Материалдар / Эссе "Туған жер, өзің дегенде, жүрегім әркез елеңдер..."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Туған жер, өзің дегенде, жүрегім әркез елеңдер..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал эссе жазуда қиыншылық табатын мектеп оқушыларына, соның ішінде 7-8 сынып оқушыларына үлгі болар еді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Туған жер, өзің дегенде, жүрегім әркез елеңдер..."

"Туған жер, өзің дегенде,
Жүрегім әр кез елеңдер.
Бір сезім билеп алады,
Жүрегім дүрсіл қағады", - деген өлең жолдары кім-кімді де тебірентіп, туған ауылын көз алдына әкеледі. Менің туған өлкем - Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік селосы. Ауылым Атырау-Орал тасжолының бойында орналасқан. 


Ауылға қарай бұрылатын кірме жолдың екі жағында егілген әдемі теректер бар. Ауылды сағынып келе жатқанымда көз ұшынан осы теректер тоғай секілді болып көрінеді. Ауылды сағынып келе жатқан менің жүрегім лүпілдеп, осы көрініске қуанышымды жасыра алмаймын.

Ауылымның Өрлік деп аталуының себебі, ата-әжемнің айтуынша, көрші Көктоғай атты ауыл мен біздің ауылдың ортасында биік ағаш болған екен, оны ұзындығына байланысты адамдар бәйтерек деп атапты. 

Сол бәйтерекке қыс мезгілі келген сайын бүркіт жұмыртқа басады-мыс. Сол жылдардағы біздің ауылдағы орыс халқы бүркіттің орысшасы "орёл" секілді, соған ұқсатып "Өрлік" делінген десті. 

Ауылымыздың осындай байлығының нәтижесінде күні бүгін 2 қабатты еңселі кеңсе үйі, сәулетті мәдениет үйі, білім ордасы, емхана, балалар бақшасы жұмыс істеп тұр. Мен ауылдағы Қабижан Абаханұлы атындағы мектепте 5-сыныпқа дейін оқыдым. 

Осы мектепте оқып, түлеп ұшқан түлектердің ішіндегі дарындыларының бірі - Әлия Дәулетбаева. Әлия Дәулетбаева - поэзия патшайымы Фариза Оңғарсыновадан білім алған ақын қыз. Кезінде оның өлеңдерін Фариза апай жоғары бағалап, батасын берген. 

Қазіргі кезде ол - "Фариза жұлдыздары" клубының жетекшісі. Жайық өзені біздің ауылдан 1-2 шақырым жерде. Судың арғы бетінде Мұрат Мөңкеұлының мазары бар. 

Мұрат Мөңкеұлы - ақын, кезінде Махамбет өлеңдерін кейінгі ұрпаққа жеткізген. Ал Индер тауынан 45 шақырым жердегі Қараой деген жерде Махамбет Өтемісұлының мазары бар. 

"Қазақтың түп-тамыры - ауыл" деп ата-әжем үнемі құлағыма құйып отыратын. Шынында да солай екен. Осы бір мекеннен бір сәт ұзап шықсам, сағынып қаламын. Туған өлкем үшін әдемі өлең жолдарын арнап, сөзімді түйіндеймін.

"Туған жерге байланған кіндігінен,
Сығалаған Ай нұры түндігінен.
Қазақ елі қазаны ортаймаған,
Таңғалдырған әлемді бірлігімен".


Нұрай БОЛАТОВА
7-сынып оқушысы
Облыстық дарынды балаларға 
арналған мектеп-интернат
Атырау қаласы
Жетекшісі: Әділбек Өмірзақ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!