Материалдар / Ғылыми жұмыс. Мағжанның «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жұмыс. Мағжанның «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ әдебиетінен мұғалімдер мен студенттерге және оқушыларға қажет. Ғылыми зерттеу жүйелі жүргізіліп, Мағжан өлеңіне жан-жақты толық талдау жасалынған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2019
4386
52 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қатысушының аты-жөні(толық)


Сыныбы


Білім мекемесі


Ғылыми жетекшінің аты-жөні (толық)


Секция атауы

«Сырлы сөз» тіл секциясы

Жұмыстың тақырыбы

Мағжанның «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі















































Ғылыми жоба






Тақырыбы – «Мағжанның «Өнер-білім қайтсе

табылар» өлеңі»

Бағыты – әдебиеттану

Секциясы – «Сөз сыры» тіл секциясы




Орындаушы –



Жетекшісі –












Аннотация

Зерттеуші Мағжанның «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңіне зерттеу жүргізіп, талдау жасаған. Өлеңдегі бейнелі жыр жолдарының сиқырлы сырына үңіле білген. Өлеңнің көркемдік ерекшелігін байқай алғаны сезіледі. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын қалыптастырып, тұжырым жасаған. Мағжан лирикаларының сырлы иірімдерін анық тани біліп, ой-толғау жүргізген. Зерттеу нәтижесінде қорытынды жасап, ой түйгені анық байқалады. Өлең идеясына жан-жақты талдау жасап, өмірмен байланыстыра білген.





Abstract

       The researchers analyzed the work Magzhan study. Magzhan lïrïkalarındağı found imaginative ways to peer into the causes of the magic of poetry. Getting acquainted with the works of the poet felt had to see the specifics of the works of art. During the study, concluded the formation of its own vision. M. lïrïkalarınıñ mysterious deposits rests thought clearly recognize. As a result of the research conclusions, clearly thought tüygeni. M. poem theoretical analysis, symbolic phrases to identify and learned to digest the idea.



























Мазмұны



  1. Кіріспе. Мағжанның ақындығы.

  2. Мағжанның ағартушылық көзқарасы.

  3. «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңінің идеясы.

  4. Өлеңнің көркемдік ерекшелігі.

  5. Қорытынды.





























































Ғылыми жоба жұмысының тақырыбы – «Мағжанның «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі».

Ғылыми жоба жұмыс тақырыбының өзектілігі. Мағжан – ұлтжанды, өршіл, дара ақын. Оның әрбір өлеңі адамзатты ізгілікке, адамгершілікке, имандылыққа, ізгі қасиеттерге тәрбиелейді, баулиды. Оның әрбір шығармасы сыршылдыққа толы, адамның сырлы сезімдерінің пернесін шерте отырып, оқырманды өмірде өз жолын табуға, асқақ армандар мен биік мақсаттарға ұмтылуға үндейді. Бұл мәселелер қай ғасырда болса да өзектілігін жойған емес. Ал қазіргі таңда әлемді рухани құндылықтардан гөрі материалдық құндылықтар билеп тұрған кезде, Мағжан қаламынан туған көркем дүниелер адамзатқа рухани азық болады. Мағжан шығармаларымен де, өз болмысымен де, тұлғасымен де, саналы ғұмырымен де жас ұрпаққа күш, қуат береді.

Ғылыми жоба жұмысының зерттеу проблемасы – қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы жарық жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев шығармашылығына, ақынның «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңіне талдау жасап, зерттеу жүргізу.

Ғылыми жоба жұмысының болжамы – қазақ әдебиетінің дара ақыны Мағжан Жұмабаев шығармашылығының қыр-сырына үңіліп, «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңіне талдау жасап, ақынның көркемдік тіл шеберлігіне көз жеткізу.

Ғылыми жоба жұмысының пәні - қазақ әдебиеті.

Ғылыми жоба жұмысының нысанасы – Мағжанның «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі.

Ғылыми жоба жұмысының мақсаты – Мағжанның шығармашылығына мән беріп, ақынның ішкі сырына, сұлу да жарқыраған жыр жолдарына, бейнелі сөздеріне терең бойлап, саралау, зерттеу.

Ғылыми жоба жұмысының міндеттері:

  • ақын шығармашылығын зерттеу, саралау;

  • Мағжан поэзиясының көркемдік қуатын анықтау;

  • «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңінің идеясын сезіну;

  • Мағжан Жұмабаев шығармаларының идеясын көпшіліке таныту.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Жетекшімен бірлесе тақырыпты таңдап алған соң, алдымен Мағжан Жұмабаев шығармаларымен, ақынның шығармашылығына талдау жасаған мақалалармен таныстым, көркем оқу жүргіздім; ақын лирикаларына ерекше көңіл бөліп, тақырыптарына мән бердім, талдау жасап, сараладым; «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңінің идеясына, көркемдік шеберлігіне зерттеу жүргіздім. Зерттеу нәтижесін жүйелеп, тұжырым жасап, ой толғау жүргіздім, қорытынды жасадым.

Ақын - қоғамның қарапайым мүшесі емес, аса сезімтал, сара ақылды, өткір қиялды мүшесі. Ақын өзгелердің сезбегенін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпегенін айтып береді. Қоғамда болып жатқан өзгерістер ақын шығармашылығында көрініс табады. Жүсіпбек Аймауытов 1923 жылы жазған «Мағжан ақындығы туралы» баяндамасында ақынға мынадай анықтама береді: «Өзі өмірді жете біліп, өзгелерге жол сілтеп, қараңғыны жарық, бұлдырды ашық көрсете алмаған ақын – ақын емес. Сондықтан ақын жалғыз ғана таптың пайдасын көздеп, сойылын соға бермейді, өмірді анық танып, кемшілікті түгел көріп тұрған соң, ақын кейде тап көлемінен шығып, жалпы шындыққа, жалпы адам баласының қамына да құлаш ұрып кетеді. Кейде көңілдегі ойы шықпай, басқа нәрселерге де көшіп кетеді.» Бұл пікірді ғалым Мағжан Жұмабаевтың ақындығына баға беруде қолданып отыр.

Мағжан Бекенұлы - өз заманының дара тұлғасы, азулы, ұлтшыл ақындарының бірі. Өз білімін Уфадағы Ғалия медресесінде ашқан ақын шығармашылығы нағыз ұлттың берекесі қашып, орыстың қамшысы қазақ даласын билеп тұрған дәуірге тап келді. Өз қандастарының басына төнген қара күндерді көріп, ол текке отыра алмады. Көрді, қынжылды, ашынғаннан сөз сөйледі. Өзгелерден гөрі қоғамның ащы шындығын жеткізді. Мағжан - ұлтжанды, түрікшіл, санашыл, дарашыл ақын. Өйткені оның өскен ортасы, тәлім-тәрбие алған мектептері, үлгі алған қайнар бұлағы оны осы бағытта баулыды. Мағжан өзінің ұлтжанды өлеңдерін «Ғалияда» шәкірт болып жүрген кездің өзінде-ақ шығара бастады. Сол кездің өзінде-ақ «Туған жерім – Сасықкөл» деген өлеңінде патшаның отаршыл саясатына қарсы үн қатты.


Айдын көл ата қоныс, құт болған көл,

Сусын боп, сұрағанға от болған көл.

Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта,

Бейне бір сенің басың сүт болған көл.

Білмеймін не боларын қайран көлім,

Жарайды тең болмаса күн мен түнің.

Итиіп қарашекпен келіп қонса,

Басыңнан құсың ұшып кетер сенің, - деп туған жерінің зарын зарлайды.

«Анама», «Жазды күні қалада», «Есімде... тек таң атсын», «Жауынгер жыры», «Орал», «Орал тауы», «Алыстағы бауырым» деген өлеңдері ұлтжандылық сезімінің ояна бастағанын көрсетеді.

Мағжанның көп өлеңдері табиғатты суреттеуге арналады. Сол дәуірде табиғатты Мағжаннан көп, онан артық суреттеген қазақ ақыны кемде-кем. Мағжан табиғат қойнауында туып, табиғат-анасының бауырында өскен жігіт, жіптің бір ұшығы сол табиғат сырымен жалғаулы романтик ақын табиғатты дәріптеген соң, оның қойнауындағы елді, жұртты айтпай тұрсын ба?! Халық тіршілігін оның өскен ортасы – табиғатпен біртұтас бірлікте алып суреттеуде ақын керемет бейнелі сөз кестесін құра білді. Қазақ әдебиетіндегі романтизмнің дамуына Мағжанның қосқан үлесі зор.

Қоғамның қозғаушы күші өнер-білім болса, Мағжан бұл тақырыпта да қалам тербеген. Жас буынның өнерлі, білімді болуы - қоғамның көзі ашық ағартушы ақын-жазушыларды мазалаған мәселелердің бірі. Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба» деп ой толғаса, Ыбырай «Өнер-білім бар жұрттар» деп халықтарды салыстыра келіп, өнер-білім табудың жолын көрсетіп береді. Мағжан да - осы ұлы ақындардың заңды ізбасары, мұрагері. Ол «Өнер-білім қайтсе табылар» деген өлеңінде өнер-білім табудың жолын көрсетіп береді. Әсіресе жастар бұл өлеңді оқыған кезде өзінің өмірлік ұстанымын қалыптастырады деп ойлаймын.


Өнер-білім қайтсе табылар


Ер жігіт өнер табар ерте қуса,
Ерініп шаршамастай, белін буса,
ЬІртың-жыртың, жоқ-барға көңіл бермей,
Періште боп анадан қайта туса!

Жақын туған, бауыр деп айналмаса,
Қатын-сатын дегенге байланбаса,
Тынықпай, дамыл алмай ерте де кеш,
Ізденсе, кідірмесе, жайланбаса.

Дүниенің қайғысынан зарланбаса,
Көз қысып күлгеніне алданбаса,
Қақ жарар қара қылды тура бөліп
Айтылған сөз жайынан жалғанбаса.

Өсектен ат-тонымен алыс қашса,
Естісе, ұялғаннан бетін басса,
Жамандық - аты өшкірге жақын жүрмей,
Аяғын күндік жерден байқап баса.

Өзінен басқа жанды кем көрмесе,
Құтыртып, шабыстырып, жел бермесе,
Табылмас аузына су тамызушы,
Өзінің тар етігін кең көрмесе!

Көзі ашық адамдарға жақын жүрсе,
Олардың әрбір сөзін үлгі көрсе.
Естіген сөз, көргенді бос тастамай,
Құлақ тігіп, көз салып, жиып-терсе.

Көңіл көзі ашық жанды дос деп білсе,
Мылқау, меңіреу, наданды қас деп білсе,
Бейнеттің мұнарланған шөл даласын
Ұжмақта хорлар тіккен қос деп білсе.

Білімсіз қатқан жанды тас деп білсе,
Өнер-білім - қарны ашқа ас деп білсе,
Дүниенің теңізінде адасқанға
Тура жол көрсететін бас деп білсе.

Осы оймен тура жүрсе, бұлтармаса,
Басқаға мойын бұрып, көз салмаса -
Өнер-білім жер астында болса-дағы,
Бір жетер, жалықтым деп тастамаса.


Өлеңнің тақырыбы – өнер-білім табу. Себебі ақын өнер-білімсіз адамның тұлғалық келбетінің ойсырап тұратынын жақсы түсінген және түсіндіріп бере алған. Ақын осы өлеңінде өнер-білімді табудың жолдарын нақты көрсетіп береді.

Еңбекқор болу.

Уақытты босқа өткізбеу.

Жеңіл жүріске салынбау.

Іздену.

Қайғыға салынбау.

Әділ болу.

Өсектен алшақ болу.

Жамандыққа жуымау.

Өзін өзгелерден артық санамау.

Қолда барды бағалау.

Білімді адамдарды үлгі тұту.

Насихат сөздерді ескеріп жүру.

Көзі ашық адаммен дос болу.

Надан адамдармен араласпау.

Білімді болу.

Өнер-білімді бағалау.

Тура жолдан таймау.

Жарты жолда қалмау.

Ең алдымен, еңбекқор болу. Еңбек етпеген адам жетістіктерге қол жеткізе алмайды. Ал адал еңбек жетістікпен бірге абырой сыйлайды.

Уақытты босқа өткізбеу. Жетістікке жетем деген адам уақытын бағалай білуі керек.

Жеңіл жүріске салынбау. Жасырудың қажеті жоқ, кейбір жастар аздаған жетістікке қол жеткізіп алғаннан соң, құмар ойынға, жеңіл жүріске салынып, күш-жігерін сарқып алады, ары қарай ұмтылуға құштарлығын жоғалтады.

Іздену. Кез келген жеңістің, жетістікке жетудің бастамасы - іздену. Бұл қасиетті табиғат-ана әр адамға сыйлаған. Тек оны әрқайсымыз әртүрлі пайдаланып жүрміз.

Қайғыға салынбау. Қайғыны адам жан-дүниесінің, көңіл-күйінің жегі құрты деп санасақ болады. Себебі қайғыға салынған адам өмірден түңіліп кетеді. Ал қазақ халқы «Сабыр түбі – сары алтын» деп кез келген жағдайда, өмірде басымызға қандай қайғы келсе де, оны сабырмен жеңе білуге, ары қарай өмір үшін күресті жалғастыра беруге үндейді. Ұлы Абай да адамды құртатын нәрсенің бірі – осы қайғы деп есептейді.

Әділ болу. Алдымен адам өзіне әділ болуы керек және өзгелерге де әділдік таныту керек. Өмір сүруде де әділдікті бағыт-бағдар сілтейтін туы ретінде қабылдауы керек.

Өсектен алшақ болу. Жамандыққа жуымау. Қазақ ұғымында «өсек» деген түсінік бар. Бұл да – қоғамды бұзатын, адамдардың қарым-қатынасына кері әсерін тигізетін құбылыс. Өмір болған соң жақсылық пен жақсылық қатар жүреді. Онсыз өмірді елестету қиын. Өмірдегі жамандықты түп-тамырымен жойып жіберу мүмкін емес. Сондықтан адам боламын деген жас жамандықтан аулақ жүргені дұрыс.

Өзін өзгелерден артық санамау. Өзімшілдік – адамның тұлғалық келбетінің қас жауы. Өте ақылды болып тұрса да, білімді болып тұрса да, өзімшіл адамдардың абыройы болмайды. Ондай адам қоғамда лайықты бағасын ала алмайды, ондай адамдарды сыйламайды.

Қолда барды бағалау. Барға қанағат ету – білімді боламын деген жастардың ғана емес, жалпы адамзаттың басшылыққа алар қағидасы. Бұл қасиетсіз бақыттың дәмін сезіну мүмкін емес.

Білімді адамдарды үлгі тұту. Олардың айтқан насихат сөздерін ескеріп жүру. Мұндай сөздерді оқып, тыңдап, білгенін ойға тоқып, ескеріп жүрсе, өмір тәжірибесін меңгерген адамдардан көп үлгі алуға болады, өмірлік қағида ретінде ұстануға болады.

Көзі ашық адаммен дос болу. Надан адамдармен араласпау. Достарды таңдаған кезде, аса жоғары талғампаздық қажет. Себебі достардың адамға тигізер әсері жоғары. Достар сені жақсылыққа да, өкінішке орай, жамандыққа да бастауы мүмкін. Нағыз дос – сенің сырласың, ақылшың, өмірде сенім артар тірегің.

Білімді болу, өнер-білімді бағалау. Білімді адам ғана ақылды болады. Білім бізге өмірде қажетті дағдыларды қалыптастыруға жол ашады. Біз қазір жас кезімізде уақытымызды зая кетірмей, білімді игеруге талпынуымыз керек. Бұл үшін бізге барлық жағдай жасалған.

Тура жолдан таймау. Жарты жолда қалмау. Шамшырақ ретінде біз өз өміріміздің мақсатын айқындап алуымыз керек. Шаршадым деп жарты жолда тоқтап қалмауымыз керек.

Ақын осы айтылғандарды өмірінің қағидасы ете білген адам «өнер-білім жар астында болса-дағы, бір жетер, жалықтым деп тастамаса» деп қорытынды жасайды.

«Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі қазақ ұғымына жақын қара өлең ұйқас түрінде жазылған. Қара өлең – қазақтың ежелгі өлең түрі. Туысқан өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, башқұрт поэзиясында кездеседі. Қара өлең 11 буынды, 4 тармақ, а-а-б-а түрінде келеді. Өлең идеясын жеткізуде ақын эпитетті жиі қолданған. Мысалы, «ер жігіт», «күндік жер», «тар етік», «естіген сөз». Ауыспалы мағынадағы сөздерді де шеберлікпен қолдана білген. «Өнер табар», «құлақ тігіп», «көз салып», «тас», «ас», «бас» «періште» сөздерін ауыспалы мағынада қолданған. Табиғатта қатты күйде кездесетін «тас» ұғымын ешнәрсеге құлқы жоқ білімсіз жанды сипаттауда қолданса, адамға күш-қуат сыйлайтын құнарлы зат «ас» ұғымын ақын өлеңде адамға рухани азық сыйлайтын «өнер-білім» сөзінің орнына қолданып отыр. «Бас» - адам ағзасының негізгі мүшесі, адамға бағыт-бағдар беріп отыратын ми осы баста орналасқан. Сондықтан бас адам ағзасындағы жол көрсетуші есебінде қызмет атқарады. Ал өлеңде «бас» сөзін Мағжан адамға тура жол сілтейтін бағыт ретінде өнер-білімді сипаттау үшін қолданып отыр. «Періште» сөзін адал адамның сипатын беруде қолданған. Өлеңде сонымен қатар тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Ақын «Қара қылды қақ жарар», «көзі ашық» тұрақты тіркестерін мағынасына сай ұтымды қолдана білген.

Қорыта келе, замандастарыма Мағжан шығармашылығында небір асыл сөз бар екенін айтқым келеді. Оның әр өлеңін жайбарақат оқу мүмкін ем

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!