Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Ескендір мен Аристотель образдары
Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
25 Сәуір 2018
6566
7 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№ | Мерзімі | Пән | Сыныбы | Пән мұғалімі | Тексерген |
33 | Абайтану | 9 |
Сабақтың тақырыбы: Дастандағы Ескендір мен Аристотель образдарыСабақтың жалпы мақсаты: поэманың сюжеті мен композициясы, эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары, Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігін ұғындыру.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауапСабақтың көрнекілігі:
- Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж
- М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;
- Электрондық оқулық
- Бейнефильм: «Шежірелі Шыңғыстау»
I. Қызығушылықты ояту сатысы:1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.2) Өткен тақырыпты еске түсіру. 3) Абайға топтастыру.II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
"Ескендір" поэмасы — ақынның гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы.Поэма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызға құрылған. Ескендірді Еуропа ақындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына қосқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.Бұл-адам көз сүйегі, - деді ханға.Тоя ма адам көзі мың - мың санға? Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,Өлсе тояр, көзге құм құйылғанда. Кәпір көздің дүниеде араны үлкен, Алған сайын дүниеге тоя ма екен? Қанша тірі жүрсе де, өлген күні Өзге көзбен бірдей - ақ болады екен.Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған бетінен қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділетке жеңгізеді.Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Уақиға әділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез - құлқы, іс - әрекеті біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн бойында көрініп отырады. Аристотель соңында ғана көрінеді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы Ескендір екеуінің сөздері мен іс-әрекетінен шығарылады.Поэмада жарқын суреттер мен қызықты баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс ұтымды пайдаланылады. Бұдан Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігі танылады.
Шығыс ақындары жаңа ғана өнер жолына түскен Абайға даналық пікірлерімен, терең ойларымен, нәзік сырларымен қатты әсер еткен еді. Шәкірт Абай кезінде Рудаки, Омар һайам, Хафиз, Сағди ғазалдарын құмарта оқыды. Бұлар бала Абайдың ойын оятып, оны адалдық пен парасаттылыққа, адамгершілік пен жақсылыққа, сұлулық пен нәзіктікке талпынуға баулыды. Абай дамытқан нәзира дәстүрінің белгілері туралы айтқанда ең алдымен, «Ескендір» поэмасы ойға оралады. Бұл сюжетті Абай өзінше жырлап, жаңаша философиялық түйін жасады. Абай жасаған Ескендір бейнесі Фирдоси, Низами, Әмір Хосрау, Жәми, Науаи, т.б. жырлаған Ескендірге мүлдем ұқсамайды. Шығыс классиктері Ескендірді барынша мадақтап, оны халықтың қамқоршысы етіп көрсеткен, Абай оны талай елді зар жылатып басып алған тонаушы ретінде бейнелейді.Ескендір бейнесі Шығыс әдебиетінде мейлінше ең көп тараған болатын. Бірақ оның бәрі тарихтағы шын Ескендірдің бейнесі емес, халықтың «әділ патшасы» жөніндегі арманынан, қаламгердің қиялынан туған Ескендірдің бейнесі еді.Көркем әдебиетте Ескендірдің бейнесін жасау біздің заманымызға дейінгі VІ ғасырдың өзінде-ақ әдеби дәстүрге айналғаны мәлім. Ескендірдің өмірі мен қызметі туралы нақтылы тарихи деректер болмады. Мұның өзі әрбір автордың Ескендір бейнесін өз қалауынша жасауына мүмкіндік берді. Әрбір қаламгер ең әділ, ең жақсы патша қандай болу керек деген сауалға өзінше жауап берді. Олар өнегелі патшаға тән ең жақсы қасиеттердің бәрін Ескендір бейнесіне үйіп-төкті. Бұл туралы Е.Э.Бертельс: Ескендір жөніндегі туындылар – бұл тек көркем шығарма ғана емес, сонымен бірге, ел билеушілерге жол-жоба көрсетіп отыратын «киелі айна» секілді ерекше шығарма, әрі әрбір дәуірдің саяси даналығының жинағы екенін айта келіп, Низами, Хосрау, Жәми, Науаи жазған Ескендір жөніндегі дастандардың кіріспе бәйіттерін бір-бірімен салыстырып талдайды. Ғалымның осы салыстыруын тәржіма жасамай сол күйінде, яғни орыс тілінде оқырман қауымға ұсынуды жөн көрдік: «Сравним вступительные бейты всех четырех крупнейших авторов «Искандар-наме».Низами:О боже, господство над миром - тебе, От нас служение происходит, господство - тебе.Амир Хосров:О царь, над миром господство-тебе, От предвечности до бесконечности царство-тебе.Джами: О господи, совершенство божественности - тебе, Красота господство над миром - тебе.Навои:О боже, господство, бесспорно - тебе, Один шах но привычка его-нищенствовать перед тобой.
Сопостовление этих четырех бейтов очень показательно. Во-первых, совершенно ясно, что бейт Низами задал основной тон и что все три преемника с этим в полной мере считаются. Это понятно, ибо это одно из условий назира. Но далее интересно расхождение четырех авторов. Основная мысль у всех четырех примерно одна и та же, но модификация ее оформления различна» [15. 382-383].
III. Ойтолғаныс сатысы
- «Ескендір» дастанын талдау.
Оқиға | Эпизодтар | Кейіпкерлер іс-әрекеті туралы ақын көзқарасы | Негізгі ой |
I жорық | 1-эпизод «Есіткен елдеріне жүріп кетгі» | «Ескендір елде алмаған хан қоймады. Алған сайын көңілі бір тоймаған. Ескендірдің қанқұмарлы | Қара күш иесі, зорлықшыл. |
2-эпизод«Бұл неткен су?»(шөлге кезігу) | ғын, тойымсыздығын әшкерелеу. «Талқан қылып шаһарын алыңыздар» Ескендір мен оның сарбаздарының бейнесін ашады. |
Ескендір: "Бұл неткен су? Бәрің де кеп, бұл суға бетіңді жу. Бір бай елден осы су шыққан шығар, Өрлеп барып, үстіне тігелік ту".
Ақын. "Сол әскер суды өрлеп талай жүрді, Судың басы бір құзар шатқа кірді. Шаттың аузын бекіткен алтын қорған, Қақпасы бекітулі, көзі көрді".
Ескендір: Білмесе, мен Ескендір патша деген...
- Аристотель мен Ескендірге топтастыру жасау.
Сабақты қорыту.
Сұрақтар қойылады:
- Ескендір неге "ханның ханы, патшаның патшасы" атанған?
- Оның қанішер қасиеті, әсіресе поэманың қай шумағында айқын әшкереленген?
- Құдайға бастайтын қақпаның, бас сүйектің поэмадағы орны? Олар арқылы не айтпақ болған?
- Аристотельдің поэмадағы рөлі. Ол арқылы ақын тек өмірде болған ғұламаны ғана көрсетпекші ме, әлде басқа мақсат бар ма?
- Ақырғы төрт шумақтың поэмадағы негізгі оқиғаларға, автор көтерген мәселелерге қатысы қандай?
Үйге тапсырма: Эссе жазу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)