Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "Абайдың музыкалық мұралары"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Аннотация
Цель исследования: цель данный работы раскрыть музыкальное наследие великого казахского поэта Абая Кунанбаева. Распространения песен и кюев поэта, формирование правильного восприятие песен великого поэта молодежью, увлечённый легкой современный музыкой.
Обьект исследования: обьект научной работы – исследование музыкального наследия Абая Кунанбаева
Методы исследования:
-
сбор научных материалов, литературы, научных трудов
-
системазация связанное с исследованием;
-
обобщение и распространение музыкального наследия;
-
анализ песен и кюев;
Ход и этап исследования :
-
сбор и чтение материалов СМИ и научных работ;
-
сбор и анализ библиотечных материалов;
-
запись на диске кюев акына;
-
проведение интервью;
Результат работы:
Проанализировав, насколько широко были распространены кюи поэта среди народа, выявлено, что подрастающее поколение не знакомо с музыкальным творчеством композитора. Актуальность этой проблемы заключается в том, музыкальное наследие, выдающегося поэта, сумевшего представить всему миру свой народ через поэзию, не осталось бы не изученным. Поэтому нами приведены наиболее приемлемые пути доведения
Заключение :
изучение музыкального наследия поэта доведены до сознания молодого поколения , способствуя развитию эстетического воспитания.
Annotation
Purpose of the study:
The purpose of this study reveals the musical heritage of the great Kazakh poet Abai Kunanbaevayu; spread songs and kyuis of poet, a correct perception of the great poet of songs young people enthusiastic light modern music.
Object of the study:
The object of research studies: A. Kunanbaev’s musical heritage
Research methods:
-
collection of scientific materials, literature, scientific works;
-
systematization-related research;
-
compilation and dissemination of musical heritage;
-
analysis of songs and kyuis;
The course and stages of research:
-
collecting and reading media materials and scientific works;
-
Collection and analysis of library materials;
-
finalize the disc kyuis bard;
-
conducting interviews
The conclusion of work:
Analising, as far as were widely widespread poet’s kuyies among people, it is educed, that a rising generation is not acquainted with musical work of composer. Actuality of this problem consists in that, musical heritage, prominent poet managing to present to the whole word the people through a poetry, would not remain not studied. Therefore we are bring the most acceptable ways over of taking to consciousness of the young generation of XXI century of Abai’s songs and kyuies.
Conclusion:
The study of the musical heritage of the poet brought to the consciousness of the younger generation, contributing to the development of aesthetic education.
Аннотация
Зерттеудің мақсаты: Қазақтың аса көрнекті, ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың музыка өнерінде қалдырған мұрасын ашып көрсету-зерттеу жұмысының басты мақсаты. Қазіргі жеңіл әнге құмар жастардың ақын музыкасына деген дұрыс көзқарастарын қалыптастырып , өнегелі әндерге қызығушылығын ояту, ақынның жастар білмейтін әндері мен күйлерін насихаттау.
Зерттеу объектісі:
Ғылыми жұмыстың зерттелу нысаны – Абай Құнанбайұлының музыкалық шығармалары.
-
жинақтау (қажетті материалдарды, әдебиеттерді, ғылыми еңбетерді);
-
жүйелеу (зерттеу ісіне байланысты);
-
қоpыту (ақынның музыкалық мұраларын тарату жолдары);
-
талдау ( әндері мен кұйлерін);
Зерттеу барысы, кезеңдері:
-
Баспасөз материалдарын, ғылыми еңбектерді оқып, жинақтау;
-
Кітапханалық іріктеулер жүргізу, саралау, жинақтау;
-
Ақын күйлерін дискіге жазу;
-
Сұхбат жүргізу;
Жұмыс нәтижесі:
Ақын күйлерінің халық арасында таралу деңгейі анықталып, кейінгі ұрпақтың оның музыкалық мұраларын толық білмеуі, қазақты әлемге танытқан ұлы ақынның бұл қыры өз дәрежесінде көрінбей қалмаса деген өзекті ой тудырады. Дара да, дана да ұлы ақын Абай Құнанбаевтың әндері мен күйлері ұлттық құндылығымыз ретінде таратылу жолдары айқындалады.
Қорытынды:
Ақынның музыкалық мұралары жастар арасында тиімді жолдармен дәріптеліп, тәрбие алуына үлес қосады.
Мазмұны
І. Кіріспе ...................................................................................................
ІІ. Зерттеу бөлімі ....................................................................................
2.1. Ақын және музыка ...........................................................................
2.2. Ақынның музыкалық мұраларының тәрбиелік мәні
ІІІ. Қорытынды .......................................................................................
Абай әндері қазақ жастарымен бірге мәңгі жасайды .........................
Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................
Қосымша...................................................................................................
Кіріспе
Қазақ халқының ән-күй өнері кыз ұзатудағы сыңсу, келін түсірудегі жар-жар мен беташар, сәби дүниеге келгендегі бесік жыры, шілдехана, өмірмен қоштасудағы жоқтау, той-томалақтар, жырмен көркемделген көңілді отырыстар, ұзак жолды қысқарту үшін ыңылдап ән айту мен суырып салма айтыстар қазақ өмірінің ежелден келе жатқан өшпес мәңгілік дәстүрі, поэтикасы. Қуанышта да, шабыттанғанда да ән айтылады. Ән құдіретімен көңіл серпіледі, не жұбатылады. Расында, Ахмет Жұбанов айтқандай: «Ән-күй десе қазақ ішкен асын жерге қояды».
Біздің ата – бабаларымыздың ән-күй, би әуенінің адам ағзасына айырықша әсер ететіндігін, оны өнер, білімге тәрбиелеп, жақсылыққа, сұлулыққа, қанат қақтыратынын ерте кезден-ақ білген. Сірә, содан болар, қазақ «Ән – көңілдің ажары», - дейді. Өнер зерттеушілері ән мен бидің, күйдің адам жанына сенім ұялататынын бекерден айтпаған.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп өзі жырлағандай ұлы да дана Абай атамыз қазақтың музыка саласында да айта қалатындай мұра қалдырған. Өзінің асыл өлеңдері мен қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка жағынан оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта болатын. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа да халықтық ән-күйлері сияқты ауыздан ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегіне сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында деп ойлаймын.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Ғылыми жұмыс қазақ әдебиетінің дамуы мен өрлеуіне, поэзия жанрының тереңдеуі мен кемелденуіне өз үлесін қосқан, тұтас қазақ жұртының бейнесі, дара да дана ақын Абай Құнанбаевтың музыкалық мұраларының бүгінгі ұрпаққа таралуын түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып зерттеу.
Тақырыптың өзектілігі:
Абай
Құнанбайұлының ұлттық поэзия тарихындағы
орнымен қатар музыка жанрында да алатын орны ерекше. Ақынның
музыкалық мұрасы соңғы жылдарда әр қырынан талданып, зерделенуде.
Дегенмен, А.Құнанбайұлының музыкалық туындыларын қажетті деңгейде
барынша назар аудару, зерттеу, тексеру – қазіргі әдебиеттану мен
музыка ғылымының өзекті мәселесі.
Бұл жобама қатасты зерттеуде Абайдың музыкалық шығармаларының
қазіргі ұрпаққа таралуын талдап тексеруді – негіз етіп
алдым. Абайдың музыкалық мұрасы
қазақтың ұлттық өнері тарихында ерекше орын алады. Абайдың әуендік
таланты халықтық негізде дамып, ақынның рухани жан-дүниесі, әлемге
көзқарасы оның лирикалық әндерінде айрықша көрсетілген. Абайдың
“Көзімнің қарасы”, “Не іздейсің көңілім”, “Айттым сәлем, Қаламқас”,
“Татьянаның хаты” және т.б. әндері арқылы халықтық ән
шығармашылығына жаңа ырғақ, ана тілді көркемдік-мәнді қолданудың
жаңа қағидалары ендірілді. Абай халықтық музыка қорын ырғақтық ән
өнерімен байыта отырып, жаңалық із салды. Абай әндеріне М.
Төлебаев, С. Мұхамеджанов, Ғ. Жұбанова, М. Қойшыбаев, Н. Тілендиев,
Н. Меңдіғалиев сияқты композиторлар әндер мен романстар жазды. Абай
күй өнеріне де өзіндік үлес қосты. Оған «Торжорға», «Май түні»,
«Майда қоңыр» күйлерінің болуы куә.
Зерттелу нысаны:
Ғылыми жұмыстың зерттелу нысаны – Абай Құнанбайұлының музыкалық шығармалары.
Құрылымы:
Ғылыми жұмыс кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ.Зерттеу бөлімі
2.1. Ақын және музыка
Өлмейтұғын сөз ғана емес, өлмейтұғын ән қалдырған Хакім Абайдың музыкалық мұрасы – абайтану ғылымының бірден-бір сүбелі саласы. Абайдың музыкасы, композиторлық қырының да өзіндік мектебін қалыптастырушы ұстаз деп айтуға толық болады. Абайдың ақын шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Әріп, Ақылбай, Мағауия, Уәйіс сері барлығы да Абай сынынан өткен ақындар һәм ән шығарушы, айтушылар. Олардың әндерінен Абай үлгісі айқын естіледі.
Абай сазгерлікке басқалардан өзгеше жолмен келді. Абай әндерінің ырғақтық, үндік, мелодиялық жақтарының өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінде болмаған қасиеттерге ие болуының тағы бір себебі – Абай ерекше музыкалық ортада болған.Бір жағынан өзінің асқан музыкалық қабілетінің, музыканы жан-тәнімен сүюінің арқасында қазақтың халық музыкасын жақсы біліп,Семей қаласына гастрольге келген артистердің концерттерін тыңдап-көру арқылы орыс музыкасымен тікелей танысып отырса, екінші жағынан айналасына топталған өнерпаздардың кейбіреулері орыс халқының музыкалық үлгілерімен таныс адамдар болды. Олар өз баласы Әбдірахман, скрипкашы Мұқа секілді жандар. Олар Абай шығарған әндерді тыңдаушы ғана емес, бабына келтіре орындаушы, дос пейілді кеңесшілер еді. Ақында Мұхит, Біржан бабаларымыздай зор дауыс болмаса да, әдемі қоңыр дауысы болған деседі. Ол әнін өз даусының жеткенінше ғана айтып шығарған. Шығармасының бірінші орындаушысы да, кейін оны халық арасына таратушы да өзі болды. Абай дауысымен орындалған алғашқы нұсқаны ары қарай жетілдіріп, нақышына келтіріп орындау - Абайдың әнші шәкірттерінің міндеті. Бұл орайда А.Жұбанов былай дейді: «... Ақылбай, Әлмағамбет, Әйгерім Абайдың «жәй даусымен» айтып шығарып берген әндерін аузынан қағып алып, шырқата, үдете, құйқылжыта орындап кетті. Абайдың міндеті - бірінші рет «автор даусымен» орындап беру болды. Әрине, одан әрі Абай өз әндерін орындамады деген сөзден аулақпыз. Міне, осылай, Абай әндері ауылынан шықпай жатып жоғарыда ескертілген «лабороториядан» өтіп, шыңдалып, біздің тілімізбен айтқанда Абай айналасының «литосынан» өтіп барып, халық алдына тарады» [1, 114-б.]. Бұл арада Абайдың әнші шәкірттері Абай әндерін тек таратушы ғана емес, ортаға салып артық-кемін түзеп, нағыз әншінің дауысына салып жетілдіріп те отырды.Халықтың жанашыры бола білген Абай поэзияның тілі жетпеген жерде өлеңге ән қосты. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген Абай музыканың адам өміріндегі орнын, оның поэзиямен қосылғанда ғана күші арта түсетіндігін сезген. Абай әнді ермек үшін де, қосымша кәсіп болсын деп те шығармаған. Ол жан сырын халыққа поэзия тілімен шығаруды місе тұтпай, халқымен музыка арқылы да тілдесуді жөн көрген.
Абайдың музыкалық мұралары тек кеңес өкіметі тұсында ғана жинақталып, нотаға түсіріле бастаған. Бұған негіз салған ХХ ғасырдың басында Альвин Бимбоэс пен А.В.Затаевич болды. Кейін бұл істі қолға алып, жалғастырған Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Б.Ерзакович, Евгений Брусиловскийлер болды.
Абайдың басқа халық композиторларынан ерекшелігі — қазақ әндерімен қатар, орыстың халық музыкасына, қаланың демократиялық ән-романстарына, Михаил Глинка, Антон Рубинштейн сияқты классиктердің вокальдық шығармашылығына құлақ түруі, содан үйренуі. Абай әндерінен орыстың, украинның халық әндеріне, романстық лирикалық үлгісіне, демократиялық музыкалық дәстүріне сарындастық айқын сезіледі. Абайдың «Сұрғылт тұман», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Өлсем орным қара жер...», т.б. әндері – қазақтың ән шығармашылығында жаңалық ашқан шығармалар.
Абай әндерінің барлығы музыка зерттеушілерінің арасында зерделенгенмен, қазіргі жас ұрпақ санасында толық қалыптаспай келеді. Біздер Абайдың санаулы ғана әндерін естіп жүрміз. Олар: «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Татьянаның әні», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем қаламқас» сынды әндері.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында ән өнері арқылы қазақ халқының мәдениетіне өшпес із қалдырған Абайдың сазгерлік шығармашылығын зерттеген ғалымдардың бірі В.П Дернова:«Абай әндері сан жағынан көп емес, бірақ ақынның шығармашылық мұрасының бір саласы, оның әндерінің кең таралуына басты себеп өз өлеңдеріне ән шығарғаны, яғни ән өлеңге ұласқан ойды көрсетеді...» деп тұжырымдайды.
Абай - тек ән шығарушы ғана емес, ән-күйдің әділ сыншысы да. Ол ән-күй жөнінде көптеген терең, үлгілі пікірлер айтты. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер койнына кірер денең...» Бұл арада өлең деген сөз ән мәнісінде айтылып тұр. Ол музыканың адам өміріне туғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін ілесе жүретінін аңғартады.
2.2. Ақынның музыкалық мұраларының тәрбиелік мәні
Тұтас жұрттың адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеудің бір үлгісі өнер, соның ішінде ұлттық өнер деп білген Абай сөз бен саздың, әуеннің ара-жігін ашпады. Екеуін де тәрбиелік бағытта қуатты құрал ретінде жұмсай білген. Ол ең алдымен өнерпаз беделін көтеріп, көпке әйгілі етудің жолдарын жиі қарастырып отырған. Қолынан келгенше жас өнерпаздарды өз ауылына шақырып, жиі мәжілістес болып, ұзақ уақыт қолынан ұстап, ән сырын, өнер сырын ашып, түсіндіріп, жол-жөн нұсқап отырған. Әсем әнді құлай сүйген ақын өресі биік өнерге қатаң талап қойған. Әнді тыңдауда, әншіні бағалауда табиғи талант иесін жоғары қадір тұтқан.
Қазақ қазынасының қайнар бұлағынан сусындап өскен,халқымыздың дара перзенті Абайдың әрбір шығармасы қай ғасыр ұрпағын болмасын инабаттылыққа, парасаттылыққа, имандылық пен ізгілікке тәрбиелейді.
«Бойы бұлғаң» әнінде байлығы мен дәулетіне мастанған байды өткір сықақпен шенейді.
Бойы бұлғаң
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым
Қатты састым
Тұра қаштым, жалма – жан.
Ақын топас екі жүзі адамдардың әрекет – қылықтарына ашу- ызасын білдіреді. Ақын өткір сыншы, сатирик ретінде көрінеді. Адам бойында кездесетін жағымсыз мінез әдеттерден (екіжүзділік, жағымпаздық) қасиеттерден аулақ болуға, жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелейді.
Қазіргі таңда адамдар арасында жағымпаздық, екіжүзділік, пара беру арқылы өз ойын жүзеге асыру сияқты әрекеттер белең алуда. Бұл әнді айта жүріп жастар ненің жаман, ненің жақсы екенін түсіне алады.
«Өзгеге көңілім тоярсың» адам өміріндегі әннің мән- маңызы туралы тұжырым жасайды. Ән-дертке дауа. Ән құдіретін тек көкірегі ояу түсінігі мол, саналы адам ғана ұғына алады. Ән халық шешендігін, тілді құрметтеуге, адамгершілік және эстетикалық қасиеттерді ұғына білуге тәрбиелейді.
«Өзгеге көңілім тоярсың» әні өлеңнің күшін, жол сезіміне әсерін білдіре келіп, жастарға ақыл, қайрат, жігер беріп, өзінің балалық шағынан бастап бүкіл өмірін ән күймен суреттеп, бейнелеген. Әдеті надан адамның, – деп адам бойындағы жігерсіздік, жасықтық сияқты жағымсыз қасиеттердің мінеп шенейді. Ән көркем сөз бен тілді құрметтеуге, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға, адамгершілікке, тәрбиелейді. Қызыл тілдің құдіреттілігін мақтап, еңбек етуге шақырыды.
Бұл әннің де ерекшелігі өн бойында көрініп тұрғандай. Өйткені әр адам ана сүтімен дарып, ата-баба қанымен сақталып қалған тілімізді, оның байлығын, қасиетін, шынайылығын, құдіретін тануы керек. Бірақ бүгінгі таңда бұдан жастарымыз алшақтап бара жатырған секілді. Көбіне орыс, шет ел тілінде сөйлеуге бейім олар өз ойларын да қазақша жеткізе алмайтыны шындық. Ән әрқашанда адам жанын елітіп отырады. Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсың» әнін тыңдау арқылы, айту арқылы да жас ұрпақ өз бойына керектіні ала алады деп ойлаймын.
«Сегіз аяқ» өлең мәні әуені жымдасқан жаңа ұйқас үлгісімен құрылған ән.
Өткірдің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас
Білген маржан
Білмеске арзан
Надандар бәһра ала алмас
Қиналма бекер тіл мен жақ.
Көңілсіз құлақ ойға олақ. Бұл шумақтарда қызыл тілдің құдіреттілін айтса,
Келесі жолдарда елдің берекесін кетіріп, көзін аштырмай отырған бір-бірімен дауласу, қастасу, өтірік арыз беру секілді жаман әдеттер екенін нақтылап көрсеткен ақын:
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың,-деп өкініш білдіреді.
Елді бірлікке, татулыққа шақыру — өлеңнің ең бір күшті сарыны.
Біріңді, қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос, -
деген үлкен қоғамдық мәні бар терең мағыналы түйінді ойын ақын ерекше тебіреніспен айтады. Немесе,
Басында ми жоқ,
Өзіңе ой жоқ.
Күлкішіл кердең наданның
Көп айтса көңді
Жұрт айтса болды.
Абай бұл әнде өмірде көңілге түйгенін,
көргені мен сезгенін, қиянаты мол өмірдегі тартыс таласты, өзінің
алдына қойған ғұмырлы мақсатын баяндайды. Бұл әндердің әні мен сөзі
үйлесе келе, қазіргі сөз бен саздың қадірін жетік түсіне алмай
жүрген жаңа заман жастарының бойына сіңірсе, көкіректеріне ұялатса,
бүгінгі ұлттық құндылықтан жұрдай, адами қасиеттерді шетке ысырып
қойған.
Ащы сатира типтес « Бойы бұлғаң» әні. Ән
күтпеген жерден шарықтап, ашу ызаны білдіреді. Ойсыз, қарекетсіз,
күйсіз күн кешкен, көңілі ұйқыдағы топастың мінезіне наразы болған,
ащы үн жан ашуы.
«Қараңғы түнде тау қалғып»
Аударма болғанмен ұлттық нақышқа толы. Әуенде орыс романсының элементтері бар. Әннің ерекшелігі мәтін мен әуен ажырамастай тұтас.
Қараңғы түнде тау қалғып
Ұйқыға кетер балбырап
Даланы жым-жырт, дел-салғып
Түн басады салбырап.
Түнгі табиғат көрінісі, қараңғылық кезіндегі адамның сезімі суреттеледі. Табиғатпен бірге адам да ұйқыға кетердей, әннің әуені мен мәтіне керемет жымдасқан.
«Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әні терең сезімде келетін баяу, сабырлы сазды басталып, жапырағы сарғайған қайыңның жай күйі әсерлі әуенде баяндалса, екінші бөлімде әлде бір жан күйзелісін білдіретін мергеннің оғы тиіп, қалжыраған киіктің аянышты халіне ауысады. Ал, үшінші бөлімде алғашқы екі жолдағы бастапқы әуен қайталанса да, кенет шырқау биікке көтеріліп, біраз қалықтап тұрады да, сабырлы да терең сазды, ойлы сезімге ауысады.
«Айттым сәлем, қалам қас»...- Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Өлеңде ақын жастықты, ғашықтықты жырға қосып, екі жастың сүйіспеншілігін ашып көрсетеді. Кейіпкер монологы арқылы оның жан-жүрегін, кіршіксіз ақ махаббатын сөйлетеді. Туындыдағы сүйген қызына сәлем жолдаушы жігіт – Абай тұсындағы оқыған, өмірден тоқығаны көп жаңа тұрпатты азамат.
Бұл әнді 1934 жылы профессор
Б.Г.Ерзакович нотаға түсірген.Оның әуені сырғи созылып, кеңінен
орындалатын қазақтың халық әндерімен төркіндес жатыр. Абай бұл
әнмен қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-санасына, дәстүріне қайшы
келмейтін жастықты, сұлулықты, махаббатты жырлайтын жаңа бір
поэзиялық музыка жанрын дүниеге әкелді. Музыкалық 6 ∕4 ырғақ-өлшем
жүйесіндеқалыптасқан.
Бұл әнде нәзік сезім, ұлы сезім – махаббат
жайында айтылады. Қазіргі жастардың жеңіл әрекеттерін түзетуге, ұлы
сезімді құрметтеуге үйрететін мол тағылым
жатыр.
Тағы бір айта кететін нәрсе - Абай әндері, сөзі мен музыкасы біте қайнасып жатқандықтан, өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінше, орындаушының көрінген өлеңге жегіп алып, жүре беруіне келмейді. Мысалы, «Қараторғай», «Екі жирен», «Жиырма бес», «Аққұм» сияқты әндерді бірінің сөзімен бірін айта бересің де, Абайдың «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң» сияқты әндерін бірінің сөзімен бірін айта алмайсың. Қазақтың халықтық ән дәстүрінде бұл да бұрын-соңды кездеспеген жағдай деп айта аламыз.
Ұлттық поэзиямызға жаңа мазмұн, жаңа түр беріп, сол арқылы қазақ халқының дүниетанымын, көзқарасын кеңейтіп, ақыл-ой санасын тереңдетіп, жаңа өріске бастаған ақын қазақ музыка өнерін дамытуда да асқан жаңашыл болды. Бүгінгі ұлттық музыка әлемінде «Абай стилі» деп аталатын ақынның музыкалық мұрасы – соның айғағы. «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» деген ақын поэзияға қойған заңғар талабын қазақ музыкасына, оның ішінде қазақ өнеріне де қоя білді.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы» деген Абай музыка жайындағы ойын былай түйді:
Құр айғай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған,
Кісіге сән бе екен?
Немесе:
Жаманға «жар» деген-ақ, ән көрінер,
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер?
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп,
Жабырқаған көңілің көтерілер.
Ұлы ақынның әнге деген терең философиялық көзқарасы оның көптеген өлеңдерінен осылай мен мұндалап тұрады.
Бала кезінен барлық өнердің
түріне баулыған талапты інісі Шәкәрімнің домбыраға құмарлығын
байқап, Керейдегі Біткенбай деген атақты домбырашыны алғызып
Шәкәрімге көптеген қазақ күйлерін үйретеді. «Менің домбыра ұстазым
- Біткенбай, оны тауып беруші - Абай» [4, 8-б.] ,- дейді Шәкәрім.
Жалпы қасындағы жастарды ән өнеріне баулыған Абай музыкалық аспап
түрлерін де байытқан ғой. Қазақтың қара домбырасынан басқа орыстың,
татардың ұлттық аспаптарының сахараға келуіне себепкер болады. Бір
жағы қала музыканттарынан үйренсе, екінші жағы бұл жаңалықты
әкелуші Омбыда оқитын Халиолла, кейіннен Абайдың баласы Әбдірахман
болды. Әрхам Кәкітайұлы өз естелігінде былай деп жазды: «Халиолла
келген соң жазда басталып ортасы үзіліп қалған орысша оқу, ән-күй,
домбыра, скрипка, гармонь, ойнап үйренуді қайта қолға алады» [3,
72-б.]. Нәтижесінде, Абай ауылы домбыра, қобыз, сыбызғыдан бөлек,
қазақ жұртына таңсық скрипка, гармонь, мандолина сияқты аспаптарда
еркін ойнайтын дәрежеге жетеді. Бүгінге дейін кең қолданылатын ақын
еліндегі үш шекті домбыра сол Абай заманында орыстың мандолинасынан
көшкен болса керек. Жүз жасаған халық ақыны Шәкір Әбеновтің қолынан
үш шекті домбырасы түспегенін ескерсек, Абай әкелген осынау бір
жаңалықтың да ел арасына қаншалықты сіңісті болғандығына көзіңіз
жете түседі. Абай музыка аспаптарына деген ерекше ықыласы, оның
күйшілік өнерден де құр алақан еместігіне куә. Абай күйлері - оның
өзі бөлек тақырыпқа сұранып тұрған
дүние.
Оның ән-күй туралы айтқан өлең
шумақтары қалың жұртшылыққа нақыл сөз үлгісінде тарап кеткен. Ән
мен күйдің адамның ішкі жан дүниесіне, сана-сезіміне әсері, олардың
терең мәні жөнінде Абай жырларында жиі кездеседі. Осы ретте Абайдың
әндерін білмейтін қазақ жоқ дейсің, ал күйлеріне келетін болсақ,
домбырашылардың да есіне түспей қиналып қалатын кездері
болады.
Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, оларды жетікізушілері мен жазып алып қалғандардың көзі қалмады, екіншіден, оларды насихаттаушылар жоқтың қасы, үшіншіден, зерттеушілердің назарынан тыс қалған.
Дара да дана ақынның әндерімен қатар өзі шығарған күйлері де бар. Қазіргі заманға Абайдың төрт күйі ғана жетіп отыр. «Торжоға», «Май түні», «Абайдың желдірмесі», «Майда қоңыр» күйлері табылғанмен өкініштісі бұл күйлер әлі толық зерттеліп болмаған.
Оның «Торыжорға» және «Май түні» атты күйлерін 1984 жылы теледидардан Ғайса Сармурзин орындаған. Бұл хабарды ұйымдастырып және оларды алғаш рет нотаға түсірген күйші, зерттеуші Уәли Бекенов болды. Оның алдында 1977 жылы экспедициялық іссапармен Шығыс Қазақстанға барған ғалым Қайролла Жүзбасов Қатонқарағайда тұратын Хамза Демшіновтен «Абай желдірмесін» жазып алған екен. Ал, Абайдың соңғы табылған күйі «Майда қоңыр». Бұл туынды шұбартаулық домбырашы Жүнісбай Стамбаев деген ақсақалдың орындауында Құрманғазы атындағы консерваторияның фольклорлық зертханасында сақталған. Абайдың «Майда қоңыр» күйін тауып, қайта жаңғыртып, насихаттап жүрген дарынды күйші Мұрат Әбуғазының еңбегі орасан десек артық айтқан болмаспыз, оның орындауында Абай күйлері «Қазақтың 1000 күйі» топтамасына еніп, насихаттауға мүмкіндік алып отыр. Бұл күйлердің ішінде «Торыжорға» туралы кезінде жазушы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында суреттеген болатын.
Сонымен қатар, Абай әндерінің бірден бір жеткізушісі тікелей өз ұрпағы – немересі Мәкен Тұрағұлқызы.
2012 жылы Елордадағы Қазақстан-Ресей университетінде «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының ұйымдастыруымен Абайдың немересі Мәкен Тұрағұлқызының 100 жылдық мерейтойына орай «Мәкен жеткізген әндер» деген атпен дәріс-концерт өтті.
Ұлттық поэзияға жаңа түр, жаңа мазмұн сыйлап, сол арқылы қазақ халқының дүниетанымының кеңеюіне жол ашқан, қазақ музыка өнерін дамытуда да асқан жаңашылдығымен кейінгіге өнеге болған ақын Абайдың айналасы да өнерден құралақан емес еді. Ол кезінде «Абай жолы» романында тиянақталып жазылды. Ал ұлы ақынның немересі, яғни, Тұрағұлдың кенже баласы Мәкен апайдың жөні тағы бөлек. Ол атасының әндерін ыждағаттылықпен тыңдап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізе білген бірден бір тұлға. Ақынның қазіргі кезде айтылып жүрген әндері осы Мәкен Тұрағұлқызы арқылы 1930 жылдан бастап нотаға түсірілген екен. Кейіннен Мәкеннің орындауындағы Абай әндерін музыка мамандары Б.Г.Ерзакович, А.Серікбаева, Қ.Жүзбасовтар нотаға түсіріп, магнитофон таспасына жазып алған. Мәкен Тұрағұлқызының 100 жылдық мерейтойына арналған дәріс-концертте Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Абай әндерін орындаушы, әнші Кенжеғали Мыржықбаев қатысушыларға осы жайттарды анықтап айтып, әрбірінің тарихын түсіндіре отырып, ақынның «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» әндерін орындап берді.
Жұмысыма байланысты зерттеу жүргізе жүріп кітапханаларды, кітап дүкендерін аралап, сауалнама, сұхбаттар жүргіздім.
Абай әндері мен күйлері туралы мектеп оқушыларына сауалнама жүргізу барысында мынадай қорытындыға ие болдым.
Мектеп оқушыларына сауалнама жүргізу қорытындысы бойынша:
Абайдың күйлерінің атауы |
Оқушы саны |
Оқушылар жауабы |
|
Білемін |
Білмеймін |
||
Май түні |
100 |
5 (музыка мектебіне баратындар) |
95 |
Торжорға |
|||
Абайдың желдірмесі |
|||
«Майда қоңыр» |
Бұл нені көрсетеді? Яғни, бүгінгі жастар арасында Абай әндері танымалдығы төмен. Мектеп бағдарламасында музыка пәні тек 6-сыныпқа дейін оқытылатын болса, сол оқулықтарда «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы» әндері ғана берілген. Сондықтан оқушылар осы әндермен ғана таныс. Оның өзі жастар арасында айтылмайды.
Ал жастар ақынның күйлері туралы мүлдем білмейді деуге болады.
Өз көзқарасыммен саралай келе, қазіргі жастың бәріне бірдей кінә артуға болмайды. Қазіргі заманның талабы да өзгерді. Әлемге танылып, 30 елдің қатарына қосылуға ұмтылған тәуелсіз еліміздің алдына қойған өзіндік мақсаты бар. Ал жастар соған байланысты шет тілін меңгеруге күштерін жұмсап, заманауи әндерді тыңдауға құштар. Үнемі құлақтарында жүрген шетелдік шулы әндер ұлттық әуендерімізді жоғалтуымызға себеп болады.
ІІІ. Қорытынды
Қазақ барда ақын музыкасы мәңгі жасайды.
Қорытып айтқанда, Абай дарынды композитор болды, өзінің нота сауатынан хабарсыздығына қарамастан, ән шығару ісінде айта қалғандай жаңалықтар тудырды. Оның басты себебі - Абай поэзиядағы сияқты музыкалық шығармашылықта да орыс халқының прогресшіл өнерінің артық шылығын түсініп, оны меңгеруге тырысты. Сөйтіп қазақтың халықтық музыкалық дәстүрінде ол өзіне дейін болмаған жаңа үнді, жаңа ырғақты ән шығарды. Сонымен қатар ақын, композитор, орындаушы - үшеуі бір кісі болған тұста ол қолынан келгенше, олардың арасында еңбек белісінің керектігін сезіп, өз аулында, айналасында болса да, сол жұмыстың басын бастап кетті. Өзінің баяу даусымен шығарған үлкен сырлы әндерін халық көпшілігіне жеткізудің бар шарасын қолданды. Оның ән, күй, орындаушылық женінде қысқаша айтып кеткендерінің әлі күнге дейін ұлкен мәні бар. Композиция жағынан Абайдың музыкасы көп жанрлы деуге болады. Онда драма, сатира, трагедия, әдет-ғұрыптық, жаратылыс суретін бейнелейтін сан түрлі музыка бар. Ал оның музыкалық сыншылығында жан-жақты, терең философиялық пікірлер жатады.[1]
«Музыка мен ақындық сөз бір-бірімен жымдаса отырып, жүрекке жылы, ұнамды бірлік жасайды» - дейді ойшылдар. Ән тыңдағанда құлақтың құрышы қануы үшін әншілерге әннің сөзіне де аса мән берген жөн. Өйткені «ән адам жанын жарқындатып жалындатуға тиіс» - дейді Бетховен. Жанымыздың жалындауы үшін тыңдап отырған әннің сөздері де жалынды болуы керек. Не істесек те ел мүддесін естен шығармағанымыз жөн. Ең бастысы, ендігі жерде мағыналы сөзі бар жағымды әнге ұлттық болмысымызға сай бейнебаян түсіретін әншілердің саны артса құба-құп.
Осы ғылыми жобамды қорғауға іздену барысында ұлы ақынның сазгерлік қырларын тани бастадым, көп нәрсеге көзім жетті. Алдыңғы толқын аға-апаларымыз да кейінгі буын біздер де Абай өлеңдерінен нәр алып сусындап өсіп келе жатырмыз. Бірақ ХХІ ғасыр жастары бұл әуендерді ұмытпауы тиіс. Алда әлі талай жас ұрпақ өседі. Ақын шығармалары мәңгі жасауы тиіс. Сондықтан бұл әуендер бояуы көмескіленбей, таза күйде сақталып, тәрбиелік мәні бар ең тиімді жолдармен ұрпақ санасына жеткізілсе, ұлттық құндылығымыздың бір шырағы сөнбес еді. Қанша жылдар өтсе де ақынның әлі де талай жаңа қырлары ашылары сөзсіз.
Әлемге біз осындай ұлттық мұраларымызбен де танылып, өзіндік болмысы бар халық екенімізді білдіре аламыз.
Ұсыныс:
Абай әндері мен күйлерін бала нәресте кезінен бастап құлағына сіңіріп өсуі керек. Сондықтан әр отбасына арналған бесік немесе ұлттық ойыншықтар ақын әндерімен, күйлерімен толықтырылса.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Әлімқұлов Т Әнді сүйсең менше сүй: Абай әндерінің халықтығы жайында
Қазақ әдебиеті.- Алматы, 1970. 3 июль
2. Бекенов У. Абайдың музыкалық мұралары:Абайдың туғанына 150 жыл
толуына орай Қазақ әдебиеті.-1993.-11маусым.-4 б.
3. Ғизатов Б.Абай әндері. /
Құрастырған және алғы сөзін жазған Ғизатов. Б.Алматы «Өнер» 1994. – 80 б.
4. Дернова В.Абайдың музыкалық мұрасы.кітапта: Қазақтың музыка мәдениеті
//Құр. П.В.Аравин, Б.Г. Ерзакович. – Алматы, 1957. – Б. 99-119.
5. Мухамбетова А. Источник творческой разработки о создании композитором
Г. Жубановой “Песни Татьяны” в пер. Абая/ //Советская музыка. –Алматы,
1982. §9. –С. 17-20.
6. Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 3-кітап. - Алматы: Дәуір,
1995, - 320 б.
7. Өтебаева С.Абай және музыка//Ақиқат. – Алматы, 1992 №3. – Б. 65-66.
8. Мұхаметқалиқызы А, Қазақстан-Ресей университеті Абайтану ғылыми-
танымдық орталығының директорының «Әнді сүйсең, менше сүй...» немесе
Әлмағамбет Қапсалямұлы жайында не білеміз?» мақаласынан «Астана
ақшамы» газеті 2015 жыл (ғаламтор беті)
12