Материалдар / Ғылыми жоба "Астрономиялық бақылаулар және халық даналығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Астрономиялық бақылаулар және халық даналығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Астрономиялық бақылаулар және халық даналығы Оқушының аты- жөні: Мирамбекова Аружан Миржанқызы Ғылыми жетекшінің аты-жөні: Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Қадырбек Гүлшат Қадырбекқызы Жоспар: 1. Кіріспе 2. Ең қарапайым астрономиялық бақылау құралдары:  Телескоп  Бұрыш өлшеуіш құрал  Жұлдыз сағаты 3. Ай құпиясы 4. Үркер жұлдыздар шоғыры 5. Киелі сандар халық астрономиясында 6.Қорытынды 7.Пайдаланған әдебиеттер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
482
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 мектеп-лицей


Тақырыбы: Астрономиялық бақылаулар және халық даналығы

Оқушының аты- жөні: Мирамбекова Аружан Миржанқызы

Ғылыми жетекшінің аты-жөні: Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі Қадырбек Гүлшат Қадырбекқызы

Жоспар:
1. Кіріспе
2. Ең қарапайым астрономиялық бақылау құралдары:
Телескоп
Бұрыш өлшеуіш құрал
Жұлдыз сағаты
3. Ай құпиясы
4. Үркер жұлдыздар шоғыры
5. Киелі сандар халық астрономиясында

6.Қорытынды

7.Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе.
Астрономия – табиғат жөніндегі ең бір қызықты және тамаша ғылым, ол тек осы күнгіні ғана зерттеп қоймайды, бізді қоршаған мега дүниенің алыс өткенін де зерттейді, сондай - ақ болашақ Ғаламның ғылыми суреттемесін жасауға мүмкіндік береді. Аспан денелерінің температурасы, химиялық құрамы, магниттік өрісі, сондай - ақ олардың қозғалыстары жөніндегі мәліметтер спектрлік бақылаулар арқылы алынады. Астрономия ежелгі ғылымдардың бірі. Ол адам баласының өмірлік қажеттіліктеріне қарай, басқа ғылымдардың бәрінен бұрын пайда болған.
Ерте кездің өзінде - ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарға, күндіз Күнге қарап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халық шаруашылығының қатарына: уақытты өлшеу, дәл географиялық карталарды жасау, теңізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады. Дегенмен де бүгінде астрономияның мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн жүйесінің ғаламшарларын зерттеу өзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге тудырады. Жер айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзінде - ақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру адам баласының өмір сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық көкейтесті мәселелерді шешуді жеңілдетеді.
Аспан денелерінің көрінбейтін сәулелерінің негізгі бөлігі Жер атмосферасына жұтылады және Жердің бетіне жетпейді. Сондықтан да Жерден жүргізетін бақылауды атмосферадан тыс кеңістіктен жүргізумен толықтыруға болады. Ол бүгінде Жердің жасанды серіктері ( ЖЖС ), ғаламшараралық автоматты бекеттер ( ҒАБ ) және орбиталық ғылыми бекеттер арқылы жүзеге асырылуда.
Борттарындағы астрономиялық құралдар толқын ұзындығының барлық диапазонында аспан денелерін зерттеуге қабілетті. Бүгінгі астрономияның дамуы ғылыми – техникалық прогреспен тығыз байланысты іргелі физика - математикалық ғылым. Қазір Жер бетінде және атмосферадан тыс кеңістікте жүргізілетін бақылаулар Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінде жасалатын тәжірибелермен, Айдағы, Шолпан мен Марстағы зерттеулермен толтырылып, алынған мәліметтер электрондық есептеуіш машиналарында өңделіп, физика, математика және басқа ғылымдар жетістіктері ескеріліп, астрофизика аса қарқынды түрде дамып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Халық астрономиясы туралы ұғымды, оның қолданылуын, аспан денелері туралы аңыздарды, аспан денелеріне қарап жыл мезгілдерін, аспан құбылыстарын анықтауды, ұрпақтан - ұрпаққа тарап келе жатқан аңыз, ертегі, жұмбақ, халықтық ұғымдар, ырым, наным т. б. материалдарды жинақтау. Ең қарапайым бақылау құралдарын қолдан жасап, аспан денелерін бақылау.



Астрономиялық бақылау құралдары

Астрономиялық бақылау әрі қызықты әрі ғажайып жұмбақтарға толы аспан денелерінің сырын танудың тамаша тәсілі болып табылады. Бақылауды арнайы құралсыз жай көзбен – ақ жүргізуге болады. Сол сияқты телескоп немесе дүрбі арқылы да жүргізуге болады. Бақылаушының негізгі құралы болып табылатын телескоп көзбен көріп, тамашалауға болатын ғарыш кеңістігін ұлғайтып көрсетеді.

Телескоп арқылы көзге көрінетін тек Күн жүйесінің ғана емес, сонымен қатар, Ғалам денелері – тұмандықтар мен жұлдыз шоғырлары, тіпті одан да тыс жатқан басқа жұлдыздар ғаламы және олардың жүйелері. Телескоптың негізгі міндеті – зерттелетін объектіден мүмкіндігінше көп жарық жинау және оның көрінетін бұрыштық мөлшерін үлкейту.Телескоп арнайы шыны өңдеп, көзілдірік жасайтын дат шеберлері алыстағыны жақындап көрсететін дүрбі ойлап тапқаннан кейін барып шықты. Бұл 17 - ғасырдың бас кезі еді.Мұндай ғажап дүрбі жайлы хабар Италияның Падуи деп аталатын қаласына да тез жетті. Падуиде жұртқа мәлім ірі университет бар еді. Ал бұл университетте әйгілі физик, математик әрі астроном Галилео Галилей жұмыс істейтін. Галилей мұндай дүрбінің астрономдарға өте қажет екенін бірден байқап, ондай аспапты өзі жасап шығарды. Бұл 1609 жыл болатын. Мұндай құрылғы онша күрделі болмай шықты. Галилей құрастырған тұңғыш телескоп кескінді небары 3 есе ғана ұлғайтатын. Соның өзінде ғалымның көз алдында көк аспанның пердесі түріліп жүре бергендей болды. Ақыр соңында Галилей кескінді 32 есе ұлғайтатын телескоп құрастырды. Ғалым оның көмегімен Айдан, Күннен және планеталардан тамаша жаңалықтар ашты.Кеплер, Ньютон, Ломоносов сияқты әр елдің әйгілі оқымыстылары және олардан кейін де көптеген адамдар телескопты жетілдірумен айналысты. Көп уақыт өтпей - ақ линзалы телескоп – рефрактордың орнына оның бәсекелесі және серігі телескоп – рефлектор пайда болды. Мұнда объектив линзасы ойыс айнамен алмастырылған. Телескоп – рефлекторды ағылшын ғалымы Ньютон ойлап тапты.Қазіргі кезде ең үлкен американ телескоп – рефракторы трубасының ұзындығы 21м, объективінің диаметрі 102 см. Ол кескінді 330 мың есе ұлғайтады. Ал ең үлкен телескоп – рефлектордың айнасының көлденеңі 6м. Бұл телескоп Кавказ тауында 2100м биіктікте орналасқан. Қолдан жасап алуға болатын қарапайым астрономиялық бақылау құралдарына тоқтала кетейік. Ең қарапайым телескоп. Қажетті нәрселер

Екі үлкейтетін шыны

Диаметрлерінің сәл ғана айырмашылығы бар екі картон түтік

Скотч Тәжірибе кешке Ай жақсы көрінген кезде жүргізілді

Тәжірибе барысы

  1. Екі картон түтік жасап, бірінің ішіне бірін кіргіздік те скотчтың көмегімен бір ұшына үлкейтетін шыныны бекіттік

  2. Айға үлкейтетін шыны жағынан қарап, ал басқа шыныны қарама - қарсы ұшының алдына ұстадық. Түтікті әрі, бері жылжыта отырып сонымен бірге екінші үлкейтетін шыныны жақындатып және алыстатып айқын кескін алғанша телескопты икемдеп ұстадық
    Нәтижесі

Айдың кері және үлкейтілген кескінін алдық

Өйткені
Алдыңғы шыны Айдан шығатын сәулелерді жинап, түтіктің ішінде оның кескінін береді. Көзге жақын орналасқан линза бұл кескінді үлкейтеді және Айды жақындатады. Линзалы телескоптар осылайша жұмыс істейді, бірақта шын аспаптар кері емес, дұрыс кескін көрсетеді.

Бұрыш өлшеуіш құрал.

Аспан сферасында орналасқан жұлдыздардың, сондай - ақ басқа шырақтардың арақашықтықтары тек бұрыштық өлшемдермен ғана анықталады. Қарапайым бұрыш өлшеуіш құралды қолдан да жасап алуға болады. Жұлдызтаяқ градуирленген АВ сызғыштан және оның бойымен қозғалатын жылжымалы СД таяқшадан тұрады. Таяқшаның ұшына қысқа таяқша - қарауыл орнатылады. Өлшенетін бұрыш мәнін анықтау үшін ұзын тақтай бойына бұрыш белгілері салынуы тиіс. Бұл белгілер тронспортир қолданылып анықталады. Жұлдызтаяқ көмегімен өлшеу үшін бақылаушы А нысананы көзге тақап, тақтайды жылжыта отырып, онда орнатылған қарауылдарды бұрыштық бұрыштық арақашықтығы өлшенетін екі жұлдызға немесе аспан шырақтарына дәл келтіреді. Өлшенген бұрыштың мәні - жылжымалы тақтайшаның ұзын таяқ бойында көрсетілген бұрыштық белгімен анықталады.


Жұлдыз сағаты

Жұлдыз сағаты үш бөліктен құралған:

  1. Жиегіне айлар мен күндер жазылған жылжымайтын негізгі дөңгелек, онда көкжиек белгісі салынған

  2. Сағат белгілері бар жылжымалы дөңгелек сақина, оның жиегіне 5сағ20мин - ты көрсететін бағыттауыш салынған

  3. Темірқазық және Жетіқарақшының екі жұлдызы арқылы өтетін жұлдыздық сағат тілі бар дөңгелек. Сағат дөңгелегін негізгі дөңгелекке, оған сағат тілі бар дөңгелекті беттестіріп, орталық нүктеге шегеден істелген оське қондыру қажет.
    Өте қарапайым астрономиялық құралдармен жасалған бақылаулар әлемнің шексіз екендігіне табиғат танудағы қазіргі ғылыми әдістердің құдіреттігіне көз жеткізеді.

Ай құпиясы

Ай жерден 384 шақырым қашықта. Жерден көлемі төрт есе кіші. Бірақ тар­тылыс күші жермен бірдей. Де­мек, ол бізді, біз оны айналып жүрміз деуге болады. Содан болар, Жертіндегі мұ­хит суларының шалқуы мен қайтуы айдың тартылысына байланысты. Жал­пы, су емес, Айдың тартылыс күші жердегі барлық дүниеге үлкен әсер етеді. Сондай-ақ Ай жердің айналысын тежеуге де «күш» салады екен. Ғалым­дардың есебінше жер күніне 0,00164 секундтқа Айдың әсерінен өз қозғалы­сын баяулатады. Бұл үдеріс миллион­даған жылдардан бері созылып келеді. Егер де Ай Жердің өз осін айналуына байланысты «тежегішін» басып қалса, ақырзаман орнады дей беріңіз. 
Тағы да көз алдыңызға елестетіп кө­ріңізші, адам лық толы автобус қат­ты келе жатып, оқыстан жүргізуші тежегішті басып қалса, іштегі адамдар не болады? Бірінің үстіне бірі құлаған адамдар, айқай-шу, жарақат алғандар… Жер де сондай күйге ұшырамақ.
Бүкіл дүние төңкеріліп түспек. Мұхит суы, топан суға айналып, жер шарын шайып кетер еді... 
Ай сондай-ақ үлкен тылсым күшке ие. Барлық көріпкелдер, емшілер өз­дерінің ем-домдарын, болжағыш қа­сиеттерін Айға байланыстырып айтып жатады. Біз керемет жырға қосып, түрлі теңеу айтып жүрген Ай сәулесі керемет «вампирлік» күшке ие. Адам­ның барлық күш-қуатын сорып алуға тырысатын көрінеді. Содан болар, өзге жұртты қайдам, қазақ халқы ұйық­тағанда «бетіңе ай сәулесі түсіп қал­масын, ай жарығында көп жүрме» деп жатады. Мұның астарында үлкен мән жатыр. Айдың сәулесі сау адамды ауру жанға айналдыруға, тіпті өлтіріп жі­беруге де күші жетеді екен. Үлкендер­дің Ай толған түнде далада көп жүруге болмайды деп жататыны сондықтан. Көптеген эзотериялық бағыттағы ға­лымдар Күн жүйесіндегі тіршілік иесі пайда болатын екінші ғаламшар ретін­де айды санайды. Сол себепті ай бойы­на керекті энергияны көптеп жинап жатыр-мыс. Айдың адамдарға тағы бір кері әсері ол — сомнамбулизм, яғни Ай кез­белік ауруы. Мұның сырын әлі ғылым шеше алған жоқ. Адамдардың көбі толған Ай кезінде өзін жаман сезі­неді, көңіл күйі бұзылады, сәл нәрсеге ты­рысып жатады. Неге? Мұхиттардың көтерілуі мен қайтуын айға қарап біл­дік. Адам организмінің 80 пайызы судан тұрады деп есептесек, онда ай­дың әсері болатынын арнайы зерттеу­сіз-ақ білуге болатындай.
Ай — құпияға толы ғаламшар. Бұ­дан біраз бұрын, ай бетінде көне өрке­ниет болғаны жөнінде НАСА түсіріп алған суреттер әлемді шулатқан. Онда Ай бетінде өте қатты дамыған өркениет қалдырған нысандар, қалалардың ор­ны, тас қамалдардың қалдығы секілді көріністер бейнеленген. Бірақ НАСА тағы да бар құпияны жасырып, үнсіздік танытуда. Қалай айтсақ та, қалай зерт­тесек те, Ай адам баласы үшін әлі де жұмбақ болып қалуда.

Үркер жұлдыздар шоғыры

Бұрынғы қазақ қоғамында уақытты жұлдыздар бойынша есептеудің жүйесі болған. Әлі күнге дейін бұл уақыт есебі тоғыс есебі деп аталады. Әлемнің басқа елдерінде кездеспейтін бұл жүйеде уақыт Ай мен Үркер жұлдыз шоғырының әрбір 28 күнде бір «тоғысып» отыруы бойынша анықталады.

Көне дәуірлерден келе жатқан тоғыс жүйесінде есепшілердің Үркер жұлдыз шоғырын таңдап алуының себебі болуға тиіс.

Біріншіден, Үркер жұлдыз шоғыры түнде шоқтай болып, көзге бірден жарқырап түседі. Екіншіден, 14 мамыр мен 21 маусым аралығынан басқа уақыттарда Үркер жұлдыз шоғыры (Торпақ шоқжұлдызының құрамында) түнгі аспанда үзбей көрініп тұрады. Үшіншіден, ай батыстан туып, шығысқа қарай қозғалғанда, Үркер шығыстан туып батысқа қарай қозғалады. Бір-біріне қарсы қозғалған аспан денелерінің кездескен уақыты, яғни «тоғысқан» мезгілі уақытты дәл белгілеу үшін таптырмас белгі іспетті деуге болады.

Қазіргі ғылымда мұндай уақыт мөлшерін Жұлдыздық ай есебі деп атайды. Оның мөлшері жуық түрде 27 күн 7 сағат 43 минөтке тең. Ертеде дәл есептейтін сағат болмағандықтан қазақ есепшілері Жұлдыздық ай мөлшерін 28 күн етіп белгілеген.  Бір жыл ішінде Ай мен Үркер  13 рет тоғыса алатындықтан, нәтижесінде тоғыс есебінде 364 күн болған.

Қазіргі қазақ тілінде тоғыс есебіне қатысты едәуір сөз, тұрақты сөз тіркестері сақталған. Мысалы,қырқына шыдап, қырық біріне шыдамапты деген тұрақты сөз тіркесінің мәнін былай деп ашады. 40 айда Тоғыс есебі мен Күн жылы жуық түрде дұрыс теңеледі. Ал 41 айда тоғыс есебінің мөлшері дұрыстала түскенмен, Күн жылы өз мөлшерінен 8 күн асып түседі.

Ай мен Үркердің тоғысуын есепшілер 3 күнге бөледі.

  1. Ай мен Үркер жақын келген күнді ауыл-үй қонды деп атайды.

  2. Ай орағының немесе тасасында Үркердің көрінбей қалуын тоғамдасу деп атайды.

  3. Айдың Үркерді басып өткен үшінші күнін өріп шықты деп атайды.

Бұл тоғыс «бес тоғыс» деп аталады. Осы тоғыстан бастап Қазақстан жерінде жер көктеп, ағаштар бүршік жара бастайды.


Киелі сандар халық астрономиясында

Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Құдай бірінші күні жарықты, екінші күні аспанды, үшінші күні жерді, төртінші күні Күн, Ай және жұлдыздарды, бесінші күні балықтар мен құстарды, алтыншы күні аңдар мен адамдарды жаратқан, жетінші күні дем алған деген діни аңыздар бар. Аңыз әңгімелерге сүйенсек бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.

         Табиғаттың керемет туындыларының бірі – кемпірқосақ. Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасында пайда болады. Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті түстен тұрады екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.

         Жетіқарақшы (лат. Ursa Major) – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Және оның шеткі екі жұлдызы (α және β) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Түнгі күзеті көп мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқы түні бойы батпай Темірқазықты шыр айнала қозғалатын Жетіқарақшыны Жер тараптары мен түн мезгілдерін айыруда жиі пайдаланған.


Қорытынды

Біз астрономиялық бақылаулар келесі әдістері қарастырылады осы жұмыс барысында: Күн белсенділігінің бақылау, Юпитер және оның серіктері бақылау, Құйрықты жұлдыздар мен олардың бақылаулардың іздеу, светящиеся бұлттар бақылау, метеор бақылау, күн тұтылу бақылау, Айдың бақылау тұтылу, жасанды серіктерін бақылау; егжей-тегжейлі астероидов нақты сипаттамалары зерттелген.

Біз сондай-ақ күн осы эволюция қозғаушы күші болып табылмайтын, ал Жер эволюциясының тек кейбір «түзету» ықпал етеді деп анықтады.


Әдебиеттер

1.Ginzburg В.Л. қазіргі кездегі астрофизика.- М: «Ғылым», 2007..

2.Zemlya және қоныстандыру. Саны 1 - 2. 2000

3.Жалпы астрономия.Bakulin PI курсы.- М: «Ғылым», 2007...Martynov DY Курс практикалық astrofiziki.- М.: Ғылым. 2006

4.Astronomiya. Century XXI: -. Санкт-Петербург, Century 2, 2008-624

5.Astronomiya. Энциклопедиясы: Житомирская С.В., итальян EG соавт -.. Санкт-Петербург, Rosman-Пресс, 2006-128.Istoriya астрономия: A. Pannekoek - Санкт-Петербург, LCI 2010 594 Г. Т.-.Sudba жұлдыздар - Санкт-Петербург, галереясында Diehl, 2007-352.

6.Исаева Б. Сандардың құдіреті // Республика Ұстаздары.- 2007. — № 4-5. — 20 наурыз. — 8 б.

7.Кенжеахметұлы Жеті қазына: Жиған-терген. 1 кітап. — Алматы, 2002. — 26-34 б.

8.Қазақтың мақал — мәтелдері / Құрастыр. Ө.Тұрманжанов, К.Ахметбекұлы — Алматы, 2004. — 440 б.

9.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: Аруна Ltd. ЖШС, 2005. -656 б.

10.Қазақстан мектебі, 2005, №9-10, 24-25

11.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т. 7 . — Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, 2001. — 671-676 б

12.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Т.10, Ү-Я.- Алматы: Ғылым, 1986. — 17 бет.

100 тағлым // Кенжеахметұлы С. Жеті қазына: Жиған терген. — Алматы, 2000.- 75-80 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!