Материалдар / Ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі пәнінен ғылыми, шығармашылық жоба.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
841
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ







Жұмыстың атауы: Мәңгілік елге бастама

Жұмыстың номинациясы: «Туған қалаға – игілікті істер»





Жұмыстың авторлары: Сайлау Тоғжан, Алпысбай Жансая





Жетекшісі: Құлберген Ақтоты

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі



















Форт-Шевченко қаласы 2017ж



Абстракт

Жобаның мақсаты: Ұсынылған шығармашылық жобалар арқылы жаңа еріктідердің топтарын құру және дамытуға, әлеуметтік маңызы бар іс-әрекеттерді, оның ішінде бос уақытты тиімді ұйымдастыру бойынша балаларды белсенді қызметке тартуға, соның ішінде ата-анасымен қоса мүмкіндігі шектеулі балаларға салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға бағыттау.



Жобаның гипотезасы: мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан аластатпай, басқа балалар секілді қатарға қосу, бос уақытты салауатты өмір салтын насихаттай отырып, тиімді пайдалану.

Жобаның кезеңдері: тақырыпқа байланысты әдебиет таңдау, қызықты мағлұматтар жинақтау, материялдарды іріктеп, жұмыстың жоспарын құру, ізденіс жұмысының жобасын жазу.

Жобаның әдістемесі: Кітапханамен тығыз байланыста болу,ғаламтор деректерімен жұмыс жасай білу, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу жұмыстары.

Жобаның жаңалығы: Ауданымызда дамымай тұрған спорттық кешендердің жобасын ұсыну, спорт түрлерін дамыту, болашақ чемпиондарды (мүгедектер арасындағы) шығару.

Жобаның нәтежиесі: Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға қосу арқылы, оларды спортқа баулу, ересектер арасында жұмыстан тыс уақытта уақыттарын тиімді пайдалану. Бәсекеге қабілетті 50елдің қатарына қосылуға өз үлесін қосу.

Қорытынды: Жаңа спорттық кешендер (бассейні бар) ашылуына ықпалын тигізу.













Мазмұны

І.Кіріспе...................................................................................................4-5бет

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Жүзудің пайдасы............................................................................6 бет

2.2. Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы ақпарат………..………....7 бет

ІІІ. Қорытынды.....................................................................................8-9 бет

IV. Нәтежие.............................................................................................9 бет

V. Ұсыныс...............................................................................................9 бет

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................11 бет

































І. Кіріспе

Еліміздің Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл – ауқаты» тармағында : – «Азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін азаматтарды салауатты өмір салтына әзірлеу қажет»,--деп көрсетілген.
Денсаулық-адам бақытының бірінші байлығы. Денсаулық - салауатты өмір негізі. Салауатты өмір негізі – денсаулықты сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған. Осы салауатты өмір негізін, оның қыр-сырын білу-басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын міндеттердің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі күні ең маңызды мәселе - салауатты өмір негізін қалыптастыру. «Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын, жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға болмайтынын ұрпақтарына айтқан. Сондықтан да салауатты өмір тұғыры – спорт.
Спорт қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Яғни өмірді сүйіп, өмірді қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді. Әрқашан алға ұмтылып, жеңіске жетуге құштарлық қабілеттері арта түседі. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы. Жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. 
Мұғалім- мектептегі басты тұлға. Қай мектептің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер. 
Мектебіміздің ұстазы Нұрмағанбетов Азамат ағай- жас шәкірттерге салауатты өмір салтын насихаттап жүрген ұстаздардың бірі. Спортқа жаны құмар жас өрендерді осы жолда баптап, талай сайыстарға қосып жүр. Нәтижесі де жақсы. Кішкентай ауылымыздың спортқа деген құлшынысы күн сайын өсіп келеді.
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салтын тұрақты қалыптастырғанда ғана болашағымыз жарқын болмақ.Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап көрсеткен. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді. Сондай-ақ, 5-10 адамға арналған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады.

Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Біздің барлық әлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы осы жұмысты қолға алғандары жөн. Егер қажет болған жағдайда Үкімет бұл мәселені барлық компаниялармен бірлесе пысықтап, тиісті шешім қабылдауы керек. Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы көлемін Үкіметке 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыруды тапсырамын. Мүгедектер бірлестіктері қызметінің құқықтық базасын жетілдірген жөн.

Үкіметтен бастап жергілікті әкімдерге дейінгі барлық мемлекеттік органдардың олармен жұмысын күшейткен маңызды. Кедейлік деңгейін одан әрі төмендетіп, жұмыссыздықтың өсуін тежеген жөн. Бұл ретте масылдық пиғылдың өрістеуіне жол бермеу маңызды.

Мемлекеттік көмек алушылардың барлығы үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу керек.

















ІІ. Негізгі бөлім.

1.1 Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына тигізер пайдасы зор. Соның ішінде суда жүзу спортының орны ерекше. Бұл суда жүзудің пайдасы жайында Миннесота Университетінің ғалымдары зерттеу жүргізген. Олардың айтуынша, жас кезінде суда жүзіп үйренген адамның миы кеш "қартаяды" екен. Сондай-ақ, олар бойды сергітіп, жағымсыз әсерлерден арылудың бірден-бір жолы – осы екенін баса айтқан. Суда жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық етіңіз жұмыс жасайды. Суда біресе аяқпен, біресе қолмен жүзе алмайсыз. Бәрі бір уақытта сіздің жүзуіңіз үшін қызмет етуі тиіс. Әр бұлшық ет түрліше күш алады. Сол себепті, денеңіздің бұлшық еті өз формасына қарай қалыптасып, сымбаттылығыңыз арта түседі. 2. Суда жүзу омыртқа ауруларының алдын алады. Қозғалыс дене мүшелерінің қызметін арттырып, омыртқа сүйектерінің жанындағы кішкентай бұлшық еттерді «тынықтырады». Омыртқа бағанасына түскен ауырлықты тежейді. Сонымен қатар, остеохондроз ауруының алдын алып, дене бітіміңізді қалыпқа келтіреді. 3. Жүрек қан тамырларының жүйесі де сізге «алғыс» білдіреді. Себебі, жүзу жүрек соғысына игі әсер етіп, қан айналымын жүйеге келтіреді. 4. Суда жүзуде жақсы нәтиже көрсету үшін дұрыс тыныс алуды үйрену керек. Бұл спорт түрімен машықтанған адамның тыныс алу мүшесі де жақсы қызмет атқаратын болады. Әсіресе, көкірек қуысы кеңейіп, тынысы ашылады.   5. Дене температурасы қалыпты жағдайдан шықпай, иммунитетіңіз суық тиюге, тұмауға қарсы тұра алады. 6. Сонымен қатар, артық салмақтан арылуға көмектесетіні де бар. Көп қозғалыс пен энергияның жұмсалуының әсерінен ағзадағы калория мөлшері азая түседі. Оған қоса, жүзу кезінде омыртқаға травмотологиялық қауіп төнбейтінін ескеру керек. 7. Және де жүзу спорты жүйкені жұқартып, ойды мың бөлген күйзелістен арылтуға сеп болады. Суық су адам денесіндегі жағымсыз эмоция мен негативті көңіл-күйді шайып әкетеді. Бойыңызға қуат беріп, сергітеді. 8. Осы ретте, әр іске ниетпен қадам басу керектігін естен шығармаңыз. Яғни, суға жүзуден ләззат, күш ала біліңіз. Себебі, бұл спорт түрінен ажырамас үшін келесі жолы суға жүзуге асығып тұруыңыз керек. 9. Егер сіз мүлдем жүзе алмасаңыз, хауыздан бастағаныңыз жөн болар. Өйткені, хауызда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндігіңіз жоғары болады. 10. Суда жүзу адамды еш жалықтырмайды. Және арнайы ережені де қажет етпейді. Достарыңызбен жарысып жүзіңіз, шалқаңыздан жатып жүзіңіз, су түбіне терең сүңгіп жүізіңіз, ең бастысы, шымыр болып, өз саулығыңызды қорғасаңыз болғаны. 

1.2 Мүмкіндігі шектеулі балалар –бұл күрделі әрі ауыр.Мамандардың айтуы бойынша бұндай балалары бар отбасыды дағдарыс өмір бойы болуы мүмкін. Бұндай жағдайдан тез өту және ауру баланы дұрыс тәрбиелеу үшін ата-ана мықты болып, жігерлік таныту, өз міндеттерін дұрыс орындап, қамқорлық таныту керек. Соңғы уақытта біздің елімізде және шетелде физикалық және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар санының өсу қарқыны байқалып отыр. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша әлемде төрт жүз елу млн.адамда психикалық және физикалық дамуында ауытқушылықтары бар, бұл тұрғындардың оннан бір бөлігін, яғни 13% құрайды. Бұл мәлімет Бүкіләлемдік ДСҰ ның мәліметтерімен нақтыланып отыр. Статистикалық мәліметтер бойынша бірқатар елдерде мүмкіндігі шектеулі балалар саны жалпы саннан 4,5% дан 17% дейін жетеді. Біздің алған мәліметтеріміз бойынша Түпқараған ауданында о жастан он алты жас аралығында: Форт -Шевченко қаласында: 45 адам, Баутин- Аташ елді мекенінде : 26 адам, Ақшұқыр елді мекенінде: 54 адам, Таушық: 18 адам, Қызыл Өзен: 4 адам, Сайын Шапағатов: 16 адам, 16-18 жас аралығында Форт -Шевченко қаласында: 6 адам,Баутин- Аташ елді мекенінде : 3 адам,Ақшұқыр елді мекенінде: 1 адам, Қызыл Өзен: 2 адам.





























ІІІ. Қорытынды

Қазіргі таңда елімізде қарапайым суда жүзу ережесін сақтамайды, соныңсалдарынан көпеген ересек адамдар мен соның ішінде ата–ананың қарауынсыз қалған балалардың суға кету саны көп. Соның ішінде біздің елді–мекендеде биылғы жылы суға кеткен балдар болды. Егерде бізде бассейні бар кешен ашылса, соған лайықты арнайы маманы бар жаттықтырушы болса сол балалар суға кетпес пе еді деп ойлаймын. Арнайы маман суға жүзу ережесін үйретсе теңізге еш қорықпастан жүзе берер еді. Оған қоса сол бассейнге тек жазғы мезгіл емес төрт мезгілде барады. Тек балалар ғана емес жұмыс уақытынан тыс шаршағанын басатын қасиеті бар суға шомылуға ересектер де келіп бір мезгіл уақыттарында бой сергітіп денелерін шынықтырса, және де мүмкіндігі шектеулі балалар келіп шынықса денсаулыықтарына кішкене болсада үлесімізді қосқан болар едік.
Қорытындылай келе бізде бар мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан шектетпей, керісінше арамызға қосып шыныменде бізге керекті жетіспей тұрған кешендерді ашуға ат салыссақ. Біздің өңір басекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылып, дені сау ұрпақ тәрбиелер едік. Ауыл басшыларына, қаншама шетелдік компаниялар ашылып жатыр соларға қолқа салу арқылы бассейіні бар кешен салдыртса ересектер мен балалар, және де мүмкіндігі шектеулі жандарға аз ғана болсада көмегіміз тиер ме еді. Жүзуден біздің ауданнанда аты әлемге танылатын болашақ чемпиондар, пара олимпиада чемпиондары шығар ма еді.

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.



Нәтежиесі:

  1. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға үлесімізді қоса отырып, салауатты дені сау ұрпақ тәрбиелейміз.

  2. Ауданымызда жоқ кешендердің ашылуына ықпал ете отырып, бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік жасаймыз.

  3. Мүгедек жандарды спортқа тарту арқылы кішкене болсада көңілдерін жақсыға алаңдату арқылы сауығып кетуіне өз үлесімізді қосамыз.

  4. Бассей кешенін ашу арқылы қауіпсіздік ережесін үйрету арқылы баларардың суға кету санын азайтамыз

  5. Болашақ әлем чемпиондарының көбеюіне мүмкіндік жасаймыз;



Ұсыныс:

  1. Ауданымызда бассейні бар спорттық кешен ашылуға аудан әкімшіліктеріне, шетелдік компанияларға ұсыныс айту;

  2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды мүмкіншіліктеріне қарай спорттық сайыстарға, үйірмелерге тарту.

  3. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата–аналарға көмек ретінде спорттық кешендердегі үйірмелерді тегін ету, қайырымдылық акциясы ретінде спорттық сайыстар өткізу.





VІ. Пайдаланылған әдебиеттер



  • http://www.akorda.kz/kz/addresses сайтынан;

  • https://massaget.kz/jigitterge/fitnes/27194/ сайтынан;

  • Валеология. Дене тәрбиесі спорт;

  • Мектептегі дене шынықтыру, Республикалық ғылыми әдістемелік журнал;





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!