Материалдар / Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасындағы фразеологизмдердің қолданылуы ғылыми мақала

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасындағы фразеологизмдердің қолданылуы ғылыми мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасындағы фразеологизмдердің қолданылуы туралы ғылыми жарияланымға арналған мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2024
67
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасындағы фразеологизмдердің қолданылуы

Фразеология – лингвистиканың үлкен бір саласы. Кейбір ғалымдар фразеологияны жеке пән деп те атап жүр. Олай деудің мән-мағынасы бар. Өйткені тіл-тілде фразеологияға қатысты мәселелер ұшан-теңіз дерлік. Жеке пән деп атасақ та, лингвистиканың үлкен бір саласы деп атасақ та – бәрібір: фразалардың тілде атқаратын рөлі айрықша.

Фраза (гр.phrases- сөйлемше мағыналы сөзінен алынған) – сөйлеудің ең бір қысқа, әрі бүтін бір единицасы. Дәлдеңкірей түссек, фраза – тіл-тілде сөйлеудің ең бір мәнді де тұтастай қалыптасқан тізбектері мен тіркестері. Ондай тізбек пен тіркестер кем дегенде екі сөзден құралады, бүтіндей бір сөйлем болуы да, бірнеше сөйлемнен құралуы да мүмкін. Сондықтан фраза – сөйлеудің, яғни қарым – қатынас құралының ең бір мәнді единицасы деуге де болады. Осыған орай, фраза деген сөз фразеологиялық тізбектер ерекшелігін тұтастай қамтығанда, «сөйлем» деген терминмен пара-пар деуге болады.

Мәселен, сүттен ақ, судан таза; ақша беті; қызыл жүз, аузы алты қарыс; дырдай жігіт; қыпша бел; қиғаш қас; аузынан суы құрып жүрт.б. – тұрақты тіркестер, яғни фразеологиялық единицалар.

Фразеология және оның зерттейтіні – фразеологизмдер мәнін түсіну үшін, тұрақты тізбек, тұрақты тіркес және сөздердің еркін тіркесі деген ұғымдарды білу, бір-бірінің айырым белгілерін айқындап ұғу керек, олардың бір-бірінен ерекшелгін аңғару қажет [1].

Тіліміздегі сөз байлығымызда тек жеке сөздер ғана емес, құрылысы жағынан күрделі единицаларда кездеседі. Олар: ала ауыз, тайға таңба басқандай, төбе шашы тік тұру, қой аузынан шөп алмас, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған т.б.

Мұндай сөздер қазақ тілінде мыңдап кездеседі. Оларды фразеология немесе тұрақты сөз тіркесі деп атайды. Ал, фразеология сөзі екі мағынада қолданылады:

1)Тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жалпы атауы;

2)Тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.

Фразеологиялық тіркестер мағына жағынан жеке сөзге, құрамы жағынан синтаксистік сөз тіркесіне жақын болып келеді. Сондықтан фразеологиялық тіркестердің басты белгілерін ажырату үшін сөз және еркін сөз тіркесімен салыстыру керек. Фразеологиялық тіркестер екі не одан да көп сөздің единицасы ретінде даяр күйінде қолданылады. Мысалы: қалаға бару, тапсырманы орындау, кітап алу сияқты еркін тіркестер сөйлеу, жазу кезінде сөздердің ойға лайық таңдалуынан барып тіркеседі.Ал, жүрегі елжіреді (аяды), жүрек жұтқан (батыл), жүрегіне ас батпады (сабырсызданды), жыл он екі ай (жыл бойы) сияқты тіркестер тұтас алынып, жеке сөз мағынасында даяр қолданылады. Бұл құбылыс фразеологизмдерде мағыналық бірліктің күштілігін көрсетеді.

Олай болса, фразеологиялық тіркес тек сыртқы көрініс жағынан ғана еркін сөз тіркесіне ұқсайды екен. Ал, мағыналық тұтастығымен жеке сөздер сияқты сөздік қорымыздың бір ерекше түрі деуге болады.

Фразеологиялық тіркестер жеке сөз сияқты форма және мағынаға ие. Сөздің формасын дыбыстар жасаса, фразеологиялық тіркестің формасын сөздер құрайды. Мысалы, ынтықты – зар болды, жылауық – заржоқ, қорлады – итаяқтан сары су ішкізді [2].

Әдеби тіл кезеңдерінің сөз байлығын, оның мағыналық даму динамикасын анықтауда фразеологизмдердің алатын орны ерекше. Бұл ерекшелік тұрақты тіркестерді тақырыптық топтарға жіктеп көрсеткенде анық танылады. Фразеологизмдерді тақырыптық топтарға жіктеу – тіл фактілерін халық тарихымен, оның әлеуметтік – қоғамдық болмысымен, рухани мәдениетімен бірлікте қарастыруға негіз болады. Осы ретпен тіл фактісі арқылы әр кезеңнің белгісі саналатын көненің сырын ашуға мүмкіндік туады.

Фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыстар, ұғымдар, түсініктер себеп болған. Солардың бастылары деп лингвистикада:

1) адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесінің негіз болғаны («жауыр болды»);

2) өлшемдік ұғымдардың негіз болғаны («күн шыға»);

3) діни ұғымдар мен ескі әдет ғұрыптарға байланысты жасалғаны («ант су ішті»);

4) аңыздар мен түрлі ұғымдардың, өткен тарихи оқиғалардың негіз болғаны («Есімханның ескі жолы»), т.б. көрсетіліп жүр.

Фразеологизмдердің жалпы мағынасына қарай:

1.Адамды сипаттайтын фразеологизмдер;

2.Алғыс және қарғыс мәнді фразеологизмдер;

3.Қоғамдық-әлеуметтік факторға байланысты туындаған фразеологизмдер;

4.Діни наным-сенімге, салт-дәстүрге байланысты туындаған фразеологизмдер;

5.Өлшемдік ұғымдарды білдіретін фразеологизмдер;

6.Табиғат құбылыстарына байланысты фразеологизмдер.

Соматикалық атаулар ұйытқы болған фразеологизмдер.

Соматикалық фразеологизмдер адамның дене мүшелері атауларының қатысуымен жасалады.Соматикалық атаулардың ішінде: «көз», «ауыз», «бас», «жүрек», «бет», «қол», «құлақ», «аяқ» сөздерінің фразеологизмдердегі ұйытқылық қызметі зор.

«Көз» соматизмінің ұйытқы болуымен келген фразеологизмдер:

Оқты көзімен атты – «жақтырмады», «отты көзін қадады»:

Атады оқты көзбен еш ұнатпас,

Зықышта сөйлер тіл жоқ, көңілі батпас. («Кім жазықты», 44 бет)

Көзі ашылды – «сордан арылды, еркіндікке қолы жетті»:

Күн шығып, ай да туып, көз ашылып,

Бұл қайғы қыз сорлыдан қашан кетер.(«Бақытсыз Жамал», 146 бет)

Көрер таңды көзімен атқызу – «түнімен көз ілмеу»: Қамар бір жағына, бір бұ жағына аунақшып, көрер таңды көзімен атқызатын уақыттары да болып жүрді. («Қамар сұлу», 87 бет)

Ала көз болу – «араз, қырғи қабақ болу»: Болмай ма байға ала көз оған тиген. («Кім жазықты», 15 бет)

Көңіл көзін ашу – «көкірегін, санасын ояту»: Мен де оқымаған, білмеген әйелдердің көңіл-көзін ашсам-ау деген мақсаттамын.(«Қыз көрелік», 110 бет)

Адамның дене мүшелеріне байланысты тіркестің келесі тобы «ауыз» соматизмімен келеді.

Аузын алды – «пара берді», «аузын майлады»:Бұлардың күн бұрын аузын алып қоймаса, ертең екіталай жерде Тұрлығұлға Қожашты есігін түріп қойып, шауып бермей ме? («Қалың мал», 201 бет)

Аузында балы бар – «дегені болатын адам»:

-Қайтесің, шал болса да, малы бар шал.

Мал болған соң, аузында балы бар шал. («Қамар сұлу», 129 бет)

Тәтті ауыздың дәмін кетірді – «өзіне-өзі қарсы тұрды»:

-Ойбай, Омардың соры қайнады, тәтті аузыңның дәмін кетірді ғой, - десті жұрт. («Қамар сұлу», 132 бет)

Сан атауларына ұйытқы болған фразеологизмдер.

Сан есімдер фразеологизм жасауға ұйытқы болып, айналасына басқа сыңарларды үйіріп, о бастағы сандық ұғымнан көп жағдайда алшақтайды да, абстракцияланып кетеді.

Бір ауызды болу – «ұйымшыл, ынтымақшыл»: Бір ауызды болып қойған ел бірер күн сөйлескен болады. («Қалың мал», 216 бет)

Екі езуі құлағында – «қуанышты», «мәз-мейрам»: Нұрым да «омин-омин» деп, аузын толтырып, жалаңбас бас есі жоқ, түсі жоқ, терлеп-тепшіп, екі езуі құлағында, алақандай шегір көзі ақайып кеткен. («Қамар сұлу», 134 бет)

Жеті атасынан бері уызы арылмаған – «бақ-дәулеті үзілмеген»: Жорға Нұрым жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған... бір жауыз еді. («Қамар сұлу», 102 бет)

Жан – жануарлар атаулары ұйытқы болған фразеологизмдер.

Фразеологизмдерге ұйытқы сөздердің ішінде жан – жануарлар атауларының да көлемді орны бар. Жан – жануарлар атаулары ұйытқы болып келуі жалпы фразеологизмнің халықтың салт – дәстүр, тұрмыс – тарихымен тығыз байланысты.

Ат жалын тартып мінді – «өзі – өз болды, өзіне – өзі келді:

-Мен өзім ат жалын тартып мінгелі мұндай қорлық көргенім жоқ», - деді Байжан. («Бақытсыз Жамал», 155 бет)

Ат жүрмеген жерде қалу – «шамасы келгенше көмектесу»: Осы қыздың тұсында «ат жүрмеген жерде қалмақшы» болып отырмыз, - деді Бірке («Қалың мал», 187 бет)

Өлшемдік ұғымдарды білдіретін фразеологизмдер.

Бұл топтағы фразеологизмдердің тілде туып, қалыптасуы қазақ халқының уақыт пен кеңістікті, көлемді, ұзындық пен қашықтықты өлшейтін өлшем атаулары болмаған көшпенділік тіршілігімен тікелей байланысты.

Көзін ала бере – «көрсетпей, назары басқа жаққа ауған кезде»: Амантайдың көзін ала беріп, Итбай ақшасын байқау үшін қалтасына қолын да салып қояды («Қалың мал», 192 бет). Уақыт өлшемін білдіретін бұл фразеологизмнің жасалуына «көз» соматизмі темірқазық болып тұр.

Бие сауым уақыт – «биенің екі сауымының арасы, яғни қазіргі уақыт бойынша бір сағат шамасындағы мезгіл»: Бейшалардың қосылған құшағының өмірі, тым болмаса бір бие сауым уақытқа да жетпейді (Кәшімов М. «Мұңлы Мариям» 13 бет)

Көз көрім жер – «алыс»: Өрісі көз көрім жер, ұзақ кеткен («Кім жазықты», 10 бет)

Алғыс және қарғыс мәнді фразеологизмдер.

Фразеологияда бұл тақырып арнайы зерттеу объектісі болып С.Төлекованың еңбегінде қарастырылған. Зерттеушінің пікірінше, алғыс және қарғыс мәнді тұрақты тіркестер – өзінің табиғатына қарағанда халықтың әр кездегі тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесінің негізінде жасалған, ғасырлар бойында атадан балаға ауысып отырған элементтер.

Алғыс мәнді фразеологизмдер бата беру, жақсы тілек айту мәнінде жұмсалған сөздермен келеді.

Құдайым сүйіндірсін ұзағынан, Сақтасын дұшпандардың тұзағынан («Қамар сұлу», 112 бет)

Құдай бетттеріңнен жарықасын – деп Серғазы орнынан тұрды. («Қалың мал»,204 бет)

Қарғыс мәнді фразеологизмдер ел ішіндегі жағымсыз қылықтарды, ескі әдеп – ғұрыпты лағнеттеген мынадай кестелерден анық көрінеді:

Обалымыз қиюы жоқ, қисыны қашқан дүниеге, оңға баспай, солға басқан қазақтың қара ғұрпына болсын(«Қамар сұлу», 89 бет)

Діни наным – сенімге, салт – дәстүрге байланысты туындаған фразеологизмдер.

Діни наным – сенімге байланысты фразеологизмдерден халық өміріндегі нақты бір діннің әсерін, діннің рухани өмірде, дүниетанымында алатын орнын анық көруге болады.

Құдайдың құдіреті – «Алланың әмірі»: - Құдайдың құдіреті, әуелде сен тіл алмай, баланы мұнша қайғы – қасіретке салдың...

Құдай несіп ету – «Алла тағала қолдау»: «Құдайым еткей несіпекі жарға»

Алла қабыл етпеді – «Құдай қолдамады»: Алла қабыл етпеді, үмітім кесілді, Ғали ... – деп Жамал талып кетті. («Бақытсыз Жамал», 160 бет) [3, 30 б.]

Фразеологияның зерттеу объектісі не деген сұрақ В.В.Виноградов жазған еңбектерде айқындалды. Фразеологизмдерді топтастырудың В.В.Виноградов ұсынған үлгісі тек орыс тіліндегі тұрақты тіркестерді анықтап, жүйелеуге көш басы, үлгі ретінде пайдаланылады. Қазақ фразеологиясының негізін салған І.Кеңесбаевтың да өзі айтқандай «табан тіреген» тұсы осындай ұстанымдар еді.

Лингвистикалық тұрғыда грамматикалық формасында сөздерді есте сақтау қиын. Сөз – материал болса, оның өкілдері – даяр тіркестер. Фразеологияның теориясында аса қажет факторлар:

  1. тіркестерде тұрақты лекемалардың болуы;

  2. тұрақты грамматикалық формалардың сақталуы;

  3. ассоциянның болуы;

Енді фразеологиялық құрамдағы тіркестер қандай жағдайда, қандай негізде тұрақталады – фразеологияланады қандай тіркестер тіркестер қазақ тілінде тұрақты тіркестер құрайды.

Қазақ тілінде қолданыста жүрген фразеологиялық қордағы тұрақты тіркестерді талдау барысында мынадай ерекшеліктер байқалады:

  1. Жалпы қолданыстағы тіркескен сөздердің ойды жеткізу де бейнелілігі мен мәнерлілігінің назар аудартатындай естуші мен айтушы үшін құндылығы болу керек.

  2. Жалпы қолданыстағы тіркестердің сөйлеу, айту мәнерінде қысқа айтылуға бейімділігі болады.

  3. Тіркестердің терминологиялылығы кездеседі.

  4. Жалпы қолданыстағы тіркестердің ішінде жинақталған ой қорытындысының болуы.

  5. Сөз тіркестеріндегі фразеологиялық шектелулерінің кездесуі.

  6. Жалпы қолданыс ыңғайындағы тіркестердің ішкі мағыналарының жойылып кетуі.

  7. Номинативтік элементі бар тіркестер.

Бұл көрсетілген белгілер барлық тұрақты тіркестерге тән және осы аталған белгілердің біреуіне ғана ие болса да, тұрақтанудың себептері осылар деуге болады.

Мысалы, образды – мәнерлі тұлғаларға троптың түрлері арқылы жасалған тіркестер жатады.

Метафоралық тіркестерге: тау толғатып тышқан тапты, мұрнынан шаншылу, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығу, көңіліне шайтан ұялау, от кешіп, мұз төсену, ішкені- ірің, жегені желім.

Тұрақты теңеулерге: бес биенің сабасындай, тайға таңба басқандай, шақшадай басы шарадай, жау қуғандай, қасқалдақтың қанындай, соқырға таяқ ұстатқандай.

Эвфемизмдерге: қайтпас сапар шегу; қатты кету; қолды болу; аяғы ауыр;

Тұрақты гипербола мен литота: темір етіктен теңгедей, темір инеден тебендей қалу, астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі көк тіреп; қайталамалы тіркестер: айтып айтпай не керек, өзім өз болғалы, ашықтан ашық.

Фразеологизмдердің қалыптасу үдерісі мынадай когнитивтік үлгіде жүзеге асырылады: денотат (құбылыс, оқиға, дерек және т.б.) – мазмұн – бейне – сигнификат (басты белгілері мен сипаттарының жинтығы) – сөз тіркесі – фразеологизм. Аталған когнитивтік үлгі жан – жақты кеңінен түсінікті етіп талдауды қажет етеді.

Фразеологиялық тұлғалардың қалыптасу негізі еркін сөз тіркесіне тіреледі, басқаша айтқанда, еркін тіркестер көптеген тұрақты тіркестердің жасалуына ұйытқы болады. Мұны бірқатар тұрақты тіркестердің еркін сөз тіркестері модельдері негізінде жасалғанын, әрі ондай құбылыстар осы кезге дейін сақталғандығынан көруге болады.

Мысалы: етпетінен жату етпетінен түсу,зат көру қол көру (ойын), жіп жалғау жүрек жалғау. Осылардың алдыңғылары еркін сөз тіркестері де, ал кейінгі сыңарлары – еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері негізінде жасалған тұрақты тіркестер.

Тұрақты тіркестер диахронды зерттелмейінше олардың синхрондық жағдайы толық ашылмайды. Фразеологиядағы тарихи принцип о бастағы еркін өз тіркестерінің фразеологизмдерге айналу процесін тұтастай толық талдау жасауды қажет етеді. Алдымен тіркестің алғашқы тура номинация – денотаттың әлде бір оқиға мен құбылыстың атауы болған кезін, содан кейін айналадағы шындық болмысқа, яғни референтке қатысын айқындау керек.

Мысалы, қазақ тілінде қамшы болды деген фразеологизм бар. Оның мағынасы: бір нәрсеге қозғау салды, түрткі болды, итермеледі.

Қамшы – ұлттық мәдени лексика, құралдың атауы. Ұлттық мәдени сөздерге жататын себебі қазақтардың бұрынғы тұрмыс-тіршілігінде қамшының орны мен рөлі ерекше. Оның қайыс таспадан өрілген түрлері, жасалу жолдары, сабының сапасы сияқты өзгешеліктері тек қазақ мәдениетіне ғана қатысты. Құрал ретінде атты қамшылау үшін пайдаланады.Демек,малды әрдайым қозғалуға, тез жүруге итермелейтін, түртетін нәрсе, зат атауы – қамшы. Ал қимылдың аты – қамшы салу,қамшы болу. Келе-келе затты немесе құбылысты танудың қорытындысы салыстырмалы түрде ұқсас құбылыстың атауына көшкен [4]

Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романындағы фразеологизмдердің қолданысы:

1. Мұндай ит өмірден енді не күтіп жатырмын? (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»255 бет)

Ит өмір – қорлықпен өткен тұрмыс, қорлық, итше ырылдасқан тірлік [5].

Бұл фразеологизм зооморфтық фразеологизмге жатады. Ит – жеті қазынаның бірі саналатыны белгілі. Түркі тілдерінің көпшілігінде, соның ішінде қазақ тіліндегі ит – құс – қасқыр және бөрі сөздерінің орнына қолданылған табу [5].

2. Қалмақ басқырдың аулы деуге аузы қалай барады екен? Өз басыңа келтірсін! (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»142 бет)

Өз басына келтірді - біреуге істегені өз алдынан шықты [6].

Бас соматизмі VIII ғасырдағы көне түркі ескерткіштерінде, көне ұйғыр, қыпшақ және оғыз ескерткіштерінде, қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік кездеседі [5].

3. Бет алысың дұрыс, шырағым!..- деп Есеней мәз болып қалды. (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» 93 бет)

Бет алыс – бағыты, бара жатқан жағы [6].

Бұл сөйлемдегі тіркес алған бағытын, таңдаған жолын дұрыс, бастаған жолы жаман емес мағынасында қолданылып тұр.

4. Қыздың көз қиығына қарай тұрып, қызға арнай айтты. (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»99 бет)

Көз қиығына – бетіне тіктеп қарап қырындап қарады [6].

Көз соматизмімен жасалған фраземалар саны басқа соматикалық тіркестермен салыстырғанда басымырақ екен. М.Ержановтың «Адамның сыртқы бейнесін сипаттайтын сөздердің лексика – семантикалық топтары» атты кандидаттық диссертациясында көздің 123 түрін сипаттайтын соматикалық тіркестерді көрсеткен [5].

5. Есеней ішінен қияметтік қарыздар адамының үйіне ат ізін салмағалы он үш жыл өткенін есіне алды.( Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»29 бет)

Ат ізін салмау – қатынаспады, хабарласпады [6].

Төрт түлік малдың ішінде қазақ халқы ерекше құрмет тұтатыны – жылқы малы. Қазақта жүйрік аттардың бітімін суреттеу арқылы жасалған, жылқы малында болатын құбылыстарды білдіретін, жылқы мен адамның ара қатынасын білдіретін фраземалар кездеседі [5].

6. – Өзің жоқта үйіңе кіріп алып, жағамыз жайлау, төбеміз қыстау, отырмыз жайланып. (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»107 бет)

Жағасы жайлау, төбесі қыстау – мол өмір, уайым-қайғысыз тіршілік, жайбарақат күйде күн кешу [6]

Қазақ халқы адамның жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарын табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен қоршаған ортаға баламалай отырып сипаттама беріп отырған, берілген мысалда да жазушы табиғат құбылысын қосып, адамның жағдайын суреттеп тұр.

7.– Артеке, Ұлпанжан сіздің мал – жанға қарар қолыңыз қысқалығын айтқаны бар еді. (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»71 бет)

Қолы қысқа – кедей, жарлы, қалтасы жұқа [6].

Қол соматизмі берілген мысалда ҚТФС дегі ашылған мағынасына сәйкес қолданылған, яғни қорасындағы мал-жанның жоқтығын, кедейлігін көрсетіп тұр.

8.Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,

Терекке жылы жүзбен амандасты (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»72 бет)

Жылы жүз – жайдарлы, мінезі жайлы [6].

Раушагүл Авакова өзінің «Фразеология теориясында» жүз соматизміне тоқталады. Жүзі жылы деген тіркес бір көрген адамға қарап отырып берілген баға деген анықтама береді [5].

9. Еменалының түн ішінде келіп Мүсірептің үйіне бүлік салғаны осының салдары еді. (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»176 бет)

Бүлік салған – жанжал шығарып, лаң салды, шырық бұзды, жанжал туды, ұрыс – керіске айналды [6].

Автор шығарма тілінде бүлік салған тіркесінің орнына жанжал шығарды деп қолданған болса, сөйлем тілі аса бейнелі болмас еді. Сөйлемде қолданыс тапқан фразеологизм ҚТФС-де көрсетілген мағынасына орай жұмсалып тұр.

10. –Ойдағыңды құдай өзі айдап әкелсе кім қарсы болар дейсің. (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»100 бет)

Құдай айдап әкелсе – өздігінен келді [6]

Ж.Қоңыратбаева өзінің еңбегінде діни наным – сенімге байланысты фразеологизмдерге тоқталады. Оның айтуы бойынша сәті түскен іс туралы құдай көктен айдап түсірді – тәңір жіберді – құдай иді – құдай жеткізді деген фразеологизмдердің образ сомдау жағынан бір деңгейде, өзара мәндес тұрғаны анық байқалады [3].

Әдебиеттер тізімі

1 Хасенов Ә. Тіл білімі. -Астана: «Ер-Дәулет» баспасы, 2007. -97 б.

2 Айғабылұлы А. Қaзақ тілінің лексикологиясы. -Алматы: «Дәуір - Кітап» баспасы, 2013. -71 б.

3 Қоңыратбаева Ж.М. XX ғ. басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер. -Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. -30 б.

4 Смағұлова Г. Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда: монография. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. -24 б.

5 Авакова Р.Ә. Фразеология теориясы. -Алматы: Қазақ университеті, 2009. -292 б.

6 Мүсірепов Ғ. Ұлпан романы. -Алматы: «Атамұра», 2003. -259 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ