Материалдар / Эссе «Заманауи әлемдегі ұстаз»

Эссе «Заманауи әлемдегі ұстаз»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп, ұлы дана бабамыз Абай Құнанбаев айтқандай, осы кәсіптің иесінің мойнында үлкен жауапкершілік жатқаны белгілі. Барша ұстаздар қауымына арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
487
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Заманауи әлемдегі ұстаз» эссе



Ташмагамбетова Асел Тоганбаевна

« №137 негізгі орта мектеп» КММҚарағанды обл., Октябрь ауданы, Қарағанды қ.



«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»Н.Ә. НазарбаевҰстаз ... бұл сөзді айтқанда жаныңа жылу ұялайды. Ұстаз – сырласың, ақылшың, өмірге бағыт сілтеуші жолбасшың, ақылшың, әрі кетсе, екінші ата-анаң... «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп, ұлы дана бабамыз Абай Құнанбаев айтқандай, осы кәсіптің иесінің мойнында үлкен жауапкершілік жатқаны белгілі. Жақсы мұғалім дегеніміз – балаларға бар мейірімін төгетін, олармен сөйлесе отырып, олардың қуанышын бөлісетін, әр баланың жақсы адам болып шығатынына сене білетін, бала жанын түсінетін, өзінің де бір кезде бала болғанын еш ұмытпайтын жаны таза ұстаз деп ойлаймын.Менің мектепте қызмет істеп келе жатқаныма 15 жыл болыпты. Бұл жылдар мен үшін ойлау, іздеу, зерттеу, білім жүйесіндегі жаңалықтарды меңгеру жылдары болды. Кейде ұстаздықтың қиын тұстары кездесті де, дегенмен талмай еңбек ету арқасында осы мамандықты таңдағаныма өкінген емеспін. Заманауи әлемдегі ұстаз – бұл да оқушы. Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгергенше, инновациялар мен әдебиетті енгізгенше ұстаз да ізденіп оқиды. Оқудың құндылығы да осында – оқушыларға білім беріп қана қоймай, өзі де оқып, кәсіби тұрғыда өсуге талпынады. Қазіргі біздің сүріп жатқан заманымыз – техниканың дамыған заманы. Білім беруге өте қатты көңіл бөлініп, келешек ұрпақтың білімді де білікті маман болуына мемлекет тарапынан толығымен жағдай жасалуда. Елбасы дәстүрлі жыл сайынғы ҚР халқына Жолдауында білім беру саласын дамытудың басты мақсат-міндеттерін айқын көрсетіп бергені белгілі. Бүгінгі таңда жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгеру – қазіргі заман талабы .Білім сапасын қазіргі заман талабына сай бір жүйеге келтіріп, инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан-жылға өзекті мәселеге айналуда.  Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі, өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы –дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнертапқыш, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін жеке тұлға. Оқу үрдісінде мұғалім оқушылардың бейімділігіне, өзінің шеберлігіне қарай жаңа технологияны үйлестіре білу керек. Осы орайда өзім СТО бағдарламасын ақпараттық-коммуникациялық технологиямен ұштастыра үйлестіру арқылы сапалы білім деңгейіне көтергенімді өз тарапымнан жеткен жетістігім деп білемін. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы.Қорыта келгенде, жиған – тергенді ысырап қылмай, өмірлік тәжірибемде пайдаланып, әрқашанда келешекке сеніммен қарау керек. Сенім сені алға жетелейді. Өмір бойы оқудан шаршамау керек. Ұстазға артар сенім көп. Өйткені біз болашаққа сеніммен қарайтын жас жеткіншектерді тәрбиелейміз. Оларды білім нәрімен сусындатамыз. Өмірге деген көзқарастарын ашамыз. Бір – біріне деген сезімдерін оятамыз. Осының бәрін қалыптастыру- ұстаздың бірден – бір мақсаты. Алға қойған арман – мақсаттарымыз орындалсын деп тілейік. Лайым солай болғай! Оқудың арқасында мен көп нәрсені үйрендім. Білгеннен, білмегенім көп, дегендей. Қазір менің білгенім біраз деп те айта аламын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ