«Эссе жазудың тиімді
тәсілдері» курс жоспары
11
сынып
Түсінік
хат
Эссе жанры қазіргі заманда
барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым –қатынас
жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың,
басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі
жазу түрі болып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы- келешек
маман, ол қандай салада болсын өзінің шешімі мен тұжырымын сауатты
бере алатын, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын
толғай алатын маман болуы тиіс.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша
әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам
көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады. Сол
себепті болашақ маман мектеп қабырғасында эссе жазуға қалыптасып,
қай мамандық иесі болса да тұжырым жасай алатын тұлға болуы керек.
Қазіргі кезде барлық бағытта эссе жазылып
жүр.
Өз ойын жазбаша түрде
жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту
мен жазылымның табиғатын түсініп
жазуға, түсінгенін сараптай алуға, білімін таразылай алуға көп
септігін тигізеді.
Мақсаты:
-Белгілі мәселе бойынша өз
пікірін айту және дәлелдеу;
-Сұрақ бойынша өзінің
түсінігін, ойын айту;
-Оқырмандарды
ақпараттандыру;
-Мәселені талқылау және
шындықты табуға тырысу;
-Өзінің және оқырманның
көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;
-Көңіл-күйіңді білдіру және
оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;
-Іс-әрекетке түрткі
болу.
Міндеттері:
1
Оқырманға өз ойын дұрыс
жеткізе біледі.
2.Оқырманға әсер етеді, оны
сендіреді, оның назарын аударады. 3.
Оқырманды қызықтырады,
оқырманның реакциясын тудырады.
4. Ойды логикалық және
дәлелденген баяндау дағдыларын меңгеруді көрсетеді. 5. Әртүрлі
талдау әдістерін қолданады.
Өзектілігі:
Оқушының жеке көзқарасы
көрініс табады, фактілерді келтіре біледі, дәлелдей алады
(аргументтер), терминдерді орынды қолдануды меңгереді, әртүрлі
көзқарастарды мысалға алады, логикалық ойлауы қалыптасады.Салыстыру
және қорытындылауға дағдыланады ,сауаттылығы көрініс
табады,Қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасауға
бейімделеді.
Күтілетін
нәтиже
-Оқушылардың жазған эсселерін
жинақтап,кітапша шығару;
-Абай оқуларына оқушылар
даярлау;
-Қалалық «Жарқын болашақ»
олимпиадасына шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушыларды
қатыстыру.
-Оқушыларға ғылыми жоба
жазғызу.
Күнтізбелік
тақырыптар
№
|
Өтілетін
тақырыптар
|
уақыты
|
1
|
Эссе туралы
түсінік
|
02.09
|
2
|
Эссенің басқа жазба жанрлардан
айрмашылығы
|
09.09
|
3
|
Эссе мен шығарманың
айырмашылығы
|
16.09
|
4
|
Эссенің
түрлері
|
23.09
|
5
|
Эссенің құрылымы туралы
түсінік
|
30.09
|
6
|
Эссе жазуға қойылатын
талаптар
|
07.10
|
7
|
Эссе жазу үшін нені меңгеру
керек?
|
14.10
|
8
|
Қазақ тілінің
орфографиясы
|
21.10
|
9
|
Тыныс белгілерді дұрыс қойып
үйренейік
|
28.10
|
10
|
Сөз өнері- жазу үшін қажетті
асыл өнер
|
11.11
|
11
|
Дәлелдеудегі байланыстардың
түрлері
|
18.11
|
12
|
Эссені
бағалау
|
25.11
|
13
|
Практикалық
сабақ. Әдеби-талдау эссе.
|
02.12
|
14-15
|
Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат
пен аңыз» роман-диалогіндегі автордың батыр мінезін танытуын талдап
жазыңыз
Әдеби-талдау эссеге құрылымдық
талдау
|
09.12
|
16-17
|
Әдеби-дәлелдеме
эссе
Әдеби-дәлелдеме эссеге
құрылымдық талдау
|
23.12
|
18
|
Эссені тексеру мен
бағалау
|
13.01
|
19
|
Қазіргі эссе
үлгілері
|
20.01
|
20
|
Махамбеттің «Қаранарға» артқан жүгіне қазіргі
уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер
едіңіз
|
27.01
|
21
|
Эссені
талдау
|
03.02
|
22
|
Ы.Алтынсариннің «Дала
қоңырауы» екендігін дәлелдеп
жазыңыз.
|
10.02
|
23
|
Эссені
талдау
|
17.02
|
24
|
А.Құнанбаевтың«Он тоғызыншы
қарасөзіндегі» естілік пен білімділікке
қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер
арқылы дәлелдеп
жазыңыз
|
24.02
|
25
|
Эссені
талдау
|
03.03
|
26
|
А.Құнанбаевтың«Ескендір» поэмасындағы ақын
жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап
жазыңыз
|
10.03
|
27
|
Эссені
талдау
|
17.03
|
28
|
Ш.Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге
Абай арқылы түзеткісі
келеді?
|
07.04
|
29
|
Эссені
талдау
|
14.04
|
30
|
Ш.
Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы ғашықтар
тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебін талдап
жазыңыз.
|
21.04
|
31
|
Эссені
талдау
|
28.04
|
32
|
Сал-серілердің (әнші-ақындар)
өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап
жазыңыз.
|
05.05
|
33
|
Эссені
талдау
|
12.05
|
34
|
Қайталау
|
19.05
|
Әдебиеттер:
1.Авторлар: Оқулық, Қазақ
әдебиеті оқулығы,
2. 11-сынып, ҚГБ, З.Қабдолов,
С.Қирабаев, Х.Әдібаев, Б.Ыбырайым, Ұлықман Асыл, «Мектеп» баспасы,
2015 жыл.
3.Хрестоматия, Ұлықман Асыл,
«Мектеп» баспасы, 2015 жыл.
4. Оқулық, Қазақ әдебиеті
оқулығы, 11-сынып, ЖМБ, Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым,
Ж.Дәдебаев, Қ.Мәдібай, «Мектеп» баспасы, 2015
жыл.
5.Хрестоматия, Б.Ыбырайым,
Р.Бердібай, Р.Нұрғали. «Мектеп» баспасы, 2015
жыл.