.Географиялық зерттеулердің нысандары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

.Географиялық зерттеулердің нысандары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың барлығы:география нақты нені зерттейтінін біледі Оқушылардың көбі: географиялық зерттеулердегі басты мәселелерді айыра алады. Оқушылардың кейбіреуі: табиғатта географиялық зерттеулер жүргізуді сипаттайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1.Географиялық зерттеу әдістері Мектеп: Әуезов ОМ

Күні:Мұғалімнің аты –жөні:Нугуманов Е.Б.

Сынып: 7 Қатысқандар:18Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

1.1.Географиялық зерттеулердің нысандары

Оқу мақсаты

7.1.1.1 географияның зерттеу нысандарын анықтайды

Сабақ нәтижесі

Оқушылардың барлығы:география нақты нені зерттейтінін біледі

Оқушылардың көбі: географиялық зерттеулердегі басты мәселелерді айыра алады.

Оқушылардың кейбіреуі: табиғатта географиялық зерттеулер жүргізуді сипаттайды.

Бағалау критерийі:

Білу, қолдану

География ғылымы және оның салаларын атайды

Оның зерттеу нысандарын анықтайды

Тілдік мақсаттар:

Оқылым: Мәтінді оқи отырып, география ғылымын зерделейді.

Тыңдалым: Бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.

Айтылым, жазылым: Оқушылар суреттерді және тақырып мәтінін қолдана отырып, география ғылымының зерттеу обьектілерін ауызша айта алады және жазбаша сипаттайды.

Құндылықтарға баулу:

Жұптық және топтық жұмыс жасау барысында бір-біріне құрмет көрсету

Пәнаралық байланыс:

Биология, математика

Алдыңғы білім:

6-сыныпта өткен білімді пысықтау тапсырмаларын орындау

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Психологиялық ахуал орнату:

«Амандасу тренингі»

Мақсаты: жылылық,сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Сәлемдостым! (қолалысады)

Сен қалайсың? (арқа қағады)

Қайда болдың? (алақанжаяды)

Мен сенісағындым! (жүрегін ұстайды)

Сен келдің. (құшағынжаяды)

Жақсыболды! (құшақтасады) (1 мин)

Топқа бөлу: 1-топ, 2-топ, 3-топ, Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай стикерлер алады

Оқулықтағы мәтін және суретпен (11 бет) жұмысты дәптерге орындайды. Белсенді оқу тәсілі

(Ж)1-тапсырма: 1 және 2 суреттерді мұқият қарастырап, салыстырыңдар. Онда зерттеушілердің өсімдіктерді зерттеп жатқан кезі бейнеленген. Бірақ зерттеулерді өңдегеннен кейін биолог пен географ бір-біріне ұқсамайтын екі түрлі нәтиже ұсынған.


Зерттеу ерекшеліктері

ботаник

Географ

Зерттеу мәселесі



Зерттелетін нысан мөлшері



Зерттеу нәтижелері



қорытынды




Дескриптор: 1-2 суреттердісалыстырады (6 мин)

Кестенідәптерге сызып, салыстыру қорытындысын жазады.

Бағалау: жетістік баспалдағы



«Амандасу тренингі»







Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай стикерлер алады














Сабақтың ортасы

25 мин

Бірлескен оқу тәсілі

(Т)2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс постер құру

1-топ.Физикалық география нені оқытады?

2-топ.Физикалық географияның маңызы.

3-топ. Табиғатты оқып үйренудің екі жолы(10 мин)

Дескриптор:

*Оқушылар Физикалық география нені оқытады деген сұраққа жауап береді.

*физикалық географияның маңызын түсіндіреді.

*Табиғатты оқып үйренудің екі жолын сипаттайды.

Бағалау: «Басбармақ» әдісі


Зерттеу тәсілі

(Жж)3-тапсырма

1.Кестеге география ғылымының салаларын жазыңыз!

Физикалық география ғылымдары/салалары/

Экономикалық география ғылымдары/салалары/

Геоморфология-

Демография


Дескриптор: География ғылымының салаларын жазады.

Бағалау: «Басбармақ» әдісі

Саралап оқыту тәсілі

(Ж)4-тапсырма: Сәйкестендір! Почта ойыны

Геосфера 1.атмосфера

2.биогеоценоз

3.биосфера

Геожүйе 4. Гидросфера

5.ландшафтану

6.литосфера

7.табиғи зоналар

Дескриптор:Зерттеу аумағына байланысты нысандарды сәйкестендіреді

Бағалау «Қолпаштау әдісі»























Сабақ соңы

10 мин



Кері байланыс











(Ж)«Ыстық орындық» әдісі арқылы алған білімді қорытындылау (5 минут)

Сұрақтар:

1.Грек тілінен аударғанда география сөзі қандай мағынаны береді?

2.География терминін ең алғаш ғылымға енгізген кім?

3.Геосфераларға нелер жатады?

4.Геожүйелерге нелер жатады?

5.География ғылымы нені зерттейді?

6.Дегазация дегеніміз не?

7.Географиялық қабық дегеніміз не?

8.Географиялық қабықтың төменгі шегі дегенді қалай түсінеміз?

Дескриптор:

1.Грек тілінен аударғанда география сөзі қандай мағынаны беретінін айтады.

2.География терминін ең алғаш ғылымға енгізген кім екенін айтады.

3.Геосфераларға нелер жататынын анықтайды.

4.Геожүйелерге нелер жататынын анықтайды.

5.География ғылымы нені зерттейді?

6.Дегазация дегеніміз не екенін айтады.

7.Географиялық қабық дегеніміз не екенін анықтайды.

8.Географиялық қабықтың төменгі шегі дегенді қалай түсінетінін айтады.

Бағалау: «Шапалақ» әдісі


Сабақтың мақсатына жеттік пе? (2минут)


Үйге тапсырма беру (1 минут)

«География нені зерттейді?» өз ойларын жазып келу





















Саралау


Қабілеті орташа оқушылар:

1-тапсырма:

Ертеде географтар немен айналысты?


Қабілеті жоғары оқушыларға:

2-тапсырма:

Табиғатты оқып үйренудің бірінші және екінші жолын сипаттаңдар

(2 мин)


Оқушылар білімін «қолпаштау», «шапалақ», «басбармақ», «жетістік баспалдағы» әдістері арқылы бағалау


Дескрипторлар арқылы Физикалық география нені оқытатынын білді

Физикалық географияның маңызын түсінді

Табиғатты оқып үйренудің екі жолын сипаттады


Кестелер, суреттер, карточкалар, АКТ қолдану





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2018
4167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі