Материалдар / Ғылыми жоба тақырыбы: Тарих қойнауында Сарыкөл ауылының тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба тақырыбы: Тарих қойнауында Сарыкөл ауылының тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба ұстаздар мен оқушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Шілде 2018
623
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай атындағы жапы орта білім беретін мектебі











Зерттеу жұмысының тақырыбы:

Тарих қойнауында .

Сарыкөл ауылының тарихы









Орындаған: Темірғалиұлы Аян 10-сынып оқушысы

БҚО, Жаңақала ауданы, Сарыкөл ауылы

Жетекшісі: Смагзамова Жангүл Берікқызы

тарих пәнінің мұғалімі





2017 жыл

Мазмұны



1.Кіріспе- 3 бет

2. Негізгі бөлім-4 -10бет

3. Қорытынды-11-12 бет

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі -13 бет

5. Қосымша- 14-21 бет





























-2-



Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Кім кімге туған жер аса құдіретті жерұйық. Қай жерге барсаңда ешбір жермен алмастыра алмайтын жер, бұл менің- туған жерім. Тарихта әр халықтың өзіндік орны, даму ерекшеліктері бар. Солардың бірі-қазақ халқы сан қилы жағдайларды бастарынан өткізіп, өздерінің ұлттық бірлігін, туған жер алтын бесігін қорғап, азаматтық туын жоғары көтерді. Дүниеге іңгәлап келген сәбиден бастап, ересек адамдарға дейін өздерінің туған жері ыстық, ол қай жерде жүрмесін, қандай лауазымды қызмет атқармасын кіндік қаны тамған жерді әрқашан есінде сақтайды.

Біздің басты мақсатымыз-өткен дәуірдің елеулі оқиғаларынан жастар санасына лайықтап патриоттық тәрбие беру.

Біздің облысымыз Қазақстанның аграрлық-өнеркәсіптік аймағы болып табылады., бүгінгі таңда облыс халқының тең жартысынан астамы ауылдық жерде өмір сүруде.

Жұмыстың мақсаты: Туған өлкемнің әсем табиғаты, көне ескерткіштері, аңызды жерлері келер ұрпаққа сақталып жетсе, ол мен үшін үлкен бақыт. Өйткені біз табиғаты, мәдениеті, тарихы арқылы кез келген елді-мекенді танып біле аламыз. Осы мәдени жәдігерлердің бізге айтар сырлары, ашылмаған жұмбақтары, аңыз-әңгімелері өте мол. Оларды көзіміздің қарашығындай етіп сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – ол біздің басты міндетіміз.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Сарыкөл ауылының тарихы

-3-



2. Сарыкөл ауылының топонимикасы

3. Ауылдағы қоғамдық орындар

Біздің ауылымыз Сарыкөл ауылы Батыс Қазақстан обылысы, Жаңақала ауданына қарайды. Батыс Қазақстан жерінің тарихы тереңде жатыр. Оның тарихы көне сарматтардан бастау алады. Қандай тарих болса да Геродоттан басталады. Сондықтан мен де Геродот еңбектерінен үзінді келтіре кетуді жөн көрдім.

Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басында-ақ Еділ-Жайық өңірінде кешенді мал, егін шаруашылығы қалыптасты («Қазақ ССР тарихы», 1-том. А., 1980, 105-бет). Табиғи-климаттық жағдайдың өзгеруі б.з.б.1-мыңжылдықтың басында далалардың құрғауына әкелді, осы кезден бастап көшпелі жене жартылай көшпелі сипаттағы мал шаруашылығы жедел дамыды, ол әуелі шаруашылық жүргізудің негізі, содан соң басым түріне айналды. Көне грек авторлары, әсіресе Геродот өзінің еңбектерінде антика дәуірінде Еуразияның оңтүстік даласын мекендеген тайпалардың жалпы аты ретінде «скиф» терминін, олармен көршілес массагет, савромат (кейіннен - сармат), аргиппей, асси, пасиан, сакараул (сакараук) жөне басқа атауларды қолданған. Геродоттың айтуынша, Батыс Қазақстан өңірінде савроматтар тірлік кешкен. Савромат этнонимі кебіне екі мағынада — тайпалардың өз атауы ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданылған. Б.з.б. 2 ғасырда грек-рим жиһанкездеріне (Страбон, т.б.) савроматтардың «аорс» атты бір тайпасы белгілі болды, олар оңтүстік Орал өңірінен шықса керек. Геродоттың жазуы бойынша, савроматтардың сырт жағын будиндер, ал олардан солтүстікке таман фиссагеттер мен иирктер мекендейді. Одан ері «биік таулардың етегінде», сірә, оңтүстік-шығыс Орал өңірінде өмір сүрген аргиппейлер тайпасы аталады.

-4-

Олар рулық, тайпалық бөлімшелер ретінде тілі бір, тегі ортақ скиф және сармат тайпаларының этномәдени бірлігіне кірген Б.з.б. 7-4 ғ-ларда савромат тайпалары Қара теңіз өңірінің скифтерімен, оңтүстікте үлкен Хорезм мен Бактрия патшалығы сияқты мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынас жасады. Сарматтардың антропологиялық пішімі мен дене түрпаты Жерорта теңізі төңір егіне тән нәсілдік типпен теркіндес келеді.

Батыс Қазақстанның кейбір тайпаларының тұрмыс-тіршілігінің негізі үздіксіз көшпелі мал шаруашылығы болды (б.з.б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысы). Мұндай көшпелі тұрмыс-салты табиғи климаттық жағдайға байланысты өзгермей сақталды, тіпті 19 ғ. соңы мен 20 ғ. басындағы авторлар жазбаларында облыс қазақтарының көпшілігі осындай көшпелі тірлік кешетіні керсетілгенерал Сонымен бірге Батыс Қазақстан өңіріндегі тайпалар арасында (Қараоба, б.з.б. 1-мыңжылдықтың 2-жартысы) көшпеліліктің тұйық циклі байқалады, бұлар жер өндеу кәсібін меңгермеген, шөп шабу мардымсыз мөлшерде ғана болды.

Ауылымыздың ежелгі тарихы шамамен 1805 жылдардан басталады. Өйткені ауыл іргесінің қалана бастауы осы жылдарға сәйкес келеді. Ауылдың іргетасын казак-орыстар қалаған., ол Факей хуторын алғаш қоныстанған адам Факеев Бородин Никифорович деген казак болған. Кезінде осы Сарыкөл ауылының жерін орыстың патшасы Николай Факей деген казак кулагына сыйға берген екен. Ал көршілес жатқан Мұқыр ауылы орыстардың әскерлері тұратын казармасы болған. Сосын бұл ауыл казарма деп аталып кеткен. Факейге 1930 жылдарға дейін қазақтарды кіргізбеген дейді. Кезінде ақтар мен қызылдар қақтығысы болған кезде ақтарды Чапаев қуып шыққан. Көз көрген қариялардың айтуынша Ф.Н.Бородин қазақтармен жақсы қарым-қатынаста болып араласып тұрған. Оған мынадай дәлелдер келтіруге болады: қазақтың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлы қуғын кезеңдерінде Бородиннің үйінде жасырынып, оның қамқорлығын көрген,

-5-

Құрманғазыға күй тартқызып, оның күйшілігіне қайран қалған.

1868 жылы Орал қаласында айына бір рет шығып тұратын «Уральский Вестник» деген журналында Құрманғазы туралы материал жариялап, онда Құрманғазының дарынына ерекше таңқалғанын жазған. Құрманғазы еуропалық музыкалық дарыны болса, музыка әлеміндегі жарық жұлдыздардың бір болар еді деген. Факейде орыс-казактардың тұрғаны туралы дәлел, ол орыстардың зираты. Ауылдың шығысында православия дінін ұстанған орыс халқының үлкен қорымы бар. Олардың аты-жөні: Карташева Елена Михаиловна (1890-30,05.1950), Сламихина Нина Николаевна (1887—19.11.1996) , Сламихин Павел Ананьевич (1886-22.03.-1956) , Лявинскова Раиса Семеновна ( 09.11.1906-01.11.1959). Бұл бейіттерге жыл сайын ұрпақтары тағзым етіп, зираттарды жаңартады. (сарай сырлайды, тазалайды, гүл шоқтарын қояды). (фото №6,7) Біздің ауыл 1935 жылы «Красный» деген атпен колхоз болып, қайта құрылады. Біздің ауыл Қара өзеннің бітетін сағасында орналасқан, Қамыс-Самар көлдіктерін мекендеген, қыстың аса қиын кезеңдерінде қамысты паналатып, мал-жанды аман сақтауды міндет еткен. Ауылдың этнографиясы негізінен Жаңақала ауданында орналасқан барлық қазақтардың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен байланысты. Сарыкөл ауылының халқы негізінен кіші жүз руларынан құралған. Ауылда он екі ата байұлынан тараған рулар: алаша, тана, беріш, қызылқұрт т.б тұрады. Ауылдық жердің тұрмыс –тіршілігі ерекше. Ауылда халық көбіне жеке салынған кең аулалы мекен-жайда тұруды ұнатады. Ауыл халқының саны 300-ден астам. Барлығы қазақ ұлтынан. Ауылдағы елді мекендермен, жер-су аттары бұрынғы ауқатты адамдардың есімімен аталған. Мысалы: Жұбат, Тайбұқа, Дүйсенбай, Масқарбай, т.б. Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлына байлансыты оның «Ләуішкі» күйімен аталатын ауылдың іргесінде Ләуішкі көлі бар.

-6-

Жазғы орын Топай деген жерде Құрманғазы қоныстанған.

Топай деп күйшінің баласының атымен аталған деген сөз бар. Топай көлінде «Құрманғазы құрағы» , «Құрманғазы айналмасы» деген жерлер бар. Ауылдағы жер аттары: Огород , Старский, Постройка елді мекендерін казак-орыстар жайлаған, қазақтарға осы мекендерге мал бақтырып, үстемдік жасаған. «Балығы тайдай тулаған» дегендей айнала суға толы көлдер, қалың құрақ, қамыс. Бұл көлдердің ішінде Сарайдың Тұщыбұлақ , Райым, Қаңбақты, Сарыбұлақ т.б жағасында елді мекендер қоныстанған балығы мен аң-құсы мол. Кейбір көлдердің ұзындығы 5-7 шақырым, ені 3-4 шақырымға жетеді. Ауылдағы үлкен кісілердің айтуы бойынша Беденко деген жер «Беденко» деген орыстың атымен аталып кеткен екен. Ал Паенко деген жер «Паенко» деген кісі есімімен байланысты. Осы ауылда охота станция , мельница және шіркеу болған. Сонда бұл жерде орыс шаруалары балық аулау және жүгері өсірумен айналысқан. Сламихин Мишка деген орыс ұлтының өкілі жүгері өсірумен көп жылдар бойы айналысқан. Өлкеміздің кейбір өңірлерінде ақбөкен, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан оңтүстігіндегі құмды жағында түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян: кеміргіштерден сарышұнақ , құм тышқаны , борсық, т.б мекендейді. Ауылымызда құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңырқаз,сұрқаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, торғай, қарға, қарлығаш, көкек т.б) кездеседі.Өзен-көлдері балыққа бай ( сазан, көксерке, алабұға, қарабалық, көксерке, жайын, шортан т.б Ауылымыздың солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері , кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Ауылымыздан Қараөзеннің бір бөлігі ағып өтеді. Жалпы өсімдік жамылғысында бір кездері далалық сипаттың басым болғаны байқалады. Бірақ оны пайдалану барысында табиғи жағдайының өзгеруінен бірте-бірте шөлге айналу құбылысы етек жаюда.

-7-

Ауылымыздың шөптесін қорының басты түрі-жайылмалық шалғындар .

Жайылмалық шалғындарда көбіне миямен араласа бидайық, сұлыбас өседі. Сонымен қатар жантақ , сораң, қоға қараөлең, сексеуіл, ошаған қарқыз , жуа, алабота , ебелек, бүрген кездеседі. Жайылмалардың ең төмен учаскелерін өлең шөбі басым батпақты шалғындар алып жатыр. Далада жидектерден қарақат, бөріқарақат, бүлдірген кездеседі. Қамыс-Самар көлдері жағалай қоныстанған елді мекендердің құты. Оның су айдынында бірнеше балықтың түрі бар: әсіресе, қаңбақты көлінің сазандарының ерекше дәмділігі өте ерте кезеңдерден белгілі, тіпті патша сарайына арнайы жіберіліп тұрған деген деректері бар. Сары және қара өзен, Қамыс-Самар ,Шалқар және т.б су қоймаларында сазан, жайын. табан, көксерке, алабұға, ақшабақ, шортан т.б балық түрлері кездеседі. Құмды, шағылды алқаптардың аралығындағы ашық жерлер шалғынды топырақтың негізінде әр түрлі астық тұқымдас өсімдіктерге бай боп келеді. Құмды жазықтықтарда сұр топырақтың негізінде астық тұқымдастардан құм жусаны, ал құмды дөңестерде жүзгін, құмыршық, құмсағыз өседі. Жалпы жусанды, жүзгінді және эфемерлі жүзгінді өсімдік алқаптары кең таралған. Құмды алқаптардың солтүстік бөлігінде сортаң сұрғылт топырақтар қалыптасқан жерлерде ақ жусанды өсімдіктер өседі. Қара және Сары өзен бойларында Қамыс-Самар көлдерінде құрақ қамыс өскен алқаптарда қабандар мекендейді. Дала жыртқыштары түлкі, күзен, борсық,қарсақ таралған. Бұл жыртқыштар бағалы терісі үшін ауланады. Ауыл маңынан «Тұзды сор» аймағынан тұз , Дүйсенбай қыстағының қасында ақбалшық, саз балшық шығады. Күшік пен Дауымбық қыстақтарының ортасында «Күкіртті» деген жер бар. Онда күкірт бар. Бірақ қоры аз,яғни газ бар. Тұзды сор жеріндегі тұзды 1991-1995 тоқырау жылдары тамаққа пайдаланды. Ауылда 9 жылдық білім беретін « Абай атындағы негізгі орта білім беретін мектеп» бар.

-8-

Мектеп 1932 жылы жетіжылдық қазақ және орыс тілінде дәріс беретін оқу орны болып құрылды. Директорлары: Сақып Тілепов, Ниет Сұлтанов. 1939 жылдан біріңғай қазақ тіліне көшірілген. 1958 жылы мектеп сегізжылдық болып қайта құрылып Рамазан Үмбетов, Жасан Ахмедияров, Мырзакерей Ғұмаров директорлық қызмет атқарды. 1966-1974 жылыдары

Абай атындағы негізгі мектеп болды. Мектеп директорлары болып әр жылдары Закария Қадыралиев, Халел Өтешов, Күнсұлу Тілепбергенова, Әсия Жақыпова, Қайырғали Серікқалиев, Жанат Сарыбаев қызмет атқарды. 2008 жылдан мектеп директоы Есмаков Абылай 2012 жылдан Отаров Бейбітқали. 2015 жылы 1 қыркүйекте Сарыкөл ауылында жаңа мектеп ғимараты ашылды. Ауыл тұрғындарының бұл қуа­ны­шын  облыс  әкімінің  орынбасары Бақтияр  Мәкен бөлісіп, құттықтау  сөз  сөйледі.

Дәл осындай мектеп салынып, сарыкөлдіктердің балалары қала­дағыдай бар жағдайы бар қос қа­батты мектепте оқиды деп кім ой­лаған. Бұл – тәуелсіздігіміздің жемісі. Ел тілегін ескеріп, қолдау жасаған аудан, облыс басшылары­на халық атынан алғыс айтамын, — деді облыс әкімінің орынбасары Б. Мә­кеннен кейін тебірене сөй­леген округтегі қоғамдық келісім кеңесінің төраға­сы С. Қайырбеков.

Мектеппен бірге осы мезетте қос ескерткіш ашылды. Ол көп ұлт­­ты Қазақстандағы ұлттар досты­ғын бейнелегендей әсер беретін күй атасы Құрманғазы мен оның өнеріне тәнтілік танытып, берген бағасымен әлемге танытқан Н.Сави­чевтің тас мүсіндері еді. Ескерткіштердің ашылуында өл­кетанушы Ж. Ақбай тарихтан сыр толғаса, дәулескер күйші Е. Қазиев Құрманғазының «Қамыс Самар» кү­йін қуаныш үстіндегі сарыкөл­діктерге тарту етті. Мұнда да мектеп ашып, елдің қуанышын бөліскелі келген  қонақ­тар осы шараға арналып өткізіліп жатқан қазақша күрес жарысын ашып, балғын палуандарға сәттілік тілеп, аттанды. Қазіргі таңда негізгі мектеп «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» болып өзгертілді.

-9-

11 жылдық білім ошағы болып құрылды. Мектепте 29 мұғалім білім беруде. Мектебімізде ауыл мен мектеп тарихына арналған шағын мұражайымыз бар. Қазіргі таңда ауылдық клуб жұмыс жасайды. Клубты шамамен 1980 жылдарда шешен ұлтының өкілдері салған. 1996 жылдан бастан көп жылдар бойы Жұмашев Өтеулі Әділғалиұлы клуб меңгерушісі болып қызмет атқарды. Осы кісіден кейін Көкенов Әлібек, Ақбасов Ербол, Бейсенғалиев Талғат клуб меңгерішісі болып жұмыс жасаған. 2014жылдан бастап клуб меңгерушісі Уталиев Думан Ибраимұлы болды. Клубта домбыра, ән, көркемсөз үйірмелері жүргізіледі. Домбыра үйірмесінің жетекшісі: Жұмашев Өтеулі Әділғалиұлы, ән үйірмесінің жетекшісі: Уталиев Думан Ибраимұлы, көркемсөзден «Шешендік өнер» үйірмесінің жетекшісі: Құмарова Салтанат Кендебайқызы.

2008 жылы ауылымызда медициналық пункт бой көтерді. Сол кезден бастап медпунктте фельдшер Рахимова Зульфия Қадырқызы жұмыс жасап жүр. Ауырған адамдарға дер кезінде көмек көрсетіледі.

Ауылдық кітапхана1972 жылы құрылды. Оны алғашқыда «Қызылбұрыш» деп атады. Онда кітапханашы болып Алимова Мария, Өтепқалиева Ділдә, Даулетова Құралай, Қожақова Бибігүл жұмыс атқарды. Қазіргі кітапханашы Қазиева Марал Сержанқызы. Қазіргі таңда кітапханада оқырмандар саны 376, оның ішінде жасөспірімдер 33, балалар 162. Кітапханаға келушілер саны 2632. Кітап берілімі: 4680. Кітап қоры: 4376. Оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттер саны:3778.

Адам өмірі мен оның шаруашылығы тіршілік әрекетіне қажетті табиғат бірлестігін айтады. Ауылда мал шаруашылығы төрт түлікпен түгел қамтылған. Әсіресе, қазы қаңқылдап, тауығы шақырып, иті үріп түрлі дыбыс қоршауында тұрғанда ауыл ерекшелігін айқын сезесің. Мұның бәрі қарбалсқа толы ауыл тіршілігінің бір ғана көрінісі.

-10-

Біздің ауылыдың шаруашылығы кең түрде дамып келе жатыр, сол себептен ауылымыздың болашағы жастардың қолында.

Қорытынды

Қазақ елі өзінің сан ғасырлар бойы аңсаған арманына қолы жетіп, өз Тәуелсіздігін жеңіп алып, егемендігімізді алғаннан кейін есімізді жиып, өз еліміздің тарихына сын көзбен қарай бастадық. Кім-кімге болса-дағы кіндік қаны тамып, шыр етіп дүниеге келген жері әрқашанда ыстық сезілетіні бесенеден белгілі ғой.

Қазақстан тарихын оқытуда өлке тарихының деректерін жинақтап, күнделікті сабақта, тәрбиелік шараларды пайдаланудағы мақсат-тәуелсіз еліміздің болашағы кейінгі жас жеткіншектердің туған елге, жерге деген перзенттік сезімдерін қалыптастыру, ел тарихындағы ұмытылмас тарихи оқиғаларды терең біліп өткені мен бүгінгісін байланыстыра отырып, өзінің саналы көзқарасын, үлесін қоса білуіне дағдыландыру, осы өлкеден түлеп ұшып қазірде республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жүрген ағаларымыздың өмір жолдарын, әдебиет пен мәдениетке қосқан үлестерін және ел шежіресін насихаттау.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігінің қазақ жұртына оралуы ел тарихына біршама өзгерістер әкелді. Осы мүмкіндіктер арқасында туған өлкеміздегі бізге беймәлім деректермен таныса бастадық. Жас ұрпаққа осы беймәлім деректерді айтып — үйрету, оқиғалармен хабардар ету — тарихшы мұғалімнің міндеті деп білемін.

«Қазір біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. Болашақта өркениетті ел қатарына қосылатын көш бастайтын ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, Отан сүйгіш, өз елін, туған жерін сүйетін ұлтжанды, патриоттық интернационалдық сезімдерге бай, жан-жақты білімді, дені сау ұрпақ

-11-

тәрбиелеуде еш уақытта естен шығармауымыз керек», — дейді елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Оқушыларға еліміздің аяқ асты пайда болған бір мемлекет емес, көне заманнан бері еркіндікке ұмтылған, ар намысы бар, ұшқыр ойлы жандардың сан ғасырлар бойы жасап келе жатқан мекен екенін елін, жерін қорғай алатын ұлдары бар «қазақ» — деген ер халықтың бүгінгі ұрпағы.

«Қазақстан» деген еліміздің ұлы бабалар ісіне лайық ұландары, бойына дәстүр-салтын сіңірген инабатты қыздары бар ұрпақ екенін қазақ тілі, әдебиет, тарих пәндері мұғалімдері аймақтық компонент арқылы жеткізе алады.Аймақтық компоненттердің бірі – ол Өлкетану. Өлкетану дегеніміз – туған өлкені жан-жақты зерттеп білу. Өлкетанудың басты міндеттері – өздерің туған, өскен өлкелеріңдегі тарихи ескерткіштерді аялап күту, қамқорлыққа алу, олардың сақталуын қадағалау. Тарихты білу – өзінің, отбасының, әулетінің, туып-өскен өлкесінің тарихын білуден басталады. Өзінің тегін, оның тарихын білмеген адам өз халқының тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды. Ал мұндай адам басқа халықтарды, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтей де, сыйлай да алмайды.













-12-



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан тарихы


  1. «Отан үшін от кешкендер»


  1. «Батыс Қазақстан энциклопедиясы»


  1. Жаңақала аудандық тарихының анықтамалығы


  1. «Орал өңірі» газеті 2014 жыл №9 саны


  1. «Жаңарған өңір» газеті




























-13-

№1

Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

2









3 Мектепішілік мұражайға саяхат

4





5 Сарыкөл ауылдық клубы



























6



7

8 Сарыкөл ауылының сыртындағы орыс зираттары





Амангелді Шахин –ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі

Сарыкөл ауылында дүниеге келгенPicture 2



Picture 3

Даулетов нәсіпқали-Сарыкөл ауылында дүниеге келген. Облыстық дарынды балаларға арналған лицейдің директоры











Сарыкөл ауылындағы Наурыз тойы

Мектебіміздің алдындағы Құрманғазы Сағырбайұлы мен Никита Савичевтің ескерткіш













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!