Материалдар / Ғылыми жоба. Бесік-киелі мүлік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба. Бесік-киелі мүлік

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бесік-киелі мүлік» атты ғылыми жоба жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен тұрады. Ғылыми жоба жұмысының кіріспе бөлімінде жұмыстың мақсаттары мен сол мақсатқа жету жолындағы алға қойған міндеттері баяндалған. Ғылыми жоба жұмысының негізгі бөлімінде мынадай мәселелер орын алады: 1. Бесіктің жасалу жолдары; 2. Бесік жыры; 3. Бесіктің құрылысы; 4. Бесіктің жабдықтары; 5. Бесікке байланысты айтылған ырым, тыйым сөздер; 6. Нәрестені бесікке салу кезеңінің көрінісі (суреттер); 7. Бесіктің түрлері; Қорытынды бөлімінде оқушы бесіктің қасиетін, пайдасын, тарихын, ұлттық құндылығымызды жоғалтып алмайық деген жан айқайын білдіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
2989
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



















Ғылыми жоба «Бесік-киелі мүлік»

«Украин жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Секция:Қазақ тілі және әдебиеті

Ғылыми жоба тақырыбы: «Бесік-киелі мүлік»

Орындаған: Рамазанова Аяна 6-сынып

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Сыздықова Жібек Ғалымқызы

2018 жыл















Мазмұны







Мазмұны................................................................................................................2

Аннотация………………………………………………………….....................3

І. Кіріспе................................................................................................................5-6

ІІ. Негізгі бөлім.....................................................................................................7

1. Бесіктің жасалу жолдары.................................................................................7

2. Бесік жыры…………………………………………………………................7-11

3. Бесіктің құрылысы..........................................................................................11-13

4. Бесіктің жабдықтары.......................................................................................13

5. Бесікке байланысты айтылған ырым, тыйым сөздер...................................14

6. Нәрестені бесікке салу кезеңінің көрінісі (суреттер)………………….......15

7. Бесіктің түрлері………………………………………………………............16-17

ІІІ. Қорытынды.....................................................................................................17

Сауалнама жүргізудің нәтижесі…………………….........................................18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................19

Жетекші пікірі.......................................................................................................19







Аннотация

«Бесік-киелі мүлік» атты ғылыми жоба жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен тұрады. Ғылыми жоба жұмысының кіріспе бөлімінде жұмыстың мақсаттары мен сол мақсатқа жету жолындағы алға қойған міндеттері баяндалған. Ғылыми жоба жұмысының негізгі бөлімінде мынадай мәселелер орын алады:

1. Бесіктің жасалу жолдары;

2. Бесік жыры;

3. Бесіктің құрылысы;

4. Бесіктің жабдықтары;

5. Бесікке байланысты айтылған ырым, тыйым сөздер;

6. Нәрестені бесікке салу кезеңінің көрінісі (суреттер);

7. Бесіктің түрлері;

Қорытынды бөлімінде оқушы бесіктің қасиетін, пайдасын, тарихын, ұлттық құндылығымызды жоғалтып алмайық деген жан айқайын білдіреді.



















Жобаның негізгі мақсаты:

- Бесік туралы жан – жақты мағлұматтар жинау;

-Бесіктің маңыздылығы жайлы айту;

- Бесіктің тарихын зерттеу;

Жобаның міндеті:

  • Бесіктің қасиетін анықтау;

  • Бесіктің құрылысымен таныстыру;

  • Бесіктің жасалу жолымен таныстыру;

  • Бесікке қатысты ырым, тыйым сөздермен танысу;

Зерттеу нысаны-адам

Зерттеу заты-бесік

Өзектілігі-біз бесікті қолданғанмен, оның көптеген пайдасын, маңыздылығын, қасиетін біле бермейміз.

Болжамы-егер де біз бесік жайлы көптеген ақпарат іздестірсек, оқып білсек онда бесіктің сырын білер едік.

















Кіріспе

Бұл жоба қазақ халқының мүлкі – бесіктің пайдасын және жасалу жолдарын зерттеуге арналған. Қазақ халқы сәбидің дүниеге келуі, оның денсаулығы туралы қамқарлықты бала дүниеге келмей тұрып ойлаған. Мысалы, жүкті әйелге ауыр нәрсе көтертпеу, оны сүйікті асын дайындау, ал бала емізетін жас анаға тәжірибесі мол әйелдердің баланы шомылдырып, арнайы майлармен сылауға көмектесуге, шала туған баланы түлкі тымаққа салып, биенің сүтімен асырау, нәрестеге тез күш жинау үшін қойдың құйрығын сорғызу сияқты-жаңа туған сәби әрдайым қамқорлықпен мұқият назарда болған. Қазақ халқында сәбидің дүниеге келуі және оның алғашқы басқан қадамдарына байланысты көптеген терең мағыналы салт-дәстүрлер бар. Солардың бірі бесікке салу. Бесікке салу құрметіне өз бала-шағасын өсіріп-өндірген, ел ішінде сыйлы, өнегелі әжелер ие болады. Тойға ең жақын және сыйлы адамдар шақырылып, дастарқан жайылатын бұл дәстүр бесік той деп аталады. Бесік киелі. Қазақта бесікке байланысты көптеген ырымдар бар. Сондықтан мені бесіктің тарихы қызықтырды. Бесік-нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Қытай, Үндістан жеріндегі халықтардың көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Көшпелі қазақ халқы арасына ертеден таралған. Бесік көшіп-қонуға ыңғайлы, сәбидің тазалығына өте қолайлы, құтты мүлік болып саналады. Көшпелі қазақ халқы қайда барса да бесікті қалдырмаған. Жоғары бағалап, қадір тұтқан. Бесік жауын-шашынға тисе де еш бүлінбеген. Бірақ, қазіргі өскелең ұрпақ бесіктің не екенін, оның қандай қасиетті екенін біле қоймайды. Осы жобаға қатысу арқылы бесіктің қазіргі таңда керек, адам өмірінде орны ерекше екенін, ата-бабамыздан қалған мұра ретінде, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келгендіктен оны көзіміздің қарашығындай сақтау керектігін түсіндім. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігінің қолданысы төмендеп бара жатқаны жаныма батады. Осы бесіктен талай атақты ұл-қыздарымыз өсіп шыққан емес пе еді? Ендеше, жүздеген ғасыр сынақтан өткен бесіктің пайдасы жоқ деп кім айтады? Бесіктің сәби үшін пайдасы орасан зор.

Біріншіден - қол-аяғы бос жатқан сәбидің ұйқысы дұрыс болмайды. Ол дегеніміз сәби өз қолынан не аяғынан шошып, ұйқысы ашылып кетеді. Сол себепті ұйқысы қанбайды.

Екіншіден – бала мазасызданады да ол жағдай анасының психологиясына әсер етеді. Бұл ана сүті арқылы сәбидің бойына сіңіп, кейін ол өскесін сабырсыздау болады деген сөз.

Үшіншіден- баланы бесіктен алған кезде ол керіліп-созылып, денесіне жаттығу жасалады. Сәби рахаттанып қалады.

Төртіншіден- бесіктегі сәби таза әрі жайлы жатады.

Бесіншіден – қол-аяғы сыптай болып өседі және де денесі құрғақ болады.

Алтыншыдан – анасының бесік жырын тыңдап өскен баланың ұлтына, халқына деген сүйіспеншілігі оянады.

Жетіншіден – пәле-жаладан, тіл-көзден, жағымсыз энергиядан қорғайды.



















ІІ. Негізгі бөлім

1.Бесіктің жасалу жолдары

Бесік қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші -алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Шілдехана өткеннен кейін баланың әке –шешесі бесік тойын жасайды. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен, қадірлі аналардың бірі әкеліп сыйға береді. Оның себебі сәби де кейін көп балалы болсын деген тілекке байланысты. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ең алдымен, бесікке салушы адам бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластан шығады. «Тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Қолбау, белбау және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып, бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады, ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі, пәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі сияқты заттар тағып қояды. Осылайша, бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый береді. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады. Тойға келгендер шашу шашып, балаға батасын береді. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол аяғы түзу, ширақ болады. Сондай –ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан да қорғайды. Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі тал басқа ағаштай емес йілмелі морт сынбайды, құрт түспейді, жат иісі болмайды.

Тыштырма (дәстүрі). Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тышты, тышты» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды. «Тыштырманы» әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына үлестіріп береді.

2. Бесік жыры. Бала дүниеге келгеннен бастап, оның өмірінің әрбір кезеңіне орай той-думан өткізіліп, ата-ананың үміт-тілектерін білдіретін өлең-жырлар айтылады. Анасы бесіктегі бөбегін тербете отырып айтатын бесік жырында сәбиіне деген өзінің аналық сезімі мен арман-тілектерін өлеңге қосады. Ол кішкентай бөбегінің өскенде туған жерін қорғайтын батыр болатыны, атақты ақын немесе айырықша өнер иесі-әнші немесе сазгер болатыны туралы ізгі армандарын өлеңмен жеткізеді. Бесік жырын айту арқылы анасы сәбиінің жарқын болашағы туралы арман-тілегін айтумен қатар, ең ізгі адамгершілік қасиеттерді тал бесіктен баласының бойына сіңіруге тырысады. Сәби тәрбиесі мен мінез құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі. Ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деуі тегін емес. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр. Алайда соңғы жылдарда бесік тербетіп отырып бесік жырын айтатын әже, ана азайды. Бесік тербететін баланың өзі бөпесін өлең айтып ұйықтататын. Бұрын ананың бесік жырын сәби ғана емес, ауыл балалары, тіпті үлкендер де құлағын салып тыңдап отыратын. Кейінгі кездерде жастардың халық әніне назар аудармауы, өлеңге әуестенбеуінің бір себебі – осы бесік жырының ұмытылуында болса керек.

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын,

Жіпке тағып берейін,

Әлди-әлди, аппағым,

Қойдың жүні қалпағым,

Әлди-әлди, шырағым,

Көлге біткен құрағым,

Жапанға біткен тірегім,

Жаман күнде керегім!

Қой келсе, қой, бөпем!

Қой тоқтысын сой, бөпем,

Құйрығына той, бөпем!

Айналайын, айымыз,

Алты қарын майымыз,

Жеті қарын жентіміз.

Дауыл соқса, бақанбар,

Сом темірге балға бар,

Сом сынғанға тере алда бар,

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем!

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем!

***

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Атакенді қинама!

Арша ма екен бесігі?

Ала ма екен әкесі?

Өрік пе екен бесігі?

Сүйе ме екен әкесі?

Жиде ме екен бесігі?

Жігіт пе екен әкесі,

Жылама, балам, жылама,

Ата-анаңды қинама,

Құлағыңды майырып,

Түнде жылқы қайырып,

Жаудан жылқы айырып,

Жігіт болар ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Ұста болар ма екенсің,

Таңдайларың тақылдап,

Сөйлегенде сөз бермей,

Шешен болар ма екенсің?

Кең балағын түріскен,

Ұлы топта күрескен,

Балуан болар ма екенсің?

Бал қайнатып, шай ішкен,

Қазы керіп, жал жеген,

Асты болар ма екенсің?

Ұзақ жасап, көбірек,

Басты болар ма екенсің?

Қарағай найза қолға алып,

Жауға тиер ме екенсің?

Қашқан жаудың артынан,

Тұра қуар ме екенсің?

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем!

***

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем!

Көзімнің ағы – қарасы,

Жүрегімнің парасы,

Уайым-қайғы ойлатпас,

Көңілімнің санасы,

Айналайын, шырағым!

Көлге біткен құрағым!

Маңдайдағы құндызым!

Аспандағы жұлдызым!

Жылама, балам, жылама,

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем!

3. Бесіктің құрылысы:

*Арқалық

*Бөген

*Жақтау

*Шабақ

*Сабау

*Жорға

*Тақтай

*Шүмек

*Түбек















Арқалық (арыс, белағаш) ұзындығы 70-75 сантиметр, көлденең, ұстап тұруға ыңғайлы, жұмыр бел ағаш.

Бөген (алдыңғы бас, артқы бас)- бесіктің екі басы.

Жақтау. Бесіктің төрт жақтауы болады. Екі қысқа жақтау, екі ұзын жақтау.

Шабақ. Екі бөгенді қосатын таяқша. Ол да төртеу болады.

Сабау. Бесік ұзындығына тең екі жұмыр ағаш.

Жорға. Басқаша айтқанда бесіктің табаны деп аталынады. Ол да екеу болады.

Тақтай. Төсек салынатын ортасындағы бөлігі.

Шүмек. Қойдың асық жілігінен жасалады. Ертеде әжелеріміз шүмек аппақ болуы үшін, сүтке салып қайнатқан. Сонымен сәбидің кіші дәретіне ыңғайлы түтікше- шүмек деп аталады.

Түбек. Бесіктің ортасын тесіп, сол жерден түбек орналастырылады. Ертеде түбекті киізден жасаған. Кейін келе шыны ыдыстар(банкілер) пайдаланылады. Шүмектің ұшы түбекке қарай түсіп тұрады.

4. Бесіктің жабдықтары:

*Құс төсек

*Жөргек

*Жастық

*Бесік көрпе

*Тартпа бау

*Тізе жастық

Құс төсек. Арасына құстың мамығы салынып жасалатын жұмсақ төсеніш. Түбектің түсуіне арналған ойығы болады.

Жөргек. Басқаша атауы қаузау. Жұқа, киіз төсеніш.

Жастық. Арасына құстың мамығы салынып жасалған жастық. Ені бесіктің енімен сәйкес келеді.

Бесік көрпе. Екі түрі болады. Жаздыгүні жұқа матадан жасалынатын көрпе, ал қыстыгүні мақтадан жасалынатын көрпе пайдаланылады.

Тартпа бау. Кейде таңғыш деп те атайды. Тартпа бау екеу болады. Біреуі сәбидің көкірек тұсына, ал екіншісі тізенің үстіне салынады.

Тізе жастық. Баланың тізе тұсына салынатын жұмсақ, мамықтан жасалған кішкентай жастықша.

5. Бесікке байланысты айтылған ырым, тыйым сөздер.

1. Бос бесікті тербетпе.

2. Бесікті аяқпен тербетпе.

3. Бесікті бір қолмен көтерме.

4. Бесіктің үстінен зат әперме, берме.

5. Бесікті сатуға болмайды.

6. Бесікті кез келген адамға беруге болмайды.

7. Бесіктің үстін ашық қалдырма.

8. Бесіктің теріс жағынан отырма.

9. Бесікті саудалама.

10. Бесікті жасайтын шеберлер ынсапты болулары тиіс.













5Picture 1 Picture 4 . Нәрестені бесікке салу кезеңінің көрінісі (суреттер). Осы ғылыми жобаны зерттеген кездегі жас ана мен сәбидің үйіне барып, ананың сәбиді бесікке салған кезеңін көріп, сұрақ-жауап алып қайттық.

Picture 7 Picture 10







Picture 13

















6.Бесіктің түрлері.

1. Жер бесік

2. Аспалы бесік немесе әлпеншек деп те атайды

Picture 2

Picture 1





Picture 3



Picture 4















Өзі тербелетін бесік- smart бесік. Серікбол Шаймардан деген Астаналық өнертапқыш жігіт ойлап тапқан. Серікбол Шаймардан- Қытайдың Алтай өлкесінің тумасы. Ол ойлап тапқан бесік баланың дауыс ырғағына қарай тербеледі. Бесіктегі баланың дене қызуы мен ылғалдылығын өлшеп тұрады. Smart бесіктің ұзындығы-100, ені-40, биіктігі-60 сантиметр болатын, стандарт бесіктің сыртына кигізілетін қалып немесе жиналмалы тұғыр. Қалыпқа арнайы Қытайда жасалатын қондырғы қойлады. Бесікке магнит орналастырылады. Соның арқасында бесік бес қалыпта тербеледі. Егер бесіктегі нәрестенің қызуы не бөлменің қызуы түсіп қалса: «Балаңыз тоңып қалады» немесе «Балаңыз ауырып қалады» деп дыбыстап айтады. Бесіктегі қондырғыдан «Бесік жыры» ойнатылады. Бұл бесік заманауи үлгідегі бесік, қазіргі таңда ата-аналарға көмекші. Бірақ, менің ойымша өзіміздің қазақи жер бесікке ештеңе жетпейді. Анасының жанында тербетіп отырғанын, анасының «Бесік жырын» шырқағанын, анасының иісін, жылуын, сүйіспеншілігін бесіктегі сәби сезініп өсуі тиіс деп ойлаймын.

Picture 6 Picture 7















ІІІ. Қорытынды.

Жұмыстың  мақсатына жету үшін жас аналар мен әжелердің арасында сауалнамалар жүргіздім, ғылыми-зерттеу еңбектерден, әр түрлі оқулықтардан, ғаламтордан материалдар жинадым. Бесіктің құрылысы, жабдық-жасаулары, бесіктің пайдасы, қасиеті туралы оқушылар арасында насихаттау жұмыстарын жүргіздім.Қорыта айтқанда, мектеп оқушылары өткені мен бүгінін ұмытпай, халқымыздың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін дәріптеулері тиіс деп білемін.







Сауалнама нәтижесі:

Сауалнамаға 5 әже, 8 жас ана қатысты. Барлығы: 13 (адам)

1. Бесіктің жасау-жабдықтарын білесіз бе? А) Иә Ә) жоқ

2. Бесіктің құрылысын білесіз бе? А) Иә Ә) жоқ

3. Тартпа бау нешеу болады? А) 2 Ә) 4 Б) 3

4. Бесіктің үстіне неше зат қойылады? А) 6 Ә) 7 Б) 8

5. Бала халықшыл болсын деп бесіктің үстіне не жабады?

А) тон, шапан

Ә) мата, мақта Б) кілем, алаша

6. Пәле-жаладан сақтасын деп бесікке не таққан?

А) моншақ Ә) тұмар Б) түйме

7. Сәбиді бесікке салған соң не айтылады?

А) «Күй» Ә) «Жар-жар»Б) «Бесік жыры»

Сауалнама қорытындысы: Өткізілген сауалнама бойынша байқағанымыз көбіне жас аналар бесіктің құрылысын, оның пайдасын біле бермейді.



















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматыкітап-2004 жыл.

  2. Армысың, әз Наурыз! Астана -2012 жыл.

  3. Қазақ тілі. Алматы «Мектеп» 2013 жыл.

  4. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Астана-2017.

  5. Ғаламтор желісі



Жетекші пікірі



«Бесік- киелі мүлік» атты ғылыми – зерттеу жұмысын 6 сынып оқушысы Рамазанова Аяна орындады. Ол зерттеу жұмысы кезінде ауылдық кітапхана мен мектеп кітапханасына барып, түрлі оқулықтардан, баспасөз материалдарынан жинақтап бесік туралы зерттеді. Ұлттық құндылығымызды танып-білуге деген ізденісі, ынтасының артуы, белсенділігі қуантарлықтай болды. Болашақта өз елінің тарихын, мәдениеті мен әдебиетін бойына сіңіріп өсетін ұрпақ болады деп кәміл сенемін. Осы тақырыпта зерттеу жұмысын орындаған кездегі байқағаным, Аянаның бойында еліне, жеріне деген патриоттық сезімі анық байқалады. Ол осы жұмыс барысында өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Мені, Аянаның пысықтығы, талпынысы, еңбекқорлығы қатты қуантты. Оқушыма болашақта тек сәттілік, табандылық, шығармашылық тілеймін.

Жетекшісі: Сыздықова Жібек Ғалымқызы.



16


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!