық сезімі басынан кешірген бала танымдық іс-әрекеттермен айналысуға талпынатын болады.
6–7 ЖАС
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға және бастауыш сынып оқушыларына, сондай-ақ, ережемен ойналатын әртүрлі ойындар пайдалы болады. Олар ойыннан тыс жағдайларда ықтиярлы мінез-құлықтың қалыптасуына, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі қадағалау қабілетінің дамуына негіз әзірлейді. Олар әртүрлі ойындар болуы мүмкін: дойбы, домино, балаларға арналған карталар, «фишкалар» арқылы «жүріс» ойындары, доппен ойналатын «жеуге жарамды-жарамсыз» және көптеген басқа ойындар. Ойын ойыншылар белгіленген ережелерді сақтағанша жалғасады. Ережелер түсінікті және ойға қонымды етіп құрастырылғанына, баланың оларды түсінгеніне көз жеткізіңіз: ойынның алдында ережелерді есіңізге түсіруін, досын үйретуін өтініңіз. Егер бала ойын шарттарын айтып бере алса, ол оларды сақтайтыны анық десе де болады. Бірақ, кейде шыдамсыз балалар кезегі келмесе де жүріс жасап, міндетті түрде жеңіске жетуге асығады. Ондай балаға ойында қатысушылардың ережелерді сақтауын қадағалап, қателескендерін түзетіп отыруды тапсырыңыз. Ережені бұзғандар үшін қалжың түрінде, бірақ көңілге келмейтін айыппұлдар салу туралы келісіп алуға болады. «Қадағалаушы» рөлі баланың өзін әділ әрекет етуге итермелейді.Егер ересектер балалардың жеңіске жетуіне жол берсе, оның ешбір сөкеттігі жоқ. Себебі, тек ересек адам жеңе беретін болса, бала ойынды жалғастырғысы келмей қалуы мүмкін. Жеңіске жету өз-өзіне сенімсіз баланың өзін жоғары бағалауына септеседі.Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың және мектеп оқушыларының спорттық үйірмелерге қатысқаны дұрыс. Тым сезімтал және өзін-өзі тексеруге бейім балаларға артында белгілі бір оң пәлсапа жатқан спорт түрлері (мысалы,шығыс жекпе-жектері) лайықты болады.