Материалдар / Эссе «Дарынды балаға - талантты ұстаз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Дарынды балаға - талантты ұстаз»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға арналған әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2020
2024
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дарынды балаға - талантты ұстаз» эссе


Бекбергенова Мархабат

60 ЖББОМ 8 «А» класс оқушысы


«Дарынды бала» ерекшелігі өзгеше ойлайды, көп көлемде білім меңгереді әрі оны ұмытпайды. Ішкі сезімі ерекше өте сезімтал, дарынды балада шапшаңдылық басымырақ және ол жиі–жиі ойға беріледі. Ия бұл менің зертеуім. Осылайша дарынды оқушыларды бақылап, зерттей білдім. Өзімде дарынды оқушымын. Әркез лидер болуға ұмтыламын. Мұғалімдерімнің арқасында көптеген жетістіктерге де жетіп жатырмын.

Дарындылықтың қайнар көзі – мектеп. Мектептен білім алған, оқыған бала дамиды. Дарын – адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет.

Яғни, дарынды бала –   асқан таланттың иесі.  Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай, интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.

Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.

Алайда «Бұлақ көрсең көзін аш», – демекші осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық.

Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір – біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс – әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен ерекше көзге түседі. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. 

Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Баланың бойындағы мұндай айрықша қасиетті дамыту үшін бірнеше міндетті басшылыққа алу қажет. Ең алдымен, баланың жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау, сондай-ақ, балалардың кәсіби және жеке даралық қабілеттерін анықтай алуына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Егер, осындай міндеттер жүзеге асырылса, оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалыптасқан тұлға шығары анық. Яғни, баланы оқыту мен тәрбиелеуде түрлі ізденіс жұмыстары арқылы дарындылықты  анықтап,  олардың дұрыс қалыптасуына жағдай жасау керек.

Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде. Білім – адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында  ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам  болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады.  Ұлы суреткер  жазушымыз  Мұхтар Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды  теңестіретін нәрсе – білім», – деп тегін айтпаған.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай  деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыруымыз керек. Жылдан  жылға  педагог мамандарының толығуымен, олардың біліктілік санаттарының жоғарылауымен  біздің мектебіміз   көпшілік көңілінен шығатын білім ордасы болатынына  сенімдемін.

Қай халық үшін де ұлы мұрат – ана тілі мен төл мәдениетін сақтай отырып, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу. Ал болашаққа аманаттау міндеті,ең алдымен білім беру саласымен байланысты. Өйткені білім ғана қоғамды көркейте алады. Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып,таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған. Оларға дұрыс тәрбие берудің біздің міндетіміз.

Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш .Сондықтан талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және оның бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орынын табуға көмектесу қажет.
Жалпы, дарынды баланы таңдап алу ұзақ уақыттың жемісі десек қателеспейміз. Дарындылық негізі - ізденіс пен белсенділік. Түрлі олимпиадалар, көрмелер, лабораториялық жұмыстар, сайыстар, ғылыми жобалар, басқада шығармашылық конкурстар осы бала бойындағы дарындылықты ашуға көмектеседі.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!