Материалдар / флейта аспабы1-сыныпқа арналған ашық сабақ.

флейта аспабы1-сыныпқа арналған ашық сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка мектебін е флейта аспабынын меңгеру ушін келген,талапты ,дарынды оқушыға керек шағын таныстыруды ,презентация арқылы көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2021
940
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Қайнар ауылы

1Балалар музыка метебі"МКҚК

















Ашық сабақ

Тақырыбы: «Шығармада кездесетін динамикалық белгілермен жұмыс»









Мұғалім: Кенжебаева А.Т













2020-2021 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы «Шығармада кездесетін динамикалық

белгілермен жұмыс»



Сабақтың мақсаты: Шығарманы ойнаған кезде

динамикалық белгілерін орынды

пайдалана отырып нотаны бірден

оқып ойнау техникасын дамыту.



1.Білімділігі: Оқушының орындаушылық

шеберлігін жетілдіре түсу үшін

күрделі штрихтарды меңгеру



2.Тәрбиелілігі: Оқушының зейінін,жинақылығын

қалыптастыру және оның

тапсырманы ұқыпты меңгеруіне баса

назар аудару



3.Дамытушылығы: Оқушының бойындағы музыкалық

қабілетінің дамуына себепші болу ,ести

білу және есте сақтау қабілеттерін,

аспапта ойнау шеберлігін шыңдау.



Сабақтың түрі: ашық сабақ



Сабақтың әдісі: Түсіндіру ,үйрету,сұрақ- жауап т.б



Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, аспап т.б



Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

а)теориялық

б)практикалық

Қорытынды

Үйге тапсырма

Бағалау


Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру:

Оқушының ашық сабаққа қатысын қадағалау,сабаққа қажетті оқу құралдарын тексеру,флейта аспабында қол қойылымын,тыныс алу арқылы дем алуын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1) G Dur гаммасын I-октавада ойнап келу.

2)Платонов «Этюд №1» соңына дейін тоқтамай нота бойынша ойнап келу.


III. Жаңа сабақ: «Шығармада кездесетін динамикалық белгілермен жұмыс»

a)Теориялық

Динамикалық таңбалар.Музыкалық терминдерге түсініктеме беру.Музыкалық шығармалардың күшейіп немесе бәсеңдей құбыла орындалуын сол шығарманың динамикасы немесе нюансы дейміз:

Динамика (грекше dynamikos-күшейту) дегеніміз дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі.Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілерінің сақталуымен штрихтарына көп көңіл бөлеміз. Дыбыстың динамикалық өзгеріс кезінде дыбыстың бір келкі таза шығуын сақтай отырып, олардың үндестігімен ырғақтың құрылымын қадағалау.Динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян сөздерінің бас әрпімен (кейде арнайы белгілермен де)белгіленеді. Ал,оларды нотада арнайы динамикалық белгілермен көрсетеді.Итальян тіліндегі динамикалық шартты белгілер мыналар:

Айтылуы

Жазылуы

Қазақша мағынасы

Форте

f

Қатты, күшті

Пиано

р

Ақырын,жәй

Меццо­-форте

mf

Орташа,күшпен

Меццо-пиано

mp

Ақырын

Фортиссимо

ff

Өте қатты,күшті

Пианиссимо

рр

Өте ақырын,жай

Крещендо

DrawObject2 DrawObject1

Бірте-бірте күшейту

Деминуэндо

DrawObject3 DrawObject4

Бірте-бірте азайту

Стакатто

Секіртіп,үзіп

Акцент

Екпін, күш беру

Субито пиано

sp

Кенттен жәй

Сфорцандо

sf

Кенеттен күшейтіп



б)Практикалық

Бүгінгі тақырыбымызға сәйкес Орыс халқының әні «Во поле береза стояла» талдау жасаймыз.Аталған шығармаға талдау жасамас бұрын шығармаға қысқаша ғана мағлұмат беріп өтейін.

Орыс халық әні — ауыздан ауызға берілген,халық жадында сақталған орыс ауыз әдебиетіндегі фольклорлық шығарма.Көбінесе халық әндерінің авторы белгісіз немесе мүлдем жоқ. Бірақ,әдеби бастау алған орыс халық әндері де кездеседі. Орыс халық әндерінің маңызды ерекшелігі —халықтың қарапайым өмірі мен еңбегімен байланысы(мысалы,еңбектік әндер,еңбек етудің көптеген түрлерімен бірге жүретін—бурлактық әндер,шөп шабындық әндер және т.б.,салттық әндер,отбасылық және шаруашылық салттармен бірге жүретінколядкалар.частушкалар. Орыстың музыкалық аспаптарымен таныстырып өтейін. (аспаптарды көрсетемін) Балалайка – 3 ішекті, домбыра тәрізді, көлемі жағынан кішкене, шанағы үшбұрыш. Гармонь – тілді, баян тәрізді аспап. Треугольник – үшбұрышты ұрмалы аспап. Бубен – ұрмалы, сылдырмақ аспап. Трещетка – ағаштан жасалған ұрмалы аспап. Свирель – сыбызғы тәрізді, үрмелі аспап. Маракастар – ұрмалы, қасық аспаптар.

-Қай тональдікте жазылған -Қандай штрихтар кездеседі? -Жоғарыда танысқан динамикалық белгілер осы шығармада кездесе ме, болса қандай?

Орыстың халық әні «Во поле береза стояла» тыңдату, динамикалық белгілерімен бірге ойналу әдістерін көрсету арқылы қызығушылығын арттырып, әуенін құлағына әбден сіңіріп, өз орындауымда тағы ойнап көрсетемін. Алдымен саусақтардың реттік саны бойынша қалай қойыуын , 2 тактпен жұмыс жасалады, әрбір такт ойнағанда тыныс алу оқушының мумкіндігіне қарап ,келесі 2 тактпен де жұмыс жасап барып, 4 тактіні қосамыз. Саусақтардың дурыс қойылуына жете көңіл бөліп, тыныс алып дем алуына қарап,әбден 4 тактіні меңгеріп алғаннан кейін кездесетін динамикалық белгілермен жұмыс жасалады.

IV.Қорытынды: «Алма ағаштың аясында» ойыны арқылы динамикалық белгілер жасырылған алмалардың артындағы сұрақтарға жауап бере отырып, себетті толтыру арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

V. Үйге тапсырма:

1) G Dur гаммасын I октавада жүргізіп ойнап келу.

2) Орыстың халық әні «Во поле береза стояла» динамикалық белгілері мен штрихтарымен өзбетімен жұмыс жасап келу.

3) Орыстың халық әні «Во поле береза стояла» 4 тактісін жәй екпінде, динамикалық белгілерін қолдана отырып, ойнап келу.

4)әсіресе уйде айнаға қарап тыныс алу арқылы демалу әдістеріне көңіл бөліп келу.

VI. Бағалау: Оқушыны белсенділігіне, білімділігіне, тапқырлығына қарай бағалау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ