Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жұмыс «Өмір мен өнерді қоса алып жүрген жандар»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Үшсарт негізгі мектебі» ММ
Тақырыбы: «Өмір мен өнерді қоса алып жүрген жандар»
Ғылыми жобаны қорғаушы:Үшсарт негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Қабыкенова Дильназ
Ғылыми жетекші: Карабалина Рауза Баянқызы
2017 - 2018 оқу жылы
Жоспар:
І.Кіріспе.
1. Аннотация
2.Қос тұлғаның өмірбаяны
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Өнер тарландарының шығармашылық жолдары
2.Қос тұлғаның жеткен жетістіктері.
ІІІ.Қорытынды:
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Үшсарт негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Қабыкенова Дильназ жазған ғылыми-зерттеу жұмысына
Аннотация
Ұсынылып отырған ғылыми-зерттеу жұмыс,оқушылар аудиториясына кең көлемді ақпараттық маңызы бар материал болып табылады.Оқушыларды мәдениет саласында көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан қос өнер адамы туралы жазды.Зерттеу барысында оқушы өнер тұлғаларының дара жолын зерттеп,үйлеріне барып өнер адамдарынан сұхбат алған екен.Соынмен қатар,мәдениет үйіне біренеше рет келіп,зерттеу жасап,әріптестер пікірін тыңдады.Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері туралы,олардың алған марапаттарын толық зерделеп,зерттеген екен. Өнер мен өмірді қоса алып жүрген жандар туралы жазған еңбегі өте кең көлемде жазылған.Өнер тұлғаларының өмірлерінің маңыздылығы мен жеткен жетістіктері толық көрсетілген. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, мәдениетөнерінің озық үлгісі ретінді ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығыменде пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық мәдениет өнері әлі де аз емес. Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, мәдениетімізді дамытуымыз керек.Осы бағытта оқушының жасаған зерттеу жұмыстарының маңызы зор.
Жалпы,ғылыми-зерттеу жұмысы тәрбиелік және ақпараттық маңызы мол,ауқымды еңбек деп санаймын.
Қорғалжын аудандық Мәдениет үйінің басшысы: А.Қ.Абакова
Мазмұны
І.Кіріспе 1-4бет
ІІ.Негізгі бөлім
1.Сапар Оразалиннің өмірі мен шығармашылығы 4-бет
2.Рысбике Оразалинаның өмірі мен шығармашылығы 5-бет
ІІІ.Қорытынды 6-7 бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 8-бет
Пікір
Бұл ғылыми жұмысжы жазуды 9-сынып оқушысы Қабыкенова Дильназ бастады. Дильназ салмақты, сабырлы, мектепте жақсы оқитын оқушылардың бірі. Дильназдың бұл жобаны жазу барысында қызығушылық танытып, Қорғалжын ауданында ұзақ жылдар мәдениет саласында еңбек еткен Оразалиндер отбасы туралы жазуды таңдады. Таңдау себебі, Дильназға ол кісілердің өнер жолындағы елеулі еңбегі мен өнері туралы жазуды ұйғарды. Дильназ қызығушылықпен өнер мен өмірді қоса алып жүрген сахна тарландары туралы жазып шықты. Жазу барсысында жан-жақты дайындық үстінде болды. Дильназ бұл жұмысты жазу барысында көптеген ізденістер жасап, аудандық мәдениет үйіне барып,Сапар ата мен Рысбике апамен әріптес болған ұжыммына барып, бірнеше мәліметтер алып, одан түйінді ой жинай білді. Сонымен қатар,өнерлі отбасының үйіне барып,ата-апамызбен танысып,сұхбат жасады.Дильназдың жұмысын мен мұғалімі ретінде өте жақсы деп бағалаймын.
Пікір білдіруші ғылыми жетекшісі: Р.Б.Карабалина
Тақырыптың өзектілігі.
Елбасымыз әрбір жылды әлеуметтік бір игі бастамаға арнап, барша қазақстандықтарды осыған жұмылдырып келе жатыр.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, ХХІ ғасыр білім, ғылым, бәсеке ғасыры болмақ. Оған төтеп беру үшін рухтың мықтылығы, ұжданның күштілігі, елге, жерге деген адалдық керек.
Біздің басты міндетіміз- алтын тамыр еліміздің еңсесін көтеріп, шаңырағына уық болып қадалу.
Зерттеудің мақсаты.
Менің «Өнер мен өмірді қоса алып жүрген жандар» атты ғылыми жобамның мақсаты – кең көлемде зерттелген жұмыстарымның нәтижесінде анықталған ауданымыздың өнегелі азаматтары Оразалин Сапар ағамыз бен жұбайы Оразалина Рысбике апамыздың үлгі істерін елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Алға қарайтын кез келді, іске кірісер кез келді, ерік жігерімізді танытатын кез келді!» — деген сөзін өз алдына мақсат етіп, еліміздің мәдениетін көркейтуге қосқан үлесін паш ету.
Елге еңбегі сіңген Сапар ата мен Рысбике апамыздың есімін, өзге жерлерге таныстырып, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ата-апамыздың ағаның игі істерін үлгі ретінде тарату – менің алға қойған міндеттерімнің бірі.
«Есің барда етек жап, қайратың барда мал тап» деген қағиданы берік ұстаған Сапар ата сынды ел азаматы мен Рысбикедей елдің ерке қызы Қорғалжын елді мекенінде театрда жасаған қызметтері мен үлгі істерін таныстыра келіп, өзіміз өмір сүретін қоғамның жан – жақты дамуына зор еңбек сіңіру біздің басты міндетіміз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Қорғалжын ауданы бойынша мәдениет саласында көп жылдар бойы еңбек еткен мәдениет қайраткерлері ерлі-зайыпты Сапар ата мен Рысбике апамыздың еңбектерімен таныстыру барысында бойында елжандылық рухы бар, туған жерді сүйе білетін, қоғам өміріне белсене араласатын тапқыр да табанды, сауатты жеке тұлға қалыптастыру.
1.Оразалин Сапар Мұхамедиярұлының өмірбаяны
Оразалин Сапар Мұхамедиярұлы 1942 жылы Семей облысы,Абай ауданы,Қарауыл ауылында 4 тамыз күні дүниеге келген.Орта мектепті күміс медальмен аяқтап,1966-1969 жылдар аралығында Грузия елінде әскери міндетін атқарып келді.
1969-1971 жылдары Алматы қаласындағы «Республикалық эстрадо-цирк колледжін»қызыл дипломмен тәмамдады.Алғашқы еңбек жолын Семей қаласындағы облыстық телевидениеде диктор болып еңбек жолын бастады.1971-1984-жылдар аралығында Семей облыстық “Абай»атындағы драма театрында алдынғы қатардағы актерлердің бірі болып қызмет атқарды.Театрда жұмыс істеген жылдарда көптеген басты рөлдерде ойнады.Атап айтатын болсақ,М..Әуезовтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»пьесасындағы Қозы Көрпеш рөлінде «Абай»драмасындағы Айдардың Оралхан Бөкейдің «Кісінейді құлындар» драмасында Жан рөлін сомдады.
1973-1974 жылдары Бүкіл Одақтық конкурстың лауреаты атанды.С.Сейфулиннің «Ажал вагоны»трагедиясында Сәкеннің рөлін ең алғашқы ойнаған актердің бірі еді.Өте жоғары деңгейде ойнап шықты.
1986-жылдан бастап,Қорғалжын ауданы Кенжебек Күмісбеков атындағы мәдениет үйіне жұмысқа қабылданды.Мәдениет үйінің ішіндегі «Қалимұса Құсайынов» атындағы халық театрының бас режиссеры болып өзө жұмысын бастайды. Мәдениет қабырғасында жүріп мектеп оқушылары арасында драмалық үйірме ашты.Үйірмеге аудан басындағы екі мектептің оқушылары қатысты. 1989 жылы қазіргі Қорғалжын мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларымен М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы»желісі бойынша сахналық қойылымн көрсетті.Басты рөлдерде сол мектептің 9-сынгып оқушылаыр Асаров Сайын,Маханов Дүйсенбай,Терлікбаева Гүлмира т.б оқушылар өте жақсы ойнап шықты. Қорғалжын ауданы бойынша «мәнерлеп оқу»көркемсөз студиясын ашты.Еңбек жолында көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарды.Шәкірттері Оразалина Махаббат Нұрбол Базаров,Анар Сәрсенбаева облыстық,республикалық конкурстардың лауреаты атанды.
Театрда қызмет жасаған жылдарда халыққа көптеген драмалық туындыларды тарту етіп,халық қошеметіне бөленді.Атап айтатын болсақ,М.Әуезовтың «Абай»драмасын,Б.Майлиннің «Шұға»драмасы,М.Әуезовтың «Қарагөз»трагедиясын,О.Бодықов «Ойбай,киеу керек»комедиясын, Сапар Оразалиннің «Мариям мен Дудар» С.Сейфулиннің «Қызыл сұңқарлар».Баянғали Әлімжановтың «Құдалық», «Өзіңді өзекке теппе»,Сафуан Шәймерденовтың «Әнім-сен едің»мелодрамасын, «Тамаша» театрының көптеген шағын скетчтарын сахнада сомдады.
Қорғалжындағы «Қалимұса Құсайынов» атындағы халық театрында 30жыл еңбек етті.Осы 30 жылдың ішінде елінің көркеюіне өз үлесін аямады.Еңбек еткен жылдар барысында еңбегі еленіп,көптеген марапаттарға ие болды.
2001 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен»марапатталады.
2002 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағын алды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20жылдығына орай,медальмен берілді.«Қазақстаннның үздік азаматтары» энциклопедиясына өмірбаяны шықты.
К.Күмісбеков атындағы мәдениет үйінің 40жылдығына орай,40 жылдық медальмен марапатталды.
Ақмола облысы өнеріне ерең еңбек сіңіргені үшін құрмет грамотасымен марапатталды.Сонымен қатар,Өнер саласында еңбек еткен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Гүлжихан Галиевадан білім алған.
2017 жыл Гүлжихан Галиеваның 100 жылдық мерейтойына арналған энциклопедияға қолжазбасына қолтаңбасы жазылды.
Сапар Оразалин театр тарланы.Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Қазақстан Республикасының құрмет грамотасының иегері атағын алды.
Сапар атамыз бен Рысбике апамыздың қыздары Махаббат Оразалина да ата-анасының жолын қуып,өнер саласында қызмет істейді.Алғашқы еңбек жолын осы ауданда мәдениет үйінде режисер болып бастаған.Қазіргі кезде Щучинскі қаласында мәдениет үйінде режисер болып жұмыс істейді.
Бар өмірлерін өнерге аранған отбасы үшін өнер жолы –дара жол болып есептеледі,- дейді Сапар аатмыз.Қазіргі кезде зейнеткерлікке шықса да,өнер десе ішкен асың жерге қоятындардың қатарындамын.Бірақ,денсаулығыма байланысты көптеген іс-шараларды өз көзіммен көре алмайтын халге жеттім,-деп өткен күндерін сағына еске алатынын айтады.
2.Оразалина Рысбике Боранбайқызының өмірбаяны.
Оразалина Рысбике Боранбайқызы 1950 жылы 3 қараша күні Ақмола облысы,Қорғалжын ауылында дүниеге келген.Орта мектепті қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы ,Сарыөзен ауылындағы тәмамадаған.
Мектеп қабырғасында жүріп,өзінің өнерімен көзге түсе бастаған.Жастайынан қолына домбыра алып,әуелетіп ән салған. Кейін 1970 жылдары Қорғалжын ауданынан автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарады. Жаста болса халық арасына шығып,өз өнерімен халыққа таныла бастады. Қорғалжын халық театрының жетекшісі Құсайынов Қалимұса ағасы ел арасындағы өнерге жақын адамдарды қаармағына театрға қызметке алады. Солардың ішінде Рысбике апамызда бар еді.Жасынан өзінің еңбегінің арақсында көптеген марапаттарға ие болды. Жұмыс істеп жүріп,Көкшетау қаалсындағы Мәдениет училищесінде кітапханашы бөліміне сырттай оқуға түседі.
1986 жылдан бастап,Қорғалжын ауданындағы Кенжебек Күмісбеков атындағы мәдениет үйіндегі «Қалимұса Құсайынов»атындағы Қорғалжын халық театрында режиссер көмекшісі болып қызмет етеді.
Театр сахнасында жүріп,әншілік пен актерлік қабілетті бірдей алып,халық қалаулысы атана білді. Театр сахнасында жүріп көптеген басты рөлдерде ойнады.
Үкілі домбырасымен әуелетіп ән салағанда барша жұрт тамсана тыңдап,сыңғырлаған дауысымен көптеген ауыл,қалалардың киелі сахнасында ән салды.
Елінің зор құрметіне бөленген Рысбике Боранбайқызын Халықаралық энциклопедияға өмірі мен шығармашылығ -2011 жылы жарияланды.
Мәдениет қайраткері атағы -2012жылы берілді.
Қорғалжынның құрметті азаматы атағы-2015 жылы берілді.
2017 жылы Кенжебек Күмісбеков атындағы мәдениет үйінің 40 жылдығына орай өткен кеште медальмен марапатталды.
Жасы 67-ден асқанымен Рысбике апамыз еңбектен әлі қол үзген жоқ.Аудандық мәдениет үйінде қызмет етіп жүр. Сонымен қатар «Әжелер ансамблінің» мүшесі. Немересі Аққерде ,өнерге өте жақын болып өсіп келеді.
Аудандық музыка мектебінің оқушысы. «Көркем сөз»үйірмесінің мүшесі.Сонынмен қатар,әнде айтады. Ата-әжесінің өнерін бойына дарытып,өзіде келешекте өнер жолында қызмет жасаймын дейді.
3.Әріптестер пікірі:Мәдениет үйінің директоры Абакова Амина Қуанышқызы әріптестері жайлы айтқан сөзіне тоқталып кетейін.Сапар аға мен Рысбике апамызбен көп жыл қызметтес болдым.Ол кісілер Қорғалжынның құрметті азаматтары.Сонымен қатар мәдениет саласында алатын орындары ерекше деп айта аламын.Ағамыздың өмірді түсінетіні,тіршіліктің әр сәтін жақсылыққа ,адамды әрқашан шабыттандыпы отыратын ерекше қабілеті бар.Ал апамыз болса күміс көмей әнші,жастарға ақылшы болды.Ол кісі өнерден әлі қол үзген жоқ.Театр мүшесі,өнерден әліде қол үзген жоқ.
«Өмір мен өнерді қоса алып жүрген мәдениет қайраткерлері»Қорғалжын елінің мақтанышы деп айтуға болады. Бар өмірлерін өнерге арнаған отбасы ел ішініде зор құрметке ие жандар. Театр деген бір сиқыр әлем... Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады.
Осы әлемде әрқашан алтын әріппен жазылған есімдеріңіз қалса екен...
Қорытынды
Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау, атамекенге қызмет ету, олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған. Қазақ халқының мәдениет өнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының мәдениет өнерінің бір саласы – театр сахнасы.
Жобаның мақсаты: Мәдениет саласында қызмет өнер саласындағы қос тұлғаның өміріне шолу жасай отырып, оның елі үшін еңбек еткен еңбегін саралау арқылы ұлттық мәдени мұрамызды қастерлеуге насихаттау болып табылады.
Жоба кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Жобаның кіріспе бөлімінде өнер тарландарының өмірбаяны туралы айтылады.
Негізгі бөлімінде Зерттеу жұмысымның басты кейіпкері Сапар ата мен Рысбике апамыздың өмірбаяны, тәрбиелі отбасы-Шынболат ағаның жанұсы, «елге жанашыр азамат», жігітке жетпіс өнер де аз» деген тараулары қарастырылды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстанның үздік адамдары энциклопедиясы.
2.«Лучшие люди России ,Казахстан ,Украина, Беларусь» энциклопедиясы
3. Есіл бойы ен байлық кітабы
4.Арқа ажары газеті 2015 жыл
5. Нұр Қорғалжын газеті 2017 жыл
6.Аудандық мәдениет үйінің басшысымен сұхбат.
7.Мәдениет үйінің режисері Исмагулова Р. сұхбат
5.Оразалина Р.Б сұхбат