Дәрілік өсімдік –
адыраспан
Адыраспан — тостағаншасы – бес, күлтесі бес
бөлімді сары түсті, ұзындығы 1,5 – 2 см аталығы 15. Жемісі қоңыр
түсті, құрғақ, диаметрі 6-10 мм шар тәріздес, үш жеміс қалтасынан
тұрады. Тұқымының түсі қоңыр немесе сарғыш қоңыр , ұзындығы 3 – 4
мм, .үш ұшты төбешік тәрізді. Мамыр , шілде айында гүлдейді, шілде
– тамыз да піседі. Қатты хош исі бар. Топтанып өседі . Жеке ірі
бұтақтарында 150 – ге дейін сабақтары болады. Өсімдіктің жер бетіне
өсіп өнуі наурыз айының аяғы мен сәуір айында болады.
Бүршіктенуі сәуір айында басталады, мүшелердің шығуы тамыз айында
басталып, күзгі үсік болғанда аяқталады.
10
Адыраспанның емдік
қасиеті
Ревматизм ауруына
Буынның қабынуына
Ұмытшақ ауруына
Адыраспанның емдік
қасиеттері
Тіс
ауруына
Асқазанды тазалауға
Тарамыс ауруына
Бел, сал ауруына
Бастың созылмалы ауруына
11
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында
бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол
– улы
өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын,
сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге
пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың
қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында
алкалоидтар бар.Халық
медицинасында адыраспанды буын ауруын емдеуге
пайдаланады,қайнатылғансуын безгекпен ауырған адамға
ішкізеді. Сондай-ақ малдың
қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен
жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен
алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан
– улы
өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар),
дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін,
күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп
сақтайды.
Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін
адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар
ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын
сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып,
сол сумен ауырған мүшені үш мәрте бул
айды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін
адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек.
Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына
шомылдырған. Құяңмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын
қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап
ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады.
Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып
ішеді.
Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер
жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған.
Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен
қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп
мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу
алады.
Өсімдіктің фармакологиялық құрамы. Адыраспан
дәрісі ( препарат) қабыну ауруын басатын, зәр айдайтын, тер
шығаратын, ішек құрттарын өлтіру үшін, орталық жүйке жүйесін
қоздыру үшін қолданылады.
12
Ал қызыл иек ауырғанда шөптің қайнатпасымен
ауызды шаяды. Ауғаныстанда адыраспан түтінімен сал ауруларын
емдейді, ал жапырағынан ісікке таңатын булама
жасайды.
Тұқымның қайнатпасымен демікпені емдейді. Зәр
қуалайтын қасиеті бар. Көз нашар көрсе адыраспанды балмен,
шараппен, фенхель шырынымен және тауық өтімен араластырып ем
ретінде қолданған. Буындарға суық тигенде ауырған жерге жағады. Бұл
өсімдікті 1928 жылдан бері дәрі – дәрмекке пайдаланып келеді.
Шөптің тұнбасы: 1 стакан қайнатылған суға 1 үлкен қасық адыраспан
шөбін салып 30 мин қойып қою, дәкемен сүзіп алу. Бір қасық
дайындалған ертіндіні күніне 2 – 3 рет суық тигенде және малярия
ауруына қолданылады.
Басты ем болатын түрі және әзірлеу тәсілі.
1. Сабағы мен жапырағын қайнатып өлшем бойынша ішсе талма, сал
ауруы, ұмытшақтық, суықтан ми қабыну, тарамыс ауруына ем
болады.
2. Құстыруға, сабағымен жапырағынан 30 грамм шаншып, 120 мг суға
қайнатып шырынын сүзіп алып 90 грамм бал, 60 грамм күнжіт майымен
араластырып ішкізсе дереу құстырады.
3. Бастың созылмалы ауруына талмаға, 50 грамм шөбін 05 литр қызыл
араққа қайнатып күніне 30 грамм нан бір ай ішсе жақсы нәтиже
береді.
4. Ревматизм ауруларына, күніне 4-6 грамм 15 күн ішсе ауруды
басады. Оған зығыр тұқымын қосып жалғастырып ішсе демікпені
басады.
5. Тіс ауруына, адыраспанның шөбімен ыстаса, тістің қақсап ауырғаны
басылады.
6. Буынның қабынуына жас сабағын жапырағымен лайықты мөлшерде
жаншып, буынға тартады.
Дайындау мөлшері. Сабағы жапырағынан қажетіне қарай 4-8 грамм
тұқымынан 01-03 грамм дайындалады.
13
1.Тұндырма жасау.
1 ас қасық үгітілген құрғақ шөпті 1 стакан ыстық қайнап тұрған суға
1-5 минут салып жабық ыдыста тұндырады. Оны 45 минут суытып сүзіп
алған соң пайдаланады. 1 ас қасықты 3-4 рет тамақ алдында ішеді.
Ал, халық ішінде дәріні таң атарда ішеді.
2.Қайнатпа жасау.
1 ас қасық үгітілген құрғақ шөпті 1 стакан салқын суға 1-3 сағат
ұстап сонан – соң шамалы отқа 30 минут жабық сырлы ыдыста бұқтырып
қайнатады. 10 минут суығаннан кейін дәке арқылы сүзеді де 1 ас
қасық пен 30-4 рет тамақ алдында ішеді.
14
Адыраспанды дәрілік шикізат ретінде
дайындау.
Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің өзі, тұқымы
және тамыры пайдаланылады. Өсімдіктің шөбін гүлдеген кезде
дайындайды, тамырдан жоғары жерінен кесіп алынады. Кептірер кезде
темір шатыр астына көлеңкеге және ауа өтіп тұратын жерге
кептіріледі. Адыраспанды жазда немесе күзде жинап жаңа күйінде
немесе турап кептіріп дайындайды. Тұқымын піскенде жинап алады.
Қасиетті уы бар,өкпені тазалап, жөтелді басады, уытты қайтарады.
Сақтау мерзімі 2 жыл.
Қауашағы ашыла бастағанда тұқымын тереді. Төбесі жабық жақсы ауа
өтіп тұратындай жерде немесе күн астында кептіреді. Астына мата
төсеп , сосын тұқымын шөбі мен қауызынан
ажыратады.
Сақтау мерзімі 2 жыл.
Сақталу жолы: шикізатты салмағы 20 кг- нан аспайтын қапқа салады.
Сақтау мерзімі 2жыл.
Адыраспан халық
ұғымында...
Адыраспан – киелі өсімдік. Адыраспан өсімдігіне
ерте кезде біздің ата – бабаларымыз ерекше көңіл бөлген. Бұл
өсімдікті киелі өсімдік деп санаған. Үйдің босағасына іліп қойған.
Үйді осы өсімдіктің түтінімен ыстаған.
Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан
бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге
басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде
босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп,
адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді
иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін
адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын
болған.
Сондай- ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет
басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп
адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке
немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық
түседі-мыс.
«Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан»
деп келетін магиялық
15
формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке
сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса
керек.
Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге,
емдік шипалығы да бар. Алайда, адыраспан - улы өсімдік. Қаратау
сілемдерінде өсетін адыраспанды ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп,
тыныстары тарылып, уланады.
Өсімдіктің тұқымы пісіп жетілгенде оны жұлып
алу үшін мынандай жағдайларға қатты көңіл
бөлген:
1. Адам таза болуы керек.
2. Ер адам жұлады, әйел адамға жұлуға болмайды.
3. Жұлар алдында мына сөздерді айтуы қажет екен:
Биссимилллахир рахманир рахим,
Мен келдім әр нәрсеге әулие адыраспан
Атыңды қойған екен Омар, Оспан
Биссимиллахир рахманир рахим.
16
Қорытынды.
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері –
Республикамыздың ұлттық байлығы. Академик Н.И.Вавилов « Өсімдіктер
әлемі неткен бай еді, бірақ біз оны тым аз пайдаланымыз –ау!» деген
екен. Оны тиімді пайдалануға өсіп –өндіру мен қорғауға ғалымдар ған
емес, бүкіл халық атсалысуы керек.
Адыраспан туралы зерделей келіп, мен мынадай
ойларды түйіп, төмендегідей ұсыныстар айтқым
келеді.
1.Қазіргі медецинада адыраспанның емдік
қасиеттерін қолдану енгізілсе
2. Адыраспан туралы әлі де тереңірек зерттегім
келеді
3. Дәрілік өсімдіктер жайында, оның ішінде
адыраспан туралы газет, журналдарға арнайы мақалалар
жарияланып тұрса
17
Пайдаланған
әдебиеттер:
1.М.Қожабеков. «Дәрілік өсімдіктер» «Қазақстан»
баспасы Алматы – 1975A
2. Жетісу. Энциклопедия.
- Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. 712 бет
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен
атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы
2011