Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫ
Г.Т.НУРЛЫБАЕВА
Оқытушы, «АВИМЕД» көпсалалы колледжі Шымкент қ.
Аннотация
Оқытушы география сабағында проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге білім алушыға бағыттайды. Сөйтіп, білім алушы өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде білім алушы жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.
Кілт сөздер: оқыту методикасы, картография, геология.
Abstract
The teacher creates a problematic situation (situation) in the geography lesson and directs the student to search for its solution. Thus, the student becomes the subject of his learning, as a result of which the student acquires new knowledge and learns methods of action.
Key words: teaching methods, cartography, geology.
1. Географияны оқыту
әдістемесі ғылымының дамуы.
2. Басқа пәндермен байланысы.
3. Географияны оқыту әдістемесінің
міндеттері.
– География пәні аймақты, қоршаған ортаны,
саясатты, экономиканы, экологияны тұтас қамтиды. География
дегеніміз – табиғи және қоғамдық жүйелерде, адамзаттың шаруашылықты
жүргізу барысында жергілікті, аймақтық және ғаламдық деңгейде
қоршаған ортаға тигізетін іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің
жиынтығы, мектептегі оқу пәні. Географиялық ақпарат қоршаған
ортамен, оның ішінде экологиялық, әлеуметтік, экономикалық өзара
әрекеттесу процесінде туындайтын мәселелерді анықтап, оларды шешуге
қажетті мәліметтерді қорытып, жинақтап береді. География –
оқушыларға Ұлы Қазақ елі мен байтақ жерінің табиғаты және жалпы Жер
ғаламшары туралы жан-жақты, жүйелі түсінік қалыптастыратын ғылыми,
әрі геосаяси сипаттағы академиялық оқу пәні болып
есептеледі.
Қазақстан
Республикасының орналасқан жері, ұлан-ғайыр аумағымен дүниежүзінде
9-орын алуы, осыған байланысты табиғатының, ұлттық-этникалық
құрамының, тарихи-географиялық дамуының, табиғат ресурстарының
байлығы мен әртүрлілігі оның мәңгілік егемен мемлекет, тәуелсіз ел
болып қалыптасуының негізгі тірегі, маңызды факторы болып
танылады.
Географияны оқыту әдістемесі гылымы дегеніміз –
мектепте өтілетін пәнді оқыту және тәрбиелеу процесі жайлы
ғылым.
1. Әдістеме – оқу пәнінің мазмұнын, оқыту,
тәбиелеу формасын, әдісін, оқу жұмысына қажетті құрал – жабдықтарды
анықтайды, қарастырады. Яғни, географияны неліктен оқиды, қалай
оқиды деген сұрақтарға жауап береді.
2. Әдістеме педагогикалық ғылым болғандықтан
жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсатына, міндетіне сай
құрылады. Географияны оқыту әдістемесінің негізгі пәні
физикалық, экономикалық географияға жақын пәндер-геология,
экономика, демография және т. б. ғылымдар қатары жатады.
Географияны оқытудың мынандай заңдылықтары бар. Ол нақты
обьектілерді, карта және картографиялық білімдерді қолданады.
Сабақты өту барысында сарамандық жұмыстарды, көрнекілік әдістерін
пайдаланады. Теориялық білімді дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған
география кабинеті қажет. Себебі география пәні мектепте жастарға
өндірістің ғылыми – техникалық және экономикалық негіздері жөнінде
осы заманға сай терең білім береді. Теориялық біліммен практикалық
білім дағдыларын өзара байланыстырып, оқушыларға
физикалық,экономикалық, экологиялық тәрбие береді.
Оқыту процесі бірімен – бірі тығыз байланысты екі кезеңнен
тұрады:
1. Сабақтағы оқытушының іс - әрекеті.
2. Сабақтағы оқушының іс - әрекеті.
Оқытушының іс - әрекеті.
Оқытушының іс әрекеті жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіреді,
білімді бекітеді, сабақты қорытындылайды, тәжірибені үйретеді,
сарамандық жұмысты жасатады, үйге тапсырма береді, сабақ үстінде
географиялық материалдарды сурет, таблица, схема, диаграмма, карта
– схемаларды қолданады.
Оқушылардың міндеті - сабақты тыңдайды, сұрақтарға
жауап береді, тапсырмаларды мұқият орындайды, оқытушының берген
таблицаларын жасайды, кескін карталарды сызады.
Оқытушы –
сауатты, білімді, жатық тілде сөйлейтін, ұйымдастыра алатын шебер
болу керек. Оқытушы
жаңа сабақты түсіндіру кезінде көрнекілікті үнемі
пайдаланып жүргізсе ғана сабақ өз нәтижесіне жетеді.
Географияны оқыту әдістемесі мынандай салалармен
байланысты:,
1. Педагогикамен байланысты.
2. Химиямен байланысты.
3. Биологиямен байланысты.
4. Медицинамен байланысты.
5. Математикамен байланысты.
6. Тіл әдебиетімен байланысты.
7. Психологиямен байланысты.
Педагогикамен байланыстылығы - әр сабақта тақырыптың тәрбиелік
жағына көңіл аударып, тәрбиенің түрлерін пайдалануға
көмектеседі.
Психологиямен байланыстылығы – ол оқушылардың жас ерекшелігіне
қарай әр турлі түсіндіру, түрлі әдістер қолдану мінез –
құлақтарын білуге көмектеседі т. б. байланыстарды келтіруге
болады.
Географияны оқыту әдістемесінің міндеттері үш бөлімнен
тұрады.
1. Білім беру міндеті.
2. Тәрбиелеу міндеті.
3. Оқушылардың даму қабілетін қалыптастыру.
1. Оқушыларға негізгі физикалық және экономикалық
географиядан, картографиядан, геологиядан, басқа да
географиялық ғылымдардан нақты білім беру.
2. Оқушыларға экономикалық, экологиялық
білім беру.
3. Оқушыларды географиялық мәдениетпен
қаруландыру, картаны қолданумен, анықтаманы пайдаланумен, өз
бетімен оқумен таныстыру.
2. Тәрбиелеу міндеті:
1. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
2. Эстетикалық тәрбие беру.
3. Еңбекке тәрбиелеу.
4. Оқушылардың даму қабілетін қалыптастыру.
1. Оқушыларды географиялық білімдер арқылы
проблемалық жағдайларға қызықтыру.
2. Оқушыларды ұқыптылыққа , ойлауға, есте
сақтауға, бақылай білуге үйрету.
3. Оқушыларды картамен жұмыс істеп, өздері
қорытынды жасай білуге үйрету.
Білім алушылар типті тапсырмаларды орындай отырып, өздеріне белгілі оқу жағдайында жұмыс істейді. Көптеген жағдайларда олар табиғаттың жекелеген компоненттері мен территориялық-табиғат комплекстері, халық шаруашылығының салалары, экономикалық аудан, елдер сипаттамасының типті жоспарларын басшылыққа алады немесе ақыл-ой әрекеті мен практикалық іс-әрекеттің (мысалы, географиялық координаттарды анықтау, масштабты пайдалану және т.б. кезінде) реті турады нұсқауы болады.
Типті тапсырмалар жаңа білім алуға және белгілі бір іс-әрекет әдістерін талдауға әрі пысықтауға көмектеседі. Проблемалық тапсырмаларды орындау табиғат пен қоғам туралы жаңа білім алуға ғана емес, сондай-ақ сол білімді іздестірудің жаңа жолдарын табуға себебін тигізеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың творчестволық ойлауын дамытудың қажетті құралы болып табылады, олардың танып білудің ғылыми әдістерін меңгеруіне көмектеседі, творчестволық қызметке деген ынта мен қажеттілікті қалыптастырады.
Проблемалық тапсырмалар әзерлеу – методист үшін де, мұғалім үщін де өте күрделі іс. Біз И.Я. Лернердің мына бір қағидасын негіз етіп алып отырмыз: оқу пәнінде проблемалық тапсырмалар жүйесінің екі негізі болуға тиіс: оның бірі сол ғылымның және онымен сабақтас ғылымдардың оқушыларға түсінікті болатын басты типтері; екіншісі – ғылымның білімдік маңызы бар және оқушыларға түсінікті болатын әдістер.
География курстары бойынша проблемалық тапсырмаларда мынадай ғылыми проблемаларды бейнелеуге болады: күрделі динамикалық система ретінде географиялық қабықтың тұтастығы мен бірлігі; географиялық қабықтың компоненттері арасындағы байланыстарды анықтау; территориялық табиғат комплекстеріне бөлудің принциптері; табиғат комплекстерінің даму заңдылықтары туралы алған білімнің негізінде адамның табиғатқа ықпал етуінің нәтижелерін болжау; құрлық пен мұхиттың біртұтастығын және басқаларын құрастыру. Ресурспен қамтамасыз етудің сипаты және табиғат ресурстары мен территорияларды пайдалану; шаруашылықтардың құрылымы
мен орналасуының ерекшеліктері; халықтың және шаруашылықтың территориялық шоғырлануының сипаты; ғылыми-техникалық революцияның өндіргіш күштердің орналасуына және табиғи ортаның жайына ықпалы; экономикалық аудандардың қалыптасуы сияқты және басқа ғылыми проблемалар экономикалық аудандардың қалыптасуы сияқты және басқа ғылыми проблемалар тапсырмалардың негізі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. З. Сариева, В. Логинов «География пәнінің бақылау тапсырмалары мен жаттығулары»1986
2. Г. А. Камишева, Жоғарғы оқу орындарында араб тілін меңгертуде проблемалық оқыту технологиясын қолдану// автореферат. - Астана, 2010. 26б.
3. Л.Р.Болотиной «Педагогика» пед.ред. Изд «просвещение» 1987.
4. А.Е. Әбілқасымова «Қазіргі заманғы сабақ » Алматы 2004
5. В. Кудрявцева и А. М. Матюшкин. М. «Проблемное и программированное обучение». Под ред. Советская Россия», 1973.