Материалдар / Эссе «Ұстаз -жас ұрпақтың сәулеткері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе «Ұстаз -жас ұрпақтың сәулеткері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Байқауға арналған материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2024
314
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері

Байсакалова Алма Жумабаевна

2 Хромтау гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Дүниеде кім бақытты?,- сауалына

Шәкіртін бақытқа кенелткен адам бақытты ғой!,- дейді екен данышпан да.

Бақыт кілтін ұстатқан сансыз шәкірт қолына,

Үйретіп өмір жолын, сусындатқан білім шуағын да.

Әлемде миллиондаған ұстаздар бар апарар болашаққа.

Сол миллионның бірі – мен

Мұғаліммін жан оты жарқылдаған.

Көңіл бөлген ел, қоғам тағдырына .

Мұғаліммін жаны жайсаң жайдарымын,

Мұғаліммін киелі мамандықтың иесімін,

Суырылып алға шығып жүрсем дағы

Дей алмаймын:

Дарамын, зор тұлғамын.

Әйтсе дағы қатар топ

Көпке ұнаймын.»,-деген жолдарды бұдан он шақты жыл бұрын жазыппын, мұғалімдер арасында өткен жарыста айтқан екенмін.Шынында да,мұғалім мамандығы киелі мамандық, бала жүрегіне жол тауып, баланың болашағына жол сілтеп, Абай айтқандай өмірден өз орнын тауып, кірпіш болып қалануына ықпал етуші де біле білген адамға ұстаз ғой.

«Оқытушыны бағалағанда , олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістіктерінің бетіне шыққан жемістеріне , яғни оқушыларына қарап бағалау керек»,- деген екен ұлтымыздың ұлықты ұстазы Ыбырай Алтынсарин, иә, мұғалім мамандығын таңдап, мұғалімдік қызмет етіп жүргеніме де 26 жыл өткен екен.Осы жылдар ішінде еңбегімді бағалап жүрген өзім оқытқан шәкірттерім деп ойлаймын.Олардың көрген кезде тоқтап сәлем беруі, телефон соғып тұруы,кеңес сұрап тұруы мен үшін еңбегімнің бағалануы, бала жүрегіне жол тапқаным, баланың рухани сәулеткері бола білгенім деп есептеймін.Ыбырай Алтынсарин мұғалімдерге арнап жазған бір хатында былай дейді: «Менің айтқанымды емес, атақты философ- педагог Коменскийдің айтқанын істеңдер, кімде – кім өзінде барына қанағат ете білсе, өзіне-өзі «Біз өзіміздің адал еңбегімізбен өмір сүріп отырмыз»,-деп айта алса , сол нағыз бақытты адам».Расында да дұрыс айтылған ой,балалардың досы бола білген ұстаздарға, яғни жас ұрпақтың рухани сәулеткері бола білген ұстаздарға арналғандай.Өйткені жас ұрпақтың рухани сәулеткері бола білген ұстаздар ғана адал еңбек етеді.Себебі жасөспірім жүрегі шындық пен өтірікті сезгіш келеді, олар өздері ұнататын адамына еліктеп өседі.Міне мен, сондықтан да қазіргі жаңа «заманауи педагогпін» деп айтатын мұғалім «жас ұрпақтың рухани сәулеткері» болуға тиіс деп есептеймін.Себебі бүгінгі таңда біздің қоғамда жасөспірімдер арасында төбелес пен топтасып әлімжеттік көрсету тым жиілеп кеткенін, әлеуметтік желілерден оқушылардың бір-бірін аяусыз тепкілеп жатқан бейнежазбаларын жиі көретін болдық.Сол себепті де әр ұстаз баланың осы өмірде еліктейтін адамының бірі болып, баланың рухани дүниесін танып білетін сәулеткер болуға тиіс деген ойдамын, оны бізден қазір өмір талап етіп отыр, өйткені қазіргі мектеп партасындағы оқушылар, ертең біздің болашағымызды ойлайтын, еліміздің экономикасын дамытатын, заманымыздың тыныштығын сақтайтын да солар ғой.Данышпан Абай: «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады депті.Бірінші ата-анасынан, екінші ұстаздан, үшінші құрбысынан»,- деген екен.Олай болса, баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытуда ұстаздың рөлі үлкен екені сөзсіз.Баламен жұмыс жүргізетін ұстаз жан-жақтылығымен бірге, кәсіптік қабілеті жоғары, түпкі нәтижеге жету үшін білімі мен тәжірибесін ұштастыра білуі қажет.Сонымен қатар әрбір баланың көңіл – күйін жүрегімен сезе біліп, білімдерін жан-жақты бағалап, пәнге деген қызығушылығын оятып,дұрыс бағыт-бағдар беруі шарт.Міне, осындай ұстаз ғана өнегелі ісімен, ар тазалығымен, адал еңбегімен балалардың болашағын қалыптастырады.Сонымен, жас ұрпақтың рухани сәулеткері бола білетін ұстаз қандай болу керек деген сұраққа, мектепте 26 жыл еңбек еткен ұстаздың бірі менің жауабым төмендегідей болар еді:

Біріншіден, оқушыға тұлға ретінде қарау, қабылдау және оқушыны табысқа жететіндігіне сендіре білу.Екіншіден, мейірімді,бірақ талап қоя білу.Үшіншіден, кәсіби шеберлігі жоғары, әрдайым ізденіс үстінде болуы.Төртіншіден, ұстаз өз жұмысының кемшілік жақтарын көре біліп, оны жойып отыруға ұмтылуы.

Міне, осындай қасиеттері бар мұғалімді , менің ойымша біз, бұндай ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері дей аламыз.Иә, расында да, осындай ұстаздар ғана жас ұрпақтың бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамытып, бағалап, сенім, үлгі көрсету , талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіріп , оқушының рухани дүниесін қалыптастыра алады.

Өрмелеп өрге қарай оза шапқан,

Шәкіртім менің мәртебем, мақтанышым.

Белестерден көрініп, шаттандырған ,

Шәкіртіммен мүдделес бар мақсатым,- деген жолдар жас ұрпақтың рухани сәулеткері – ұстаздарға арналғандай.Осындай ұстаздардың ерен еңбегі арқылы рухани дүниесі бай иманды ұрпақ тәрбиеленеді.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!