Материалдар / Есте сақтау түрлерін зерттеу.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Есте сақтау түрлерін зерттеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Орындалу барысы: Зерттелуші оқушыларға рет-ретімен есте сақтаулары үшін 4 топтағы сөздер беріледі. Эксперимент жүргізуші бірінші қатардағы сөздерді ретімен, арасына 4-5 сек. салып оқиды (дыбыстық есте сақтау). 10 сек. соң оқушылар есте сақталған сөздерді жазады. 10 мин кейін экспериментатор екінші қатардың сөздерін тақтаға жазады. Оқушылар үнсіз оқып, соңынан есте қалғандарын жазады (көріп есте сақтау). 10 мин. соң зерттелушілерге үшінші қатардың сөздері беріледі: зерттеуші сөздерді оқиды, ал оқушылар осы сөздерді іштерінен қайталап, саусақтарымен ауаға жазады, содан соң есінде қалғандарын қағаздарына түсіреді (моторлық-дыбыстық есте сақтау).
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2018
1357
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  1. Есте сақтау түрлерін зерттеу.

Орындалу барысы:

Зерттелуші оқушыларға рет-ретімен есте сақтаулары үшін 4 топтағы сөздер беріледі.

Эксперимент жүргізуші бірінші қатардағы сөздерді ретімен, арасына 4-5 сек. салып оқиды (дыбыстық есте сақтау). 10 сек. соң оқушылар есте сақталған сөздерді жазады. 10 мин кейін экспериментатор екінші қатардың сөздерін тақтаға жазады. Оқушылар үнсіз оқып, соңынан есте қалғандарын жазады (көріп есте сақтау). 10 мин. соң зерттелушілерге үшінші қатардың сөздері беріледі: зерттеуші сөздерді оқиды, ал оқушылар осы сөздерді іштерінен қайталап, саусақтарымен ауаға жазады, содан соң есінде қалғандарын қағаздарына түсіреді (моторлық-дыбыстық есте сақтау). Аз ғана үзілістен соң төртінші қатардағы сөздер беріледі. Бұл жолы мұғалім тақтада жазылған сөздерді оқиды, ал оқушылар әр сөзді сыбырлап қайталайды. Содан соң есте қалған сөздерді қағазға түсіреді (көріп-есту-моторлық есте сақтау).

1-4 сыныптарға -10 сөз.

5-6 сыныптарға - 12 сөз.

7-8 сыныптарға - 15 сөз.

9-11 сыныптарға - 20 сөз беріледі.

Нәтижелерді өңдеу:

Есте сақтау түрінің коэффициентін есептеп (С), оқушыда есте сақтаудың қай түрі басымырақ екенін анықтауға болады:

С═А*100% / В, мұндағы А – дұрыс жазылған сөздердің саны.

В – берілген сөздердің саны.

Зерттелушінің қай қатардағы сөздерінің саны бірлікке (100%) жақын болса, зерттелушіде жадының сол түрі жоғары дамыған.

Сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі оқу материалын жақсы есте сақтап қалу үшін сыныпта жадының қай түрі басымырақ екенін анықтап алу керек. Бұл үшін жадының әрбір түрінің жалпы коэффициенті есептеледі.

К ═С + С + С + С /n, мұндағы С ...С - есте сақтаудың берілген түрінің жеке көрсеткіштері.

N –зерттелушілердің саны.

«Есте сақтаудың түрін зерттеу» әдістемесіне материал.

1

2

3

4

Дирижабль

Шам

Алма

Қарындаш

Найзағай

Үйрек

Шеңбер

Диірмен

Тоты құс

Қағаз

Сиыр

Орман

Құбыр

Күн

Үстел

Қылық

Велосипед

Арман

Үшбұрыш

Дәптер


Кеме

Ит

Парта

Етік

Табақ

Қалаш

Тоғай

Саңырауқұлақ

Әзіл

Шөп

Сабын

Автомобиль

Сурет

Банан

Кілем

Тығын

Сумка

Өзен

Құмыра

Түйреуіш




Ұшақ

Шәйнек

Көбелек

Аяқ

Бөрене

Май шам

Парта

Журнал

Бағана

Медаль

Әріп

Қаламұш

Желкенді кеме

Қару

Жіп

Барабан

Орындық

Шәйнек

Қоңырау

Ми

Қасқыр

Бөшке

Коньки

Самауыр

Ара

Ескек

Жұмбақ

Серуен

Кітап

Трактор

Сенім

Қабілет

Жаттығу

Түр

Көз

Көзәйнек

Түтін

Патша

Ән

Көмір



  1. Сандарды есте сақтау.


Бұл әдістеме баланың аз уақытта сандарды қаншалықты көріп есте сақтауын бағалауға арналған. Тапсырмада 10-15 екі орынды сандар жазылған кесте беріледі. 20 сек. соң кесте алынады, ал зерттелушілер естерінде қалған сандарды қағазға түсірулері керек.

Нұсқау:

«Сізге сандары бар кесте беріледі. Сіз 20 секунд ішінде неғұрлым көбірек санды есте сақтауларыңыз керек. 20 секундтан кейін кестені алып кеткен соң, есіңізде қалған сандарды жазуыңыз керек».

Нәтижелерді өңдеу:

Алдыңғы әдістемеге үйлестіріліп, осы есте сақтау түрінің көрсеткіші есептеледі.

1-2 сыныптарға -5 сан.

3-5 сыныптарға-10 сан.

6-8 сыныптарға -12 сан.

9-11 сыныптарға -16 сан.

«Сандарды есте сақтау» әдістемесіне материал.

13

91

47

39

11

65

83

19

51

27

23

94

71

87

42

15





















  1. Көрнекі-бейнелеп ойлау. «Төртінші артық» әдістемесі.


Нұсқау: Сіздерге ұсынылып отырған карточкалардың әрқайсысында 4 сөзден берілген. Карточкада 3 сөз жалпы бір тақырыпқа жатады, ал бір сөз басқа мағына береді.

Сіздер әрбір сөздер тобының ортақ тақырыбын анықтайсыздар. Сосын сөздердің реттік санын, артық затты жазуларыңыз керек.

Нәтижесін өңдеу:

Зерттелушінің жауаптарын кілтпен тексеру керек. Әрбір дұрыс жауап 1-5 сыныптар үшін-20%, 6-11 сыныптар үшін-10% болып есептеледі.Егерде нәтижесі 70%-дан жоғары болса, онда оқушының көрнекі-бейнелеп ойлауы жақсы дамығаны.

Кілті: 1. Кітап.2. Шырақ. 3. Көзілдірік. 4. Қайық. 5. Ара. 6. Көбелек. 7. Ағаш. 8.Мұғалім. 9. Шаң. 10. Жел. 11. Алма. 12. Нан. 13. Жеміс. 14. Кеш. 15. Ахметов.

«Төртінші артық» әдістемесіне материал.

  1. Кітап, портфель, чемодан, әмиян.

  2. Пеш, керосинді пеш, шырақ, электрплиткасы.

  3. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр.

  4. Қайық, арба, мотоцикл, велосипед.

  5. Ұшақ, шеге, ара, желдеткіш.

  6. Көбелек, циркуль, таразы, қайшы.

  7. Ағаш, этажерка, сыпырғыш, айыр.

  8. Ата, мұғалім, ана, әке.

  9. Қырау, шаң, жаңбыр, шық.

  10. Су, жел, көмір, шөп.

  11. Алма, кітап, тон, раушан.

  12. Сүт, қаймақ, ірімшік, нан.

  13. Қайың, қарағай, жеміс, емен.

  14. Минут, секунд, сағат, кеш.

  15. Айдын, Ақерке, Серік, Ахметов.


  1. Қисынды ойлау. «Қарапайым ұқсастықтар» әдістемесі.

Мақсаты: қисынды ойлауының даму деңгейін анықтау.

Орындалу жолы: Зерттелушіге мынандай мысал көрсетіледі.

Дәптер Сурет дәптері

Қалам Өшіргіш, ҚАРЫНДАШ, майлы бояу, суретші, эскиз.

Мұнда дәптерге қаламмен жазатын болсақ, осыған ұқсас-сурет дәптеріңе қарындашпен саламыз. Яғни, берілген сөздер ішінен қарындаш сөзін таңдаймыз.

Оқушылар осыны толық түсініп болған соң, тапсырманы орындауды бастайды.

Нәтижесін өңдеу.

С═А*100% / В, мұндағы А – дұрыс жауаптар саны.

В – берілген тапсырма саны.

70-100% - жоғары деңгей;

50-60%-орташа деңгей;

0-40-төменгі деңгей.

2-4 сыныптарға-10 тапсырма беріледі.


  1. Жылқы Сиыр

құлын мүйіз, сүт, бұзау,өгіз, жайылым.


  1. Жұмыртқа, Картоп

қауыз тауық, бақша, капуста, сорпа, қабық.


  1. Қасық Шанышқы.

ботқа май, пышақ, тәрелке, ет, ыдыс


  1. Құлақ Тіс.

тыңдау көру, емдеу, ауыз, щетка, шайнау.


  1. Ит Шортан

жүн қой, ептілік, балық, қармақ, қабыршақ.


  1. Балық Шыбын

ау тор, маса, бөлме, ызың, шаң.


  1. Құс Адам

ұя жұмысшы, адамдар, балапан, үй, аң.


  1. Су Тамақ

шөлдеу ішу, қарын ашу, нан, ауыз, ас.


  1. Пышақ Үстел

болат шанышқы, ағаш, орындық, тағам, жапқыш.


  1. Жаңбыр Аяз

қолшатыр таяқ, тон, салқын, қыс, мұз


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!