Материалдар / Эссе "Әлемнің Абайы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Әлемнің Абайы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе "Әлемнің Абайы" Мектептегі сынып оқушылары қолдана алады. Қарапайым тілмен жазылған. Абай шығармашылығына, тұлғасына деген көзқарасы туралы шағын шығарма
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2020
444
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Әлемнің Абайы»


Әлеуметтік желілерде сәтті іске асырылған «Abai175» челленджі жаһандық форматта жалғасын табуда, бұлай жалғасуда қандай сыр жатыр?


Мен таңдаған тақырып қазіргі кезде ең өзекті болып табылады. Ұлы Абай- бұл сөздерде қаншама айтылған. Иә, оның мұрасы кемелдіктің белгісі ретінде, Жоғарғы Ақыл сияқты әлі де толық зерттелмеген, Биік Нәрсе белгісіне қол жеткізу ретінде әлі де адам дүниесіне толығымен рұқсат берілмеген. Біздің мектеп бағдарламасында, сондай-ақ ғаламтордың кеңістігінде біз осы Ұлы тұлға туралы көптеген ақпаратты таба аламыз, бірақ мен тек «кезекші» жанкүйері ғана емес, ішкі және сыртқы дүнием де Абай атамыздың шығармашылығына бас иеді.

Мен көп оқыдым. Жасым сонша аз болса да, менің өз көзқарасым бар, көп нәрсеге басқа қырынан қарай аламын. Абай Құнанбаев тақырыбы мәңгілік болады деп түсінемін. Оның сөзі өлмейді. Әлі де белгісіз, жаңа деректерді білуге аңсаймын, сондықтан өз жолымды жалғастырамын. Абайтану жолын.


Челленджге келетін болсақ, жастарға өз шығармашылықтарын көпшілікке жеткізе алуға, әлеуметтік желілер арқылы өздерін танытуға көмектеседі.

Эссенің алған тақырыбым қазіргі уақыттағы Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз бай­ла­нысты. «Аbai 175» челленджі арқылы, бір сөзбен айтқанда, «ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», деп айқын көрсетілген болатын.

Абайдың даналығы қа­зір­гі заманмен үндес. Абай шығар­машылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді өзің талдап тазаруға итермелейді. Шынайы өмірдің барлық құбылыстарына өзінің өткір де сергек ойын білдірген ол халықтың сана-сезімін оятып дамытатын бейнелер сомдады. Адамдардың типтік түрлері, портреттік суреттемелер, таби­ғат пен тұрмыстың қанық­­қан әсерлі бояулары, лирика­лық ой толғаныстары тұтастана келіп, бізден алыс өмір ақиқатын көз алдымызға әкеледі.


Бұл челлендж тек қана біздің Қазақстанда ғана емес, басқа да мемлекеттерде өткізілуі тиіс. Өйткені, Абай шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, оның ақындық талантына шет елдердің ақындары мен жазушылары, әдебиет сыншылары кеңінен үн қатты. Оның шығармашылығы туралы мақалалар, «Қара сөздеріне» арнал­ған зерттеулер Корея мен Қытайдан, Үндістан мен Иран­нан, Еуропа елдері мен АҚШ-қа дейінгі әлемнің көптеген мемлекеттерінде жария­­лан­ды. Бұл мақалалар мен зерттеулерде ұлы ақын шығарма­шылығының Батыс пен Шығыс елдерінде қабыл­дануы кеңінен қарас­тыры­лып, оның әлем әдебие­тіндегі рөлі ашып көрсетілген.
Бүгінгі күні Абай мұрасы әлем мәдениеті қазынасының ажырамас бір бөлігіне айнал­ды, ал оның есімі қазіргі за­ман­ның ұлы ақындарының қатарында тұр.


Тәуелсіздік жылдары Абай­­­дың ақындық дауысы ағыл­шын, белорус, болгар, корей, моңғол, неміс, поляк, түрік, француз, парсы, урду тілдерінде сөйледі. Жаңа аудар­ма­лар қазақ ақынының жар­қын да қайталанбас жыр әлемін ашып берді.


Абай – бүкіл адамзат игілігі. Оның поэзиясы – мәңгілік поэ­зиясы, даналықтың, махаббат пен адалдықтың поэзиясы. Бүкіләлемдік қауымдастық Абайдың туған күнін 1845 жылдың 10 тамызы деп есептейді. Алайда соңғы кезде кейбір отандық ғалымдар ескі жыл санауға сүйеніп, оның туған күнін 23 тамыз деп ұсынуда. Қазақстан халқы Абайдың туған күнін 10 тамызда тойлайды, бұл дата мектеп және ЖОО оқулықтарында, ел таныған абайтанушылардың ғылыми еңбектерінде нақты көрсетілген. ХХІ ғасырда мәңгі жас классиканы жаңаша оқу үрдісі өтуде. Ғұлама ақын, ойшыл Абайдың мұрасын жаңаша ұғыну жалғаса береді, оның жалынды өлеңдері ешқашан да өзінің күшін жоғалтпайды. Өйткені Абай халықпен мәңгі бірге.


Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады.

«Аbai 175» челленджі Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Әрине, бұл тәсіл міндетті түрде жалғасуы тиіс. Кім білер, келешек ұрпақтарда жаңаша жанданады деп сенемін. Сондықтан ұлтымызды жаңғырту ісінде біз ұлы Абайдың еңбегін ұтымды пайдалану туралы тағы да ойлануымыз керек. Ал біздің міндетіміз – осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу.

Қазір әлем күн сайын емес, сағат сайын өзгеруде. Барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылуда. Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді. Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн.


Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Абай қазақтың әр баласын ұлт­жанды азамат етіп тәрбиелеуге ша­қыр­ды. Оның мұрасы – парасатты пат­риотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқу­дан, ақын өлеңін жаттаудан жалық­паған жөн.

Абайдың көз­қарастары ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамы және оның береке-бірлігі үшін аса құнды.

Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды биіктерге жетелейді.


Қорыта айтқанда, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.


Мен де, өз тарапымнан, Абай мұрасы болашақта өзінің жарқын жолын жалғастырып, болашақ ұрпақтың көзіндегі жарқырауын көру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!