Материалдар / Ғылыми жоба

Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы тұлға Абай Құнанбаев
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2023
268
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Тақырыбы: Ұлы тұлға – Абай Құнанбаев

Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті





























Мазмұны

Кіріспе

______________________________________________________________4

Негізгі бөлім

1.Абайдың өмір жолы мен шығармалары ______________________________5

2. Қара сөздерінің мәні _____________________________________________6

Қорытынды__________________________________________________________9Қолданылған әдебиеттер _____________________________________________10





























Аннотация

Қазақ тарихындағы әлемге әйгілі дара, дана есімдердің бірі – Абай есімі. Міржақып Дулатовтың: «Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өткен күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер мен білімге ұмтылар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артар. Бірінші ақынымыз деп қабіріне зиярат етер, халықпенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар» деген сөзі соншама құдіреті мол болжау екен.  Абай рухы, Абай мұрасы қазіргі ұрпаққа соншалықты жақындап, олармен қауыша түсті. Бұл – заңды. Өйткені, Абай – тұтас бір халықтың рухани әлемі.

Бұл жобада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, оның қара сөздерінің тәрбиелік құндылықтары қарастырылады. Себебі сыныптастарымның, достарымның арасында өткізілген шағын сауалнамам олардың Абай шығармалары, әсіресе қара сөздерінің мазмұны, мәні туралы білетіндерінің өте аз, шамалы екенін көрсетті.

Абай қара сөздері арқылы келешек ұрпақ бойына адамгершілік құндылықтарын сіңіріп, болашақта өз халқының нағыз азаматы, жанашыры етіп тәрбиелеуге болады. Қазіргі уақытта елімізде жұмыс істемейтін, қолөнерден бейхабар, жаман мінез көрсетіп, заң бұзушылыққа бет бұрған жастар көп. Сондықтан Абай қарасөздерін бастауыш сыныптардан бастап оқыту керек.











Кіріспе бөлім

1. Зерттеу жұмысының өзектілігі: Абай Құнабайұлының мерейтойы аясында ұлы ақын әрі данышпан атамыздың шығармаларын оқуға, олардан үлгі алуға насихаттау.

2. Зерттеу жұмысының мақсаты: Ұлы Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, аша білу. Абай қара сөздері арқылы оқушылар бойына адамгершілік құндылықтарын сіңіріп, әдеби тілде сөйлеу, тіл шеберлігін шыңдау. Белгіленген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • Абай шығармаларына шолу жасау;

  • Көркем шығармалардан, сөздіктерден тілдік деректерді жинақтап, зерттеу;

  • Абай қара сөздерін оқу, талдау, мағынасын ашу, зерттеу;

  1. Зерттеудің нысаны: Абайдың өлеңдері, қара сөздері.


  1. Зерттеу әдісі: Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынды.



  1. Зерттеудің құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.



  1. Қорытынды: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен шығармалары, лирикалық өлеңдерінің тәрбиелік мәні, қара сөздерінің адамгершілік тәрбиесіндегі құндылықтары туралы ой қозғап, жобаның аясында сыныптастарымды, жалпы алғанда, қазақстандық оқушыларды Абай қара сөздерін оқып, үлгі алуға насихаттау.



Негізгі бөлім

  1. Абайдың өмір жолы мен шығармалары

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарабұлақ жайлауында дүниеге келген. Ол – ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Абай Ескітам қонысында әкесі Құнанбай ашқан медреседе оқып, ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алған. Әкесі Абайды он жасқа толған соң, Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда үш жыл оқиды. Медресенің үш жылында Абай осы қаладағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда үш ай орысша оқиды. Осы жылдары шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Жәми еңбектерін оқыса, екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И.Герцен, И.А.Крылов, Ф.М.Чернышевский мұраларын оқып таныс болған. Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой-орамымен байытты. Абай музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың музыка өнерін дамытты. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. Абай – құбылыс, ғасырларда біртуар ғұлама. Ақын өлеңдерінің қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың барлығы адам баласын ойландырмай қоймайтын өсиет-өнеге толы. Сондықтан да Абай өлеңдерінде тәрбиелік арналар аса мол деп сеніммен айта аламыз.

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге», - деген жолдардың өзінде қаншама тәлім-тәрбие жатыр?!   Абай атамыз адам болам дегендерді өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақ тәрізді жаман қасиеттерден аулақ болуға шақырса, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды бес өнегелі қасиетті бойға сіңіруге үндейді. Сонымен қатар, «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» шығармасында да ақын ер-азаматтарға «Кімді сүйсең де, шын көңілмен сүй, талапты болып, әр түрлі өнер, жақсы қылықты бойға сіңір, бір-біріңмен тату бол, біреуді сыртынан ғайбаттама» деп ақыл айтады. Ойшыл ақынның берер өнегесі мұнымен тоқтап қалмайды.

«Әуелде бір суық мұз- ақыл зерек» өлеңінде де:

«Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

Сонда толық боласың елден ерек» , -деп өзгелерден жоғары тұру үшін ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау керектігін ескертеді.  Сонымен, Абай өлеңдерін талдай келе, онда тәрбиелік мағынасы өте терең екеніне көз жеткіздім. Ұлы ақынның әрбір айтқан сөзі - есті адам үшін өсиет-өнегенің таптырмас үлгісі. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!»- демекші, өмірге азық боларлық асыл ойлардың Абай жырларында  тұнып тұрғанына таңырқайсың.


2.Қара сөздерінің мәні


Ақынның 19-шы ғасырдың 90-шы жылдарында жеті-сегіз жыл бойы қағазға түсірген «Қара сөздері» жалпы тақырып, мазмұны жағынан алғанда,  поэзиясымен тығыз байланысты. Көп сөздеріндегі ойлар, пікірлер өлеңдерімен тікелей ұштасып, соларды толықтырып, кейде әрі қарай жалғастырып жатады. Абай қара сөздерінде халықты, оның ішінде жастарды білім алуға, мәдениетке, өнерге ұмтылуға шақырды. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударғым келеді. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім – білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс.

Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол әңгімесінің екінші жерінде: «Ырыс алды – тірлік» дейді. Жанын қорғалап, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады.....

«Кеселді жалқау, қылжақ бас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың пысық, ішің нас,

Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық», -дейді. Ұлы ақын осы пікірін өзінің «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде де толықтырып, ұштай түседі. Мал үшін ар-намысын сату, бірінің үстінен бірі арыз беріп, жала жабу, ауызбіршіліктің болмауы тәрізді мінездердің бәрі де надандықтан қашық болуға тәрбиелейді. Бұл әңгімелердің идеялық мазмұны да, келешек ұрпақ үшін құндылығы да осында.

Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр қайсысы өзін бірінші орынға қойып, таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке-жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғалым. Демек Абай жүректі, яғни адам-адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды.

Тап осы тәрізді, тағы бір үлкен адамгершілік мәселесін қозғайтын шығармасы –«Отыз алтыншы сөзі». Өз кезегінде ұяттан, ардан безгендерді сынай келіп, ұят және оның түрлерін сөз етеді. Ұяттың бір түрі – адамның балалық дәуірінде болатын табиғи құбылыста, екіншісі – жасықтық, ынжықтықпен байланысты. «Ұялмас нәрседен ұялу – ақымақтық, жамандық», - дей келіп, шын мәніндегі ұят қандай болу керек деген сұраққа жауап береді. «Ұят кімде болса, иман сонда» деген қазақтың мақалынан да ұятқа үлкен мән бергенін көреміз. Сондықтан ұлы ақынымыз Абай да бұл мәселеге аса көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың ар-ұяттарын таза сақтауын арман еткен. Бұл қара сөздің бүгінгі таңда да тәрбиелік мәні зор. Абайдың «Жетінші сөзінде» ұшырасатын «жанның тамағы» деген күрделі ұғым бар. Оған Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.

Адамдарға тән «жалығу» сияқты мінездің пайда болуы жайлы «Жиырмасыншы сөзінде» жазады. Дүниенің өткіншілігіне өкіну, өмір қызығынан бой тасалау, безіну. Жалқаулыққа, қанағатсыздыққа, еріншектікке бой алдыру.


Абай пікірі

Менің пікірім

Адам баласының айналасын жүрген ісінен, кәсібінен, қызық думаннан жалығып жиренуі мүмкін. Егер жалығуға бой алдырса, арты жақсы болмайды.

Жалығудың әсерінен жақсы өмірің лайланады, ертеңгі күніңнен үмітсізсің. Тек қайраттанып, сілкініп, ертеңгі күніңе сеніммен ұмтылыс жасасаң, бұл кеселден құтыларың анық.

Нәтиже

Өмірде өз орнын таппай, мақсатсыз, мәнсіз тіршілік етеді


«Екінші сөзінде» өзге халықтардың өмір тәжірибесіндегі тағылымды үлгі алу керектігін айтады.


Ноғай (татар)

Сарт (Өзбек)

Орыс

Абай пікірі

Еңбек қылып, мал табудың жолын біледі. Салтанат, әсемдік те соларда

Сарттың екпеген егіні жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ.

Орысқа айтар сөз жоқ, біз құлы, күңі қатарлы да жоқпыз

Абайды қынжылтқан ойлар

Көрші халықтардың өмір тәжірибесіндегі тағылымды жағына үңіліп, содан үлгі алудың орнына, сыртына қарап үркіп, жаңсақтық жасаппыз. Неге өзбек сияқты егін салмасқа, ноғай сияқты сауда жасамасқа, орыс сияқты білімге құштар болып, олармен терезе теңестірмеске?!

Абай ұсынысы

Өзіңе өзгелердің көзімен қара

Шаруа істеп, өнер тауып, еңбектен, сонда қорлықтан құтыласың

Нәтиже

Егер жастардың бойында Абай атамыз айтқандай бес асыл іс болса, онда өзге адамдардың, халықтардың жақсы жақтарын, жетістіктерін үйреніп, солардан үлгі алушы еді. Өз өміріне азық етуші еді. Сонда біздің еліміз де бай, дамыған мемлекетке айналып, рухани жағынан да бай халық болар едік.

Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, эстет, гуманист, моралист, ағартушы - демократ, шешен, заңгер, әділ би, аудармашы, қоғам қайраткері, тәрбиеші - ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, адамзат әлеміндегі ірі құбылыс.

Қазақтың бас ақыны Ұлы Абайдың өлген күнінен қаншама алыстасақ та, оның өнерін қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. «Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деп кемеңгердін өзі айтқандай, Абай - артына – өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгep.

Сырт қарағанда Абайды білмейтін қазақ жоқ секілді. Көзімізді ашқаннан Абай есімі жадымызда, бейнесі көз алдымызда. Мектепте Абайды оқып жатырмыз, қала сайын Абай атында көше бар. Абай атында қала, аудан, ғылыми институт, университет, көптеген театрлар, колледж, мектептер бар. М.Әуезовтен бастап Абай жөнінде қалам тартпаған ақын-жазушы жоқ. Абай жөнінде кино және басқа өнер шығармалары да жеткілікті. Ақын әндері күн сайын шырқалып, кітаптары қайта басылып шығып жатыр. Абай - өткен мен өз заманын салыстыра отырып, артынаұлы өсиет қалдырған хакім. "Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым" дейді Абай. Абайдың -хакімдігі оның әр сөзінен, әр өлеңінен білінеді.

Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Абай қазақ намыстан, ар-ұлттан, береке-бірліктен айырылды деп күңіреніп еді. Біз сол Абай айтқан намыс, ар-ождан, береке-бірлікпен қоса, тілімізден, дінімізден, қайырымдылықтан, мейірімділіктен айырылып қала жаздадық. Бүгінде халық қамын ойлайтындардан қарын қамын ойлайтындар көбейді. Елдің елдігін сақтап тұратын - намыс. Намыссыз жұрт елін де, жерін де қорғай алмайды.

Абай ең алдымен ел болуды, қазақтың қатардан қалмауын аңсады. Иә, Абай арманы орындалды. Тәуелсіздік алдық. Ел қатарына қосылдық. Іргелі мемлекет құрудамыз. Әлем қауымдастығына мүше болдық. Дамыған елу елдің қатарына қосыламыз деген мақсатымыз да Абай арманымен ұштасып жатыр. Бірақ, Абай айтқан келеңсіз қылықтардан қазақ арылып болған жоқ. Абай айтқан "баяғы жартас бір жартастың кебін" әлі де киіп отырған сияқтымыз. Жалқаулық, алауыздық, өсекшілдік, билікшілдік күні бүгін де бар. "Заман ақыр жастары, қосылмайды бастары", "Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып", - деп Абай айтқан сүйекке біткен кесел әлі бойымызда жүр. Абай айтқандардың үстіне, бүгінде тіл азабы, ұлтсыздық азабы, миссионерлер мәселесі қосылды. [1]

Халқын надандық шырмауынан, бодандық бұғауынан азат етуге ниет қылған Абай адаммен де, заманмен да арпалысып бақты. Қараңғы түнді қақ жарып сәуле төкті. Шалғай ауылда, Қарауылда - Шыңғыстауда отырып-ақ бүкіл қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Қазақтың жоғын жоқтай отырып, өз қазағын қатты сынады. Сынағанда жек көргендіктен емес, жаны ашығандықтан, күйінгендіктен сынады. Өз халқын сынай отырып, сүйе білді. Абай "қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мүртың,

Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі - май, бірі - қан боп енді екі ұртың" деп күйзелді. "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі - залымдық" деп үйретті 38-ші қара сөзінде. Осының үшеуі де қазақтың басында әлі бар. Сөйтіп, ақын: [2]

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын?

Халқым надан болған соң,

Қайда барып оңайын? - деп андысқан елдің етекбасты әдетінен әбден шаршайды.

Кемелге келмей, ақыл тоқтатпай Абайды ұғыну мүмкін емес. Абайды оқыған сайын, көкейіңе тоқыған сайын қазақтың табиғатын аша түсесің, ой

түбіне тереңдей түсесің, ел-жұртыңның тағдыры, келешегі туралы ойлана, толғана түсесің.

Табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды. Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді.

Абайдың табиғат лирикасы - кең көлемді мол қазына. Биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай бүкіл бір халықтың ұлттық мәдениетінің ғасырлық мерейі, әдебиетінің заңғар биігі. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.

ТАқын жаны мен табиғаттағы ұқсастық, табиғаттың жаңарып жасаруы, жаралануы ақынның ішкі сезім пернелеріне қозғау салып, сол сезімді ақын қағаз бетіне түсірді. Сылдырап аққан бұлақтан, жаз жайлаудан, тіпті қаҺарлы қыстан да сұлулық іздейді. Табиғатты жырламаған, оны өз әніне қоспаған ақын кемде-кем. Бірақ Абай салып кеткен жол, ақын жырлаған табиғат әрине өзгеше.

Абай мұралары жыл мезгіліне қарай, кісінің көңіл-күйіне, жасына қарай әр кезде әр түрлі әсер етеді, өзгеше ой салады. Сол кезде Абайдың "Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла" деген сөзі еріксіз есіне түседі. Абайдың табиғатты суреттейтін өлеңдерінің ішінде "Желсіз түнде жарық айдың" орны ерекше. Осынау шағын өлеңде айлы түн мен жайлаудағы елдің түнгі тіршілігінің сұлу да сырлы көріністері табиғи қалпында тамылжыта суреттелген.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәуелесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны - терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

Сәулесі суда дірілдеген жарық ай, ауылдың жанындағы терең сай, онда күркіреп аққан тау өзені - осының бәрі керемет шеберлікпен жан бітіре суреттелген. Сондықтан, оны оқығанда баяғы қазақ өмірінің ертегідей бір әсем суреті қайта тіріліп, кісінің жаны жадырап, көкірегіне шуақ төгілгендей сезімге бөленеді.

"Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңі мен "Жолға шықтым ..деп басталатын бір шумақ үзіндіде (Лермонтовтан аударылған) түн басқан тау және дала тыныштығы мен күздің жұлдызды аспанын суреттеген.

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол-дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

Оларды қиялыңмен болжап, жаныңмен сезінуің керек. Басқа тілде туған өлеңді қазақша осынша табиғи да көркем, бастапқы қалпындай әсерлі етіп шығару Абайдың ақындық құдіреті мен аудармашылық талантының қаншалықты күшті екенін көрсетеді. Басқасын былай қойғанда, көктегі жұлдыздардың жылтылдаған жарығын "сөйлесіп ымдасқандай" деудің өзі қандай ғажап! Оларды қиялыңмен болжап, жаныңмен сезінуің керек. Басқа тілде туған өлеңді қазақша осынша табиғи да көркем, бастапқы қалпындай әсерлі етіп шығару Абайдың ақындық, құдіреті мен аудармашылық талантының қаншалық күшті екенін көрсетеді.

Бүгінгі таңда Абай шығармалары әр қилы халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, барлық көзі ашық адамзаттың рухани игілігіне айналып отыр. [4]

Ал енді "Жазғытұрым" өлеңінде жердің жүзі масатыдай құлпырып, күннің көзі өзінің шуағын төгіп, дүниені нұрландырады. Адамзатпен бірге жан-жануарлар да қуанып, өздерінше мәз- мейрам болады. Оны мынадай өлең жолдарынан көруге болады:

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду,

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбыр қағып, бұраңдап ағады су. [1]

Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр түсті ақындық

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ