Материалдар / Эссе "Қыз тәрбиесі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Қыз тәрбиесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыз қоғам айнасы олай болса сол айнамыздың тәрбиесіне аса назар аударуды қажет етеді. Қоғамныі барлық мүшесіне парыз қыз бала тәрбиесіне бей-жай қарамағаны дұрыс деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Тамыз 2018
891
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қыз өссе...... Қымбат-ау,қыздың ар-мұңы,

Қиын-ау, қиын, тым қиын.
He болар екен тағдыры?!
Үйіріліп соқса бір құйын.
- деп әйгілі қазақтың поэзия шебері М.Мақатаев айтқан болатын. Рас, қыз тағдыры ел тағдыры емес пе? Атақты қара сөздің шебері Ғ. Мүсірепов: «Қазақтың қасиетті сөздері «қ»-дан басталады деп айтқан екен . Сол сөздердің қатарында: қыз, қатын қамшы, қан деген атаулары ерекше атаған». Десе де, қасиетті де қадірлі ұғым қазіргі ғаламдану заманында өз қасиетін ұстап қала алады ма? – деген сұрақ мені арыдан мазалады. Осы орайда

Анадан туған ару боп,

Еліне қалған қару боп.

Баяғы Көрпеш, Баянға,

Қалдық-ау біздер зәру боп.

(автор өзі)

Қылығы мен қадірі бүкіл елдің айнасына айналған қазақ қыздарының қазіргі ахуалы қандай? қалай тәрбиеленуде?

«Ұлы сөзді тыңдамаған опық жейді»- деген дана халқымыз. Ислам дінінде «Ей, жастар намыстарыңды қорғаңдар зина етпеңдер, жақсы біліңдер намысынға қорғағанға жаннат бар» - дейді. Отбасы мен қоғамның алдында қыз баланың тәрбиесі аса маңызды тәрбие болып табылады. Қыз баланың барлық тәлім-тәрбиені анадан алатыны айдан анық нәрсе. Үйдегі ананың іс – әрекетін қыз баланың сөзсіз қайталайтыны сөзсіз. Бұл сөзді М.Көпеев сөзімен айтсам:

Дүниенің ол тозағы – жаман қатын,

Жаман қатын шығармас ердің атын.

Он екіде бір нұсқаң келмеген соң,

Дүниенің көре алмайсың аз рақатын.

Қыз бала - елдің өрісі. Ұрпақ жалғастығығы екенін ескерсек: тәрбиенің бастауы – ана. Ана қызға тәрбие бере аламаса, қоғамдағы әрбір жан, мектептегі мұғалімде ештеңе істей алмасы анық.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!