Материалдар / "Есіңе мені алғайсың!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Есіңе мені алғайсың!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәнді сарай салыңдар,-деп жырлап өткен біртуар тұлға,ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» атты жыр кешіне қош келдіңіздер. -Мұқағали Мақатаев ақиық ақын ғана емес – драматург,сатирик,публицист,жазушы,журналист. Яғни , сегіз қырлы, бір сырлы талант. « Мұқағали поэзиясы таңғы шықтай мөлдір,сырлы,мұңлы поэзия»-деп ақын Фариза Оңғарсынова апамыз айтқан болатын. Бүгінгі кеш Мұқағали ағамызды еске алу,,оның рухымен сырласу кеші болмақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2018
581
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есіңе мені алғайсың!

Б.К.Казбекова

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ№25 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі.

Сахна сыртында (жай әуен толқыны мен):

Жайласып жатыр ақырын,

Зал толы жырдың достары.

Тыңдамақ абзал ақынын,

Ардақтап оны жастары.

Ақын ше? Ақын келмеді,

Бос күтті төрде бір орын.

Күмбірлеп залды кернеді,

Сөз алып сонда жыры оның.

-Армысыздар,қадірменді ұстаздар мен оқушылар!

-Қайырлы күн ,құрметті жырсүйер қауым.

-Әлем дархан саялаңдар,

Бәріңе де орын бар.

Қорған емес ,салтанатты,

Сәнді сарай салыңдар,-деп жырлап өткен біртуар тұлға,ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» атты жыр кешіне қош келдіңіздер.

-Мұқағали Мақатаев ақиық ақын ғана емес – драматург,сатирик,публицист,жазушы,журналист. Яғни , сегіз қырлы, бір сырлы талант. « Мұқағали поэзиясы таңғы шықтай мөлдір,сырлы,мұңлы поэзия»-деп ақын Фариза Оңғарсынова апамыз айтқан болатын. Бүгінгі кеш Мұқағали ағамызды еске алу,,оның рухымен сырласу кеші болмақ.

-Жасындай жарқылдап өткен дарынды ақын 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы,Нарынқол ауданында дүниеге келген. Тума дарын Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталып,өзі сүйген Алматыда аяқталған еді.

-Арамызда ақын жоқ,бірақ жыры, шығармалары қалды, жырсүйгіш ұрпақтары қалды. Сырын да, шынын да жүрегінің түбіне кір жасырмай жеткізді.

-Әрине, Мұқағалиді ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да осы қазақтың қара өлеңі.Ақын қара өлеңді бағалайды.Бас иеді,тағзым етеді.

-Олай болса, ақынның қара өлеңін тірілтейікші.

«Қара өлең» өлеңі оқылады.

Халқының ақыны боп жаралғансың,

Қарасаз топырағынан нәр алғансың.

Қазақтың қара өлеңін шекпен жауып,

Қайтарып аңыз болып таралғансың.

-Ұлттық салт-дәстүрді,ұлттық болмысты көрсету кез келген ақынның шығармаларында кездеседі.Бірақ Мұқағали шығармаларында бұл құбылыс ерекше байқалады.

-Ендеше,ақынның Отан,туған жер,тіл тақырыбындағы өлеңдеріне кезек берейік. «Үш бақытым» , «Қазақ жері», «Отан» өлеңдері оқылады.

О, Мұқа,сезесің бе,сезесің бе?

Халқыңды аралап жүр елесің де.

Сөздерің әр қазақтың өресінде,

Әндерің шырқалады ел есінде.

Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді», «Дариға домбырамды берші маған»,әндері орындалады.

-Ақын ағамыз өзінің бір естелігінде былай деп ағынан жарылған екен.: «Менің қымбатты достарым. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңды өтінемін.Естеріңізде болсын:менің өлеңім жеке тұрғанда емес,біріктіріп оқығанда ғана поэма іспетті. Мені содан таппасаңдар, онда ақын болмағаным». «Поэзия менімен егіз бе едің?», «Өкінбеймін» өлеңдері оқылады.

-Ана – өмір сыйлаушы,бала- бағбаны.Арулар-асыл жандар.Оларға деген махаббат,сүйіспеншілік ақын жырларының арқауы.

- Олай болса, ақынның ана – бала- ару тақырыбындағы өлеңдерін тыңдайық.

«Шеше, сен бақыттысың», «Бесік басында», «Арулар» өлеңдері оқылады.

Әр ақын, жазушы өлмес,өшпес махаббат тақырыбын сырт айналып өтпегені мәлім.Мұқағали ағамыз да осы тақырыптқа молынан қалам тартқан. Ендеше, махаббат тақырыбына кезек берейік.

«Ғашықпын», «Сен көріктісің», «Махаббат диалогі» өлеңдері оқылады.

-Ақынның жары өз естелігінде «»Мен Мұқағалиді данышпан, көреген,әулие дер едім. Оның тек өлеңі емес,өмірде айтқан болжауы келіп отырады.

«Мен елу жылдығымды тойлауға қатыса алмаймын, бірақ өзім бұл өмірден кеткенше қысылмай жететін жырлар жазып кеттім.Бұлар туған жерім-Қарасаздың атын әлемге жаяды»,-деген болатын.

-Ия,ақын қолынан қаламын тастамаған күйі 1976 жылы 27 наурызда мәңгілік ұйқыға кетті.Ал Қарасаз болса Мұқаңның туған жері,аялы ыстық мекені болып аты аспандағаны анық.

«Қайран, Қарасазым -ай» өлеңі оқылады.

Ақынды ақын оятпаса болмайды,

Ақынды ақын таяқтаса сол қайғы.

Ақынға ақын ете көрме пенделік,

Ақын,ақын пенделікті жөнделік.

«Фаризаға» өлеңі оқылады.

-Сүйікті балаларым,-дейді күнделігінде,-Ақылсыз болмаңдар.Өмір толы қауіп,абай болыңдар.Өмір барда, жауыздық бар.Бір сөзбен айтқанда сүйе де,көре де біліңдер,бірақ әрқашанда адам қалыптарыңда қалыңдар.Балаларым менің, балаларым менің, бақытты болыңдар.

«Бақыт » өлеңі оқылады.

Тіршілікте көрінеміз өлместей,

Тұра алмаймыз ерегеспей,белдеспей.

Өтейікші бірімізді-біріміз,

Өшіктірмей,өкпелетпей,сен деспей,- деп татулық пен достыққа шақырып кеткен болатын.

«Дос туралы», «Досым,саған айтамын»өлеңдері оқылады.

-Кемеңгер халқымызда «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» деген қанатты сөз бар.

-Ия,сол сөз Мұқағалиға арнап айтылғандай.Ақынның өмірден озғанына қаншама жылдыр өтсе де ұрпақтары, халқы оның жырларын жата-жастана оқитыны мақтаныш.

- Ақын шығармаларының үлкен бір саласы – оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі - «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағында жарияланды.Енді кезекті осы поэмаға берейік.

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетіледі.

Естесің, ескірмейсің. асыл аға,

Тіріңде көрмеп едің әділ баға.

Шындықтың шымылдығын ашамын деп,

Көрдіңіз жазықсыздан талай жаза.

Көп қиналды –ау ертеңге алаң басың,

Бүгінде мойындайды қаламдасың.

Түсінді ел, отты сезім жырларыңсыз,

Поэзия кәусарына қана алмасын.

«Болашаққа арыз жазып кетейін» өлеңі оқылады.

Лай су шаймайтын арым бар,

Дауылдан қорықпас жаным бар,-деп өткен Мұқағали Мақатаев халқын сүйді,ал елі болса,ақынын сүйді,еркелетті.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған,жұртым,елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-деп ақынның өзі айтқандай,Мұқағали жырлары ұрпақтан ұрпаққа жалғасары сөзсіз.

«Есіңе мені алғайсың»әні залдағы көрермендермен бірге орындалады.

Қарағанды облысы.Балқаш қаласы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!