Материалдар / Ғылыми жоба "Махамбет поэзиясының тілі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Махамбет поэзиясының тілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ізденуші Ғалымбек Бақдәулеттің бұл зерттеу жұмысы бағдарламалық талаптарға сай орындалған деуге болады. «Махамбет поэзиясының тілі» жайында жазылған еңбектің шешімдері дұрыс, бағыт-бағдары айқын, мақсат-міндеті маңызды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2019
3956
26 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық Білім бөлімі

«Х.Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Ғалымбек Бақдәулет Тұрсынбекұлы

6 -сынып



Тақырыбы:

Махамбет поэзиясының тілі





Бағыты: Қазақстан тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секция: Әдебиет

Жетекшісі:Алибаева Ақмарал Әбсаттарқызы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ғылыми кеңесші: Шымкент қаласы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ – нің қазақ тілі білімі ф.ғ.д. С.Боранбаев



Шымкент

2019 жыл


Шымкент қаласы 4 Х.Досмұхамедов атындағы ЖОМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 «Ә» сынып оқушысы Ғалымбек Бақдәулеттің «Махамбет поэзиясының тілі» тақырыбындағы ғылыми жұмысына

Пікір

Ұлт тарихындағы ақындық өнерді өмірмен өрнектеп, батырлық болмысымен биіктеткен тұғырлы тұлға, заманының озық ойлы, терең сырлы, табиғи таланты – Махамбет Өтемісұлы.

Ізденуші Ғалымбек Бақдәулеттің бұл зерттеу жұмысы бағдарламалық талаптарға сай орындалған деуге болады. «Махамбет поэзиясының тілі» жайында жазылған еңбектің шешімдері дұрыс, бағыт-бағдары айқын, мақсат-міндеті маңызды. Махамбет өлеңдеріндегі сөз саптауы, сезім мен сырды жеткізу, бейнелеу тәсілдері ерекше екенін мысалдар арқылы көрсете алған.

Тіл-тарихи әлеуметтік құбылыс. Тілді қолдаушылар әр заманда оның өзіне дейінгі жинақталған сөздік қорын қалыптасқан заңдылықтарын қолдана отырып, тіл ішілік (интралингвистикалық) және тілден тыс (экстролингвистикалық) факторларға байланысты өз тарапынан әр түрлі ереже – қағидаларды енгізетін сөздік құрамды түрлі қырынан байытатын және қандайда бір бөлігін (мақсатты немесе стихиялы түрде) қолданыстан мүлдем шығарып тастайтыны, я болмаса бұрыннан келе жатқан қолданыстарды әр түрлі қырынан өзгертетіні белгілі. Ізденушінің өзіндік пікірі де бар, тақырыптың мазмұнын аша алған. Жұмыстың сапасы жақсы, сауаттылығы жоғары екендігі аңғарылады. Зерттеу барысында қажетті әдебиеттерді орынды пайдаланған.

Ғылыми жұмыстың талап деңгейінде орындалғандығына қарар болсақ Ғалымбек Бақдәулеттің қазақ тілі мен әдебиеті сабағын өте жақсы көретіндігі байқалады. Оқушы көп ізденген, талабы бар.

Түйіндеп алғанда жұмыс өзінің ғылыми жаңалығымен алға қойған мақсат пен міндетін орындаудағы ерекшеліктерімен құнды дүние болып саналады.



М.Әуезов атындағы ОҚМУ қазақ тілі білімі ф.ғ.д. С.Боранбаев





АННОТАЦИЯ

4 Х.Досмұхамедов атындағы жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6-сынып оқушысы Ғалымбек Бақдәулеттің «Махамбет поэзиясының тілі» атты ғылыми жобасында бұл тақырыпты таңдау себебі, 200 жылдан астам уақыт өтсе де, ақын мұрасын түбегейлі зерттеуге айналдырған еңбек жоқтың қасы. Бұл ғылыми жобамыздың мақсаты Махамбет ақын өлеңдерінің тіліне: көнерген сөздер мен көмескі сөздер, жауынгерлік лексика, тіл көркемдегіш троптар мен фигураларға талдау жасау және ақын мұрасы жайлы жазылған бұрынғы зерттеу, мақалаларды оқып, ой түйіндеу. Махамбет поэзиясының тілі де, ділі де өзгеше. Махамбет батырлықты жырлауда өзіне дейінгі жыраулар қолданған дәстүрлі өрнектерді, күрделі метафораларды, метонимия, синекдохаларды, эпитет, аллитерация, ассонанстарды қолдана білген. Ақын өлеңдерінің мағыналары түсінуге ауыр және көнерген сөздер, историзмдер көп. Қару-жарақ, жан-жануар, құс атауларының түрлері қолданылған. Жобамыздың зерттеу объектісі Махамбет өлеңдеріндегі жауынгерлік лексика, көнерген сөздер, троп пен фигуралар.

Махамбет Өтемісұлы өлеңдерін саралай отырып, көнерген сөздер мен көмескі сөздерге, троптар мен фигураларға талдау жасалса, онда әдеби тілде болып жататын түрлі тілдік құбылыстар мен заңдылықтардың болашақтағы даму бағыт-бағдарын айқындауға мүмкіндік туады. Жоба барысында алдымен ғылыми теорияны терең меңгеріп, теория негізінде практикалық бөлімді талдау жұмысына аса көңіл бөлінді. А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен, «Шымкет қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесімен, М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ кітапханасымен тығыз байланыста болып, мол кітап қорын пайдаланған.

Нәтижесінде Махамбет өлеңдеріндегі көнерген сөздер мен көмескі сөздер, жауынгерлік лексика, тіл көркемдегіш троптар мен фигуралар талданып, ақын мұрасы жайлы жазылған бұрынғы зерттеу, мақалаларды оқып, ой түйінделген. Махамбет тілінің асқан көркемдігі, анықтығы, дәлдігі әр алуан поэтика тілінің элементтері (метафора, эпитет, теңеу, троп, фигуралардың түрлерін) жеке де, өзара байланыстыра да қолдана білген ақын екендігіне, әдебиет пен әдеби тілдегі орны жыраулық пен ақындықтың түйіскен жерінде екендігіне, оның жыраулар мектебінің нәрі мен барын алып, оны ақындық дәстүрге қиюластырған қаламгер екендігіне көз жеткіземіз



Annotation

School– Galimbek Bagdaylet general–school N4 named by H.Dosmukhamedov. The theme of the research work: “Makhambet poetry language.”

The during of the 100 hundred years, his poetry all around not researching.

Aims of this research projects analyzed by Makhambet poetry language: archaism and neologism words, war lexis, analyzing by figure and group art language and old research writing by poetry’s, reading articles, summarizing ideas. Makhambet poesies language religious feature.

Makhambet talk heroism from us poetry using of classification arts: difficult metaphors, metonymy, synecdoche, epithet, alliteration, and using of allophones.

The means of lyrics of poetries and old words, more histories.

War instruments means about animals, the types birds and his names usefulness.

The objects of the research: The poems of Makhambet lyrics, those literature any language feature and legislation, to feature developing, definition of direct and to wear very important.

The research process beginning scientifically theory and his base practical analyze work the main presented A.S. Pushkin, bibliotheca by scientific library of centre in Shymkent city. State office SKSU named by M.Auezov and I’m usefulness much books.

The results of research work archaism and neologism words, war lexis, languages arts of trips, figures analyzing, ancient lyrics, war lexis, language arts of trops, figures, analyzing, ancient lyrics researching, reading by articles, summarizing of basically ideas.

The gods lyrics of Mukhambet language define literature, fact any political language elements (metaphor, epithets, diphthong, trop, any figures ). Individual between usefulness of poetry literature and literature language zhyrau, and his poetry means, that is way school all around, poetry classifiably writers in fact.




































Кіріспе

І тарау. Махамбет поэзиясының жиналып, зерттелуі.



Осыдан дәл 211 жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 1803 жылы Нарындағы Бекетай құмында өмірге келген қазақтың ақиық ақыны, тарлан батыры Махамбет бабамыздың 200 жылдық мерей тойы 2003 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен халықаралық деңгейде аталып өтілді. Бұл бүгінгі тәуелсіз қазақ елі үшін елеулі оқиғалардың бірі болды.

Ал бүгінгі күні ақынның өр тұлғасын басқа да көптеген қырларынан таныдық. Оның басты себебі, «Махамбет Өтемісұлы поэзиясының тілі» атты шағын зерттеуіміз.

Бұл аталған шағын жұмысымыздың негізгі мақсаты - Махамбет ақын өлеңдерінің тіліне өз шама – шарқынша түсініп, талдау жасау және ақын мұрасы жайлы жазылған бұрынғы зерттеу, мақалаларды оқып, ой түйіндеу еді.

Махамбеттің иілуді білмес, өр дауысының өрен жырларының қазақ даласының аспанында дамылсыз қалықтағанына 170-180 жылдай уақыт өтсе де ақын мұрасын түбегейлі зерттеу айналдырып, жете және толық зерттеген еңбек жоқтың қасы.

Алайда, ақын туралы жинап, зерттеп, оқулықтарға енгізуде, өлеңдерінің құрылысы, тілі жайлы әр жылдары баспа беттерінде ғалымдарымыздың біршама еңбектері жарық көрген. Соның ішінде Алаш ардақтыларының бірі, энциклопедиялық білім иесі, «халық жауы» деген қаралы айып тағылған Халел Досмұхамедұлының еңбегін атап өту жөн. Сол сияқты Махамбеттануда зор үлес қосқан ағаларымыз Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиевтар есімін еске аламыз. Жазушылар Ә.Әлімжанов, Б.Аманшин, Т.Әлімқұлов және академиктер Салық Зиманов, Зейнолла Қабдолов, Рабиға Сыздықова және т.б. ақын мұрасын зерттеудің әр саласында аянбай еңбек етті. Сонымен қатар, О.Сүлейменов, Ф.Оңғарсынова, Ә.Кекілбаев, М.Шаханов т.б. ақын-жазушыларымыз көркем шығармалары мен монографиялық, публицисттикалық ғылыми зерттеу еңбектерінің орнын ерекше атап өту керек.

«Махамбет өлеңдерінің жиналып, зерттелуі» атты І-тарауының да, сондай-ақ М.Әуезов, Қ.Жұмалиев зерттеулерімен қазіргі таңдағы ғалымдарымыздың зерттеу еңбектеріне қысқаша тоқталдық.

Аталған жұмыстың негізгі өзегі – ол Махамбет ақынның тілі болғандықтан, ақынның жинақтарынан өзімізге мағыналары түсініксіз деген және көнерген сөздер, историзмдерді теріп жасаған карточкаларды талдап-түсіндіруге тырыстық.

Ақын өлеңдерінің көп бөлігін көнерген сөздер, соның ішінде қару-жарақ атаулары , сонымен қатар жауынгерлік лексиканы құрайтынына талдау барысында көзіміз жетті.

Махамбет поэзиясының тілі де, ділі де өзгеше. Махамбет батырлықты жырлауда өзіне дейінгі жыраулар қолданған дәстүрлі өрнектерді, күрделі метафораларды қолдана білген. Махамбеттегі ұлттық рух, сол тілдің барлық болмыс-байлығын қолдана білуден туындайды. Міне, сондықтан да ақынның әдебиет пен ел тарихындағы орны ерекше.



































ІІ тарау. Көнерген және көмескі сөздер. Жауынгерлік лексика.

2.1. Көнерген және көмескі сөздер. Жауынгерлік лексика.

Бұқара арманын көксеп, хан, сұлтандар мен патша, әкімдер езгісіне ашық қарсы шыққан Махамбет ақынның жалын атқан қуатты да құнарлы жырларымен қазақ әдебиеті тарихында алтын әріппен жазылып қалды.

Әрбір ақынның өзіндік ерекшелігі, ұлылығы болса, Махамбет ақынды өзгеден оқшаулап, даралап тұрар – оның отты жырлары. Махамбет ақынның жырларын оқуға үлкен білім мен биік талғам керек. Ғасырлар қойнауынан, ел аузынан жеткен Махамбет ақынның өлеңдерінің бүгінгі қазақ әдеби тілінің нормалық жүйесінде орны ерекше. Ақын өз өлеңдерінде бұрынғы жыраулар дәстүрін де, кейінгі жазба стилінің оралымдарын да шебер қолдана білген. Алайда, Махамбет тарихта жырау емес, ақын деген атпен танылды. Махамбет шығармашылығы – тілі жағынан өзіне дейінгі де, өзімен тұстастарынан да, өзінен кейінгілерден де оқшауланып тұрар даралығымен ерекшеленеді. Сондықтан да, ақын мұрасына қатысты негізгі проблема – оның тілін, тілінің көркемдігін әр қырынан зерттеп, тану болмақ. Және бұл оқшаулық тек тілдік, стильдік ерекшеліктерінде ғана емес, жаңалық сипатында екені даусыз. Махамбет өлеңдерінде бүгінгі, мүмкін, тіпті өз кезеңіндегі қалың жұртқа бейтаныстау, түсініксіздеу көне, ескі сөздердің, сөз образдың көптігі көзге түсетінін айтып кеттік. Махамбеттің атақты «Ереуіл атқа ер салмай» деп басталатын мына өлең жолдарында:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай.

Еңку-еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі біте ме? –[ 13,19]деп басталатын өлең жолдарындағы ереуіл сөзі ақын жинақтары мен оқулықтарында «ерттеулі ат» деп түсіндіріліп келген. Осы «ереуіл» сөзін алдап түсіндіруде ғалым Р.Сыздықова Омар Қарашевтің «мінбей сақтаған ат» деген түсінігінің қисыны бар дейді. Себебі ертеректе батырлар ұзақ жорыққа аттанғанда астындағы атпен қоса және бір мықты ат ала шығатын болған. Ол әсіресе түркі-монғол халықтарында жиі ұшырасатынын айтады. «Ереуіл аттың» ерттеулі ат еместігін «ер салмай» сөзінің өзі жоққа шығарады» дей келіп, тілдік этимологиялық жағынан монғол тіліндегі ереуіл, егеулі сөздері «сау, дені сау» деген мағына беретіндігін нақты мысалдармен дәлелдейді. Сонымен қатар, Қ.Өміралиев бұл сөзді монғолдың эрегуль, яғни ертеңгі болар ұрыста жекпе-жекке шығушы батырды таңдайтын болған. Міне, осыған арналған екі батырдың жекпе-жегін, «ирегуль» деп аталғандығын айтады. Ал, ғалым Әбдуәли Қайдаров болса бұл сөзді «батыл, батыр, жүректі» мағынасындағы ер деген түбірге -ереуіл жұрнағының жалғану арқылы жасалғандығын айтады. «Ереуіл» сөзінің көптеген ғылыми пікірталастар туғызуының өзі бұл сөздің мағынасының күңгірттенуін қате түсінуге әкеліп соқса, соның нәтижесінде екі-үш түрлі етіп «Ереуіл атқа ер салмай» немесе «ерулі» деп жазып келуі де себепші болса керек. Бұл сөз жайлы ойымызды топшылап, жоғарыда аталған ғалымдарымыздың пікірлеріне жүгіне отырып, біз де дұрысы – ереуіл, мінбей жорыққа арнайы сақтаған ат жайлы деген түйінге тоқталмақпыз.

Ақынның жорық сәтінде, ат үстінде, майдан даласында туған күрескерлік рухтағы жырларында жауынгерлік лексика тобын молынан қолданған. Жоғарыда айтып өткеніміздей дулыға, дулығалы бас т.б. сөз оралымдары соның айғағы. Жаугершілік лексика тобының көбін қару-жарақ атаулары, сауыт-сайман аттары: мылтық, қылыш, білтелі садақ, найза, кіреуке, қорамсақ, жебе, қамшы, адырна, сауыт, сүңгі, семсер, көбе, жай т.б.

Алты құлаш ақ найза,

Ұсынып шаншар күн қайда?

Садақ толы сай кез оқ

Масағынан өткізіп,

Басын қолға жеткізіп,

Созып тартар күн қайда?( Ұлы арман) [ 13, 75]

Осы аталған өлең жолдарындағы ақ найза, сай кез оқ, масақ және сөз тіркестері тіліміздегі қазіргі уақытта пассив қолданылатын, яғни историзм сөздерге жатқызамыз және де ол көпшілік қауымға түсінікті де ұғымды. Ал «масақ» сөзі қазіргі таңда біз үшін астыққа байланысты қолданылатын (М: бидайдың масағы) сөз десек, бұл өлең жолдарында садақ оғының ұшы жөнінде айтылып тұр.

Бұндай Махамбет ақынның өзі қатысқан ұрыс соғысты суреттейтін сөздер тек зат атауы емес, көптеген шығармаларында образ үшін



пайдаланылғанын көреміз. Мысалы:

Көн қақты ердің астында,

Көп жүгіретін күлік бар.

Көн садақтың ішінде

Көбе бұзар жебе бар.

Бұл жерде ақын көн қақты ер мен көн садақты салыстыру мағыналарында қолданылып тұр. Немесе

Белгілі туған ер едім,

Беліме садақ асынған, - десе, «беліне садақ асыну» бейнелі тіркесі ұрысқа сай батырдың символы болып табылады. Ақынның жаугершілік лексика тобындағы сөздер жалаң түрінен гөрі, тұрақты эпитеттермен қолданылған. Мысалы, бір ғана найза сөзін, егеулі найза, алты құлаш ақ найза, қоңыраулы найза, қималы найза,толғамалы найза деп түрлендіріп отырған. Сол сияқты сұр жебе, сары жебе, балдағы алтын ақ болат, қарқыны күшті көк семсер т.б. сөздер де осы қатардан табылады.

Махамбеттей мұңдыға,

Енді келер күн кайда?

Қанға құрған шатырды

Сүңгімен түртіп ашарға?

Осындағы сүңгі сөзі түсіндірмелі сөздікте ұшы үшкір, темір құрал, найза деп берілген. Яғни жаугершілік замандағы батырлардың ұстар тағы бір ерекше қару аты болса керек. Махамбет Өтемісұлының поэзиясында қазіргі таңда көпшілікке мағынасы таныс емес сөздер, яғни көне сөздер өте жиі кездеседі. Осы көне сөздер қандай мағына береді және ненің атауы,түп-түркіні қайда жатыр? – деген сұрақтар міндетті түрде туады. Біз жалпылай ақын өлеңдерінің мағынасын түсінгенімізбен, әрбір жеке сөз немесе сөз тіркесіне зер сала үңілсек, бізге мүлдем таныс емес сөздер немесе мағынасы күңгірт сөздер кездеседі. Бұл ақынның тіл байлығының ерекшелігі мен қоса Махамбетке дейінгі поэзия тілі екені анық. Солардың біразын түсіндірмелі сөздіктің көмегімен талдау жасап көрейік.



Ортамнан ойран салар деп,

Балағы түкті қоңыр қаз.

Баттауыққа тоя оттамас,

Сұңқарлар үлгі алар деп. ( Арғымақтың баласы) [13,24]

Баттауық – өзен-көл жағаларында өсетін ақ шөп.

Қоғалы көлдер, құм сулар,

Кімдерге қоныс болмаған?!

Саздауға біткен құба тал,

Кімдерге сайғақ болмаған?! (Жалған дүние) [13,31]

Түсіндірме сөздікте бұл сөз, яғни «сайғақ» сөзі қару ретінде жұмсайтын қатты ағаш делінген.

Жалпы сол сияқты сай, тарлан, тарпаң, әрайна, жайық, емсеу, жемсеу сөздерінің ақын поэзиясында жиі ұшырауын Р.Сыздықова былайша түсіндіреді:

«... өткендегі әдеби тіл байлығын жақсы пайдалану болса, екінші жағынан, осы жырауларға Махамбеттің мекен-тұрағы жағынан жақындығы деуге болады». [ 11, 182]

Яғни, осы жыраулар деп отырғаны ХV- ХVІІІ ғасырларда Қырым мен Азаулы (Азов), Еділ, Жайық, Дон бойларында өмір сүрген Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбеттер.

Қара бұланның терілік

Етік қылар күн қайда?

Күдеріден бау тағып,

Сауыт киер күн қайда?- өлең жолдарындағы «күдері» сөзі – әбден иі қанып жұмсартылған тері қайыс.

Туырлығы жоқ тұл үйге,

Ту байласақ тұрар ма?!

Ту түбінен тұлпар жығылса,

Шаппаған нәмәрт оңар ма?!

Осындай нәмарт сөзі – тексіз, жетесіз, нашар деген ұғымды береді екен.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!