Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба Мағжан Жұмабаев "Ақын еліктей ме? Әлде,ақынға еліктей ме" ? 10 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
А.С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Ақын еліктей ме? Әлде,
ақынға еліктей ме ?
Орындаған: Наятова Дуйсенкүл
Секциясы: Қазақ әдебиеті
Жоспар
І Кіріспе
Мағжанды сүйемін !
ІІ Негізгі бөлім
1.1 Мөлдір сезім биік парасат.
1.2 Мәңгіліктің бір үзігі.
ІІІ Зерттеу бөлімі
1.3 Ақын еліктей ме? Әлде, ақынға еліктейме ?
1.4 М.Жұмабаевтың Жұлдызды – Жүзік, Айды алқа ғып берейін” – өлеңімен, Б.Момышұлының “Келші, Күнім, Айды сырға етейін” – атты өлеңдерінің ұқсастығы.
1.5 Өлеңнің қоршаған ортада қолданылуы
ІҮ Қорытынды
V Қосымша
Пайдаланған әдебиеттер.
І Кіріспе
А) Мағжанды сүйемін
Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдердікі.
Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір жолымыз бір, қазақ мұғалімдері !
Мағжан Жұмабаев
Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайда .....
Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған, әшекейін, сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезгендей боламын. Мағжан - культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімді мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезім жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ, түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңнен терген ақын болмайды, заманынан басы озық, ілгерілеп кеткен ақын болады.Әдебиет - әдебиет үшін деген таңба айқын болмай нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін......
Мұхтар Әуезов
Менің бұл шығарманы жазу себебім: М.Жұмабаевпен Б.Момышұлының өлеңдерінің мазмұндарының ұқсастығына тереңінен үңіліп, екі ақынның ұқсастықтарын жан – жақты зерттеу жүргізу. Негізгі туындаған мендегі ой М.Жұмабаевтың «Жұлдызды- Жүзік, Айды алқа ғып берейін» - атты өлеңімен, Б.Момышұлының «Келші, Күнім, Айды сырға етейін» - деген өлеңдерінің ұқсастығына зерттеу жүргізу.
ІІ Негізгі бөлім
1.1 Мөлдір сезім, биік парасат
Мағжан алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей “тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін” үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Ақын махаббатқа сенеді, жүрегі сезеді, махаббатсыз өмірде мағына бар деп білмейді. «Көңілді ашатын, жалынды басатын, жалғыздыққа, зарыққанда, талыққанда жүрекке ем болатын жалғыз ғана махаббат, адам шын сүйсе, махаббат – жүректі жаралайтын тікенек ! Жар сүйсе, жүрек жазылады, сүймесе – өледі, махаббат – бір тәтті у, дүниенің у-шуы жүрекке махаббаттай күшті әсер бере алмайды», - міне ақынның махаббатқа көзқарасы. Бірақ, махаббатты мәңгі деп ұқпайды. Кейде махаббат тез сөніп қалуға да мүмкін деп қарайды.
«Сүю мен жек көрудің арасы – бір-ақ аттам» - деген нақыл өмірден тәжірибеден алынған сөз.
«Гүл болмаса, бұлбұл сайрамайды, ақын жырламайды: бұлбұл сайрамаса, бір сұр құс, жырламаған ақын – жабайы адам, сүйе білмеген жүрек – қуыс кеуде». Ақын шын сүйсе таза сүйеді. Бірақ өзінше сүйе білетін адамды көп көре алмайды, көбінікі қолдан жасаған бояма, күнделік есеп екенін біліп, ақын тез суынады. Мағжанның махаббат туралы күшті өлеңдерінің бірі – «Жұлдызды – Жүзік, Айды алқа ғып берейін».
“Алтын кез қап түбінде жатпас” – дегендей, Мағжанның халқына қайта оралуы, қайта құру кезеңінен шапағатымен дөп келіп отыр. Мөлдір сезім, биік парасатпен сағына қайта қауыштық.
1.2 Мәңгіліктің бір үзігі.
Жасампаз жыр қашан да мәңгілік. Оған дәлел – Мағжанның ақындық тағдыры.Оның өлмес өнері, ғазиз жырлары талантына табынушылардың қолында жасырын ұсталып, бүгінгі күнге келіп жетті. Мағжан мен Зылиха 1922 жылы қосылды. Бұл шын мәніндегі ұлы махаббаттың жарқын үлгісі еді. Сонан бері ол кісі Мағжанмен қандай қиын кезеңді болмасын бірге бастан кешті. Сүйген жарына ғұмыр бойы адал болып өтті. Осынау таңғажайып талант тағдыры туралы С.Бәкеновтің «Простор» - журналының № 3 санында жарияланған «Сенім» - атты повесінде жақсы айтылды. Осы повесте нақты деректермен көп мәселе кңелтірілген. Сондағы Зылиханың мына бір сөзі «Менің күйеуім - М.Жұмабаев қазақтың ұлы ақыны, ғажайып ақыны еді. Таланты да өзгеше, өзгеге ұқсамайтын. Оның жақсы адам болғаны соншалық, ешқашан ұмыта алмаймын, есімнен шығар емес. Оның көп өлеңдері маған арналған еді. Сол өлеңдерді оқыған сайын, еске алған сайын ол қасымда отырғандай, өзімен сөйлесіп отырғандай күй кешемін». 1989 жылы Зылиха Жұмабаеваның естеліктері кино таспаға түсірілген. Демек, бұл экранда Мағжан өмірі мен махабатының тірі куәсі қалды деген сөз. Зылиханың Мағжан отын өшірмегені. Сол кезде Зылиха, кітапты қолына алып, аялап ұстап, әлпештеп, кеудесіне басып, екі көзі ағыл тегіл жасқа толып, “енді өлсем арманым жоқ” деген екен.
« Жүрегі қырық жамау болған қайран әжем ?! Махаббатқа сендей берік, сүйген жарға сендей адал адамдар сирек, сірә ?! Сенің қандай қазақтың әйеліне болмасын жарқын өнеге еді. Ұрпақтарыңыз тірі болса, әрдайым сіздердің ұлы мазаббаттарыңыздың алдында бас иіп, өміріңізді өнеге тұтудан, өзгеге өнеге етіп айтудан жалықпасы хақ» .
Ұлжан Жұмабаева
ІІІ Зерттеу бөлімі
1.3 Ақын еліктейме ? Әлде, ақынға еліктейме ?
Мағжан еліктегіш ақын дегенде, көбінесе өзінен бұрынғылардан алған өрнегін айтып отырмын. Болмаса барлық өлеңдері ылғи еліктеумен шыққан деп айтпаймын. Ол еліктесе сыртқы түріне, тонына еліктеді, ішкі мазмұны, ішкі сыры өзінікі болып отырады.
Пушкин – Лермонтов, Байрон, Шекспирге еліктеген. Толстой секілді әлемге аты шыққан жазушы да Пушкинге, Гогольге еліктеп жазған, Леонид Андреев, Чехов, Арцыбашев, Сологуб секілді ақындар Достаевскийге еліктеген. Максим Горкий - Пушкинді жатқа білген. Абай –Лермонтов, Пушкинге еліктеп жазған. Бір ақын еліктесе, сол көп еліктеуші Мағжан деуге болады. Мағжан еліктегенде орыс, қазақ, татар, араб деп талғамайды. Кімнің сөзі көңіліне жақса, соған еліктеп жазған. Сыртқы түріне орыстың бейнетшілдеріне ( символист) еліктесе, ішкі рухында күйректік, жылауықтық романтизм болды.
Мағжанның “Жұлдызды – Жүзік, Айды алқа ғып берейін” – атты өлеңінде антитезелық тәсілді жиі кездестіруге болады. Тек қана антитезе емес сонымен қатар гипербола, эпитет, ирония, ассонанс, аллитерацияларды кездестіруге болады. “Бұл өлең Мағжанның махабатқа Абайша қарайтындығының белгісі” – деп ақын ағаларымыз өз пікірлерін білдірген екен. “Жұлдызды – Жүзік, Айды алқа ғып берейін” – өлеңі тұнып тұрған махаббат лирикасы. Мысалы, кәзіргі жастар да, бізден үлкен ағалармен әпкелерде көбінесе олар Мағжанға еліктеген. Соның бір дәлелі ретінде Бауыржан ағамыздың өлеңін алуға болады. Мағжанның сөздері Бауыржан өлеңінде кездеседі. Мысал ретінде екі ақынның, өлеңдерінің бір – бір шумақтарын салыстырып көруге болады.
Мағжан Жұмабаев : “Жұлдызды – Жүзік, Айды алқа ғып берейін” – өлеңінен үзінді :
Келші көзім, Күн нұрына көмейін Сүйші өлейін, « неге өлейін ?» демейін Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып берейін !
Бауыржан Момышұлы: “Келші, Күнім, Айды сырға етейін” – өлеңінен үзінді:
Келші күнім, айды сырға етейін, Келбетіңе күнді құрбан етейін Камзолыңды жұлдыздармен түймелеп Бір-ақ құшып, мақсатыма жетейін !
Бұл жерде Бауыржанның Мағжанға еліктеп жазуына, Бауыржанның Мағжанмен жүздескен кезін дәлел ретінде келтірсек болады.
Бауыржан Момышұлы «Мен Мағжанды көрдім»
«Кезекті әскери жаттығулар өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адамды көріп , маңына жақындадым. Киген киімдері біртүрлі, әсілі, сотталғандар болуы керек. Олардан өзгешелеу, басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр екен. Тегінде қазақ сияқты. Мен соған жақындап келіп, қазақша «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бердім. Ол менің сәлемімді ернін жыбырлатып қана қабылдап, түріме одырая қарады да, үндемей отыра берді. «Бұл не қылған адам?» деп өз ойымды жинап алғанша, ол теріс қарап отырған күйінде:
- Маған жақындама , бәлем жұғып кетеді,-деді. Сол кезде барып менің есіме Мағжан түсіп, оның өлеңдерін жатқа айта бастадым. Ол сәл жібіп:
- Менің жағдайым қиын ғой, маған жақындамағаның дұрыс болады. Шамаң келсе, мені елге жеткіз,-деді. Мен оның қазақтың ақиық ақыны Мағжан екенін біліп, шамам келсе көмектескім келді де:
- Мен он шақты күннің көлемінде қайта ораламын. Сол кезде дайын болып тұрыңыз,- дедім. Он шақты күннен кейін уақытым болмай, қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін келсем, түрменің бастығы маған оның сал айдап жүріп суға кетіп қайтыс болғандығын айтты. Сонымен қатар «Мен Мағжанның өлеңдерін көбірек ойыма тоқып, жаттап жүретін едім. Себебі: Мағжан-қазақ поэзиясын еуропалық деңгейге көтерген ақын»- деп жазады.
Бауыржан тек қазақ ақын жазушыларына ғана емес, ол да Мағжан секілді орыс, татар жазушыларына қарап еліктеген. Әрине, бұл мәселеден еліктеу ақынға мін емес екендігін түсінуге болады. Яғни, қысқаша айтқанда еліктеу ақынға мін емес.
1.4 М.Жұмабаевтың «Жұлдызды – Жүзік, Айды алқа ғып берейін» – өлеңімен, Б.Момышұлының “Келші, Күнім, Айды сырға етейін” – атты өлеңдерінің ұқсастығы.
“Мағжан Жұмабаев махаббаттың жан мен тәнге бірдей қасиетін айшықтауға ұмтылған” – деп филология ғылымының докторы Шериаздан Елеукенов айтқандай соның бір дәлелі Мағжанның “Жұлдызды –Жүзік, Айды алқа ғып берейін” – деген өлеңі. Алғаш “Сана” журналында (1923ж.№1) басылған. Сол жылы Ташкентте шыққан өлеңдер жинағына, сондай – ақ 1989,1992,1995 жылғы жинақтарға енген. Бұл өлең 6 шумақтан тұрса, әр шумағы 4 тармақтан тұрады. Өлеңдегі буындар 11-12 болса, ондағы сөздер 3,4,5,6 – дан тұрады. Мағжанның ғашықтық жырлары « Р. Альбомына» деген өлеңінен басталды. Альбомға жазу формасы да – европалық үлгі. Бұдан кейін «Жұлдызды – Жүзік, Айды алқа ғып берейін» – деген өлеңі альбомға енген болатын. Бұл өлең - төгіліп тұрған махаббат лирикасы. Мағжанның Мағжан атын шығарған, халық аузында жатталып кеткен әйгілі өлең.
Қ/С |
Әріп |
Саны |
Әріп |
Саны |
Әріп |
Саны |
1. |
А |
80 |
И |
0 |
Т |
14 |
2. |
Ә |
2 |
Й |
17 |
У |
5 |
3. |
Б |
17 |
К |
27 |
Ұ |
7 |
4. |
В |
0 |
Қ |
21 |
Ү |
74 |
5. |
Г |
3 |
Л |
34 |
Ы |
46 |
6. |
Ғ |
5 |
М |
24 |
І |
25 |
7. |
Д |
23 |
Н |
43 |
О |
7 |
8. |
Ж |
23 |
Ң |
4 |
Ө |
10 |
9. |
З |
12 |
П |
9 |
Ш |
11 |
10. |
Е |
56 |
Р |
23 |
Я |
0 |
11. |
Ё |
0 |
С |
17 |
Ю |
0 |
Ең көп кездесетін әріптер саны - 13 Мүлдем кездеспейтін әріптер саны - 13
“Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен, Ойым бар, көңілім бар жан тербеткен” – деп Бауыржан атамыз айтқандай, ол кісінің тағы бір өлеңі Мағжанның өлеңіне ұқсас. “Келші,Күнім,Айды сырға етейін” өлеңі 10.02.1947 ж. Москвада жазылған.
Қ/С |
Әріп |
Саны |
Әріп |
Саны |
Әріп |
Саны |
Әріп |
Саны |
1 |
А |
15 |
Й |
14 |
Ұ |
7 |
І |
29 |
2 |
Ә |
1 |
Т |
10 |
К |
14 |
У |
1 |
3 |
Б |
11 |
Л |
18 |
Қ |
9 |
Ү |
6 |
4 |
В |
- |
М |
15 |
Ө |
5 |
Э |
- |
5 |
Г |
1 |
Н |
17 |
О |
3 |
Я |
- |
6 |
Ғ |
2 |
Ң |
6 |
Д |
12 |
Ю |
- |
7 |
Ж |
10 |
П |
8 |
Е |
34 |
Ч |
- |
8 |
З |
6 |
Р |
12 |
Ё |
- |
Х |
- |
9 |
И |
- |
С |
10 |
Ы |
19 |
|
|
10 |
Ц |
- |
Щ |
- |
Ъ |
- |
- |
- |
11 |
Ф |
- |
Һ |
- |
Ь |
- |
- |
- |
Ең көп кездесетін әріптер саны - 10
Мүлдем кездеспейтін әріптер саны - 13
Мағжан Жұмабаев адамның жастық сезіміне жақын ақын екені әр өлеңінен - ақ танымал. Әсіресе, оның махаббат өлеңдері жас оқырман үшін үлкен бір бақыттай сезіледі.
1.5 Өлеңнің қоршаған ортада қолданылуы
Мағжан Жұмабаевтың «Жұлдызды –жұзік, Айды алқа ғып берейін» - деген өлеңі айналамызда «Аламан» тобының орындауында үлкен сұранысқа ие. Яғни, ән ретінде көптеп қолданылады.Бұл ән өте көңілді орындалады. Ол жағына келер болсақ «Аламан» тобы әнді орындаған кезде бірінші шумағы толық орындалса, екінші шумағындағы екінші қатардағы сөздер өзгереді. Үшінші, төртінші және бесінші шумақтары айтылмай, яғни қысқартылып алтыншы шумағы айтылады. Бұл жерде өлеңнің түп нұсқасының ән ретінде қолданылуындағы өзгерістер ақынның өлеңін қорлау болып табылады. Бұл тақырыпты қозғаған себебім «тайға таңба басқандай» - демекші ақын өлеңін еш өзгертусіз орындаса ақын рухына деген үлкен құрмет болар еді. Мысалы: Мақпал Жүнісова апамыз Мұқағали Мақатаевтың «Шеше» өлеңін ешбір өзгеріссіз өте керемет орындайды.
Келші,көзім,күн бетіңді көрейін, Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін. Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей, Жұлдызды - жүзік, Айды алқа ғып берейін
Сөзің - сиқыр, есті тұман басқандай, Сезім шіркін теңіз болып тасқандай. Күлкің, күнім, күндей күміс табаққа, Мінсіз сұлу меруертті шашқандай.
Келші,көзім,Күн нұрына көмейін, Сүйші - сәулем , «неге өлейін ?» демейін. Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей, Жұлдызды - жүзік, Айды алқа ғып берейін.
ІҮ Қорытынды.
Мағжан поэзиясының мәңгі өлмес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу - маржаны – махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық хикаясының сан алуан тылсым, жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттан толқып туған, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұны мен түр кестесі жымдаса ұласқан, ықшам, жинақы, жұп – жұмыр дүниелері адамды өзіне баурап алады.
«Мен Абайды сүйемін, одан соң Мағжанды сүйемін» - деп Мұхтар Әуезов айтқандай, Мағжан менің де сүйікті ақыным. Оның өлеңдерінің құрылысымен жұмыс жасап келе жатқаныма бір жылдай уақыт болды. Бұрындары Мағжанның өлеңдерінің құрылысын зерттесем, қазіргі уақытта Мағжан өлеңдерінің басқа ақын-жазушылардың өлеңдерімен ұқсастығын табуды қолға алған болатынмын. Осылай Мағжан өлеңдеріне зерттеу жүргізе отырып, Мағжанның өлеңдеріне Б.Момышұлының өлеңдері ұқсас екендігін байқадым.
Қорытындылай келе, менің айтарым, Мағжан сыршыл, еліктегіш ақын. Оның ізбасарларының бірі Бауыржан болса, ендігі бірі біздер. Қазақтың маңдайына біткен қос алып тұлғалардың атымен, қазақтың бір шоқысын олардың есімдерімен атаса да кем болмас еді дегім келеді.
V Қосымша
Теңеу, эпитет – затты, нәрсені, құбылысты немесе солардан белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым.
Антитеза – шендестіру мүлде қарама – қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама – қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі.
Литота дегеніміз – бір құбылысты өте кішірейтіп суреттеу.
Ирония дегеніміз – адамға, затқа сырттай жақсы баға берседе, ішкі мағынысы оған қарсы шығып, жақсы бағаны жоққа шығырса және сол нәрсені келекеге айналдыруды атайды.
Кейіптеу дегеніміз – жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуді атайды.
Гипербола дегеніміз – бір құбылысты әсірелеп асырып көрсетуді айтамыз.
Шумақ – өлең сөзде бірнеше тармақтың белгілі ретпен топтасуы.
Ұйқас – өлең тармақтарындағы аяққы сезердің дыбыстас естілуі, үндестігі.
Бунақ - өлең тармағының ( жолының ) ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы, сөз өлшемі, ырғақтық пауза.
Тармақ дегеніміз - өлеңнің әрбір жолы.
Лирика – (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі ) лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Мағжан Жұмабаев-бірінші том. Өлеңдер, дастандар, әңгімелер жинағы
-
Бауыржан Момышұлы «Жүрекпен жырлап толғаймын» 2010 ж.
-
Қазақ тілі мен әдебиеті №1. 2006 ж 90-бет
-
«Аңыз адам» №1(37) Қаңтар 2012 ж
-
Қазақ тілі мен әдебиеті №5. 2005ж 114-бет
-
«Қазақ әдебиеті» 9 – сынып Алматы «Рауан» - 1995 ж
-
«Әдебиет» 7 – сынып хрестоматия – 1995 ж
-
Мағжан Жұмабаев шығармалар 3 томдық кітап - 1996 ж