Тәрбие
сағаты
Тақырыбы : «Ерлік – елге ұран,
ұрпаққа аманат»
Мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы Отан
соғысында, неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының қан
майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету.
Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас
иіп, ардагер аталарымызға құрмет көрсету;
Келер ұрпақты отансүйгіштікке,
елжандылыққа , бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын
сүюге, ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Слаидталған бейне көрініс,
батыр аталарымыздың суреттері, Ұлы Отан соғысы туралы деректі
фильмдерден бейнелер;
Әдісі: Сұрақ –жауап, сын тұрғысынан
ойлау, ойтолғау
Түрі
: Тәрбие
сағаты
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру
.
ІІ. Топқа
бөлу ( 41, 45 саны бар
жұлдызшаларды таңдау арқылы)
ІІІ. Топтық
жұмыс.
А) Ой қозғау кезеңі
(постермен
жұмыс)
Б) Мағынаны тану
кезеңі ( сұрақ –жауап
әдісімен)
В) Ой толғаныс
кезеңі ( Майдангерлер туралы
естеліктер, ойтолғау, өлеңдер оқу)
ІҮ.
Рефлекция «Тілек
ағашы»
Алғы
сөз.
Ел еңсесін жаңа көтеріп келе
жатқан шақта 1941 жылы 22 маусымда гитлершіл Германия опасыздықпен
тұтқиылдан шабуыл жасап, бейбіт жатқан елге адам айтқысыз ауыр
кесапатын ала келді. Бес жылға созылған қиянкескі сұрапыл соғысқа
барша қазақстандықтар ат салысты. Олардың қатарында Маңғыстау
өлкесінен де көптеген азаматтарымыз қан майданға
аттанды.Майдангерлердің арасында бәріміздің аталарымыз бар деп
мақтанышпен айта аламыз.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл сын
сағаттарға толы қаһарлы жылдарында майдан мен тыл тас түйін болып
бірікті. Бірі қиянкескі ұрыста ерлік көрсетсе, екіншісі – түні бойы
кірпік ілмей еңбек етіп, Ұлы Жеңісті шыңдай түсті.Ер азаматтардың
барлығы қолдарына қару алып майданға аттанды. Ауылда әйелдер мен
қариялар, бала-шаға селдіреп қалды. Бірақ олар да еш мойымастан
өздерінің ер –азаматтарының роын жоқтатқан жоқ. Ел басына күн туған
шақта тылдағылар да таңның атысы, күннің батысы маңдай терін тгіп,
еңбек етті. Сонымен сол жылдарда тылдағы күрес те шын мәнісінде
екінші майдан болды.
Бүкіл еліміздегі сияқты
маңғыстаулықтар да «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін» деген
ұранды ту етіп көкке көтерді.
Бүгінгі күні аспанымызда Жеңі
туының желбірегеніне де 70 жыл толып отыр. Соғыс өрті өшіп,
қайғы-мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенімізге де
– 70 жыл.
І.Ой қозғау
кезеңі. Топтық постермен
жұмыс.
«Суреттер сыр
шертеді» . Слайдтан бейне –көріністер
көрсетіледі. Соған байланысты әр топ өз ойларын
айтады.
1-топ «Соғыс» сөзінің мағынасын
ашады.
2-топ « Хат» сөзінің мағынасын
ашады.
ІІ.Мағынаны тану
кезеңі (Сұрақ қою әдісі
арқылы)
І
топ:
1.Ұлы Отан соғыс қай жылы ,қай
күні, қай айда басталды?(1941жыл, 22
маусым).
2.Маңғыстаудан қанша адам
соғысқа аттанды?(3000-нан астам).
3.Қазақстандық батырларды ата.
(Б. Момышұлы, Ә.Молдағұлова,
М.Мәметова,т.б).
4.Рақымжан Қошқарбаев кім?
(Рейхстагқа ту тіккен батыр).
5.Шетпе селосында көзі тірі
қанша ардагеріміз бар?
ІІ
топ:
1.Ұлы Отан соғысы қай жылы,
қай күні, қай айда аяқталды ? (1945 жыл, 9
мамыр).
2.Маңғыстау топырағынан түлеп
ұшқан айтулы батырлар кімдер? ( М.Бегенов, И.Сүйеубаев, Б.Қалиев,
Ж. Қалдығараев).
3.Соғыс ардагерлеріне қандай
атақтар берілді? ( Кеңестер Одағының Батыры, «Даңқ», «Қызыл
Жұлдыз», І дәрежелі Ұлы Отан соғысы
ордендері).
4.Жеңістің 60 жылдығына орай
қандай кітап жарық көрді? ( «Боздақтар»).
5.Маңғыстаудан қанша адам
соғыстан оралмады? (1200-ге жуық).
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі
.
1.Аталар
аманаты. Мектебіміздегі Ұлы Отан
соғысының ардагерлерінің ұрпақтарына сөз беру. ( Нұрасыл ағай,
Жаңагүл апай, Рахима апай, Раушан апай – мұғалімдерден, Жанила,
Дәмелі, Сүлеймен,Гүлнұр, т.б).
2. Поэзия
минуты . Жеңіс туралы өлеңдерден
мәнерлеп оқу.
Жетпіс жыл – бейбіт көктем таң
атқалы,
Жетпіс жыл – шуақты күн
таратты әнін.
Есімде содан бері жетпіс
рет,
Ашылды жеңіс күннің
парақтары.
Талай құс содан бері талай
оралды,
Талай бақ әлеміне қайта
оранды.
Соғыста тек өлгендер
оралмайды,
Тек ұрпақ ол туралы айтады
әнді.
Жетпіс жыл –үзілмеді құстар
әні,
Кетті енді сұм соғыстың
қыспағы әлі.
Жетпіс жыл – жауымыздың ажал
оғы,
Біздің елдің үстімен
ұшпағалы.
3.Ой толғау
жазу.
ІҮ.Рефлекция кезеңі «Тілек
ағашы» (Қатысушылар түрлі стикерлерге
өз тілектерін арнап жазып, дауыстап оқып, ағашқа
жабыстырады).
Белсенді қатысқан топ мүшелері
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің төсбелгісімен
марапатталады.
Қорытынды.
Қатал тағдыр салып ажал
қармағын,
Арқалаттың қасіреттің
салмағын.
Замандарда ел басына күн
туған,
Қалқан болған ардагерлер
ардағым!
Сан жылдар өтіп жатыр
сағымданып,
Ескерткіш қоңыраулар дабыл
қағып.
Боздақтар аунап түсіп жатыр
бүгін,
Сәбидің бесіктегі бағын
жағып...
«Ер есімі –ел есінде» демекші,
бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталарымыз бен
апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы
бүгінгі бейбіт тірлігімізге , мәңгі шуағын
шашпақ.
Ерлік ұранын, Жеңіс ұранын
мәңгі ту етіп, аталарымыздың аманатын ардақ
тұтайық!