Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба "Ағылшын мақал-мәтелдеріндегі ит пен мысықтың бейнесі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы
Тасшағыл орта мектебі
Авторы: Ақылбек Бексұлтан
7 сынып Тасшағыл орта мектебі
Тақырыбы: "Ағылшын мақал-мәтелдеріндегі мысық пен иттің бейнесі"
Секция: тіл білімі
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
+
+ Жетекшісі: Утаршиева Гүлзада
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Тасшағыл орта мектебі
Атырау– 2015 ж.
Жоспары:
-
Кіріспе:
-
Ауыз әдебиеті – халқымыздың мұрасы, қымбат қазынасы;
-
Халық ауыз әдебиетінің түрлері.
ІІ. Негізгі бөлім:
-
Мақал-мәтелдердің тарихына қысқаша шолу;
-
Мақал-мәтелдердің ұлттық өзгешеліктері;
-
Мақал-мәтелдердегі жануарлардың бейнелері;
-
Ит пен мысықтың бейнесі
ІІІ. Қорытынды.
Аңдатпа.
Мақалдар мен мәтелдердің дүниетанымдық табиғатының күрделілігі, оның көнелігі мен қолдану аясының кеңдігінде ғана емес, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында құрыштай шыныққан ой-өрісінің биіктігіне, тәжірибе тезінен сұрыпталып өткен сұлу мүсіні мен ой маржандарының тазалығында жатыр.
Зерттеудің мақсаты: жануарлар атаулары бар ағылшын мақал-мәтелдерді талдау болып табылады.
Міндеттері:
-
Ағылшын мақал-мәтелдерінің өзгешеліктерін қарастыру;
-
Ағылшын мақал-мәтелдерінің сөздігін саралау және жануарлардың атаулары бар мақалдардың қолданысының жиілін айқындау;
-
Ағылшын мақалдарында мысық пен иттің бейнесінің символикасын саралау;
-
Мысық пен итке қатысты сыныптастар арасында сауал-сұрақ жүргізу.
Аннотация.
Пословицы и поговорки являются жемчужиной языка, они оживляют речь, придают ей особые колорит и очарование. В пословицах и поговорках закреплена мудрость, накопленная веками, ведь недаром англичане говорят: «as the people, so the proverb».
Целью настоящего исследования является анализ англоязычных пословиц и поговорок, содержащих лексические единицы с названиями животных.
Задачи исследования:
-
рассмотреть особенности английских пословиц и поговорок;
2)проанализировать словарь английских пословиц и поговорок и выявить частоту употребления пословиц с названиями животных;
3)проанализировать символичность образов кошки и собаки в английских пословицах;
4)провести анкетирование одноклассников об отношении к кошке и собаке.
Annotation.
Proverbs and sayings, are the pearl of language, they enliven it, give it a special flavour and charm. In proverbs and sayings embodied wisdom accumulated over the centuries, what the British say: "as the people, so the proverb".
The aim of this study is the analysis of English Proverbs and sayings, containing lexical units with names of animals.
Objectives of research:
1) To consider the peculiarities of English Proverbs and sayings;
2) Analyse the dictionary of English Proverbs and sayings, and identify the frequency of the use of Proverbs with names of animals;
3) Examine the symbolism of images of cats and dogs in the English Proverbs;
4) To conduct questionnaire survey classmates about a cat and a dog.
Кіріспе
Менің ғылыми жобалар сайысына дайындаған тақырыбым: "Ағылшын мақал-мәтелдеріндегі мысық пен иттің бейнесі". Бұл жұмысымды "Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді" деген ұлы ақын Абай атамыздың сөзінен бастайын. Біздің планетада әр түрлі халықтар тұрады. Сол әр халықтың өзінің тілі, діні, әдебиеті, ауыз әдебиеті сияқты өз тілінің ерекшеліктер болады. Адамның ойын жарыққа шығаратын күшті құрал – тіл. Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжерибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Өзіміздің рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады, жеткізіледі. Сол рухани байлығымыздың бірхалық ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиеті халқымыздың асыл да мол мұрасы, қымбат қазынасы, талай ғасыр жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері анау заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің күнімізге жеткізген. Адамзат өзінің бала кезінде, табиғаттың сиқырлы алуан жұмбақтарын шешесем, оны тілегіме жаратсам, бағындарсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетінде бейнелеген. Адамның, табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық- әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерлеуіне адамның ой санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең бойлауына байланысты ауыз әдебиеті мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған. Мысал ретінде алып кету. Ауыз әдебиетінде халықтың ғасырлық арманы, жақсы өмірді, әділеттілікті аңсаған мұрат мақсаттары бейнеленген.
Халық
ауыз әдебиеті әр түрлі жанрда дамыған. Осы халық ауыз әдебиетінің
сегіз түрі бар:
Тұрмыс–салт
жырлары
Мақал-мәтелдер
Жұмбақтар
Ертегілер
Эпостық
жырлар
Айтыс
өлеңдері
Тарихи
жырлар
Шешендік
сөздер
Ауыз әдебиеті де, жазба
әдебиеті де - көркем туынды. Бірақ ауыз әдебиетінің айырмашылықтары бар. Ең
алдымен ауыз әдебиеті- ұғымдық шығарма, белгілі бір нақты авторы
жоқ. Бұл ақын – жыраулардың, ертегішілердің өнеріне, дарынына,
дүниетанымына қарай түрлі өзгерістерге ұшыраған. Және
де ауыз әдебиеті өз шығармаларында лексикалық, синтаксистік
қайталауларға жиі ұшырайды. ХІХ ғасырға дейін жазуы енді дамуы
кезінде қазақ халқы үшін, яғни біз үшін көркем әдебиетте, білімде –
ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі - әлеументтік
экономикалық, рухани өмір мол көрініс тапты. Шын мәнісінде халық
шығармасы – ауыз әдебиетінің қай үлгісі болсын, оқушыларды күреске,
кемтарлықтан сары уайымнан аулақ, қиыншылықты жеңіп шығып, жақсы
өмір жасауға үндейді. Яғни Абай атамыз айтқандай:
«Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап»
Осы ғасырлар бойы дамып,
қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін
қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле
бастағанымыз-болашақтың сәулетіне нұрын шашқан күн шуағы іспеті
ұрпағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық,
тәрбиелік дәстүрлері, салт-санасы, әдептік хадистері мен
тұжырымдары - мәңгі нәр алатын рухани асыл
қазынамыз.
Негізгі бөлім
Адам өмірін жануарсыз елестетуге болмайды, олар әрбір үйде бар деуге болады. Британдықтар үй жануарларына айрықша көңілмен қарайды. Әсіресе британдықтар үй жануарларынан мысық пен итті асырайды. Менде де үйде мысық бар. Сондықтан мен Британия халқының мысыққа деген көзқарасы қандай екен деген ойға келдім. Менің ойымша, халықтың даналығы мақал-мәтелдерде қамтылады. Мақал-мәтелдер тілдің көркі болып табылады. Олар сөзді жандандырады, оған айрықша көрініс және әсер береді. Мақал-мәтелдерде ғасырлар бойы жинақталған даналық жатады. «As the people, so the proverb» деп ағылшындар бекерге айтпайды (яғни «мақал текке айтылмаған»). Мақал-мәтелдер дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мұнда өмірдің сан –алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Олар – қолдану әдісі мен аясына қарай, мазмұн мен мәні жағынан сан – саққа құбылып отыратын көне де күрделі жанр.
Мақал-мәтелдердiң тарихына қысқаша шолу
Кез келген халық тіліндегі мақал-мәтелдердің тегін тектеп, төркінін тергеп қарасақ, олардың аз дегенде үштен бірі-туыстас, не көршілес елдерден ауысып, етене сіңісіп кеткен ауыс-түйістер.
Ғылым дүниесінде «Мақал-мәтелдердің авторы жоқ» деген пікір қалыптасқан. Бұл әрі дұрыс, әрі бұрыс пікір. Бұрыс болатын себебі мақал-мәтелдердің қандай түрі болмасын, ғайыптан пайда болған, не ел-жұрт жиналып, ақылдасып, кеңесіп шығарылған дүние емес. Олар, әдетте, халық арасынан шыққан жеке дара ділмар-шешендердің, дарынды да дана тұлғалардың, ақын-жырау, көңілі көрікті, кеудесі ояу, көргені мен көңілге түйгені мол қазыналы қарттардың өз өмір-тіршілігінен алған тағылымынан туындаған ой түйіндері. Демек, мақал-мәтелдер өзінің түп негізінде жеке бастың рухани табысы, әр замандағы даналардың қоғамдық өмірге деген көзқарасы, өзіндік танымы.
Алайда, осылай дүниеге келіп, ылғи өзгеріп, өрбіп-өсіп отыратын жеке-дара тұлғалар қалдырған өнеге, өсиет өрнегі солардың атымен ұзақ сақтала бермейді.
Мақал-мәтелдердің зерттелуіне
тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында
пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде
айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология
саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В.
Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко,
А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев
т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне
тиесілі деген ғылыми негіздемелер
ұсынады.
Мақал-мәтелдерді
жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік
бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек
сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші
ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі
қажеттігін ескертеді.
Осы келтірілген
ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ,
мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына
тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды
фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық
мүмкіндік береді.
Мақал-мәтелдердің ұлттық өзгешеліктері.
Бәрімізге белгілі, барлық тілдер өзінің мақал-мәтелдерімен және идиомалармен бай. Бірақ мақал-мәтел дегеніміз не? Осы сұраққа жауапты мен сөздіктерден табуға тырысып көрдім. Уикипедия ашық энциклопедиясында «Мақал-мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың өңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес, ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі» деп жазылған. Ағылшын Макмиллан баспасының сөздігінде мынандай анықтама таптым: «Proverb – a short well-known statement that gives advice or expresses something» («Мақал – ақыл-кеңес беретін немесе бір нәрсені білдіретін қысқа ғана тұжырым»).
Ағылшын тілінде мақал және мәтел деген ұғымдар шамалас болып есептеледі. Алайда, идиома деген ұғым көбірек кездеседі. Грек тілінен идиома дегеніміз ерекшелік, өзгешелік дегенді білдіреді. Интернетке қарасақ: «бірінен-бірін бөліп алып қарауға болмайтын, өзге тілге сөзбе-сөз аударылмайтын тұрақты сөз тіркестерін идиомалық тіркестер немесе идиома дейді».
Мақал-мәтелдер көбінесе сөйлемдерге ұқсайды, ал идиомалар – тұрақты сөз тіркестер, олардың құрама бөліктерін ажыратуға болмайды. Сонымен, мақал-мәтелдер және идиомалар – фразеология секілді тіл тарауын қамтитын тұрақты сөз тіркестері.
Әр халықтың мақал-мәтелдері мағынасы бойынша ұқсауы мүмкін, сондықтан оларды аудару онша қиындыққа келмейді деп есептеймін. Бірақ кейде мақал-мәтелдер жарым-жарты түйіседі, кейде тіпті мүлдем үйлеспей қалады. Әрбір халық өзінің мақал-мәтелінде белгілі бір ойды білдіру үшін әртүрлі бейнелерді пайдаланады, өмірдің және халықтың дәстүрінің түрлі бейнесін көрсетеді. Мақал-мәтелдерде түртінді сөздер жиі пайдаланылады, өзге халықтың ұлттық-мәдени ерекшелігін байқауға болады.
Ағылшын мақал-мәтелдерінде түртінді сөздердің орнында жануарлардың атаулары қолданылады. Оның себебі, Англияда трт аяқты жануарларға табынушылық орнаған. Ұлыбритания жанұяларының көпшілігі үйлерінде бір немесе одан да көп үй жануарын ұстайды. Иттер – британдықтардың сүйікті жануары, шамамен 6 миллиондай. Екінші орында тұрған мысықтар, олар Ұлыбритания аумағында 5 миллионға жуық. Үшінші орында құстар. Кейбір адамдар үйлерінде мысық пен итті ұстамаса да, басқа да жануарларды асырайды. Ұлыбританияда барлығы 12 миллиондай үй жануарлары бар. Бұған дәлелді мақал-мәтелдерде, идиомалардан көре аламыз.
Байқағанымыздай, мақалдарды зерттей отырып, біз және де елдің мәдениетін, халықтың ойының бейнесін де зерттейміз. Мақал-мәтелдер адамның сөзін безендіреді және құнарландырады, сөздіктің қорын кеңейтеді, қиялды дамытады.
Мақал-мәтелдердегі жануарлардың бейнелері.
Осы зерттеудің мақсатында мен ұстазыммен бірігіп А.Григорьеваның «1000 орыс және ағылшын мақал-мәтелдері» кітабынан, Т.С.Деминаның «Ағылшын және орыс сөздігіндегі фразеологизмдер», М.И.Дубровинаның «Ағылшын және орыс мақал-мәтелдер сурет сипаттарда» деген кутаптарындағы 1000 ағылшын мақал-мәтелдері мен идиомаларды сараладық. Ағылшын мақал-мәтелдерінің және идиомалардың, олардың ортақ тізбесі құрылды. Мақал-мәтелдердің анализіне қарасақ, 154 мақалдарда жануарлардың атауы бар. Анализдің нәтижелері 1 кестеде ұсынылды.
1 кесте.
Жануардың атауы |
Саны |
Пайызы |
Cat |
42 |
27 |
Dog |
35 |
23 |
Bird |
12 |
8 |
Horse |
8 |
5 |
Hen, cockerel, chicken |
7 |
4 |
Sheep |
5 |
3 |
Кестеге қарасақ, ағылшын мақалдарында көбірек мысық айтылады, содан кейін ғана ит. Құс, жылқы, қой да кездеседі. Мақалдарда өте сирек кездесетін маймыл (monkey), кесіртке (lizard), леопард (leopard), шаян (scorpion) атаулары. Олар тек бір ғана мақалда кездеседі.
Сонымен, ағылшын мақал-мәтелдерде үй жануарларына деген көңілдері айқын көрінеді, сол себептен үй жануарларының атаулары көп қолданыста болып табылады.
Ит пен мысықтың бейнесі.
Зерттеуіміздің келесі кезеңі – ит пен мысықтың атаулары бар мақалдарының анализі. Олардың жалпы саны – 77 дана. Бейнелер сөздігінде көрсеткендей, мысық айлалылық, зейіннің өзгеруі, көріпкелдік, аңдағыштық, сақтық, сезінушілік, әйел ызасы болып табылады. Кезінде мысық өте сыйлы жануар болған екен, бірақ барлық жерде олай емес. Мысалы, қара мысықты жалмауыз кемпір мен тылсымды күш байланыстырған. 42 мақалда мысықтың атауы кездеседі. Бұл ретте ол айбатты, айланы, жалқаулықты, сескенушілікті, ізденгіштікті білдіреді. Көбіне ағылшын мақалдарда мысық айбаттың, жаулықтың белгісі болып табылады. Осы мақалдарда мысық тышқанға қарсы қойылып салыстырылады:
When the cat is away, the mice will play. Watch one as a cat watches a mouse. Cats hide their clows.
Мысық итпен ескі қарсыласы болып табылады. Соның дәлелі: Cat-and-dog life.
Мысық әйелдің, оның өктемшіл табиғатын кейіптейді: Live under the cat`s foot.
Мысық сескенушілікті де кейіптейді: The scalded cat fears cold water.
Мысық айланы және жалқаулықты білдіреді: A cat in gloves catches no mice.
Адамның жағымсыз қасиетінің бірі әуесті: Curiosity killed a cat. Cat in the pan.
Мысық кенеттікті білдіреді: The cat is out of the bag. To buy a cat in a poke.
Мысық көбінесе адамның жағымсыз қасиеттерін: жаулық, қорқыныш, жалқаулық, айла, әуесқойлық, азғындаушылықтың белгісі болып табылады.
Ит 35 ағылшын мақалдарында кездеседі. Сөздікте ит адалдық, сергектік, ықтың, агрессияның кейіпі болып табылады. Кейбір мәдениеттерде ит жек көрушіліктің адалдықтың белгісі болды. Ағылшын мақалдарында ол агрессия, жасырын айбаттың, қартайғандықтың және ақылмандықтың, өжеттіктің және өткірліктің, адалдық, жек көрушілік және берекесіздік белгісі болып табылады.
Иттің бейнесі ағылшын мақал-мәтелдерінде көбінесе жасырын айбатпен байланыстырылады. Beware of a silent dog and still water. Let sleeping dog lie.
Ит қартайғандықты да білдіреді: An old dog will learn no new tricks.
Итке бар күнәні артуға, жазалауға да болады: Give a dog a bad name and hang it.
Ит өжеттікті, өткірлікті кейіптейді: Every dog is valiant at his own door. Every dog is a lion at home.
Кейбір мақалдарда итке деген сезімді, иттің адалдығын көруге болады: A good dog deserves a good bone. Every dog has his day. Және де егер адам ғашық болса: Love, love my dog.- дейді.
Dog does not eat dog – мақалында қызығушылықтары ортақ, бір-біріне адал адамдарды білдіреді. Ал мына мақалда Dog eats dog – керісінше бір-бірін жек көретін адамдарды байқауға болады.
Адамның тағы бір жағымсыз қасиеттерінің бірі – қызғаншақтық. Too much pudding will choke a dog.
Сонымен, көбіне ағылшын мақал-мәтелдерінде ит агрессияны, айбатты, қартайғандықты, ақылды, қызғаншақтық және адалдықты білдіреді.
Ағылшын мақал-мәтелдеріндегі мысық пен иттің бейнесінің салыстырғанда байқағаным, мысық та, ит те агрессияна, айбатты білдіреді. Ит, мысыққа қарағанда, салмақты, адал болып табылады. Ал мысық айла мен жалқаулықпен кейіптеледі.
Зерттеудің 3-ші кезеңі – сыныптастарымның сұрақ-жауабы. Мен сыныптастарыма сұрақ ұсындым: ит пен мысық адамның қандай мінезінің сипаттарын білдіреді деп.
2 кесте
Мінездің сипаттары |
Мысық |
Ит |
Әдептілік |
|
|
Адалдық |
|
|
Жаулық |
|
|
Ақымақтық |
|
|
Намыс |
|
|
Жақсылық |
|
|
Қызғаншақтық |
|
|
Қаталдық |
|
|
Қызғаныш |
|
|
Ыза |
|
|
Махаббат |
|
|
Әуесқойлық |
|
|
Ақыл |
|
|
Тәуелсіздік |
|
|
Адалдық |
|
|
Өткірлік |
|
|
Қорқақтық |
|
|
Сауалыма 23 оқушы қатысты. Қорытындысы бойынша, оқушылар мысықтың мынандай қасиеттерін белгіледі: тәуелсіздік(14 оқушы), жақсылық (7 оқушы), адалдық (7 оқушы), жаулық (5 оқушы).
Ал итке тән қасиеттерінен оқушылардың жауаптары: адалдық (14 оқушы), өткірлік(8 оқушы), ақыл (8 оқушы), қаталдық (5 оқушы).
Сонымен, оқушылар көбінесе жағымды қасиеттерді таңдады.
Қорытынды
Ал енді бұл жұмысымды аяқтай келе мынандай қорытындыға келдім: 1000 ағылшын мақал-мәтелінен 154-інде жануарлардың атауы кездесті. Солардың 42 мақалында мысық, ал 35-інде иттің атауы бар екен. Ағылшын мақал-мәтелдерінде мысық айбат, сескенушілік, жаулықты (8 мақалда), айла және жалқаулықты (2-еуден), әуесқойлықты (1 мақал), қажырсыздық, сыпайылық (1), қапылысты (2) білдіреді. Екі мақалда мысықтың магиялық қасиетін байқадым. Адамның сыртқы сипаты мен мінезі 4 мақалда кездесті.
Ит бейнесі агрессия, жасырын айбат (4 мақал), қартайғандық және ақылмандық (4), өжеттік және өткірлік (2), адалдық (3 мақал), жек көрушілік және берекесіздік(4 мақал) болып табылады.
Сыныптастарым сұрақ-жауаптарды көбінесе мінездің жағымды жақтарын атады: мысықтардың – тәуелсіздік, жақсылық және адалдықты; иттердің – адалдық, өткірлік және ақылды.
Қорытындылай келе айтарым:
менің зерттеуімнің жорамалы расталады – ағылшын мақал-мәтелдерінде
мысық пен иттің бейнесінде адамның жағымды және жағымсыз
қасиеттерін сипаттайды.
Мақалдарды бірнеше тілде білу өзімізге де пайдалы. Олар да
түрлі тарихи жағдайларда құрылған, бірақ сонда
да халықтың арманын, мақсатын көрсетеді. Белгілі бір
ойдың әр түрлі халықтардың, яғни әр түрлі тілдегі қалай
айтылатындығын есту қызықты. Тегінде мақал-мәтел қай халықтың
болсын жан дүниесінің, мінез-бітімінің, тыныс-тіршілігінің айнасы;
ол сол халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана
қоймай, оның уақыт санын құны артпаса, арзымас қазына екенін
сөздірер белгісі. Сондықтан қай тілде болсын
мақал-мәтелдерді оқып, үйрену керек.
Өйткені тіл өзгерсе де, сөз өзгерседе мақалдың түпкі мағынасы, айтайын деген ойы өзгермейді. Бірақ ең алдымен өз тілімізді, әркім өз халқының рухани байлығын білу керек. "Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді". Ғ. Мүсірепов.
Мен алдымда тұрған мақсатқа жеттім деп ойлаймын. Бірақ әлі де істелмеген жұмыстар бар, оларды болашақта әрі қарастырып, жұмыс жүргіземін.
Ағылшын мақал-мәтелдеріндегі мысықтың бейнесі
Қорқыныш, үрей |
Қулық |
Еріншектік |
Әуестік |
Жасқаншақтық |
Магиялық қасиеттер |
Адам мінезі, сырт келбеті |
Кенеттік |
Cat-and-dog life |
Send not the cat for lard |
A cat in gloves catches no mice |
Curiosity killed a cat.
|
A shy cat makes a proud mouse.
|
A cat has nine lives |
Look like a cat who swallowed the canary |
The cat is out of the bag |
When the cat is away, the mice will play. |
The cat shuts its eyes when it steals the cream |
The cat would eat fish and would not wet her feet |
|
|
Have more lives than a cat |
Cat in the pan |
to buy a cat in a poke
|
Cats hide their clows |
|
|
|
|
Enough to make a cat speak |
As melancholy as a cat |
|
The scalded cat fears cold water |
|
|
|
|
|
Cheshire cat |
|
There is more than one way to kill a cat |
|
|
|
|
|
|
|
Live under the cat’s foot |
|
|
|
|
|
|
|
Watch one as a cat watches a mouse |
|
|
|
|
|
|
|
Put/set cat amongst the pigeons |
|
|
|
|
|
|
|
Иттің бейнесі
Қорқыныш |
Ақыл, қартайғандық |
Адалдық |
Батылдық |
Сараңдық |
Жек көрушілік |
Dumb dogs are dangerous. |
An old dog barks not in vain. |
Every dog has his day. |
Every dog is a lion at home. |
Too much pudding will choke a dog. |
to go to the dogs |
Beware of a silent dog and still water. |
То teach the dog to bark. |
follow somebody like a dog |
Every dog is valiant at his own door. |
|
die like a dog |
Let sleeping dogs lie. |
An old dog will learn no new tricks; |
Dog does not eat dog. |
|
|
Не that lies down with dogs must rise up with fleas. |
Cat-and-dog life |
There is life in the old dog yet |
|
|
|
Scornful dogs will eat dirty puddings. |
Қолданылған әдебиеттер:
-
Английские пословицы и поговорки. – http://english-proverb.narod.ru/
-
Григорьева А. 1000 русских и английских пословиц и поговорок. – М.:АСТ, 214 б.
-
English proverb - Английские пословицы с русским переводом.- http://webprogram.narod.ru/proverb/
-
English proverb and saying with the transfer in the Russian.- http://saying .ru/world/English-World Sayings.ru