Материалдар / ЭССЕ мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭССЕ мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2021
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕЛІМІЗДЕГІ ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ҚОСҚАН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ.

Әлем... Төрт әріптен құралған терең мағыналы сөз, үлкен аумақ пен кеңістік. Адамзат баласы пайда болғалы бері түрлі сан мыңдаған өзгерістерге ұшыраған әлемнің қазіргі таңдағы бейнесіне бір сәт үңілер болсақ, ешкімді бей жай қалдырмасы анық. Ақпараттық технологиялардың, ғылымның дамуының шарықтау шегіне жеттік деп жар салған XXI ғасыр - кенеттен пайда болып, жер бетіне лезде таралып үрейде ұстаған індеттің алдында қауқарсыз болып шықты. Сөздің басын әлем ұғымына тоқталуымының мәнісі мынада жатыр: Дүниеде көптеген құбылыстар өзгеріске ұшырап немесе тоқтап, тіршілігін жоятыны мәлім. Өзгермейтін және тоқтаусыз құбылыстардың бірі күн мен түннің ауысып отыруы. Табиғат апаттары, соғыстар болмасын өз арнасынан ауытқымайтын құбылыс. Дәл осы күн мен түннің ауысуы сияқты білім беру процесіде қандай жағдай болмасын тоқтамайды, тоқтауға тиіс те емес. Тек өзінің формасын өзгертетіні болмаса. Білім алушылардың денсаулығы, өмір қауіпсіздігі басты назарда болғандықтан елімізде өткен жылдың наурыз айының ортасынан бастап білім беру ұйымдары түгелдей қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкен болатын. Бір жылдан аса уақыт аралығында білім беру жүйесі көптеген қиындықтар мен қатар қашықтықтан оқытудың артықшылықтарын да сезінді. Бастапқы кезеңде бұл жүйеге өте қысқа уақыт ішінде көшуіміз әрине оқушыларды былай қойғанда педагогтердің өзіне оңайға түспеді. Бірыңғай онлайн оқыту платформаларының болмауынан түрлі әлеуметтік желілерді қолданып, әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтадық. Ал, енді осы артықшылықтары мен кемшіліктеріне жеке жеке тоқталып өткенді жөн көрдім. Қашықтықтан білім беруге көшудің ең басты жетістігі – педагог мамандардың цифрлық технолгияларды жетік меңгеруіне жағдай жасалуы. Қашықтықтан оқыту процесі бұл әрине жаңалық емес. Тек біздің елімізде ғана емес, дүниежізінде бұрыннан қолданылып келе жатыр. Мұғалімдер білімді синхронды жеткізу үшін түрлі ізденіс жұмыстарын жүргізді. Әр платформаның ерекше тұстары мен кемшіліктерін анықтай білді. Кері байланыс орнату, үй тапсырмаларын онлайн платформаларда енгізудің тетіктерін ізденіп, сабақтарын онлайн форматта түсіру жолдарын меңгерумен шектеліп қана қоймады. Әр педагог өз әдістеріне сүйене отырып, өзіне ыңғайлы платформада оқушыларды онлайн оқуға қызықтыру үшін сол платформаға жаңа баптаулар енгізді. Мұның өзі цифрлық дамудың бір жемесі десек артық айтқандығымыз емес. Пандемия кезінде еліміздегі цифрландыру жүйесі, оның ішінде білім беру бағыты бойынша еліміз төрт бес жылдық даму жолын бір жылда орындап тастады. Бұл өте үлкен жетістік және мақтанышпен айта алатын дүние. Ұстаздардың IT білімдері мен дағдылары арта түскендігі, білім алушы шәкірттердің онлайн форматта білім алуға деген қызығушылықтарының еселеп арта түсуі еліміздің барлық педагогтерінің қажырлы еңбегінің, ізденісінің жемісі. Республика көлемінде жүзеге асырылып келе жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының дамуына қашықтықтан оқытудың осындай үлестері болды. Келесі сұраққа келер болсақ, көңіліміздің түсері анық. Себебі, халқымыздың таяқтың екі ұшы болады - деген ойландыра түсетін дана сөздері еріксіз еске түседі. Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкелі цифрлық даму көрсеткішіміз артқанымен, адами әлеуетті дамыту мен әлеуметтендіру, тұлғаны қоғамдастыру процесіндегі көрсеткішіміз түсіп кеткені жасырын емес. Ол әрине заңды құбылыс. Білім алушы білім беру ұйымына барып білім алғанға ешнәрсе жетпейтіні және оның орнын басатын балама дүниеннің болмайтыны анық. Әлеуметтену процесі бұл тікелей бетпе-бет қарым-қатынаста ғана жүзеге асады. Жүз жерден цифрлық технологияны пайдалансақта баланың қоғамда адамдармен араласуына ешнәрсе жетпейді. Қашақтықтықтан оқытудың жүйесінінің бастапқы кезеңінде ата-аналар біраз қиындықтарға ұшырады. Баланың жан-жақты дамуы үшін өзі қатарлас ортаның болуы және оның атқаратын функциясының өзіндік мәні бар. Бұл өз кезегінде білім алушылардың уақыт өте келе білім сапасы деңгейінің күрт төмендеуіне алып келді. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан бас ұстазымыз Асхат Қанатұлы көреген шешім қабылдай білді. Соның нәтижесінде үш жүз балаға дейінгі мектептер толық дәстүрлі оқу форматына көшсе, қалған мектептерді кезекші сыныптар ұйымдастырлыд. Мұның өзі балалардың білім алу процесінде әлеуметтенудің ерекше рөлі бар екендігін дәлелдеп берді. Қандай жағдай болмасын қоғамның тірегі ұстаздар екендігін осы пандемия кезінде барлығы түсінді. Оларға деген құрмет еселей түсті. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі болып қала бермек. Адам тәрбиелеу - ұлы міндет. Қандай жағдай болмасын ең басты тоқтауға тиіс емес құбылыс ол – білім беру жүйесі...





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!