Материалдар / Эссе өзін-өзі тану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе өзін-өзі тану

Материал туралы қысқаша түсінік
Баршамызға белгілі қазіргі таңда бала тәрбиесі- өте күрделі үрдіс. Тұлға қалыптасуы кезең-кезеңмен жүреді. Тұлға негізі ең алдымен отбасында қаланады. Осы мәселеге орай қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар аударылып отыр. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2018
1182
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рисунок 3

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы Фуркат атындағы

37 жалпы орта мектеп

педагог-психолог және өзін-өзі тану пәні мұғалімі


«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы»






«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек.

Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді.

Солай болған соң балаға не жақсы мінезбен болсын, не жақсы іспен болсын көмек көрсетуіміз керек»


Ж.Аймауытов


Баршамызға белгілі қазіргі таңда бала тәрбиесі- өте күрделі үрдіс. Тұлға қалыптасуы кезең-кезеңмен жүреді. Тұлға негізі ең алдымен отбасында қаланады. Осы мәселеге орай қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар аударылып отыр.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған.

Сондықтан да педагог- ата-ана- оқушы үштік одағының тығыз байланыста болуы шарт. Ата-ана бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, Адамның бақыты- балада деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі данқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты- тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. В.Сухомлинский «Тәрбиешінің нағыз данышпандығы әкенің, шешенің, педагогтың балаға бақыт беруі. Балалық шақтың бақыты- жылылық пен қорек беретін отбасының тыныштығы» дейді.



Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» десе, Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен.

Соңғы он бес жылда оқытушылар, тәрбиешілер және ата-аналардың алдында жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады.

Қазіргі таңда осы мәселе, яғни келешек ұрпақтың адамгершілік рухани құндылықтарын дамыту арқылы білім беру мәселесі алға қойылып отыр.
Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.
Осындай жағдайларда
Сара Алпысқызы Назарбаева жас ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуы бойынша кең көлемде «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша, даналықтың шыңы, ол- махаббат, ол — бақыттың құпиясы, ол-адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы.
Осы орайда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеуде
«Өзін-өзі тану» пәнініңорны ерекше.

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты -

жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға

баулу, оқушылардың, өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.

Пән мазмұны Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық, этномәдени және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағдарланған. Осы құндылықтар адамның өзін толық іске асыруына, өмірдегі өз рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет етуіне мүмкіндік береді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мынадай жалпы мақсаттарға негізделеді:

- Әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін

түсінуіне ықпал ету;

- Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар мына төмендегі түйінді құзыреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал

ету;

- Өзінің өмірлік позициясын анықтау;

- Әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті

шешу;

- Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас

жасау;

- Адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және

жақындарына қамқорлық көрсету;

- Өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі, іс-әрекеттеріне шынайы

болу;

- Жасампаздық тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;

- Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Аталған мақсаттар күнделікті практикада оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау, оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру, мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігі ынтымақтастығын дамыту арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуы үшін жағымды алғышарттар жасауды құру жолдарымен жүзеге асырылуда.

Міндеттер:

1. Өзін-өзі басқара алатын, мінез-құлқын түзете алатын, қоғамда қабылданған нормаларға – құндылықтарға сәйкес өзінің саналы талап-ойын жетекшілік ететін тұлғаны қалыптастыру.

2. Іс-әрекет пен мінез-құлқында өзін жүзеге асыру үшін оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасау. Өзін-өзі тануға оқыту білім алушылардың мынадай деңгей бойынша қүтілетін нәтижелерге болжанып отыр:

Күтілетін нәтижелер: - өзін тануға, өзгелерді тануға, әлемді тануға,

адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелердің көп деңгейлік жүйесі бір жағынан, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу және тәрбие мақсаттары түрінде көрінсе, екінші жағынан, білімгерлердің рухани-адамгершілік даму көрсеткіштері және олардың өзін-өзі танудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуінің көрсеткіші болып табылады және оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауға мүмкіндік береді.

Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын тәлім-тәрбиеден өтеді. Ұстаздың ұлағаты шәкіртіне білім нұрын төкпей тұрып санасына сан қырлы сәуле құюы да жоғарыдағы бабалар сөзінің салмағы болар. Білім беру үрдісінде адамның үйлесімді даму міндеті тек әлемдік және ұлттық мәдениеттің үлгілерін құндылықты меңгеру арқылы ғана шешілетіні анық, өйткені тұлғаның бойында дүние танымдық және мінез-құлықтық бағдарламалардың қалыптасуы білім беру сапалы болғандығын білдіреді. 
Бұл пән жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ол жеке тұлға ретінде өзін-өзі тануға және өмірлік ұстанымын, дүние танымдық деңгейін анықтайтын құндылықтар сапасына ие болуға бағыт-бағдар береді. Адамгершілік-рухани тұрғыдан сабақ алған балалар өмірлік маңызды құндылықтар жүйесін зерделейді, рухани және материалдық арақатынас мәселесін пайымдай отырып өзіндік көзқарастарын шыңдай түседі.




Өзін-өзі тануды оқыту баланың өзіндік бейімділіктерін ашу және оның мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъекті ретінде дамыту, балалардың қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынас айқындамасын, адамгершілік мінез-құлықтың, әлеуметтік маңызын ашу, сондай ақ шығармашылық шыңын көтеру тәрізді міндеттерді жүзеге асырады деп айтуға болады. Сабақ барысындағы ойындар, жаттығулар, тренингтер, тыныштық сәті, мұғалімнің сыйы, бейне баяндар, ертегілер т.б. әдістер балалардың шығармашылықтарын шыңдауға септігін тигізеді.

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» себебі: өзін-өзі тану пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, тәрбиелейді, яғни бала бойындағы махаббат сезімінің бастауын оятады; өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге, ойын шыңдауға, яғни шығармашылық қабілетінің ұшқынын ұштайды. 

Махаббат пен шығармашылық білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, ішкі тыныштық, ақиқат сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!