Менің сүйікті
мамандығым
Мен бала кезімнен ұстаз болуды
армандайтынмын .Осы ұлы арман мені мектептен түлеп ұша сап, қиялыма
қанат бітіріп, Талдықорған педагогикалық институтына алып келді.
Бағым жанып, өзім қалаған физика факультетінің студенті атандым.
Мен неге бұл мамандықты таңдадым?
Бала бойында білім нәрін
себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға -
ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз.
Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай,
«Білім деңгейі жоғары ұлт
қана жаһандану талаптарына жауап бере алады.Сондықтан білім саласы
–елдің ертеңін айқындайтын оның бәсекелестік қабілетіне ықпал
ететін аса маңызды сала. Білім жүйесінің жаны да жүрегі де тірегі
де -ұстаз Еліміздің ертеңгі деңгейі бүгінгі мектептер мен ондағы
ұстаздар деңгейіне байланысты» дегені мәлім. Олай болса, жас
ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік
тұлға.
Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен
сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап
та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік
бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып қалануына зор үлес қосушы-
мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны таза рухы биік,
Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де
қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп
келетін ұстаз, мұғалім. Елбасымыз Назарбаев Н.Ә «Еліміздің ертеңі
бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» -деп
атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап
беру- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер
ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты
құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп
отырғанымызды ұмытпауымыз керек.
Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны
ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана.
Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны –
мектеп.
Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып
отырғанда ғылым мен
технологияны одан әрі дамыту – қасиетті парыз. Осындай істі
абырой мен
атқаруға үлесімді қосу мақсатында
физика
пәнін таңдадым. Ұстаз әр сабағына үлкен
ізденіспен келуі тиіс. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да
соған, орай амал - тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға
сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған
орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың
білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт
ұстауы, білім - біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде.
Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер,
өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу
шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық өрісін
өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене
отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім -
үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез -
келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін
әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды
арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы
білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары,
білікті маман атану. Соның бір дәлелі - өз білімімді көтеріп, үш
деңгейлік курстан өтіп, Кембридж бағдарламасын меңгердім. Кембридж
тәсіліне негізделген бағдарламадан көптеген деректер алдым. Сонымен
бірге қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім
кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес,
бағыттаушы екенін түсінуі қажет. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің
жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді
қолдануында» дегендей осы үйренген жаңа тәсілдерді еңбек жолымда
тиімді пайдалану. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
ақпараттық модулдерді пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды
көздейді және оқушылармен қарым - қатынасты
нығайту. Жаһандану заманында замана
көші жылдам алға басуда.Осы көштің соңында қалмау үшін, оқушы
бойына терең білім егу мақсатында өз білімімді жетілдіруді мақсат
етіп қоямын. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«LD Press» Оқыту және дамыту орталығында «Сындарлы оқытудың
педагогикалық технологиясы» тақырыбында курсты
бітірдім.
Табысты терден сұра –деп дана
халқымыз айтқандай еңбегім өз жемісін беріп, 2017-2018 оқу жылында
Білім және Ғылым қызметкелерінің Талдықорған қалалық жергілікті
кәсіподағының Құрмет грамотасымен, қалалық білім бөлімінің Құрмет
грамотасымен, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
министрлігінің «LD Press» Оқыту және дамыту орталығының Алғыс
хатымен марапатталдым.
Шәкірттерім де өз кезегінде
алған білімдерін зая етпей, қалалық, облыстық, халықаралық ғылыми
жобалар байқауларында топ жарды. Қалалық «Зерде» ғылыми жобалар
байқауында Ұланұлы Бақтияр 2-орынмен, қалалық Кіші Ғылым Академиясы
ғылыми жобалар жарысында 11-сынып оқушылары Шынжырбай Құралай мен
Сударикова Виолетта жүлделі 2-орынды иемденді. Осы жоба төрт
мемлекет арасында өтілген халықаралық оқушылар мен жасөспірімдер
арасындағы ғылыми жұмыстар байқауында физика пәні бойынша ІІ
дәрежелі дипломмен марапатталды.
Дауылпаз ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз
үміт-оқуда...Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» деген екен.
Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің
саналы ұрпағы саналатын шәкірттерімнің ізгі сарайын біліммен
сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-мен үшін үлкен
бақыт.