Материалдар / Ғылыми жоба: А.Байтұрсыновтың патша үкіметі тұсындағы қоғамдық саяси қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба: А.Байтұрсыновтың патша үкіметі тұсындағы қоғамдық саяси қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
маетриал тарих пәні мұғалімдеріне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
3469
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҢДАУХАТ



ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ ұлтының мүддесін қорғап, қызмет ету оңайға түспегені баршаға мәлім. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында А. Байтұрсынов халықтың тағдырын ойлап қырғын мен қатерден сақтап қалу мақсатында берген ақыл-кеңестері мен атқарған зор еңбегі, оның көрегендігін байқатып қана қоймай, саяси пісіп-жетіліп, үлкен күрес жолына түскен саясаткер екенін танытты. А. Байтұрсыновтың ұлтжанды қайраткер екенін кеңес үкіметі тұсындағы жанқияр қызметтері дәлелдейді.

А. Байтұрсынов «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін ұйымдастырып құруда белсенді қызмет етіп, осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруда үзенгілес зиялы қайраткерлердің көшбасшысы болды. «Алаш» партиясының кемеңгері ретінде өзінің білімділігімен, саяси сауаттылығының тереңдігімен ерекшеленді. Азамат соғысының аласапыранында әскери-соғыс істеріне қатысты белсенді ақыл-кеңес беріп, соғыс зардабынан түрлі азапты шегіп, ашаршылық пен ауруға ұшыраған қазақ халқына азық-түлік пен медицина көмегін ұйымдастырды.

Қарастырып отырған тақырып отандық тарихымыздың күрделі саяси кезеңдерімен және барлық саяси оқиғалардың арасында біте қайнасып жүрген А.Байтұрсыновтың Алаш көсемі ретінде қалыптасу жолдарына, саяси көзқарастары мен қоғамда атқарған қоғамдық-саяси, мемелекеттік қызметтерін кешенді зерделеуге арналған.




















Аннотация

20-30-е годы ХХ века, чтобы защитить интересы казахского народа известно что не так просто. Во время национально-освободительного движения 1916 А. Байтурсынова о судьбе резни населения и угрозы для того, чтобы сохранить его совету, и его видение проделанной работе, есть не только показать политической силы в силу, и показал путь политической борьбы. А. Байтурсынов патриотического рисунка видно, что в Советском Союзе в самоотверженных услуг.

А. Байтурсынова партия "Алаш" и "Алаш" правительственная организация активно в создании и реализации работы в этом направлении был лидером интеллектуалов работающих вместе фигур. Партия "Алаш" продемонстрировала глубину своих знаний и навыков в качестве политического гения грамотности. В хаосе гражданской войны военно совет по отношению к делам войны для казахского народа, которая страдает от последствий войны, голода, и болезни была организована пищевая и медицинская помощь.

Обсуждается Отечественные и сложные политические периоды в истории на тему, как лидер политических событий, неразрывно связаны с Совещанием Алаш был путь, в котором формирование политических взглядов и общества для изучения сложных социальных, политических, общественных услуг.










Annotation

20-30 years of the twentieth century to protect the interests of the Kazakh nation is well-known not easy. During the national liberation movement of 1916 A. Baitursynov about the fate of the massacre of the population and threats in order to preserve his advice, and his vision of the work done, there is not only a show of political strength to strength, and showed the path of the political struggle. A. Bajtursynov patriotic figure shows that in the Soviet Union during the self-sacrificing services.

A. Baitursynov party "Alash" and "Alash" government organization active in the creation and implementation of the work in this direction was the leader of the intellectuals figures. "Alash" party demonstrated the depth of their knowledge and skills as a political genius literacy. During the Civil War military advice in relation to the affairs of the war and suffered the effects of war, famine, and illness was organized by the Kazakh people, food and medical assistance.

Domestic and difficult political periods in the history of the topic is being discussed as a leader of the political events are inextricably linked with the meeting of Alash was the way in which the formation of political opinion and society for the study of complex social, political, public services.




















МАЗМҰНЫ


І.Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім

1.1.А. Байтұрсыновтың патша үкіметі тұсындағы қоғамдық-саяси қызметі

1.2. Ахмет Байтұрсыновтың Кеңестік жүйе тұсындағы мемлекеттік қызметі

ІІІ.Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
































КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Туған халқымыз ғасырлар бойы аңсаған азаттық таңына қол жеткізген күннен бастап, кешегі кеңестік кезеңде тарих сахнасынан ұмытылып, жалған жаланың құрбанына айналған ұлт зиялылары мен асқақ рухты Алаш арыстарын, елдікке бастаған ел көсемдерін түгендей бастады. Кеңес өкіметі патшаның отаршылық саясатын жалғастырған сәтте, олар азапты азаттық жолына тағылымды ғұмырын арнап, халықтың ұлттық санасын оятты, өмірдің тар жол, тайғақ кешуін өткерді. Абақтыға қамалып, лагерь тепкісіне түсіп, ұзақ азап көріп, ең соңында репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылды. Осындай мұңлы жүректің ауыр тағдырын, Алаш азаматтарының ұлт-азаттық қозғалысының тарихын қайта қарап, жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор. Большевизм қылышынан қан тамған кезеңде ғұмыр кешіп, ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі болғанұлт жанашыры – Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін зерделеу мәселесі басты нысанаға алынды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Кеңестік тарих ғылымы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қызметтерін зерттеуге тыйым салды, ал зерттеле қалғандары сыңаржақ бағаланып, тарихи шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да тарихтың бұл беттерін қайта қарастырып, әлі де болса қолданбай келген мұрағат құжаттары арқылы жаңа шынайылық көзқараспен сынай отырып, қазақтың «қырық төресінің» бірі Ахмет Байтұрсыновтың Ресей патша үкіметі, Кеңес үкіметі тұсындағы қайраткерлік өмірі мен қоғамдық-саяи және мемлекеттік қызметтері туралы тарих саласында осы кезеңге дейін толық, арнайы түрде ғылыми тұрғыдан зерттелмеген тұстарын кешенді түрде ашып көрсету тақырыбымыздың өзектілігі болып отыр.

А. Байтұрсынов 1905 жылдан бастап өмірінің соңына дейін (1937 ж.) саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді, сол үшін 1907 жылдан бастап қуғынға ұшырап, бас бостандығынан айырылып, кейін Қазақ даласынан тысқары жерлерге жер аударылады және оған «саяси сенімсіз» деген айдар тағылып үнемі патша үкіметінің бақылауында жүрді.

1913 жылдан бастап «Қазақ» атты апталық газетін ұйымдастырып, осы газет арқылы саяси үгіт-насихатқа өзі жетекшілік етіп, айналасына қазақ зиялыларын топтастыра білді. Отарлық езгіге қарсы ірі саяси оқиғаның бірі – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұсында қазақ халқын аман-сау сақтап қалудың жолдарын іздеп, патша үкіметі мен халықтың арасында ымырагершілік саясатын ұстанды. Саяси саутты, мол тәжрибе жинақтаған А. Байтұрсынов осы тұста газет арқылы халықтың «һәм құлағы, һәм көзі» және нағыз жанашырына айналды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. А. Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып, бұрын тарихымызда белгісіз болып келген әрі бұрмаланған тұстарын тың деректерге сүйене отырып тарихи шындық тұрғысынан зерттеу– зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:

А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі жайында бұрын жарияланбаған құжаттар мен деректерді ғылыми айналымға енгізу;

Қайраткердің қоғамдық, саяси, мемлекеттік және ғылыми қызметіне қатысты барлық зерттеулерді, мұрағат құжаттары мен басқа да дерек көздерін жаңа заман талаптары тұрғысынан саралап, ол туралы баға берген еңбектерді талдап, қарастыру;

Саяси көзқарасының қалыптасуына тигізген оның өскен ортасының әсерін анықтау;

Білім алған орны мен ағартушылық қызметінің саяси күрестегі орыс зиялылары арасындағы арақатынасын салыстыру арқылы оның дүниетанымын, саяси көзқарасының өсуінің ішкі мазмұнын, табиғатын ашу;

«Қазақ» газетін ұйымдастырып, сол арқылы атқарған қоғамдағы саяси үгіт-насихаттық күресін айқындау;

Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін орнатуда, ұлттық тұтастыққа қол жеткізу жолында жүргізген саяси күрестерінің бағыттарын ашу;

Кеңестік билік тұсында атқарған мемлекеттік, қоғамдық-ағартушылық және ғылыми қызметтерін бағамдау;

А. Байтұрсыновтың тоталитарлық жүйенің қуғын-сүргініне ұшырауын деректер негізінде дәйектеу.

Зерттеу нысанасы.Кеңестік қоғам дамуындағы ұлт тұлғаларының тарихтағы орнын анықтап мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым А. Байтұрсыновтың өмірі, қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін қарастыру.

Зерттеу пәні. А. Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін өзі өмір сүрген және қызмет еткен қоғамның дамуымен байланыстыра зерттеу, саяси көзқарастарына талдау жасау.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық. Танымдық мүмкіндіктердің көбеюі зерттеу негізіне саяси, тарихи-мәдени, өркениеттілік тәсілді қолдануға жол ашты. Зерттеу әдістемелік негізіне ғылыми танымның жүйелілік, салыстырмалы талдау және тарихи шынайылық ұстанымдары қолданылды.

Ғылыми жобаның жаңалығы.Жетпіс жылға жуық уақыт бойы А. Байтұрсыновқа «саяси сенімсіз», «буржуазияшыл», «ұлтшыл», «халық жауы» деген айдармен, тарих көшінде тиісті орнын бермей келгені құпия емес. Бүгінгі қазақ ұлтының ұрпағы үшін А. Байтұрсыновтың қандай ауқымды тарихи міндетті орындағаны енді ғана белгілі болып келеді.
Ғылыми жобаның құрылымы
. Зерттеу жұмысы кіріспеден, тақырыптың мазмұнын ашатын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер

тізімінен тұрады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1.1. А. Байтұрсыновтың патша үкіметі тұсындағы қоғамдық-саяси қызметі

Бүгінгі тәуелсіздік таңы арайлап атқанда, кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтардың есімі қайта оралып, сөнген шырақ жанып, жоғалған табылды. Алаш арыстары жылдардың жүзінде арамызға қайта оралды. Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, халқының дарынды перзенті, ұлт-азаттық қозғалысының рухани көсемі, «Қазақ» газетін ұйымдастырушы және оның бас редакторы, «Алаш» партиясының, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаушы қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 5 қыркүйекте Торғай уезінің Тосын болысындағы 5 ауылында Сарытүбек деген елді мекенде дүниеге келген. А.Байтұрсыновтың замандасы әрі қаламдасы М.Әуезов 1923 жылы Ахметке арнаған мақаласында, оның тегі жөнінде. «...Сүйегі – Арғын, оның ішінде Үмбетей болады. Бергі аталары Үмбетейден шыққан Шошақ, Түбек. Ақаң Шошақтың немересі. Өз әкесінің аты – Байтұрсын» деген мәлімет береді [1, 17].

Айта кету керек, осы күнге дейін А. Байтұрсыновтың туылған жылы мен күні барлық ресми құжаттар мен басылымдарда 1873 жыл 25 қаңтар деп көрсетіліп келеді. Алайда, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағат қорында сақталған «Служебный список сотрудника Наркомпроса КССР» [2]11 және 1926-1927 жылдарға арналған «Личное дело председателя Академического центра Байтурсунова Ахмета Байтурсуновича» [2] атты құжаттар топтамасында Ахметтің өз қолымен толтырған құжаттарда «туылған жылым 5 қыркүйек 1872 жыл» және өз қолымен жазған «Жизнеописаниесінде» [3]12де «Туылған жылым мешін 1872» деп көрсеткен.

А. Байтұрсыновтың азамат болып қалыптасуына бірқатар факторлар ықпал етті. Алдымен, Ресей үкіметі реформаларының көпсалалы шешімдері іске асып, халқымызды отаршылдардың боданына айналдырғаны; екіншіден, оны құқықпен заңдастырған билігі, қазақ халқын әлеуметтік-саяси, экономикалық тұрғыдан аямай езіп-жаншуы; үшіншіден, кең даламыздың жекелеген намысқой азаматтарын жәбірлеуге, қорлауға жаппай әкімшілік құқық бергені.

А. Байтұрсыновтың отбасына түскен зор қасірет орысша оқуға түсуіне басты себеп болғандығын былайша баяндайды: «... осы бақытсыздық менің Торғай қаласындағы мектепке түсуіме себеп болды» [2, 209] деп өз қолымен жазған өмірбаянында көрсеткен, яғни патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күресу үшін, алдымен олардың тілін меңгеру керектігін ұғынған А. Байтұрсынов орысша оқуға түскенін анық айтқан. Анасынан ең алғашқы жазу-сызуды үйреніп, 1886 ж. Торғай қаласындағы уездік 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне оқуға түсіп, оны 1891 ж. бітіріп шығады. Оның осы мектеп қабырғасында оқығанда оқу үлгерімі туралы куәландыратын құжат деректерді біз мұрағаттарда кездестіре алмадық. Дегенмен, А. Байтұрсыновтың осы жылы оқуын әрі қарай жалғастыру үшін Орынбор училищесінің мұғалімдер дайындайтын мектебіне оқуға түскендігін мұрағат құжаттары растайды.

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін мінезді батыл ойшылдың бедел-атағы өсе бастайды.

Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралыдағы  екі сыныптық училищінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді[4].

Сол кездегі бұйрық бойынша жас мамандар жіберілген жұмыс орнына тамыз айының 1-нен қалмай орналасып, онда 6 жыл қызмет етуге міндеттелген. А. Байтұрсынов оқу бөлімінің Аймақтық Қамқоршысының атына өтініш жазып, жолдамада белгіленген қызмет орнына жету үшін қаражатының жоқтығына байланысты оқу Кеңесі есебінен 60 сом ақшалай қарыз беруін өтінеді. Қарызданып Арынғазы ауылына жеткен А. Байтұрсынов жолдамада көрсетілген 6 жылды толық өтей алмады. Ахметкерей Қонысбаев деген байдың, кейіннен Аманқарағай ауылнай мектебінде бір жылға жуық бала оқытады. Осы жердегі Аманқарағай қорықшысының қызы Александра Ивановнаға үйленіп, Қостанай уезіндегі Әулие көл елді мекенінде бастауыш мектепте мұғалім болады.

Патша заманында да саяси күрес жолына түскен қазақтың белді азамат­тары, зиялы қауым өкілдері қуғындалған. Қуғын-cүргін әр заманда болған. ХХ ғасырдың басында қазақ халқы бірнеше қуғын-сүргінге ұшырады. 1905 жылы патша­ның сөз, баспасөз бостандығы жарияла­нысымен жаңадан қалыптасқан ұлт зиялы­лары билеуші үкіметтің отарлық езгісіне қар­сы ұлт-азаттық күрестің бастапқы қада­мын баспасөз арқылы бастаған болатын. Қазақ тіліндегі газет шықпай тұрған кезде патша үкіметінің әккі саясатын татар, орыс тіліндегі басылымдарға жариялау талаптары қойылған арызхаттарды (петициялар) жоғарғы орындарға жолдау, Мемлекеттік Дума мінберіне шығып сөйлеу арқылы әшке­релеуге тырысты. Олардың баспасөз арқылы ұлттық мүддені көздеуі, жер дауы, жесір дауы, тіл, дін мәселесі жайында ашықтан-ашық пікір айтулары билікке ұнамады. Ә.Бө­кейханов, Ж.Ақбаев сынды азаматтар­дың елдің сана-сезімінің оянуына шақырған, оқу-білімнің мән-маңызын насихаттаған, ғылым мен мәдениетке үндеген мақалалары, Қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер-білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы, дербес мемлекет құру сияқты негізгі мақсатқа жете­леген Ахметтің «Масасынан», Міржа­қып­тың «Оян, қазағынан» билеуші үкімет сескенді. Сондықтан олардың жүрген іздері, сөйлеген сөздері жіті бақылауға алынып, құпия түрде олардың «ұлтшылдығын» дәлел­деген қат-қат томдар жинақталды [5]. 

Алды абақ­тыға қамал­са, артына айыппұлдар са­лын­ды. Мәселен, Міржақыптың «Оян, қа­зақ!» кітабы мазмұны­на орай панисламшыл­дық идеясын тарату­шы, қазақтар арасында орыс үкіметінің сая­са­тына қарсы наразы­лық­тың тууына ба­ғыт­талған кітап деп танылған. Ол Семейде 1911 жылы маусымда қамауға алынып, желтоқсанда болған Семей өлкелік сотының шешімімен бір жылға бас бостанды­ғынан айырылған. Дегенмен сол кездегі пат­ша үкіметінің қуғындаған саясатына қара­мастан, А. Байтұрсынов «Масасы» ызыңдап, қалың ұйқыда қаперсіз жатқан халықты оятқан­ды­ғын, Міржақыптың «Оян, қазағы» халық мүд­десінің жоқшысы бола алатын саяси кү­рес­керлерді шыңдағанын атап өтуіміз керек. Демократиялық қозғалыстар одан әрі өріс­теп, қазақтың ұлт тіліндегі баспасөзі қа­лып­тасты. Дүниеге қазақтың жоғын жоқтаған, сөзін сөйлеген «Айқап» журналы мен «Қа­зақстан», «Қазақ» сияқты газеттер дүниеге келді. Ахмет Байтұрсынов ұйымдастырып шығарған «Қазақ» газеті кейін­нен Алаш партиясының құрамында бо­лып, оның қо­ғам­дық-саяси қызметін жан­дан­дырған Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, М. Ты­ныш­байұлы, Р.Мәрсеков, М.Жұмабаев, Х.Ғаб­ба­сов, Ж.Жәнібеков, Ж.Тілеулин, Х.Бол­ғанбаев, Ж.Ақпаев, Ж.Басығарин, А.Сейітов, С.Торай­ғыров, А.Мәметов, Х.Досмұхамедұлы сияқты зиялыларды топтастыра білді, олар­дың ұлт­тық идеясын бүтін жұртқа жеткізді. Халқы­мыз­­ды мазалап жүрген жер, дін, тіл, оқу-аға­р­т­уға қатысты мәселелерді қозғауға тырысты, қазақ қоғамына аса қажетті ұсы­ныс­тар ай­тып, оны бірлесе шешуге шақырды[5]. 

Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамның бірі – Сәкен Сейфуллин. Ол “Еңбекші қазақ” газетіне (1923 жыл, 30 қаңтар) “Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды” деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: “А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға күшін сатып, тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды”. “Қырық мысал”, “Маса” кітаптарын, “Қазақ” газетіне редакторлық еткен еңбектерін, Алаш кезеңін, артынан компартияға кіргенін түгел шолып айта келіп, мынандай түйін түйеді: “Қалай болса да жазушы аз ғана, әдебиеті нашар қазақ жырларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай... Елуге келген Ақаңды шын көңілден құттықтап,өмірініңұзақболуынтілеймін6].
Түркістан республикасы Орталық атқару комитеті мен Түркістан Орталық партия комитетінің газеті “Ақжол” 1923 жылғы 4 ақпанында шыққан 270-санында: “Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді”, — деп жазылған
Бұдан кейінгі уақыттарда, әділет принциптері бұзылып, адамшылықты таптаған зұлмат жылдар, нәубет, селебе, қан қырғын – репрессиялар басталған кезде, көп нәрсе мүлде бұрмаланды, “байтал түгіл бас қайғы” дейтін күндер туған. Ол шақта Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін талдап, тарихтағы орнын көрсетпек түгіл, атын атаудың өзі – қылмыс, азамат басын жұтатын, абақтыға апарар жолға айналды
Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше. Кезінде Ахмет Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. А.Смайлович, Е.Поливанов бағалы пікірлер айтқан болатын. 
Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. “Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы еңбектерінде” (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды. М.Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк)” мақаласындағы тарихи фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А.Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Мақалада тұңғыш рет ақын, ғалым, публицист, қоғам қайраткерінің туған уақыты, кіндік қаны тамған жері, ол ортаның басты сипаттары, білім алған ошақтары, қызмет еткен орындары, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастарының өзгеруі, сан алуан эволюциясы жан-жақты ашылып берілген. Ал екінші мақалада А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін, әсіресе тіл саласында ендірген жаңалықтарын саралауға арналған.
Мәскеуде 1929 жылы “Коммунистік академия” баспасынан шыққан “Әдебиет энциклопедиясының” 1-томында А.Байтұрсынов: “Аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогі... Ол – қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы” деп бағаланып, негізгі өмірбаяны беріледі, қоғамдық-әлеуметтік қызметі айтылады[4].А. Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси іске ресми араласуы 1905 жылдан басталады. Оны А. Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы жөніндегі Қазақстан Коммунистік Партия Орталық Комитетінің қорытындысында келтірілген мәлімдемеде: «1905 жылғы төңкерістік оқиғалар тұсында ол Қарқаралыда шеруге қатысқандардың қатарында болды» [7]. Қайраткердің тікелей саясатпен айналысуы 1905 жылы Қарқаралы оқиғасынан басталып, оған белсенділікпен қатысқандығын дәлелдейді.
1905 жылы қазақ оқығандарымен бірге Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып, тарихта белгілі Қарқаралы құзырхатын (петициясын) жазады. 1905-1908 ж.ж. Қарқаралыдағы орыс-қазақ училищесінің оқытушысы әрі меңгерушісі болып, екі міндетті қатар атқарады. Ұлт зиялыларының тұңғыш рет баспа бетін көрген бағдарламалы ой-пікірлер жиынтығы 1905 жылдың маусым айында Қарқаралыда «Қоянды» жәрмеңкесінде өткен съезде қабылданып, оған 14500 адам қол қойған (екінші деректе 12767 адам қол қойған) Қарқаралы хұзырхатын өмірге әкелді. Патша үкіметі алдына хұзырхат түрінде қойылған бұл талаптар қазақ қоғамының сол кездегі әлеуметтік-саяси деңгейінен туындаған жалпы демократиялық сипаттағы талаптар болатын.

Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді.Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды»[8].

1905 жылдың қараша айының аяғында Орал қаласында Дала өлкесінің 5 облысының өкілдерінің басын қосқан съезі өтті. Съезді ұйымдастырушылар ұлт зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ж. Сейдалин, М. Тынышпаев, Б. Сыртанов, Б. Қаратаев, М. Дулатов болды. Дерек материалдарын талдай отырып, хұзырхат авторлары Ахмет, Әлихандар қатарында сол кезде басқа да белсенді қазақ зиялыларының болғанын растайды.

Бірінші орыс төңкерісінен кейінгі уақытта ұлт зиялысының қоғамдық-саяси қызметі саяси тақырыптарға арнап кітап бастырып, қазақ даласына тарату арқылы қазақ халқының ұлттық саяси санасын ояту болатын. Сол мақсатпен А. Байтұрсынов ХХ ғасырдың басында ұлт-азаттық бағыттағы мысалдары арқылы насихаттаған өткір ойларын айқындай түсті. Өршіл, күресшіл сарындағы өлеңдер жинағын 1911 жылы Орынбордан «Маса» атты жинақпен шығарды. Ұлт зиялысы Ахметтің жұмсаған күш-жігерінің арқасында қазақ даласы ояна бастады, қазақтар арасында демократиялық саяси ой-пікірлер таратылды және отаршыл патшалық жүйеге қарсы тұруға өзінің өлең – жыр, үгіт – насихатымен қазақ Даласын жігерлендірді. Қорыта келгенде, біріншіден, А. Байтұрсынов Ресей патша үкіметінің қазақ халқына қарсы ұстанған отарлау саясатын әшкерелеп, оларды қатаң сынап қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақ халқына саяси даму жолдарын ұсынды. Екіншіден, халқының ұлттық сана-сезімдерін қалыптастыру үшін қазақ халқының сауатын ашып, білімге жетектеді, оның саяси-экономикалық және мәдени жағынан жайғастырылып жаңғыртылуы үшін күресті. Үшіншіден, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық жүргізу нысандарын жойып, тіршілік етуінің экономикалық негіздерінен айыруға ұмтылған патша үкіметінің саясатына қарсы тұрып, үкіметтің хұзырлы орындарына хұзырхат арқылы өз тілек-талаптарын қойып, үгіт-насихатын күрес құралына айналдырды.

1908 жылы саяси көзқарасы үшін Қарқаралы абақтысына қамалады. 1910 жылы 9-наурызда Орынборға жер аударылады. 1911 жылы «Маса» өлеңдер жинағы жарияланып, «Қырық мысал» кітабы екінші рет басылым көреді. Осы жылы «Айқап» журналында «Қазақ һәм түрлі мәселелер», «Қазақтың өкпесі», «Қазақ жерін алу турасындағы низамдар, бұйрықтар», «Закон жобасының баяндамасы», «Тағы да народный сот хақында», «Жер жайынан», «Жазу тәртібі», «Кітаптар жайынан», «Бастауыш мектеп» т.б. өзекті мақалалары жарияланады. 1912 жылы Қазақ әліпбиін (төте) түрлеп, қолданысқа ұсынады. Осы жылы «Оқу құралы» қазақша әліппесінің бірінші кітабы шығады. «Айқап» журналында «Қазақ жерін алу турасындағы низам», «Шәйзіман мырзаға», «Қазақ һәм төртінші Дума» мақалалары жарияланады. «Шора» журналында «Қазақша сөз жазушыларға», «Қазақ» газетінде «Көшпелі һәм отырықшы норма», «Шаруа жайынан», «Жер жалдау жайынан», «Земство», «Білім жарысы», «Оқу жайы» т.б. келелі мақалалары басылады [1].

Тарихқа үңілсек, қазақтардың күнделікті мұқтажын айқындап отыру үшін қазақ тілінде газет шығару қажеттілігі туралы айтып, үкімет алдына талап қойған. Газетті ұйымдастыру, ашу қандай қиын болса, оны патша үкіметінің қатаң бақылау жағдайында шығарып тұру одан да қиынға түскені анық. Деректердің көрсетуі бойынша, «Қазақ» газетін шығаруға рұқсат куәлігі А. Байтұрсыновқа 1913 жылдың қаңтар айында берілген. Куәлікте газеттің шығуы, редакторлары жайында Орал облыстық әскери губернаторының 1913 жылы 5 қаңтарда Жоғары баспасөз басқармасына берген бұйрығынан анықталды.

Деректер «Қазақ» газетін ұйымдастырушы және редакторы А. Байтұрсынов пен оның көмекші хатшысы М. Дулатов өз істеріне зор жауапкершілікпен қарағандықтарын көрсетеді және олардың қажырлы ұйымдастырушылық еңбегінің нәтижесі екендігін айқындап, бағалауға мүмкіндік берді. А. Байтұрсыновтың газет бетінде жариялаған материалдарының ғылым үшін құндылығы да, сол оның қоғамдағы орнын, саяси көзқарасын, өмірлік ұстанымдарын, өзі көтеріп отырған мәселені жетік білуі мен жалпы білім дәрежесімен тікелей байланысты. Демек, газет бетіндегі материалдардың негізгі бөлімінің ғылыми құндылығы да соның атымен айқындалады [9].

А. Байтұрсынов пен М. Дулатов «Азамат» серіктестігін құрып, оны 1913 жылы 2 желтоқсанда ашады. «Қазақ» газетін осы «Азамат» серіктестігінде бастырып тұрмақшы болады. Серіктестікті ашқандағы мақсатын, қосыламын деген Алаш азаматтарының қаражатымен «Қазақ» газетін аяғынан тік тұрғызып, істің ұлғаюына, қаражаттың көбейюіне байланысты қазаққа пайдалы кітаптар шығармақшы екендіктерін қоса жеткізді.Серіктестікке байланысты шарт 1913 жылы желтоқсан айында орыс және қазақ тілінде Орынбор қаласындағы Каримов-Хусаинов баспаханасында кітапша болып басылып шықты. Ол 12 беттен тұрады. Орыс тіліндегі бөлімінде серіктестікті Ахмет пен Міржақыптың ашқандығы туралы шарттың 19 бөлімінде көрсеткен. Шарт тармағының тағы бір көңіл аудартар мәселесі, ол сол шартты растаушы нотариустың Серіктестікті ашушылардың мекен-жайын тура көрсетуінде. А. Байтұрсынов «Орынбор қаласы, Гришковская көшесіндегі Дмитриеваның үйінде, ал М. Дулатов Поцелуевский көшесінің бұрылысындағы Абрамованың үйінде тұрған» деп мекен-жайлары анық берілген [9].

1916 жылғы патша үкіметінің маусым жарлығына қарсы халық наразылығының күшеюіне байланысты «Қазақ» газеті мен оның шығарушыларына деген қысым күшейе түсті. Өршіген халық наразылығының басында «Қазақ» газетін басқарушылары А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың тұрғанынан еш күмәні болмаған патша шенеуініктері олардың үйлерінде тінту жүргізген.

1913-1918 ж.ж. қырғыз атанған жұртының атауын қайта жаңғыртып, «Қазақ» газетін шығарды. Газеттің ұйымдастырушысы әрі бас сарапшысы қызметін атқарады. А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінің бірінші санындағы халыққа арнауын былай деп аяқтады: «Аталы жұртымыздың, адуынды ұлтымыздың аруақты аты деп газетіміздің есімін «Қазақ» деп қойдық. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына күшін қосып, көмектесер қызмет ету қазақ баласына міндет. Қызмет етем десеңдер, азаматтықтың зор жолының бірі осы». «Қазақ» газетінің дәл сол кездегі тарихи мәнін Ахмет Байтұрсынов осы басылымның бірінші нөмірінде былай деп көрсетті: «Әуелі, газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр сықылды. Дүниеде не болып жатқанын білу жоқ, не сөйленіп жатқанын есту жоқ, өз пікірін айту жоқ.  Екінші, газет жұрттың уланбасына медет нәрсе. Олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп ғалым адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық етіп тұрады. Үшінші, газет халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттерден жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте молайып, пікірі ашылып, қыр асты жетпекші. Төртінші, газет халықтың дауысы. Жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», деген тұжырым арқылы мерзімді баспасөздің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді[1].

«Қазақ» газеті либералдық-демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. Тұтас алғанда қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің дамуымен таныстыра білген «Қазақ» газеті «Алаш» партиясының дауысына айналды. Осы тұста әлеуметтік ахуалды баяндаған цензура көтермейтін мақалалар жариялағаны үшін әкімшілік А.Байтұрсыновқа бірнеше мәрте (1914-1915) айыппұл төлетеді, кейіннен абақтыға қамайды. Бұл — үшінші рет қамалуы [1, 18 ]. 1918-1919 ж.ж. «Алаш» партиясының жетекшісі, «Алашорда» үкіметінің жетекшілерінің бірі әрі оқулықтар жазу жөніндегі Комиссиясының құрамында қызмет етеді. Осы жылы «Революция и киргизы» мақаласы «Жизнь национальностей» атты басылымда жарияланады. 1917 жылы патшаның тақтан құлауын Ахмет Байтұрсынов зор қуанышпен қарсы алып, Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен қазаққа бостандық, теңдік әперу үшін саяси күрес майданына араласты. 1917 жылы Ақпан революциясының жеңісінен кейінгі елдегі революциялық процестердің қарқынды дамуы барысында Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан либерал-демократиялық көз қарастағы қазақ интеллигенциясының өкілдері ұлттық партия құру жоспары бойынша өз жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І-шіжалпықазақтың съезде АхметБайтұрсынов пен Міржақып Дулатов «Тәуелсіз автономия» құру идеясын ұсынды [10, 101]. І-ші жалпы қазақтың съездің қортындасында «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылды.Әлихан Бөкейханов қазақ халқының көсемі,партия басшысы болып сайланды. Бірақ қоғамда аласапыран ахуал қалыптастырған большевиктердің төңкерісі АхметБайтұрсынов және оның серіктерінің қазаққа дербес ұлттық автономия алып береміз деген әрекеттерін тұйыққа тіреді.Алаш қозғалысы білімсіз кедей кемшіктің қалың тобырына арқа сүйеген жүгенсіз коммунистік қозғалысқа қарсы тұруға ол заманда қауқарсыз еді. Осыны түсінген және халқымен бірге болуды ойлаған Ахаң 1919 жылдың наурызында Кеңестер өкіметі жағына өтті алғашқы өлкеде құрылған Революциялық комитет құрамына енгізілді.Ахаңдай ірі тарихи тұлғаның беделі уақытша болса да большевиктерге де қажет болды. Ол екі жылдай Республика халық ағарту комиссары қызметінде болып, қазақты ағарту ісіне, осы саланы аяғынан тұрғызуға қыруар еңбек сіңірді. Қазақ халқының қоғамдық ой-санасының дамуындағы барлық саяси қозғалыстар А.Байтұрсыновтың есімімен байланысты. Ол бейбіт ұлттық либерализмнен Октябрь революциясын және Совет өкіметін тануға дейінгі саяси даму кезеңдерінен өтті [11, 202].

«Қазақ» газеті Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз тарихында ең шоқтығы биік басылым болды. Оған апталықтың ұстанған жолы, мұрат-мақсаты шын мәнінде «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» бола білген қызметін айта келіп, өзге басылымдарға қарағанда, барынша ұзақ мерзімді әрі жиі шығып тұрған басылымға айналған. Сонымен бірге таралымы мол және таралым аймағының кең болғаны оның құндылығын арттыра түскен. А. Байтұрсынов таза қазақ тілінде ұйымдастырып ашқан газеті, қазақ баспасөзінің негізін қалады. Біріншіден, «Қазақ» газеті тұңғыш шынайы жалпыұлттық саяси-қоғамдық газетке айналып, шын мәнінде қазақ халқының жанашыры болды. Екіншіден, А. Байтұрсынов «Қазақ» газеті арқылы өз ұстанымына сай ұлт тәуелсіздігінің саяси платформасын қалыптарстырып, оны оянған сананың іс-қимылын жолға салып отыратын орталыққа айналдырды. Үшіншіден, қазақ руханиятының жан-жақты өркен жаюының кешенді бағдарын болашаққа «Қазақ» газеті арқылы аманат етті. Осы үш таған «Қазақ» газетінің ұлттық болмыс бітімінің және оны ұйымдастырушы редакторы А. Байтұрсыновтың ұлтын сүйген ұлт зиялысына айналғанын айғақтайды. А. Байтұрсынов ашқан «Қазақ» газеті қазақ баспасөзінің мәңгілік көшбасшысы болып қала береді. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынов 1917 жылы революциялық өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды [8].

Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, сондай-ақ соғыс тудырған қиыншылықтарға байланысты халықтың қайыршылануы, елде қымбатшылық пен аштықтың кең етек жаюы шаруа халқының тарапынан наразылық туғызған. Халықтың ереуіл қозғалысының, шаруалардың аграрлық және ұлттық езгіге қарсы күресінің жаңа көтерілісі басталған. Көтерілістің басталуына Ресейлік патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халықтарын майдандағы қара жұмысқа шақыру туралы жарлығы түрткі болған. А. Байтұрсынов газетке берген мақалаларында осы істің тек жағымды және жағымсыз тұстарын талқыға салған. Дегенмен, саяси зәру мәселелердің күрделі тұстарына қазақ жұртшылығының көңілін аудару үшін А. Байтұрсынов газет бетінде пікірталас ұйымдастырған. 1916 жылдың 19 шілдесінде Орынбор генерал-губернаторының атына Орал губернаторынан жеделхат келіп түскен. Хатта Орал облысының молдалары халық арасында жиналыстар ашып, қазақтарға соғыс жұмысына адам бермеуге және жұмысқа алынатындардың тізімін жасатпауға үгіттеп жүр деп айтылған. Жеделхаттың ішінде «Орал облысының басқа да уездеріндегі ауылдарда болып өткен жиналыстарға қатысушыларға «Қазақ» газетінің қызметкерлері А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтар үнемі кеңес беріп тұрған» [12,183] деп болған жайды хабарлаған.

Бұл алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларын отаршылдық езгіде есеңгіреген елдің ертеңі ойландыра бастаған уақыт болатын. Қазақ халқының болашақ даму жолдары  қай бағытта болмақ, не істеу керектігі жайлы қызу пікір алысулар жүріп жатты.Міне, осындай отаршыл саясатқа Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов бастаған ұлтшыл  азаматтар қарсы шығып, елінің ертеңін оның егемендігінен көрді. Осы мақсатқа алашорда қозғалысы құрылып, қазақ зиялыларының көпшілігін маңына топтастырды. М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сынды қазақтың аса дарынды ақын-жазушыларымен бірге М.Әуезов  те осы топта жүрді. Оның ағартушылық-демократтық бағытта жазған алғашқы мақалаларында өнер-білімге, ғылымға, кәсіпке ұмтылмай, қамсыз отырған халқының болашағына алаңдаушылық, ұйқыдағы қалыптан оятып, жақсылыққа жетелейтін дұрыс жол іздеушілік байқалады. Кейін келе жазушы публицистикасы әдебиет мәселелеріне қарай ойысты.

Орынбор генерал-губернаторы мен патша үкіметінің жоғары орындарына қазақ жігіттерін қара жұмысқа емес, Отан қорғауға әскер қатарына алуды лайық екендігін айтып, үкіметке жеткізуін губернатордан сұраған өтініштер түсіп жатты. Ұлттық демократиялық зиялы қайраткерлердің басында тұрған А. Байтұрсынов «қазақ секілді ергелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз» [13] деп ойын ашық айтқан. Алайда, патша үкіметі өзіне тәуелді халықтың мүддесімен ешқашан есептеспегені белгілі. Қазақ жігіттерін өздері белгілеген мерзімде шақырта бастады. Бұл жағдай ұлт зиялысын қатты толғандырды. Елдегі орныққан жағдайдың жалғыз шешімі деп Ахмет, Әлихан, Міржақып үшеуі қосылып 1916 жылы 11 шілдеде газетке «Алаш азаматтарына!» деген атпен халыққа арнау мақаласын жариялаған. Олар өз шешімдерін айтып қана қойған жоқ, сонымен қатар оны іске асырудың ең тиімді жолдарын көрсетеді.

А. Байтұрсынов қазақ қоғамында ұлттық бостандық үшін күрестің жолдары мен әдісіне көзқарасын жаңаша қалыптастырып және күресті жаңа әдіске көшіріп, саналы түрде ұйымдастыруды көздеген. Ол ең алдымен майданға қара жұмысқа алынған жігіттерге қызмет көрсетуден бастаған. Майданның қара жұмысына алынған қазақ жігіттерін қолдау үшін «Қазақ» газеті арқылы зиялы қауымға үндеу тастаған. Үндеуді ең алдымен мұғалімдер қолдаған.

А. Байтұрсыновты 1917 жылдың наурыз айының ортасында Торғайда құрылған облыстық Азаматтық комитетіне мүше етіп сайлаған. Қайраткер Комитет мүшелеріне жергілікті жерлерде тәртіп сақтап, соғыс аяқталғанға дейін жаңа үкіметке көмек көрсетіп, тез арада уездік, болыстық, ауылдық Азаматтық комитетінің жергілікті ұйымдарының құрылуына белсенді көмек көрсеткен.

1917 жылдың 25 қазанында болған төңкеріс жалпы Ресей мемлекетін мекендеген халықтарға түбегейлі өзгерістер әкелді. Ресей мемлекетінің құрамында өмір сүрген өзге халықтар өзінің елдігін сақтау мақсатымен автономия жариялай бастады. Осы тұста ұлттың тәуелсіздігі мен еркіндігін сақтап қалу үшін ұлт зиялылары жалпықазақ съезін шақырды. Желтоқсан айының 5-13 аралығында Орынбор қаласында өткен съезде А. Байтұрсынов оқу-ағарту секциясын басқарып, ұтымды ұсыныстар жасаған.

1918 жылдың көктемінде басталған Азамат соғысы А. Байтұрсыновтың қоғамдағы саяси қызметіне жаңа сипат берді. Осы кезде қазақ қоғамының мүддесіне сай оңды шешім қабылдайтын мезгілдің келгенін түсінген А.Байтұрсынов қазақ ұлтының дербестігіне қол жеткізуді көздеп, Кеңес үкіметіне қарсы күштер жағына шыққан [14]





1.2. Ахмет Байтұрсыновтың Кеңестік жүйе тұсындағы мемлекеттік қызметі

1922 жылдан бастап алашордашыларды үкімет пен партия тарапынан қудалау саясаты ашық түрде жүргізілген. Бір сөзбен айтқанда, кеңес өкіметі білімді, елінің қамын ойлаған, талантты азаматтардан құтылуды көздеді. «Ұлтшыл», «жікшіл» деп қаралау белең алды. Сол кездерде М.Дулатов «Ақ жол» газетіне жариялаған «Қазақ зиялылары» деген мақа­ласында қазақ зиялыларын «ұлтшыл» қылып отырған үкіметтің әккі саясаты екен­дігін айта келе, «Біздің қазақтың ұлтшылдары өзге жуан елдердің ұлтшылдарындай емес екені бәрі­міз­ге белгілі. Бізді ұлтшыл қылған нәрсе біз­дің кемдікте, қорлықта жүргендігіміз, көрін­геннен соққы жегеніміз еді. Егер төңкеруші табылады екен, ұлтшылдықты ортақшыл­дық­қа айырбастауымыз қиын емес» деген еді. [5].

1919 жылдың 24 шілдесінде Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И. Ленин Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі әскери төңкерістік комитетінің бірінші жауапты орынбасары және ішкі істер бөлімінің меңгерушісі етіп А. Байтұрсыновты бекітеді [15]. Осы кезден бастап А. Байтұрсыновтың Кеңес үкіметі тұсындағы қызметі басталады. Торғай облыстық Кеңесінің ұйғаруымен 1919 жылдың мамыр айында А. Байтұрсынов Ә. Жангелдинмен бірге большевиктермен қоса өтетін келіссөзге қатысу үшін Мәскеуге аттанған. Мәжіліске қатысушылар Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитетін құру туралы уақытша Ережеге қажетті өзгерістерді енгізіп толықтырған. Құжатқа В.И. Ленин 1919 жылдың 10 шілдесінде қол қойып, оны Халық Комиссарлар Кеңесінің декретінде бекіткен. Аталған мәліметтер жайында Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитетінің хаттамалары растайды [16]. 1919 жылдың 24 шілдесінде А. Байтұрсынов В.И. Лениннің қабылдауында болып Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитетінің мүшелігіне қабылданғандығы туралы мандатын алғаннан кейін Кеңес үкіметіне адал қызмет етуге уәде берген [16].Кеңес үкіметі басшысы алдында А. Байтұрсынов өзінің көзқарастарын еркін жеткізіп дәлелдей алғанын В.И. Лениннің тікелей басшылығымен шыққан қаулыны мына бір дерек айғақтайды: «Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің шешімі бойынша бұрынғы Алашорда мүшелері Кеңестік қызметке жіберілді және бұрынғы қызметіне байланысты оларды қудалауға тыйым салынады» [17] деген. А. Байтұрсынов комитеттің шаруасымен В.И. Лениннің алдында 1919 жылдың 9 желтоқсанында екінші рет қабылдауында болып, Қазақ өлкесінің саяси-экономикалық жағдайын баяндаған.

1919 жылдан бастап мерзімді баспасөз үкімет тарапынан қатаң бақылауға алынып, оның беттері арқылы социализмнің салтана­тын дәріптеу, лениндік, сталиндік идеяның мәңгілік екендігін халық санасына сіңдіруге, коммунизм жолында партияның сара жолын дәріптеуге ұмтылғаны белгілі. Сөйтіп, үкімет пен партия саясатын насихаттау арқылы халықтың демократиялық ой-пікіріне ашық түрде тосқауыл қоюмен елдің әлеуметтік- экономикалық, мәдени-рухани өрлеуі кеңес­тік жүйенің жемісі деген біржақты пікір қалыптастыруға тырысқан. Дегенмен де, идео­логиялық қысымға қарамастан, 20 жыл­дың басында шыққан «Темірқазық», «Шол­пан», «Ақ жол», «Қазақ тілі» және тағы басқа қазақ тіліндегі мерзімді басылымдар кеңестік жүйені сынға алған, ұлтшылдық рухтағы мақалалар жариялап отырған. Сондықтан 1925 жылдан бастап баспасөзге партияның қатаң бақылауы орнатылып, оның комму­нис­тердің ғана қызмет етуіне рұқсат етілді.

ХХ ғасырдың 30-жылдары қазақ баспа­сөзі партия жолынан ауытқыған, кеңестік партияға қарсы топтар мен жікшілдерге қар­сы күресті өрістетті. Кеңес өкіметіне жат пи­ғыл­дағыларды «ұлтшыл-уклонистерді» әшкерелеу, өзара сын айту басылымдардың негізгі тақырыбына айналды. Осылайша бірін-бірі қаралаған мақалалар тізбегі көз аштырмады. Бұл – халықты бір-біріне айдап салу[5].

А. Байтұрсынов өзіне берілген құқықтарды пайдалана отырып, қазақ өлкесінде жүріп жатқан Азамат соғысын тоқтату үшін біраз әрекеттер жасаған. Соған байланысты, ол өлкедегі барлық ұйымдастыру мәселелерін қазақтың оқыған зиялы азаматтарын комитетке тарту арқылы шешуді көздеген. 1919 жылы 12 қыркүйекте Орталық Кеңес үкіметі Қырғыз (қазақ) төңкерістік комитетінің құрамында жеті азамат болсын деп шешті. Құрамға енген азаматтардың ішінен комитеттің бірінші жауапты орынбасары және ішкі істер бөлімінің меңгерушісі етіп А.Байтұрсыновты сайлаған [18].

Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитетінің 1919 жылы 41, ал 1920 жылы 50 мәжіліс отырысы өтіпті. Бұл жайында аталмыш комитеттің хаттамалары растайды. Бүгінгі күні осы екі жылда өткен мәжіліс отырысының 91 хаттамасынан бізге жеткені 89-ы ғана. Аса құнды деген екі хаттама осы күнге дейін табылмаған. Аталмыш комитет мәжілістерінің деректеріне жүгінер болсақ, онда А. Байтұрсыновтың сол мәжілістердің басым көпшілігінде баяндамалар жасағаны, жарыссөздерге қатысқаны, ұсыныстар енгізгені, қабылданған қаулылар мен шешімдердің жобасын дайындағаны, сондай-ақ жекелеген мәжіліс отырыстарында төрағалық жасағаны анықталды. Бұл жайында Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитеті отырыстарында толтырылған хаттамалар тізбегінен мәлім болды. А. Байтұрсыновтың атқарған сан-салалы қызметтерінің ең маңыздыларының бірі болып Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитетінің мәжілістерінің көбінде Ресей құрамында құрылуға тиісті болған Қазақ Автономды Кеңестік республиканың шекараларын анықтауға, оның әкімшілік аймақтық құрылымын қалыптастыруға, оқу-ағарту, мерзімді баспасөз жүйесін қалыпқа келтіруге, ұлттық демократиялық зиялылар тағдырын шешуге арналған мәселелерді талқылау ісінде табандылық көрсеткені белгілі болды. Соларға байланысты ұлттық мақсат мүдделерге сай келетін қаулы-қарарлар мен заңдық мәні бар құжаттарды қабылдауда табандылық көрсетіп отырды. Негізінде, бұрынғы Алаш қайраткерлерін қудалау барысы 20-жылдары Коммунистік партия қатарын жат элементтерден тазарту барысында да байқалды. 1921 жылы Қазақ халық ағарту комиссариатының партия ұясы Ахмет Байтұрсыновты партия қатарынан шығарды. Оның себебіне әр партия жиналы­сы­на қатыспауын, мүшелік жарнаны уақты­лы төлемеуін келтіргенімен де, іс жүзінде қай­рат­кер 1920 жылдың басында В.И. Ле­нин­ге кеңес үкіметінің қазақ интеллигенция өкіл­де­ріне әлі сенімсіздікпен қарап отырған­дығын айтқан болатын.

Большевиктік биліктің бұрынғы Алаш қозғалысының өкілдеріне осылайша шүйлі­гуінің өзіндік себебі бар. Ол – алашорда­шы­лардың ықпалының коммунистер арасында жайылып кетуі мүмкін деген қорқыныш. Бастапқы кездерде бұл мәселе ашық түрде айтылмаса да, бірте-бірте жаймен өлкелік партия конференциялары мен жиналыста­рын­да қозғала бастады. Мемлекет қызметіне тартылған Алаш қайраткерлеріне сенімсіздік күшейді. Оларға «ұлтшыл» ретінде күдікпен қарау орын алды.1922 жылдан бастап алашордашыларды үкімет пен партия тарапынан қудалау саясаты ашық түрде жүргізілген. Бір сөзбен айтқанда, кеңес өкіметі білімді, елінің қамын ойлаған, талантты азаматтардан құтылуды көздеді. «Ұлтшыл», «жікшіл» деп қаралау белең алды [5].

А. Байтұрсынов 1920 жылдың сәуірінде сол кездегі Кеңес үкіметінің әскери және саяси қызметкері М. Фрунзенің ұсынысымен коммунистік партияның мүшелігіне өткен. Бұл туралы А. Байтұрсынов 1929 жылы 2 маусымда Біріккен саяси Бас басқарманың тергеушісіне берген жауабында: «1920 жылы Орынбор қаласында Фрунзе жолдас менің ВКП(б) қатарына өтуіме ұсыныс жасады» деген.

1919 жылғы жаз бен күзде Ахмет Байтұрсыновтың инициативасымен Қазревком өз мәжілістерінде Алашорданың батыс бөлігімен байланыс жасау және оның басшыларымен келіссөздер жүргізу үшін арнаулы өкілдер жіберу мәселесін талай рет талқылады. Қазревкомның және оның төрағасы қызметін көп жағдайда өзі атқарған Ахмет Байтұрсыновтың осы мәселедегі табандылығы Торғайда болған оқиғаларды қайталамау және Алашорданың батыс бөлімінің түгелдей Совет жағына шығуын қамтамасыз етпесе де, оның Совет өкіметіне бейтарап жағдайда болуын жүзеге асыру ниетінен туындаған еді. Түптеп келгенде Алашорданың батыс бөлімін ақтардың одақтасы болудан совет өкіметі жағына шығару Орал өңіріндегі азамат соғысын тезірек аяқтаудың алғы шарттарының бірі еді [11, 206]. Шын мәнінде, Ахаңның және оның серіктерінің Кеңес өкіметі жағына кездейсоқ өтпегені белгілі. Бұл туралы Ахаңның өзі «Жизнь национальностей» журналында 1919 жылы 3 тамызда жазған «Революция және қазақтар» атты мақаласында төмендегідей пікір білдірген еді: «Егер де бұрын бір топ адамдар патша чиновниктері атынан қырғыздарды (қазақтарды) жауапсыздықпен қамап, әр түрлі зорлық-зомбылықтарға жол берген болса, дәл осындай қылықты шет аймақтарда большевик-коммунистер деген атты жамылған осындай және басқадай адамдар тобы байқатты. Патша өкіметі кезінде, бұрын мұндай жағдаймен ымыраға келмеген мен және менің пікірлестерім, енді тағы да осындай істер Советтің Ресейде түгелдей орын алуда деп ойлап ымыраға келмей кеңес өкіметін мойындауғы қарсы болдық. Бірақ монархиялық билік бағытындағы Колчактың пайда болуы осы және басқа билік туралы ойлауға мәжбүр етті. Сонда біз қырғыз (қазақ-Т.О) халқының ежелгі арманы оңшыл ма әлде солшыл ма әйтеуір, жүзеге асар болар дегенге көзіміз жеткендіктен жергілікті большевиктердің іс-әрекеті біздерге ұнамды көріне қоймаса да кеңес өкіметі жағына шыққанды жөн көрдік» [11, 241]

1920 жылдың 16 маусымында «Түркістанның бұратана коммунистерінің өкілдері» деп Т. Рысқұлов, Ф. Ходжаев; Башқұртстаннан З. Валидов; Қазақстаннан А. Байтұрсынов қол қойып, 1919 жылы 20 желтоқсанда В.И. Ленинге хат жазған. Ахмет Байтұрсынов және оның серіктері, шын мәнінде кеңестік билікті амалсыз мойындады. Бірақ Ахаң ешқашанда қазақ халқының рөлін көтеру және қазақ елін ұлтық тұрғыдан дербес ету идеясынан бас тартқан емес. Ол 1920 жылы 17 мамырда В.Лениннің атына хат жолдап, «... Ресейде коммунистер көп, бірақ нағыз идеялық коммунистер өте аз, оның үстіне олар шет аймақтарда аз немесе мүлде жоқ», — дей келе қазақ жерінің билігін қазақтан шыққан комунистер қолына беруді талап еткен еді [11, 4]. Осы жылдың 12 шілдесінде Ахмет Байтұрсынов тағы да Т. Рысқұлов, Н.Ходжаев, З.Валидов, Ә.Ермеков, Х.Юмагулов тәрізді түркі халықтарының көрнекті тұлғаларымен бірге В.Ленинге хат жолдап, оның бұрынғы отарлаушы ел пролетариаты яғни орыс жұмысшы табы шеткері аймақтардағы отар елдер еңбекшілерін азат етеді деген қағидамен және панисламизмге қарсы күреске шақырған ұранымен өздерінің келіспейтінін ашық мәлімдеді [19, 354].

А. Байтұрсынов Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитеті арқылы қазақ халқының саяси, әлеуметтік-экономикалық құқықтарына қол жеткізуі үшін, қазақ жерлерінің бір тұтастығы үшін күресіп, оны аймақтық шеңберде сақтап қалды. Қырғыз (қазақ) төңкерістік комитеті құрамының әркелкілігіне қарамастан, зор ыждағаттылықпен, терең білімділігімен, өмірден алған мол тәжрибесінің арқасында комитет жұмысын қалыпты бір жүйеге түсірді.

Халық Ағарту Комиссариаты 1920 жылы құрылып, оған ұлт зиялыларының белсенді тобы тартылғандығы туралы мұрағат құжаттары мәлімдейді. Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариаты 1920 жылдың қазан айында Қазақ әскери-төңкерістік комитеті халық ағарту бөлімінің негізінде құрылып, оның тұңғыш комиссары етіп А. Байтұрсыновты тағайындаған [20]. А. Байтұрсынов комиссариаттың барлық мәжілістерінің төрағасы болып, оған өзі тікелей басшылық етті. Комиссариаттың негізгі басты міндеті мен қызметі республикада сауатсыздықпен күресіп, оны жою болғандықтан комиссариат қызметін бөлімдерге бөліп, бір жүйелі қалыпқа түсірді. А. Байтұрсынов комиссариат құрылған күннен бастап РСФСР Халық Ағарту Комиссариатымен тығыз байланыста болып, бағыт-бағдар мен көмек алып тұрған. Білікті, тәжірибелі және қажетті мамандардың алғашқы кезде жоқтығына байланысты А. Байтұрсынов комиссариат қызметкерлерінің алғашқы легін Мәскеуге оқуға жіберген, сондай-ақ Орынбор, Самара, Ташкент қалаларына 10 адамды педагогтік курсқа жіберіп, оларға комиссариат жанынан 480 сом ақшалай стипендия төлеген [20].

А. Байтұрсынов республикадағы мектептердің әр түрінің көбеюі мен оқушылар санының өсуіне зор жағдай жасап, оны өзінің қатаң бақылауында ұстаған. Қазақ мұғалімдерінің қатарын толықтыру үшін жаңа мұғалімдерді дайындау мен қатар байырғы мұғалімдердің өздерін қайта дайындықтан өткізіп, білімдерін жетілдірген. Осы мақсатта уездер мен губерниялардың бәрінде қысқа мерзімді және екі жылдық мұғалім дайындайтын курстарды ашты. Бұл курстарға қазақ жастарын көптеп тартып, оларға стипендия төлеген.

Ауыл мәдениетінің кенжелеп қалғанын ескерген А. Байтұрсынов Комиссариат нұсқаушыларын шалғай ауылдарға іс сапармен мектептер, сауат ашатын орындар мен қызыл отауларды ашуға жіберген. А. Байтұрсыновтың басшылығымен комиссариат педкурстардың қызметі мен жағдайын зерттеу үшін анықтама парақшаларын жіберіп, бірінші басқыш мектептерінің мұғалімдерін дайындау үшін ашылған қысқа мерзімді 4 айлық педкурстар мен мектеп нұсқаушыларының 2 айлық курстарының бағдарламалары мен есеп жүйесін жасаған. Мамандардың тапшылығына байланысты А. Байтұрсынов Халық Ағарту Институттары мен педагогтар дайындайтын арнаулы орта оқу орындарын ашқан. 1921 жылдың бірінші шілдесіне қарай республикада төрт Халық Ағарту институтын іске қосты.

Қазақ ұлты рухани парасаттың даму баспалдағына неғұрлым биіктеп көтерілген сайын, өзі үшін құрбан болған алаш ғұламаларын соғұрлым құрметтеп, тағзым етуі тиіс. Өйткені, ұлттың рухани тәуелсіздігін сақтап қалғандар да, мәңгүрттіктен құтқарып кеткендер де, болашақтағы тәуелсіздіктің қасиетті шуақты жолын анықтап берген де солар.

20 жылдардың басында (1920—1923 жж.) А. Байтұрсынұлы жоғарыда айтылғандай, Қазақстанның оқу-ағарту комиссары, Мұхтар Әуезов Қазақ автономиялы Республикасының Орталық Атқару комитетінің саяси хатшысы, жекелеген алашшыл азаматтар Қазақстан мен Түркістан АССР-нің мемлекеттік басқару жүйелерінде жауапты қызметтер атқарды. Осындай адамдардың ықпалымен Алаш қозғалысының мүшелері баспасөз, оқу-ағарту, ғылым, өнер жүйелерінде басшылық етіп, айтарлықтай лауазым иелері болды. Сонымен қатар олар ғылым, әдебиет, өнер салаларьнда шығармашылық жұмыспен шұғылданды. Осының нәтижесінде 1921—1928 жылдар аралығында А. Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқышы", "23 жоқтауы" (құрастырушы) жарық көріп, халық игілігіне айналды. Бұл ең алдымен, Қазақстанның Россияға қосылу тарихы, ұлт-азаттық қозғалыстар мәселесі, жер-су мен ұлттық мәдениет тарихы өрескел бұрмалануына қарсы бағытталған рухани күрестің жарқын көрінісі болды.

А. Байтұрсынов 1920 жылы Орынборда ашылған үлгі-тәрбие мектеп-коммунасының жанынан интернат ашқан. Алғашқы жылдары бұл бастауыш мектеп болды, кейін оны жеті жылдық үлгі-тәрбие мектебі етіп қайта құрды. Оны ауыл шаруашылығына бейімделген үлгі-тәрбие мектебіне айналдырған. Мектепті Академиялық Орталықтың тәжірибелік жұмыс орталығына айналдырады. Мектеп-коммунасында қазақ кедейлерінің, Қызыл Әскердің, кем-тар адамдардың балаларын 10 жастан қабылдап оқытқан. Ал жетім балалар мектептің интернатында ешбір ақысыз оқып, үкімет қамқорлығында болды [9].

1920 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақ Орталық Атқару Комитеті Президиумының мәжілісі А. Байтұрсыновқа жіберген қатынасында РСФСР Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы құрамы аз ұлттарды ағарту бөлімі Қазақ Республикасын мекендейтін халықтардың мәдени-ағарту қызметі туралы очеркін құрастыруға қатысуын міндеттейді. Бұл тапсырманы орындауда Орталық Атқару Комитеті Комиссариаттардың өкілдерінен тұратын арнайы құрылған комиссияның мүшесіне А. Байтұрсыновты енгізеді. Президиум алдындағы жауапкершілікті Халық Ағарту Комиссары А.Байтұрсыновқа жүктеген. А. Байтұрсыновтың ыждағатты бақылауының арқасында не бары үш ғана оқулық - әліппе, грамматика, арифметика оқулықтары шықты, бұлардың жалпы таралымы 178 мың дана ғана болды. Бұл оқулықтардың бір бөлігі Қазақстанда, бір бөлігі Қазанда басылды. Басылған оқулықтардың таралымы аз болғандықтан, мектептердің болмашы қажеттігін де өтей алмаған.

Жекелеген әдеби еңбектерді дайындау белгілі бір тәртіп бойынша жүргізіліп, ұйым мүшелеріне өзара бөлініп беріледі. «Алқа» атты астыртын әдеби үйірменің өмір сүруі әдеби еңбектерді белгілі бір тәртіп бойынша бөлісіп дайындауға ұйытқы болды, оның бағыт-бағдарын («Табалдырықтың») анықтауға Жұмабаев М., және айыпталушылар Ысқақов Даниял, Досмұхамедов X., Әуезов Мұхтар мен Кемеңгеров Қошмұхамед қатысты. «Осы кезде әдебиет майданындағы жұмыстарымыз жандана түсті... Әуелі Аймауытов, содан кейін Кемеңгеров келіп қосылып, біздің ісімізді жүргізіп отырды. Өзіміздің ықпалымызды баспасөз арқылы кеңінен тарату үшін біз барлық күшіміз бен жағдайды пайдаланып қалуға тырыстық... «Алқа» үйірмесінің пайда болуы да соның нәтижесі. Бұл істі тікелей жүзеге асырған Ысқақов, Кемеңгеров және Байтасов маған жұмыс бабы бойынша кеңес алу үшін келіп тұрды, мен оларға өзімнің нұсқауларымды бердім» [21].

Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды. 1920 жылы В. И. Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1920-1922 ж.ж. Өлкелік Халық Комиссариаты жанындағы Академиялық Орталықтың төрағасы қызметін атқарады.

Халық ағарту комиссиариаты жанынан құрылған Академиялық орталықтың (Академцентр) тұңғыш төрағасы ретінде Қазақ елінің ғылымын академиялық жолмен басқаруды ұйымдастырудың негізін қалады. 1922-1925 ж.ж. Қазақ Халық ағарту Комиссариаты жанындагы Ғылыми- әдеби комиссиясының төрағасы, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының құрметті төрағасы болады. 1925-1928 ж.ж. Қазақ елінің екінші астанасы болған Қызылорда қаласында тұрады, әрі ұлт жұмысының көшбасында болады[1].

Халық Ағарту Комиссариатының қызметі 1921-1922 жылдардағы аштық кезеңіне тап болғандықтан, комиссариаттың жергілікті орындармен байланысы үзіліп, Өлкедегі ағарту жұмысына басшылық ету күн өткен сайын қиындай түскен. Қаржы-қаражат пен басқа да қажеттіліктердің жетіспеуі өсіп келе жатқан мектеп жүйесінің қарапайым сұраныстарын қанағаттандыра алмаған. Орныққан жағдайдан шығу үшін А. Байтұрсынов комиссариаттың жергілікті бөлімдеріне арнап қабылдаған қаулысында аштыққа ұшырағандарға көмек көрсетуге шақырған.

Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариатының жанынан арнаулы ғылыми бөлім – Академиялық Орталық болып 1923 жылы қайта құрылды. Ғылыми мекеменің төрағасы етіп А. Байтұрсыновты бекіткен. Бұл мекеменің басты қызметіне – халық ағарту ісінің өзекті мәселелерін шешумен қатар ғылыми мәселелерге басшылық жасап, олардың жұмысын бір-бірімен байланыстыру арқылы реттеп отырған [22]. Академиялық Орталық теориялық және бағдарламалық жалпы басшылық орталығы» болып қалыптасты. Академиялық Орталықтың кезекті отырысында Өлкені жаппай жайлаған ашаршылықпен күресу үшін «Ашаршылықпен күресу» комитетін құрады. Бұл комитет Академиялық Орталық қызметкерлерінің күшімен концерт ұйымдастырып, оқыған лекцияларында аштан аман қалу үшін көктемгі-жаз айларында сүйрік, борық, буылдық, қарға тұяқ тағыда басқа өсімдіктердің тамырларын қорек етуге болатыны айтылған, «Ашаршылықтың қасіреті» атты сурет көрмесін ұйымдастырып түскен қаржыны ашыққандар қорына жіберген және Орталық Өлкелік мұражай көрме ақысын 1000 сомға көтерген, бір айда мұражайға орта есеппен 1000 адам келген екен, содан түскен 1000000 сом ақшалай қаражатты ашыққандар қорына аударған, ал Физика-медициналық қоғам бірнеше құнды лекциялар оқып, халық арасында жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын үйреткен.

Кеңес өкiметi 1920 жылдың күзiнде "Алашорда үкiметiнiң бұрынғы жақтастары қудалауға жатпайды" деп қаулы алған болатын. Алайда, 1922 жылдың желтоқсан айында Бүкiлодақтық Саяси Бас басқарма (ГПУ) құрылды. Келесi жылы ол Айрықша Саяси Бас басқарма (ОГПУ) болып өзгертiлiп, оған сот қызметiнiң жан-жақты құқығы берiлдi. Міне, жаңадан дүниеге келген осы жазалаушы орган талай ұлт зиялыларының басын жалмап тынды. Жалпы сталиндік қуғын-сүргін жылдарында 120 мың қазақ қудалауға ұшыраса, соның 25 мыңдайы ату жазасына тартылыпты. Қазақ тарихында "Ұлы жұт" атауымен қалған 1920-30 жылдар ашаршылықтың экономикалық және демографиялық зардаптарының өте ауырлығы халық жадынан ешқашан кеткен емес. Тарихи дереккөздер мен халық тарихының қазынасы болып табылатын ата-әжелерімізден жеткен, ашаршылық апаты Алтайдан Маңғыстауға дейінгі қазақ даласын түгел қамтыған. Ел санасына терең жара салған 30 жылдарғы ашаршылықтың кеңестік дәуірде жабық тақырып болғаны мәлім. Кеңес дәуіріндегі тоталитарлық жүйе өзінің қол астындағы халықтарға тек қана ату, асу, қуғындау, зорлықпен жер аудару сияқты амалдармен ғана зобалаң туды­рып қоймай, қолдан жасалған аштықпен де зұлматтар жасады. Ал, оның куәсі ретінде Ресейдің Поволжьесінде, Укра­ина мен Қазақстанда қолдан жасалған аштық қырғындарын ерекше айтуға болады. "Жалпы алғанда, 1919-1922 жылдардағы аштық кездерінде бір миллионнан астам қазақ аштан өлген. Сол кездегі қазақ санының бұл шамамен 20-22 пайызын құрайды. Дегенмен, қазақтың санын солқылдатып құртқан аштық отызыншы жылдары орын алды.

Қазақты қынадай қырған 1931-1932 жылдардағы жан түршігерлік аштықтың себебі, сол кезде жүргізілген кеңес өкіметінің құйтырқы әлеуметтік-аграрлық реформасының салдарынан болатын" [23].

1923 жылы А. Байтұрсыновтың 50 жылдық мерей тойын атап өту туралы Халық Ағарту Комиссариатының Коллегиясы қаулы қабылдап, оны РКП(б) Қазақ облыстық комитеті Президиумының мәжілісіне ұсынып, қолдауды сұрайды. Партия комитеті бұл іс-шараға өзінің тікелей қарсылығын ашық көрсетпесе де, бірақ мерейтойға Кеңес органдары атынан жеке жауапты етіп С. Сейфуллинді тағайындайды [23]. Мерейтой Ташкент қаласында өтіп, оған жан-жақтан оқыған зиялы қауым жиналды, яғни қазақ, қырғыз, түрікпен, башқұрт, өзбек, тәжік, ноғай, орыстар.

1928 жылы қыркүйекте Алматы Қазақ мемлекеттік университетіне профессор лауазымымен қызметке кіреді. 4-қарашада «Еңбекші қазақ» газеті «Қазақ университетінің ашылуы» атты құттықтау сөзін, «Емле туралы» мақаласын жариялайды. Мұнда 1929 жылдың маусымына дейін қызмет атқарады.

1929 жылы мамыр айының соңы мен маусымның басында Қызылорда қаласына А. Байтұрсынов іс сапармен келеді. Оның негізгі қызметі қазіргі Абай атындағы педагогикалық ұлттық университетінде қазақ тілі мен әдебиетінің профессоры болып жұмыс істеген, отбасы Алматы қаласында болған. Оны Қызылордаға Өлкелік Атқару комитеті ұйымдастырған Өлкетанушылардың құрылтай кеңесіне қатысуға шақырған болатын. 1925–29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды. 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған[8].

Деректер бойынша А. Байтұрсыновты қамауға алынсын деген № 143 ордер 1929 жылы 28 маусымда шыққан, бірақ шындығында оны сол жылдың 2 маусымында алғаш рет тұтқындап Қызылорда қаласының түрмесіне қамаған. Бұл хабарды университеттің ректоры Санжар Асфендияровқа арнайы қатынаспен жіберген.1929 жылы маусым айының аяғында айдаумен А. Байтұрсыновты Алматы қаласының түрмесіне құпия түрде этаппен алып келген. В.И. Лениннің өзі қол қойған Қазақ өлкесін басқаратын әскери төңкерістік комитеті төрағасының бірінші жауапты орынбасары болғанын және Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің мүшелеріне кешірім жасалғанын айтқан. Жоғарғы Коллегия ұлт зиялысының кешірім хатын қайта қарап, 1931 жылы 13 қаңтарда бұрын шыққан үкімді бұзып, өзгерткен. «Өлім жазасына кесілген А. Байтұрсынов қамауға алынған күннен бастап 10 жыл концлагерде отыруға үкімі ауыстырылсын. Дүние-мүлкі кәмпескеленсін. Отбасы жер аударылсын» [24] деп Сібірге жер аударумен алмастырған. Он жылға жер аударылған А. Байтұрсынов Архангельск қаласындағы концлагерге 1932 жылдың қарашасында келіп түседі. Мұнда келгенде қайраткер көп азапты шегіп, халі өте қатты нашарлаған. 1934 жылы 16-желтоқсанда Орталық мұражайға кеңесшілік жүмысқа тұрады, мұнда 1936 жылдың 21-кыркүйегіне дейін істейді.


Осы жылдары суретші В.Н.Хлудовтың қазақ тұрмысы туралы туындыларына «Заключение по картинам художника Хлудова» сараптама пікір жазады. Өкінішке орай, И.Сталиннің 1925 жылғы 29 мамырдағы «Ақ жол» газеті туралы хаты АхметБайтұрсыновты және оның серіктерін «ұлтшылдар» және «шоқаевшылдар» ретінде қуғындауға теориялық негіз қалады. Қазақстандағы қуғын-сүргінді жергілікт ібасшы Ф.Голощекин жандандыра түсті. Ақырында алғаш Архангельскіде, соңынан Томскіде 1929-1934 жылдары айдауда болған Ахмет Байтұрсынов, көп кешікпей, 1937 жылы қуғын-сүргіннің жаңа олқынына ілігіп жазықсыз атылып кетті[1].

1937 жылы Алматы көшелерінде Біріккен саяси Бас басқарма бастығы И. Ежовтың шашы тікірейіп, оң қолын жоғары көтеріп, әрбір саусақтарының басында мойындары қылтиып тұрған «халық жаулары» бейнеленген сурет-плакаттар А.Байтұрсыновтың тұрған үйдің де қабырғасына ілінеді. 1937 жылы 8 қазанда оны қайта тұтқынға алады. А. Байтұрсыновты 1937 жылы 8 қазанда Алматы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті үйінің астындағы жертөлеге әкеліп 7 камераға қамаған, бұл жолы «Жапон тыңшысы болған әйелмен астыртын байланыс жасаған» деп айыптаған. Шындыққа ешбір жуыспайтын айыпты басшылыққа алып 1937 жылдың 25 қарашасында Алматы облыстық ішкі істер халық комиссариаты үкім шығарып ату жазасына кеседі. Үкім 8 желтоқсан күні 1937 жылы орындалған. Бұдан кейін, біраз атылған қазақ ұлтының зиялы ұлдарын Алматы облысы, Іле ауданына қарасасты Жаңалық деген елді мекен жеріне апарып көмген. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, ел басымыздың жарлығы бойынша, ұлтымыздың зиялы ұлдарына мәрмәр тастан үлкен ескерткіш қойылды [9].Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті: …Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Мұхтар Әуезов былай депті: Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса»; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты[8].





























ҚОРЫТЫНДЫ


Отандық тарихта өзіндік орны бар қоғам, мемлекет қайраткерлерінің бірі - ХХ ғасыр басындағы А. Байтұрсыновтың өз үргізген жанпида күресі келер ұрпақты патриоттық тәрбие беруде үлгі болмақ. халқын ұйқыдан оятып, бостандық, теңдік және туысқандық жолына салу үшін інде қазақ елінің тарихын қайта жаңғырту үстінде. Үшіншіден, ұлы қайратжЕкіншіден, бүгінгі күнде Ахметтің азабы мол еңбегі азаматтықтың биік үлгісі реткер күрескердің еңбегін мүдірместен демократиялық дәстүрлерге берік бүгінгі қазақ, Қазақстан Республикасы зиялылары қайталайтындығына біздің ешбір күмәніміз жоқ.

А. Байтұрсынов өзінің саяси күресінің алғашқы қадамын ауыл мектептерінде мұғалім болудан бастады, олай дейтініміз, қараңғы халықтың сауатын ашып, білім беру арқылы бодандықтың бұғауынан босануға болатынын жақсы білді. Сол үшін ерінбей еңбек етіп, қазақ балалары үшін әліппе құрастырып, қазақтың төл мәдениетін көтеруге кірісті.

Оның қатысуымен құрастырылған «Қарқаралы петициясы» саяси бостандықпен теңдікке жету және ұлттық езгіге қарсы тұруды жариялаған қазақ халқының тұңғыш құқықтық құжаты болып табылады. Алаш көсемінің патша үкіметінің саясатына қарсы алғашқы ашық қарсылығы болатын.

1913 жылы «Қазақ» газетін ұйымдастырып, оған өзі редактор болды, қазақ баспасөзінің негізін қалады. Газетке көптеген қазақ зиялы азаматтарын тартып, қазақ халқын отардан құтқару майданына қосты.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында А. Байтұрсынов халықтың тағдырын ойлап қырғын мен қатерден сақтап қалу мақсатында берген ақыл-кеңестері мен атқарған зор еңбегі, оның көрегендігін байқатып қана қоймай, саяси пісіп-жетіліп, үлкен күрес жолына түскен саясаткер екенін танытты.

А. Байтұрсынов «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін ұйымдастырып құруда және оның шешімдерін жүзеге асыруда үзенгілес зиялы қайраткерлердің алды болды. «Алаш» партиясының кемеңгері болып, өзінің білімділігімен ерекшеленді. Азамат соғысының аласапыранында әскери-соғыс істеріне қатысты белсенді ақыл-кеңес беріп, соғыс зардабынан түрлі азапты шегіп, ашаршылық пен ауруға ұшыраған қазақ халқына азық-түлік пен медицина көмегін ұйымдастырды. Азамат соғысынан туған ашаршылық пен түрлі жұқпалы аурудан, әкімшілік езгіден құтылу үшін Қытайға ауа көшкен қазақтардың әлеуметтік жағдайын білу үшін Құлжаға сапар шегіп, онда ашыққан қазақтарға жәрдем ұйымдастырып, олардың елге қайта оралуына көмегін тигізген.

Қазақ халқын қандай үкімет басқарғанына қарамастан, оның ұлтжанды қайраткер екенін Кеңес үкіметі тұсындағы жанқияр қызметтері дәлелдейді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ ұлтының мүддесін қорғап, қызмет ету оңайға түспегені баршаға мәлім. А. Байтұрсынов сол жылдары ұлтының болашағын ойлап, Коммунистик партия қатарына өтті, Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік комитетінің бірінші жауапты орынбасары және аталмыш комитеттің ішкі істер бөлімін басқарды. Осы қызметте қайраткер қазақ республикасының құрылуы мен қазақтың байырғы жерлерін қазақтың өз аймағында сақап қалу үшін В.И. Ленинге хат жолдаған, сондай-ақ Мәскеуге іс-сапармен аттанып үкімет орындарының мінбелерінде қызу талқылап, өз ұсынысын қабылдатқан.

Ол Халық Ағарту Комиссары қызметінің тұсында қазақ халқының сауатсыздығымен күресуді жалғастырып, оқулықтар жазды. Ағарту саласының мамандарын дайындау үшін арнаулы курстар, мектептер, техникумдар мен университеттерді ашты. Оқушылар мен мұғалімдердің әлеуметтік жағдайларына көп көңіл бөліп, оларды киім-кешек пен отын сумен, паек карточкасымен қамтамасыз етіп отырды.

Қиын-қыстау кезеңіне қарамастан ғылымның дамуына ерекше назар аударып Академиялық Орталықтың жұмысын басқарып,оның өркендеп дамуына жағдай жасап, оған өзі тікелей бағыт беріп отырды. Бұл саладағы қайраткердің қызметін ерлікке бағаласақ артық болмас еді. Жетім балар үшін балар үйі мен мектеп интернаттарын ашып, олардың әлеуметтік жағдайларын барынша жақсартты. Әлеуметтік жағдайдың әбден жіңішкеріп, экономикалық тапшылықтың құрсауындағы мемлекеттің дамып-жетілуіне зор еңбегін қосқанына қарамастан Кеңес үкіметі А. Байтұрсыновқа алакөздік танытып, қуғын-сүргінге ұшыратты.

Бүгінгі таңда ұлт жанашыры А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметі туралы зерттелгеннен гөрі әлі де болса зерттелмеген мұраның көптігі. Бұл әсіресе тарихшыларға қатысты мәселе. А. Байтұрсыновтың тіл, әдеби мұрасын жан-жақты саралауға құлшына кіріскен әдебиетшілер мен тілшілердің тарихшылардан көш ілгері кеткендігі дәлелсіз көрініп тұр. Тарихшы ғалымдар болашақта мақсатты түрде А. Байтұрсыновтың күрделі өмірі мен саяси қайраткерлік, мемлекеттік қызметтерін кешенді зерделей түсуі қажет деп түйіндейміз.














ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі. www.e-history.kz. ақпараттық порталы.

2. ҚР ОММ. 81-қ. 1-т. 1652 -іс. – 1- п.

3. Абай атындағы ҚазҰПУ. Жизнеописание. -Т1. Б - № 6 (б). 209-іс. – 58 п.

4.А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі.www.kitaphana.kz.ақпараттық порталы.

5. Қазақтың қуғын-сүргінге өзгелерден гөрі көп ұшырауы оның өрлігіне, озық ойлы болуына байланысты. www..baq.kz. ақпараттық порталы.

6. Сәкен Сейфуллин. Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды. //Еңбекші қазақ. 1923 ж. 30 қаңтар.

7. Қазақстан КП Орталық комитеті комиссиясының А. Байтұрсыновтың шығармашылығының мұрасы бойынша қорытындылары // Социалистік Қазақстан. -1999. – 26 шілде.

8. Байтұрсынұлы Ахмет. www.tarih-begalinka.kz. ақпараттық порталы.

9.Тұрғараева Г. М.Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі (1872 – 1937 жж.): Тарих ғыл.канд. ғыл. дәрежесін алу үшін  дайынд. дисс. авторефераты. -2009.-32 б.

10. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. — Алматы: «Атамұра», 2002. — 768 б.

11. Нұрпейісов. К АлашһәмАлашорда. — Алматы «Ататек» 1995- 256 б.

12. Қозыбаев М.Қ. Ахмет Байтұрсынұлы – ХХ ғасырдың ұлы реформаторы // Отан тарихы.- 1998. - № 3.- 22-22 – бб.; Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. Алматы:Санат. -1995. - 365 б; Мажитов С.Ф. Проблемы истории историографии народно-освободительного движения ХVIII-ХХ вв. в Казахстане. - Алматы: Мектеп. - 2007, - С.350; Аманжолова Д. Казахский автономизм и Россия.- Москва: Молодая Россия. -1994. - С. 212.

13. Қазақ. -1913.- №2.

14. Қойгелдиев М.Қ. Алашорда // Егемен Қазақстан. 1992. – 18 қаңтар.

15. ҚР ОММ. 14-қ. 3-т. 19-іс. – 5-п.

16. Протоколы ревкома по управлению Киргизским краем (1919-1920 гг.) - Алматы: Ғылым. - 1993. - С. 9.

17. Ленин В.И. Библиографическая хроника. - Москва. 1976. – Т.7. - С. 541.

18. ҚР ОММ. 14-қ. 3-т. 19 -іс. – 4-п.

19.Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. Алматы: Қазақ университеті, 2004.-388 б.

20. ҚР ОММ. 81-қ. 1-т. 56- іс. – 6- п.

21. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. ҚҰЭ. -Алматы,1998. -720 б.

22. ҚР ОММ. 81-қ. 1-т. 61- іс. – 38 -п.

23. Бикенов А. Ұлт тарихындағы трагедия//Астана ақшамы. 2014. №115.

24. Дулатов М. Аудармалар, естеліктер, құжаттар мен деректер. - Алматы: Мектеп.- 2004,- 442 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!