Күні: 07.11.2016ж
Тобы: 1кіші
топ
Сабақтың
тақырыбы: Ертегілер елінде. Жұмысты
жалғастыру.
Сабақтың
мақсаты: Ертегі мазмұнына арнап
иллюстрация жасау, түстерді дұрыс таңдай білуге
үйрену.
Білімділік: Халық ертегілер желісімен
ертегі мазмұнын таныстырып білімдерін
ұштау.
Дамытушылық:
Оқушы қызығушылығын арттыру
арқылы, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Кітапқа, өнерге қызығушылығын
оятып, оқушы бойында асыл қасиеттерлі тәрбиелеу. Шығармашылық
қабілеттерін, шеберліктерін арттырып, ойлау қабілетін
дамыту.
Түрі: Аралас
сабақ
Әдісі: Түсіндіру, ой-қозғау,
сөзжұмбақ, көрнекі бейнелеу (көрініс), сарамандық жұмыс, сергіту,
INSERT әдісі
Пәнаралық байланыс:
әдебиет, тарих, музыка.
Технология: Сын Тұрғысынан Ойлау
технологиясы
Көрнекілігі:
Ертегі кітаптар, слайд, ширма,
қуыршақтар, сөзжұмбақ т.б
Қажетті
құралдар: А3 форматы, гуашь бояуы,
қалам, қылқалам, өшіргіш, палитра
т.б
Көркемдеуші
құрал: музыка
Барысы:
1.Ұйымдастыру
бөлімі: .( 3
минут)
-Саламатсыздар ма оқушылар мен
сіздермен жүздескенімен қуаныштымын. Көңіл-күйлері
қалай?
- Амандасу,
түгендеу
- Оқу-құралдарын
тексеру
- Жаңа сабаққа зейінін
аудару
Сабаққа дайынсыздар ма? Олай
болса сабағымызды бастаймыз! Бүгін бізде ерекше сабақ болады.
Бүгінгі сабақта «Қуыршақ» үйірмесінің оқушылары «Түлкі мен қоян»
ертегісінің желісінде шағын қойылым
көрсетеді.
Өткенді
қайталау.
(5
минут)
- Ертегіні тамашаламас бұрын,
алдыңғы сабақта не өткенімізді есімізге түсіріп көрейік. Сөзжұмбақ
«Ертегілер»
1.Қызыл, сары, көк түстер
қандай түстерге жатады? (Негізгі
түстер)
2.Белгілі бір шығармаға
арналып салынған сурет?
(Иллюстрация)
3.Қара және ақ түс реңтерінен
тұратын түстер қалай аталады? (Ахроматты
түстер)
4.Табиғат көрінісін
бейнелейтін жанрды ата. (Пейзаж)
5. Желім мен ақ сыр қосылып,
суға ертілген қою бояу. Қағазға жібекке т.б материалдарға сурет
салу үшін қолданылатын бояу?
(Гуашь)
6. Бейнелеу өнерінің жанры?
(Мүсін)
7. Бояумен сурет салғанда
қолданылатын құрал? (Қылқалам)
8. Еліміздің белгілі суретшісі
кім? (Ә.Қастеев)
9. Бояуды араластыратын құрал?
(Палитра)
Жаңа
сабақ:
А )Ой
қозғау (5
минут)
-Сонымен,балалар иллюстрация
дегеніміз не екен? - Иллюстрация дегеніміз белгілі бір шығармаға
(ертегі, аңыз әңгіме, оқиғалар, өлең) арналып салынған сурет. Бұл
графика түрінде де немесе живопись болып та
кездеседі.
Ә) Қызығушылықты ояту. (5
мин)
Қазақ ертегілерінің көбі былай
басталады: Ерте, ерте, ерте де Ешкі жүні бөртеде Қырғауылы қызылда,
Құйрық жүні ұзында-деген сияқты
өлеңмен.
Қазақ халық ертегілері Ерте,
ерте, ертеде... жазу-сызу, кітап оқу болмаған заманда біздің
ата-бабаларымыз, әйгілі жыршыларымыз өздерінің ойдан шығарған қиял
әңгімелерін, тарихи оқиғаларды ұрпақтан-ұрпаққа ауызша мұра етіп
қалдырған. Оларға қазақтың халық ертегілері жатады. Ертегілердің
негізгі кейіпкерлері хан, оның уәзірі, шал, кемпір, мерген, тазша,
қойшы, өнерпаз жігіттер, дәулер, мыстан-жалмауыз кемпірлер,
айдаһар, самұрық құс, т.б
Ертегі еркін ойлауға,армандап
қиялдауға, шындықты танып білуге баулиды.Ол адамды ізгі арманға,
жақсылыққа,игілікке жетелейді. Мазмұнына байланысты ертегі
бірнешеге бөлінеді: қиял-ғажайып, шыншыл , хайуанаттар туралы т.б
Еліміздің белгілі суретшілері Әмен Әбдіжанұлы Қайдаров «Қарлығаштың
құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлын» секілді көптеген
мультипликациондық фильмге иллюстрация жасады. Сахи Романов «Қырық
өтірік», «Алдар көсе» шығармаларына иллюстрация жасады. Константин
Баранов «Қазақ халық ертегілеріне» иллюстрация жасауда да аянбай
еңбек етіп келеді. Осы сияқты көптеген иллюстратор суретшілердің
туындыларымен таныстыру мақсатында көрме ұйымдастырылып отыр.
Сіздер де осы атақты суретшілеріміз сынды ертегі мазмұнына
иллюстрация жасауды үйренудесіздер.Олай болса, балалар «Қуыршақ»
үйірмесінің оқушылары дайындаған «Түлкі мен қоян» ертегісін
тамашалаймыз осы қойылымның желісімен ертегі мазмұнына иллюстрация
саламыз.
«Түлкі мен
қоян» (5
минут)
Бір күні болдырып келе жатқан
түлкі жортып жүрген қоянды көріп, өтірік ауырған болып, оның жолына
сұлай кетеді де, қоянды шақырады.
-
Қоянжан – ау, қоянжан, неге
сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бірге өскен,
тоғайдың дәмін бір жескен, көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын
жақынырақ келсеңші,
қоштасайық,-депті.
Сонда
қоян:
-
Екі құлағым сөзіңде тұр, екі
көзім өзіңде тұр. Сіз етті жақсы көреді дейді жұрт, сол рас па?-
депті.
-
Рас болғанда қандай, тіпті ет
жемесем басым ауырады.
-
Міне, осыныңыз жаман
гой.
-
Иә, соған өзім де қынжылып
жатырмын. Кеше бір тауықты жеп едім, соған жаным ашып жылап та
жібердім. Өйткені ол да тірі жүргісі келді ғой. О, шіркін,
тіршілік!-депті.
Қоян:
-
Сіз оны өлтірмеі тұрып ойлап
көрдіңіз бе? -депті. Сонда түлкі: «Мен дәл сол жерін ойлауды
ұмытыппын. Жаныма батып, ауырып жатқаным да соның
өкініші»,-дейді.
-
Ұмытшақ деген жаман ғой, мен
де содан қорқамын, сондықтан да жортамын,- деп тұра жөнеліпті
қоян.
Сарамандық
жұмыс. (15
минут)
Енді осы ертегі мазмұнына
арнап иллюстрация жасағанда мына талаптарды ескеруіміз
керек.
-
Оқиғадағы кейіпкерлер бейнесі
анық болуы керек.
-
Оқиға сюжетіне сәйкес қоршаған
ортасы композициялық жағынан дұрыс құрылуы
керек.
-
Түстік колоритті дұрыс таңдау
керек.
Қажетті құралдар: Альбом,
қылқалам, палитра, гуашь, қарындаш, өшіргіш
т.б
Қауіпсіздік ережелері мен
тазалықты сақтау.
Сергіту
сәті: «Ертегілер»
әні(3
мин)
Бекіту: «Сиқырлы қылқалам» INSERT
әдісі (3
мин)
Оқушылар бір-біріне сиқырлы қылқалам ұсыну
арқылы, бүгінгі сабақтан түйгенін өз сөзімен жеткізеді. (білемін,
білдім, білгім келеді)
Қорытынды: (2
мин)
Өнерді таудың
бұлағынан,
Қойдың
құлағынан,
Апамның
киізінен,
Ешкінің мүйізінен үйрендім-
деп, аты әлемге әйгілі суретші Әбілхан Қастеев атамыз айтқандай
өнерді үйренуден жалықпайық
балалар.
Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады
ма, бүгінгі сабақтан алған көңіл-күйлеріңді смайликтер арқылы
жеткізіп өз жүздеріңізбен қайталап берсеңіздер. Барлығыңыз сабаққа
жақсы белесене қатысып отырдыңыздар, олай болса бүгінгі сабақтың
мақсатына жеткеніміз деп білем. Барлығыңызды жақсы деп
бағалаймын.
Шалқар ауданының «Оқушылар
Сарайы» ММ
Ертегілер
елінде
(ашық
сабақ)
«Сырлы бояу» дизайн
үйірмесінің жетекшісі: С.С.ШЕШЕБАЕВА
Шалқар
қаласы
2016-2017
оқу жылы.