Материалдар / Физика пәнінен бейіндік оқытудың ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Физика пәнінен бейіндік оқытудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалім үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2020
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физика пәнінен бейіндік оқытудың ерекшеліктері


Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім, ол үшін бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетті.

Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді.

Қазіргі кезде 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында 20-ға жуық пән оқытылады және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама деңгейінде білім беріліп, білім, білік дағдылары игерілуі тиісті. Ол деген сөз оқушыға бірнеше салада білім негізі беріледі, ал оқушылар игерілген білім негіздерінің бірде- бір саласынан терең білім меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі кезде әлемде білім беру мәселесін даму процесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі - ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті мәліметтер ағыны жоғарғы қарқынымен көбеюі ақпараттың барлығын игеру адам үшін мүмкін емес, сондықтан адамға тек қажетті білім мөлшері беріліп, сол білімді іс – әрекетте қолдана білу керектігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр.

Бейінді оқыту дегеніміз – оқушылардың қызығушылық бағытының, 
қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте игеруі тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту.

Бейінді немесе бағдарлы оқыту тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады.

Қашанда озық ой, тың тәжірибе көрсету физика пәнінен білім беру заманауи сын теорияға негізделген тәсілмен жүзеге асады.

Осыған орай мен «Физика пәнінен 10-11 сыныптарда есептер шешудің тиімді жолдары» деген қосымша бағдарлама жасадым.

Бұл бағдарламаны құрастырғандағы негізгі мақсатым оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, іскерлікке дағдыландыру, өзін-өзі бақылауға және бағалауға мүмкіндік беру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, ұлттық біріңғай тестілеуге дайындықты жеңілдету, оқушыларды физикалық құбылыстармен заңдылықтардың практикалық маңызына және өмірмен байланыстылығына көзін жеткізу.


Физиканы меңгеруде ең негізгі мәселе теориядан алған білімдерін есеп шығаруға, зертханалық жұмыста қолдана білу. Алған теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілеті дамып, шығармашылық қабілеттері қалыптасып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Физика курсынан алған білімдерін ары қарай тереңдету. Физика есептерін шығарғанда стандарт түрдегі есептерден күрделі есептерге көшу. Физика курсында қарастырмаған зертханалық жұмыстарды орындап қана қоймай, оның техникада қолданылуын, өмірде, тұрмыста қай салада қажет екенін айқындау.

Абсолют салыстырмалы қажеттіліктерді есептей білуге, график және кесте құруға үйрену. Бірыңғай ұлттық тестке дайындық жүргізуге қалыптасады.

Есеп шығару оқыту үрдісінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені физика сабақтарының түгелдей барлық түрлерімен кезеңдерінде және сыныптан тыс жұмыстарда кездеседі. Физика есептерін шығару нәтижесінде оқушылар нақтылы объектілермен құбылыстар туралы білемнен хабардар болады. Ғылыми техникалық прогрестің шапшаңдаған кезеңінде әрбір жұмыс орнына – ғылымның, техниканың, күнделікті өмірдің есептерін қоя білу және шығара білу қажет. Сондықтан физикалық білімнің ең маңызды мақсаты – мектепте оқытылатын физика есептерімен жұмыс істей білуді қалыптастыру болып табылады. Физика есептерінің шарты, мағынасы, мазмұны оқыту мақсатына байланысты біренеше түрге бөлінеді. Физикалық есептер жалпы берілу тәсілдеріне қарай негізгі төрт түрге бөлінеді. Олар: мәтіндік есептер, экперименттік есептер, гафиктік және сурет бойынша берілген есептер.Ал олардың әр қайсысы өз кезегінде сандық және сапалық боп бөлінеді. Енді бір есептер оқушыларға шығармашылық мақсатта беріледі. Мұндай есептерге техникалық мазмұндағы есептерді жатқызуға болады. Оқушыларды физикаға тарту мақсатында мұғалім түрлі қызықты есептерді таңдау керек. Қазіргі уақытта физика пәніне бөлінген сағат санының азайып кетуіне байланысты оқулықтағы есептерді шығаруға уақыт жетпейді.Сондықтан бұл бағдарламаның практикалық және дүние танымдық мәні зор, оқушылардың физикалық білімдерді практикада қолдана білу икемділіктерін дамытуға көмегін тигізеді.

Бұл Блум таксономиясына сәйкес оқушылардың білімді меңгеру дәрежесін 75 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Негізі оқушының еңбегін ба­­ғалау оқыту мен оқудың м­а­ңызды бір бөлігі болып табы­ла­ды. Қалыптастырушы тарау бой­ы­н­ша жиынтық, ішкі, сырт­қы жиынтық бағалауы оқу­шыға оқу мақсаттарына сай белгілі бір дағдыны жүзеге асы­ру­ға, өз білі­мінің қай деңгей­ге кө­те­­ріл­генін анықтауға мүм­кін­­­­дік береді. Мұ­ға­лім мен оқу­­­­шы ара­сын­дағы бай­ланыс оқу­­шы­ның өзі­не деген се­нім­ін нығай­тады. Оқу барысын­да пікірімен санас­атынына, мәсе­ле­ні шешуде пікірлері есепке алы­натындығына көздерін жет­кі­зеді. Өзіндік білім алу дең­гейін анық­тайды. Бірлесіп тал­қылауға бо­латын сұрақтар ауқымын ке­ңей­ту, оқушының мектеп пен оқу­ға деген жағымды көз­қа­ра­сын қа­лыптастырады. Оқушылардың оқу дағ­ды­ларының дамуына ықпал ету үшін түрлі әдебиеттерден, ға­лам­тор көздерінен шағын мә­тін­дер алынады. Оны талдау арқылы оқу­шылардың ком­муникативтік дағдыларын же­тілдіріп, игерген білімдерін өмір­де қолдануға үйретеміз.

Физика­лық құбы­лыс­тар­ды ғылы­ми тілде баяндауға,бақылап эксперименттік тәжірибелер жасап және есептеулер жүргізуге жат­­тық­­­тырамыз.

Мысал: Ай­талық, Жер – Күн жүйесіндегі Күн­нен әрі қа­рай санағанда үшін­ші ғаламшар адам­­заттың тір­шілік ететін бесігі. Жер эллипстік (собықшалы) орби­та бойымен секундына 29,765 км жыл­­д­амдықпен 149,6 млн км орта­ша қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет ай­налып шығады.

Гальвани элементінен,кілттен және төменгі вольтты шамнан тізбек құрастырып ,осы тізбектен қол шамын,түнде оқуға арналған көзілдірік,бағдаршам үлгісін жасауға оларды есептеп табуға болады.

Оқушылардың білу және тү­сі­ну дағдыларын қалып­тас­ты­­руға бағытталған, құбылыс, зат, дене, физикалық шамалар, өл­шем бірліктері бойынша тү­сінік­терін ажырата білуге ұсын­ған осындай үлгідегі тапсыр­ма­лар тестік тапсырмаларға қа­ра­ған­да, игерген білімдерінің жат­тан­ды болмай, қолданбалы сипатта болуына жақсы мүм­кін­дік береді.

Қазіргі заман мектептерінің тү­лектеріне жоғары дәрежедегі құ­зыреттілікке ие болу, өз беті­мен өмір сүру және кәсіби шы­ғар­­­­машылық тұрғыдан дайын бо­­­­лу талабы қатаң қойылады. Сон­­­­­дықтан түлектерге мектеп қа­бы­­рғасында алған дағ­ды­лары кез кел­­ген жағдайда та­бысты болуға кө­­мектесуге қыз­мет етуі тиіс. Мек­теп түлектерінің ада­­ми құндылықтары жоғары бо­­лып, өздерін елінің патриоты ре­­тін­де таныта білулері қажет. Олар – үйлесімді дамыған, дені сау, өзін өзі дамытуға және шы­ғар­ма­шылыққа ұмтылған, сын тұр­ғысында ойлайтын және про­блемаларды шеше алатын азаматтар.

ХХІ ғасырдың жа­һан­дану жағдайында оқу­шы­лар­дың проблемаларды шешу­де, талдамалық, танымдық дағ­ды­ла­рын дамыту, сыни тұрғыда жә­не шығармашылық ойлауын, білім­де­рін өз бетінше үйлестіре білуін жә­не ақпараттық кеңістікте бағ­дар­лануын дамыту маңызды болып табылады. Жоғары сыныпта физика пәнін ағылшын тілінде шетелдік әріп­тестерімізбен командалық оқы­ту арқылы іске асырамыз. Бұл бізге үш тұғырлы тіл саяса­тын жүргізуге, оқушылардың пән­ді оқытудағы академиялық тіл­ді қолдану дағдыларына, лек­сика-терминологиялық тір­ке­с­терді қолданудағы ке­дер­гі­лер­ді жеңуіне, оқу­шы­лар­дың өзін­дік қабілеттілігінің жоғары дең­гейіне қол жеткізуіне жағдай жа­сауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жоғары инте­л­лект өте құнды. Себебі, жа­һан­дану жағдайында мем­ле­­ке­ті­­міздегі индустрияның, эко­но­миканың алға жылжуы зияткер, шығармашыл адамдардың са­нына байланысты болмақ. Тәу­ел­сіздігіміздің тұғыры биік болып, мемлекетіміздің өркендеуі біз­дің қазіргі шәкірттеріміздің бі­лім дәрежесіне байланысты бо­латыны тағы анық. Сондықтан ұстаздар қауымы оқушылардың сапалы білім алуына, ғылым жетістіктерін меңгерулеріне өз үлесімізді қоса бермекпіз. 


Пайдаланғанәдебиеттер:


1. Броневщук С.Г. Профильное обучение в школе. Вопросы организации и содержания. В помощь учителям школ. – М.: «Витязь - М», 2004.

2. ҚазақстанРеспубликасындағы 12 жылдықжалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2009.

3. Назаралиева З.С. Педагогика профильного образования: Учебное пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2008.

4. В.К.Омарова А,Қ.Нұрғалиева.,Жалпыбілімберетінмектептің 12 жылдық оқытуға ауысуының мәселелері. –Алматы: «Отан», 2014.

5. Рябоволов Г.И, Дадашева Н.Р Сборник дидиктических заданий по физике

















«ХХІ ғасырдағы білім беру:әлемдік тәжірибе мен даму келешегі» конференциясына қатысуға арналған мәлімдеме


Жұмыстың атауы

Физика пәнінен бейіндік оқытудың ерекшеліктері


Секциясы

Қосымша білім



Қатысушы туралы деректер

Тегі

Ошанова

Аты

Багдагул

Әкесінің аты

Абуовна

Оқу орнының атауы

Рудный қаласы «№15 орта мектеп»КММ

Лауазымы

Физика пән мұғалімі


Байланыс деректері

Байланыс телефоны

87026530684

Е-mail

Oshanova.bagdagul@mail.ru

Пошталық мекен-жайы (оқу орнының мекен-жайын көрсету қажет)

Оқу орнының атауы

15 орта мектеп

Көшесі, үйі

Ленина99

Қала/ауыл/село

Рудный

Аудан

-

Облыс

Қостанай

Мемлекет

Қазақстан

Ескі индексі(алты сан)

111500

Жана индексі(міндетті емес)

-

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!