Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жұмыс тақырыбы: «М.Әуезов әңгімелеріндегі ауыспалы мағыналы сөздердің қолданылу ерекшелігі»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер
Зерттеу мақсаты:
Менің таңдаған ғылыми жобамның тақырыбы «М.Әуезов әңгімелеріндегі ауыспалы мағыналардың қолданылу ерекшелігі» М.Әуезов әңгімелерін терең қарай отырып, жазушыны жан – жақты қырынан танып білу.
Зерттеу міндеті:
Тақырыбымның мақсаты негізгі жоспарға сәйкес тқмендегі зерттеу міндеттерімен толықтырылып, айқындалады.
-
М.Әуезов өмірі мен прозалық шығармалары
-
М.Әуезов – ұлы суреткер
-
М.Әуезов шығармаларындағы ауыспалы мағыналы
сөзердің қолданылу ерекшелігі
Зерттеу әдісім:
Ғылыми жобаны зерттеуде алдын ала ойластырған зерттеу әдістері белгілі бір мақсатқ негізделіп, әр тақырыпшаларды қарастыруда төмендегідей зерттеу әдістері көзделді:
-
Жазушының өскен ортасы туралы материалдар жинау
-
Жазушының әңгімелерімен танысу
-
М.Әуезовтың әңгімелерінде қолданған ауыспалы мағыналы сөздерді теріп жазу.
Мазмұны
І. Кіріспе
-
М.Әуезов өмірі мен прозалық шығармалары........................................... 3
ІІ. Негізгі бөлім
-
М.Әуезов – ұлы суреткер............................................................................5
-
М.Әуезов әңгімелеріндегі ауыспалы мағыналы
сөзердің қолданылуы .................................................................................7
«Жетім» әңгімесіндегі ауыспалы мағыналы сөздер................................ 8
4.«Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі ауыспалы мағыналы сөздер ......11
ІІІ. Қорытынды .................................................................................... ...12
IV. Пайдаланған әдебиеттер ...................................................................13
Мұхтар Әуезов өмірі мен прозалық шығармалары
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздік туын тіккеніне де 25 жыл болды. Қазір еліміз әлемнің аузымен құс тістеген тәкаппар елдерімен тең түсіп тұрған таңда рухани мәдениетімізді асқақтатып , әлемдік деңгейге көтерген өнер саңлақтарының болуы еліміз үшін үлкен абырой. Әрбір халық еліне еңбек еткен перзенттерін қашан да жоғары бағалап, мақтаныш етеді. Міне, осындай абзал жанды жомарт табиғат бізге сыйға берген. Ол халқымыздың жоғары мәдениетін дамытып,әлемге қазақ деген халықты танытқан өнер иесі – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол жомарт табиғаттың жарық дүниеген тым сирек, сараң сыйлайтын дархан дарын иесі . Өзгелерден озық, оқшау тұратын, есімі ел аузында аңызға айналған Мұхтар аға туған халқының мерейі мен мақтанышы.
Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері МҰхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде, Абай атамыз туған өлкеде дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналадағы адамдармен достық көңілменараласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған. Атасы Әуез, әжесі Дінәсілнемерелеріне Абай өлеңдерін қайта – қайта айтқызып тыңдап отырған. Жазушы «Менің өмірбаяным» атты төрт беттік жазбада атасы туралы былай деп еске алады. «Атамыз бізді өзінше оқытптын. Бұл оның өзіне оңайырақ соққан болар. Ал шәкірт байқұстың көз жасы тимей – тимей кетуші еді. Аздап қара танытқан соң, өлеңнің бірінен соң бірін жаттадым. Өлеңдер бір түрлі, ұзақ, түсініксіз. Ара – арасында: Фошкин, Лермонтып, Крылоп, Татьян мен Анегин тәрізді бұрын құлақ естімеген, оқшау, өзгеше есімер ұшырасып қалады. Молдаға ұқсап атамыз бізге таң атқаннан күн батқанға дейін кітаптан бас алғызбайтын», - деп атасы Әуездің Абай өлеңдерін немерелерінің көкірегіне ерте байлауға талпынғанын еске алады.[2; 35б]
Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін
сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты,
еліне қадірлі адам болған.
Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немерелеріне Абай өлеңдерін кайта-қайта
айтқызып тыңдап отырған. Абай есімін есі кіре естіген Мұхтар ұлы
ақынды 1903 жылы көрген сәтін былай баяндайды: «Жазғы жайлауға
бытырап кеткен көршілес ауылдар күзгі күземде тағы да қаарлас
қонатындары бар емес пе? Міне, осындай кездің бірінде әжем
трашмөңкге ат жектіріп, сыбағаларн алып, күземге жаңа қонған Абай
ауылына бара қалды. Қасына мен де ерген едім. Келген бойы мен өзім
құрбылас балаларға қосылыпып, түрліше ойынның қызығына түскенім
сондай, күннің қалай батқанын білмей қалыппын. Жүгіріп әжем отырған
үйге келдім де, ол кісінің етегінен тартқылап, «үйге қайтайық» деп
мазалай бастадым, сол кезде әжеммен әңгімелесіп отырған орта бойлы,
денелі, сақал, шашына ақ кірген кексе адам маған қарап, байсалды
дауыспен: «Қой, шырағым, жылама!» - деп жұбата бастады. Байқасам ол
Абай ағаның өзі екен.... », – деп кейін еске алады. Бұл жас
Мұхтардың мейірін қандырған қайнар бұлақтың мөлдір суындай болып,
оның болашақ өміріне, шығармашылық тағдырына игі әсерін тигізеді.
[1;6б]
Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып,
одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына
ауысады.
Семейдегі бес кластық қалалық училищенің директоры И.Я.Малахов: «.... класта оқып жүрген үш – төрт қазақ және орыс балаларының арасында 15 – 16 жастағы орта бойлы, толықша келген, кең маңдайлы қазақ баласы ерекше көзге түсетін. Әсіресе оның көздері әсерлі еді. Үлкен, ойлы көздерімен бүкіл дүниенің бәріне ынтыға қарайтын ... Бұл - бала Мұхтар еді. Тамаша қабілеттілігі өз ойын дұрыс жеткізе білуі, көргенін, есітегін және оқығанын әсте ұмытпайтындығы, зеректігі оны жолдастарының арасында даралап тұратын. Мен бірде - бір мұғалімнен Мұхтар қандай да болмасын сабақтан нашар жауап берді дегенін естіген емеспін» - деп еске алады. [1;8б]
Әкесі қайтыс болғаннан кейін он бір жасар Мұхтар Семей қаласында ағасы Қасымбектің тәрбиесінде болып, 1908 жылы бес жылдық орыс училищесіне түседі. Оны бітірген соң төрт жылдық мұғалімдер семинариясында оқып, 1919 жылы семинарияны бітіріп шығып, бірыңғай әдеби қызметпен шұғылдана бастайды. Ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларын өңдеп, өзінің жазушылық тәжірибесімен көрсетті. «Еңлік–Кебек», «Айман–Шолпан», «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесалары соның куәсі. М.Әуезов 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультеті, Ташкент қаласындағы Орта Азия университетінің аспирантурасын бітіреді. 20-30 жылдары жазушы қаламынан көптеген әңгімелер туған. «Қараш-қараш оқиғасы» (1927) және «Қилы заман» (1928) повестерін жазылған. Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы – «Абай жолы» атты 4 кітаптан тұратын тарихи роман-эпопеясы.
М.Әуезов – ұлы суреткер
Мұхтар Әуезов - бірден танылған тума талант. Болашақ ұлы суреткерді әріптестері мен замандастары ертеден-ақ болжай білген. 18-20 жастардағы Мұхтарды құрбы-құрдастары әзіл-оспаққа, әжуаға айналдыра бастаса, Міржақып Дулатов: "Тиіспеңдерші. Осы қара баладан түбінде бірдеңе шығады" - дейді екен. Алдында өзінің Би-ағасымен, бәріміздің де Би-ағамызбен, Бейімбет Майлинмен бірге талай қыңыр пікір айтушыларға батыл төтеп беріп, бар шындығымен дәлелдеп, "Қилы заманды" ең таңдаулы шығармалардың қатарында санаған Ғабит Мүсірепов повесть авторымен Қызылордада 1929 жылы алғаш кездескен. Кездескенде де, парасатына да, талантына да, тұлғасына да сол күнібас иіпті. 30-жылдардың басында Ахмет Байтұрсынов өзімен бірге түрмеде жатқан інісіне: "Мұхтар, сен кешірім сұрап, кең дүниеге шық. Бізді де сына. Сенің болашағың өте зор,» - деп ағалық, ұстаздық акыл-кеңес беріп, жүрекжарды сөзін айтыпты деген әңгіме бар. Ақаңдай халқы үшін жаралған адамның ол сөзіне сенбеске болмайды. Осының барлығын ұлылардың көрегендігі, елінің болашағын ойлаған, оның өнері мен әдебиетін құлай сүйген таланттар мен дарындарға жан ашырлығы деп білуіміз керек.
М.Әуезов қазақ әдебиетінен көркемдік – тарихи ойлардың жалпыға тән әлемдік деңгейіне көтерді. Қазақ халқының ой – сана құрылымын, тарихи дәстүрінің ерекшелігін, тіл байлығының қуатын әлем Әуезов арқылы таныды. М.Әуезов әңгімелері – адам рухын, адам психологиясының шексіз әлемін ақтару арқылы заман мен орта, ұлт және мемлекет ара қатынасындағы құбылысты мейлінше сезімталдықпен бедерлеген дүниелер. [4; 15б]
Жазушының 1921 жылы жазылға «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесі көркем өнердегі дәстүрлі үрдістің бірі пейзжды суреттеумен басталды. Қалаға қатынасатын көңілсіз қара жолдағы Арқалық тауы «Не бауыры, не сыртында ықтыратын жоқ ысқаяқ. Арқалық жадағай, жалғыз қабат болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да, оңынан соқса да паналығы жоқ, азынап тұрады» Табиғаттың жұпыны көрінісін суреттеу арқылы автор көңілсіз тыныс – тіршіліктің беймәлім сырына бастағандай болады. Бұл жерді мекен ететін адамдар әрекетінде де шектеулілік, дәрменсіздік бар. Ерте күннен аталарының қонысы болғандықтан және басқа ірге аударарлық жайлы жері жоқтықтан, «құдайына жылап» отыра беретін кедейлердің күйі – сорлылық күйі. Әңгімеде тағдыр жолы бұралаң бір үйлі жанның басындағы тауқымет сыршылдықпен беріледі. Өмір естелігін қорытып, өзінің де өзгенің де ісін саралайтын, жан тебірентер тағдыр иесінің психологиялық монологының астарында көп дүние бар.
Б.Майтанов «Қорағансыздың күнін» модернистік ыңғайдағы шығарма дей келіп: «Оған алдымен ұлттық прозада мұндай көрініс бермеген хронтоп құбылысының терең де күрделі қатпарлары мезгіл мен мекеннің уақытшылық, тұрақтылық, мифологиялық, тарихилық айналмалық, түзу сипаттылық, секірмелік қасиеттері, пейзаж бен жекелеген әрекеттің символикалық мәні, семиологиялық егіздеулер, автор образы поэтикасының икемділігі мен алуан өрістілігі, шындықты көру нүктелерінің кеңдігі мен әртапатылық куәгерлік етеді.» дейді.
«Қорғансыздың күнінде» арамдықпен жасалған зұлымдық – жауыздықтың жиіркенішті суреті жеріне жеткізіле көрсетілген. Әңгімедегі оқиға ағымы қорғансыздың күні қашанда қорғансыз, олар қашанда әділетсіздік пен озбырлық құрбаны деген ойға жетелейді. Оқиғаны торыға баяндаған автор қоғамда орын алған әділетсіздіктің құрбан жалғыз Ғазиза еместігін оқырманға бағамдатып, қ оғамды билеушілердің келіссіз әрекеті, өктемдігі алдында бүкіл қазақ қауымы шарасыз, қорғансыз екендігін ишаратпен бейнелеген. Автор ар сілкінісін негіздеу көмегімен күрескелік идеяға да барған. Қорғансыздың көретін күні - аянышты тіршілік. Әңгіме аты да осындай идеялық ойды меңзейді. [4;34б]
«Жетім» әңгімесінде әлеуметтік әділет іздеген Қасымның трагедиясынан жазушы қоғам болмысындағы шешілмес қайшылық, пешенедегі тағдыр жазуынан озбас қасірет туралы философиялық ой түйіндеген.
М. Әуезов әңгімелерінде сырттан тон пішу жоқ, өмірдің өз ағысы бар, адамның жан дүниесі, дүние танымы, өз жағдайы мен мүмкіндігіне сай өсу жолы да бар. Жазушы кейіпкер жан дүниесін асықпай терең зерттейді, тереңдемей жатып алдын – ала сызық сызумен әуестенбейді. Жазушы шығармада суреттелетін оқиғаға өз қатысын, сутбективтік пікірін зорлап таңбайды. Ол кейіпкерінің әрқайсысының өз сипаттарын өздері танытуына кең жол ашады. Өмірдегі қатыгездік пен мейірбандық, қараңғылық пен білімділік, сезім салқындығы мен шынайы сүйіспеншілік, екіжүзділік пен адалдық күрестерін Әуезов қажымай – талмай өз арнасымен, өз даму барысымен, өз заңдылықтарымен шынайы суреттейді.
М.Әузов әңгімелерінде адамзат өмірі қатыгездікке толы, жаратылыс дүниесі мен адамзат қоғамы өзіне тән дәстүрлі қасиетінен айырылуға мәжбүр деген идеяны алға тартады. Әлеуметтік орта үнемі шетке қаққан кейіпкер өзін сол ортада керексіз сезінеді, жалғызсырап құлазиды, қапаланған көңіл –күй қасіретімен бетпе – бет қалады. [4; 21б]
М.Әуезовтің әңгімелеріндегі ауыспалы мағыналы сөзердің қолданылуы
М.Әуезов шығармаларында қазақ тілінің бүкіл сөздік қоры мен сөздік құрамы көрініс береді деуге болады. Оның шығармалары халқымыздың тіл байлығы мен сөйлеу дәстүрінің ерекшеліктерін толыққанды қамтиды десек те артық айтқандық емес. Ол қолданыстан қалып бара жатқан қаншама сөзді қайтадан жаңғыртты, түрлендірді, өз жанынан сөз тудырып жаңа сөздер жасады. Шығармашылығындағы шебер тілдік қолданыстар арқылы көркемдіктің ерекше бір үлгісін ұсынды. Әуезов прозасының тілі күрделі, аса мән беріп іждиһатпен оқымаған адамға ішкі сырын бермейді. Жазушы әңгімелерін оқи отырып антоним, синоним, омоним сөздер, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер, терминдер, авторлық төл сөздер мен тіркестер сияқты көркемдік құралдармен қатар ауыспалы мағыналы сөздерді де көп қолданғанын байқадым. М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» мен «Жетім» әңгімесінде қолданылған ауыспалы мағыналы сөздер автордың тіл байлығын көрсетіп, оның көркем сөздің көсемі екендігін дәлелдейді. М. Әуезов қолданған ауыспалы мағыналы сөздердің барлығы шығарманың тақырыптық-идеялық негізінің ашылуына, көркемдік дәрежесінің одан әрі сапалана түсуіне жәрдем еткен. Бұл біріншіден автор тілінің байлығын, сөздік қорының молдығын танытса, екіншіден жазушы қаламының шеберлігін айшықтай түседі. М.Әуезовтың осы кейіпкерердің жан әлемін суреттеуде және табиғатты бейнелеуде ауыспалы мағыналы сөздерді ұтымды қолданған. Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[3;18б] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора, метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі тағы басқа жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойынша ауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған. [7; 28б]
«Жетім» әңгімесі мен «Қорғансыздың күні» әңгімелеріндегі ауыспалы мағыналы сөздер.
«Жетім» әңгімесінде кездескен ауыспалы мағыналы сөздер
«Қорғансыздың күні» әңгімесінде кездескен ауыспалы мағыналы сөздер
Қорыта айтсам қазақ әдебиеті тарихындағы даралық бітім-болмысы, ұлттық бейнесі айқын дарын иесі Мұхтар Омарханұлы Әуезов әңгімелерін зерттеу барысында оның әңгімелеріндегі көркемдегі құралдардың өте ұтымды, кейіпкер сомдаудағы сөз өнерін терең меңгерген ерекше дарын иесі екенін байқадым. Автор идеясының сомдаған образдармен байланысты келіп оның жеке танымдық санасына байланысты екенін көптеген зерттеушілер айтқан. М.Әуезов шығармаларындағы эстетикалық даралық жазушы дүниетанымындағы асқақтықпен астасып келеді. Жазушы өз әңгімелері арқылы авторлық идеясын, өзінің кейіпкерлеріне деген көзқарасын білдіреді. Автор позициясы оның эстетикалық позициясы да болып табылады. М.О. Әуезовтың шығармашылық тұлғасының асқақ бітім - болмысы оның дара эстетикалық санасымен және дүние қайшылықтары және өмірдегі тартыс-қақтығыстарға деген өзіндік таным деңгейінің биіктігімен өлшенеді деп ойлаймын.
«Жақсының аты өлсе де, хаты өлмейді» немесе «Ақынның өзі өлсе де, сөзі өлмейді» , - дейді емес пе дана халқымыз. Сол даналар қалдырып кеткен ұлы сөздің төркінінде үлкен мән жатыр. Әуезовтей ұлы бар ұлттың ешқашан аты да, заты да, хаты да өлмек емес. .[1; 318б] М.Әуезовтің қай шығармасын оқысаң да, терең ойға батасың. Өмірдегі ақ – қараны, жақсы – жаманды айырып, бәріне сын көзбен қарайсың, қарайсың да терең күрсініп мұңға батасың. Жазушының шеберлік, қандай данышпандық дейсің, таңданып. Мұхтар Әуезов туралы әлі айтылар сөз, толғанды ой көп, бәрі де уақыт еншісінде дей келіп:
Мұхтары бар қазақты нашар деп сен санама
Көп көрді деп азапты қырын сөзбен қарама.
Құны мәңгі жойылмас, рухы биік еңселі,
Қолда барда алтынды, асылыңдай бағала! – дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Нұржанат Рахманов «Әуезовтану дәрістері» Алматы, 2010 ж
-
«М. Әуезовтың өмірі мен шығармашылық шежіресі» - Алматы; 1997 ж
-
Байтанаев «Шын шеберлік» - Алматы; 1969 ж
-
Майтанов Б. «Мұхтар Әуезов - суреткер» - Алматы; 1997 ж
-
Қазақ тілінің сөздігі. Алматы; 1999ж
-
М.С. Исаев «Қазақ тілі» - Алматы; 2007ж
13