Материалдар / Ғылыми жұмыс. «Түркістан облысының тарихи ескерткіштері»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жұмыс. «Түркістан облысының тарихи ескерткіштері»

Материал туралы қысқаша түсінік
тарихи жерлермен танысуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2021
634
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы



«Төржан» жекеменшік гимназиясы



«Түркістан облысының тарихи ескерткіштері»





Секциясы: әдебиет






Ғылыми жетекшісі:

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Құралбаева Г.Е.






МАЗМҰНЫ


І КІРІСПЕ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_______________________________________________3


ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қожа Ахмет Яссауи____________________________________5

2.2.Сауран кесенесі_________________________________________7

2.3. Cайрам – су __________________________________________11

2.4. Ақмешіт_____________________________________________16


ҚОРЫТЫНДЫ _________________________________________24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _______________ 25





















І КІРІСПЕ­­­­­­­­­­­­

Ғылыми жұмыстың өзектілігі:

«Ешкім сызып тастай алмайтын, ешкім жоққа шығара алмайтын»  

(О. Сүлейменов) аса құнды тарихи құндылықтардың бірі, қилы-қилы замандар өтсе де өшпей, өлмей, бүгінгі күнге жеткен ескерткіштердің маңызы. Бұл ескерткіштерде ата-бабаларымыздың қилы кезеңдердегі ел үшін, жер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің ерлік шежіресі сақталған.

Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қол жеткізу арман болған осынау көненің көздерін тану, білу, бағалау  жас ұрпақ санасына сіңіру жұмысымның мақсатын айқындайды.

Әдеби-көркемдік тәсілдермен өрнектелген көне ескерткіштерінің ерекшеліктерін білу, зерттеу-өскелең ұрпақтың – біздің басты мұратымыз, жазып қалдырар тарихымыз болмақ деп білемін. Мәдениетіміздің бастауы болған өзімізді қызықтырған ескерткіштерінің сырына терең үңіле отырып, бұл тақырып төңірегіндегі зерттеу жұмыстарына өз үлесімді қосуды мақсат еттім. Сондықтан да өз зерттеулеріміздің өзектілігі мен қажеттілігін ескере отырып, оның бүгінгі заманда  өзекті тақырып болатынына сенім білдіремін. Осыған байланысты тарихи ескерткіштерінің мәтінімен толық таныстыру.

Ғылыми жұмыстың зерттеу мақсаты:

Ұрпаққа ұлағат болатын ескерткіштердің тарихын тану, рухани мазмұнына лайық баға беру.

Ғылыми жұмыстың құрылымы:

Жұмыс мақсатына сай құрылған кіріспеден, негізгі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер берілген.

Зерттеу әдісі:

  • Кітаптарды, журналдарды, тарихи әдебиеттерді, зерттеулерді оқып материал жинау;

  • Материалдар жинағын құрастыру;

Оңтүстік Қазақстан – ежелгі цивилизацияның жері. Ежелгі дәуірден бастап қазақ жерінің тұрғындары тұрмыстық мәдениетті құраған болатын.

Ұлы жібек жолы жерінің қиылысында Оңтүстік Қазақстан облысының жері қазақ мемлекетінің бесігі болып есептеледі.Оңтүстік Қазақстан облысының 802 тарихи және мәдени ескерткіштердің ішінен 528 археология ескерткіштері, 42 тарихи ескерткіштері, 226 архитектуралық ескерткіштер.  

Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларының ішінде Түркістан қаласы ерекше орын ерекше орын алады. XVI-XIX ғасырдағы Ұлы Жібек жолында орналасқан Түркістан қаласы Қазақ хандығының астанасы және түрік тілді халықты адамдардың орталығы.

Түркістан қаласы діни орталықтардың бірі, екінші Мекке ретінде маңызды болып есептеледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында киелі жерлер көп. Қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесі осы аймақта орналасқан. Мәселен, Арыстан баб кесенесі жанында емдік қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар десе, түркі халықтары Түркістан қаласын екінші Мекке ретінде санайды. Ал, Сайрам ауылындағы ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші Қарашаш ана кесенесі Қожа Ахмет Ясауидің анасына арнап салынған. Сондай-ақ, осы ауданда Ибраһим ата кесенесі бар. XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ал Түркістан қаласындағы 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIX ғасырдың соңына қарай тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастағаны мәлім. Өңірдің әр ауданында аңыз болып тараған әулие-әмбиелер жатқан жерлер мен ескерткіш, кесенелер де жетерлік. Өңірде сонымен қатар табиғаты тамаша көрікті жерлер мен аңыз ретінде танылған киелі орындар да бар. Бүгінде «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасына күнгейден 100 орынның тізімі ұсынылып отыр. Солардың арасында көпшілікке мәлім жерлерді таныстыруды жөн көрдік.


Негізгі бөлім

2.1.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Түркістан қаласы діни орталықтардың бірі, екінші Мекке ретінде маңызды болып есептеледі.

XIV-XV ғ.ғ. Тамерланның бұйрығымен құрылған ЮНЕСКО әлем ескерткіштерінің тізіміне 2004 жылы енгізіліп, ежелгі қасиетті орындардың ортағасыр сәулетінің киелі мекені. Мұсылмандарда Қожа Ахмет Яссауи Мұхамедтен кейін екінші болып саналады.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – сәулеттің көрнекті ескерткіші, ортағасырлық сәулет өнерінің жарқын үлгісі. Яссауи сәулет кешені өз қабырғаларында міндеті бойынша түрлі орын-жайларды, сарайлар мен ғибадатханалар кешенін біріктірген темір уақытындағы сәулет өнерінің жауһары.ЮНЕСКО дүниежүзілік мұра тізіміне қосылған Қазақстандағы бірінші құрылыс. Оңтүстік-Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында орналасқан.
Ғимарат міндеттерінің алуан түрлігіне байланысты ғалымдар оның атауына қатысты бір пікірге келе алмай отыр, сондықтан оны кесене, мешіт, мемориалды кешен, ханака деп түрліше атайды. Бұл атаулардың әрқайсысы осы көрнекті кешеннің бір ғана міндетін суреттеп, қарастырылған барлық қызметтер мен салт жораларын көрсетпейді. Соңғы кезде мамандардың арасында оны дәруіштердің өзгеше үйлерін (монастырьлер) атайтын термин «ханака» деп жиі айтып жүр.
Кесене сопылықтың негізін қалаушы, ойшыл, ақын, уағызшы Қожа Ахмет Хазірет Сұлтан Яссауидің құрметіне тұрғызылған. Аңыз бойынша Яссауи Мұхаммедтің ізбасары болған. Пайғамбар дүниеден өткен кез 63 жасқа жеткенде Яссауи жерасты мешітінің еркін сопысына айналып, қалған өмірін бата және уағыз оқумен өткізеді. Яссауи Арыстанбаб пен Юсуф Хамаданидан білім алады, сопылық негіздерін, араб, шағатай және араб тілдерін, поэзия мен Шығыс әдебиетін оқыған. Өзінің туған қаласы Яссыда сопылық «Яссауи» орденінің негізін қалайды. Өз ілімінде ол тақуашылық, төзімділік, мейірбандылық, әділдік пен адалдықты дәріптеді. Қожа Ахмет ислам және түбірімен тарихқа терең тартылған дәстүрлі түркі халқы ілімдерін үйлестірді. Яссауи мен оның шәкірттерінің арқасында сопылық арқылы ислам Орта Азия аумағына кеңінен таралды. 
Яссауи дүниеден өткеннен кейін оның мазары орнында кесене тұрғызылды, бірақ уақыт өте ол әбден тозады. Яссауи өлімінен 233 жыл өткеннен кейін Орта Азияның қуатты билеуші Әмір Темірдің бұйрығымен жаңа кесене салынады.


Picture 4

Picture 10



2.2. Сауран кесенесі

Сауран - ХІІ ғасырдаірісаудаорталығыретіндеіргетасықаланған. Түркістанныңсолтүстікбатысжағындағы 30 шақырымжердеорналасқан орта ғасырдағықалалардыңбірі. Орта ғасырдаСауранқазақелініңәлеуметтік-саяси, шаруашылық-этникалық және мәдени дамуының орталығы болған.

Сауран қаласы туралы алғашқы ақпарат Х ғасырға жатады. X IV ғасырда Сауран Ақ Орданың астанасы болды. Авторлар барлығына тоқталып, Түркістан қорғандарының ішінде Сауран қаласы климаты жағынан, қорғану қамалдарымен, қаланың орнығуымен, жерімен артық екендігін ескертеді. Қазіргі қалашық солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 550 м созылған қабырғамен қоршалған, қабырғадан асып түсетін 4 дөңгелек 2 төбеден тұратын елді мекен. Көлемі қоршаған ортаның үстінен 2-2.5 м созылған. Сақталған қабырғаның ұзындығы шамамен 1400 метрді құрайды. Қаланың ішіне екі қақпаны орналастырған. Қабырғаның айналасы іші тереңдігі 1-3 м., қалыңдығы 15-20 м.

Қалашықта табылған тиындар және керамика Қазақ Орталық Мемлекеттік музейінде сақталған.

1926 жылы құрылған Ақсу-Жабағалы қорығы, Қазақстан және Орта Азияда алғашқылардың бірі болды. Археологиялық табылулардың орны болатын, Қазақстанның сұлу жерлерінің бірі. Қарабастау жерінде 140 миллион жыл – Юр кезеңінде бұрын өмір сүрген өсімдіктер және жануарлар қалдықтары бар.

Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашық туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. 13-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14-ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді - жердің астынан салынған каналды ерекше атаған.

Сауран 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында әлсіреп, 19-ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 - 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 - 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді. Шамамен ХІV ғасырда салынған екінші Сауранның орны Түркістан қаласынан Қызылордаға қарай өтетін теміржолдың бойымен 45 шақырым жерде сақталған. Археологиялық зерттеулер кезінде Уәсифи жазған медресе мен кәріз құбырларының орындары табылды. Сондай-ақ шаһарда болған жұма және айт мешіттерінің қалдықтары қазылып, олардың сақталған бөліктерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазба кезінде шаһардың бас қақпасы мен оның сыртынан қазылған орға салынған аспалы көпірдің тұғырлары табылды. Қорғаныс қабырғасын қоршай қазылған терең ордың ішіне кезінде су жіберілген. Арнайы салынған қазба 48 қатар қаланған кірпішпен нығайтылған, терең ордың тереңдігі үш метрден астам екендігін көрсетті. Қаланы қоршаған жаудың талай жауынгерлері осы ормен қабырғаны ала алмай жер құшқан. Қазба жұмыстары кезінде қабырғаға қадалған және ордың ішіне құлаған жебенің темір ұштары көп табылады. Қабырға бұзғыш қондырғылардың домалақ тас оқтары мен орға құлап өлген жау әскерінің қурап қалған қаңқалары да кездесіп жатады. Қазіргі кезде шаһардың орнындағы көне ғимараттарды қалпына келтіріп, туристер көретін музей жасау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.







2.3. Сайрам-су шатқалы

Біздің аумақтың ең тамаша шатқалдарының бірі – Сайрам-су. 2350 м биіктікте мұздан жасалған көл. Оның қазаншұңқыры гитара тәріздес болып табылады. Көлдің төменгі жағында түсі ашық жасыл және өте салқын болып келеді. Көлдің түсі нақ екі түрге бөлінуі, яғни ашық көкшіл және ашық жасыл болуы өте қызықты. Кез-келген ауа-райында көлдің түсі өзгеріссіз екі түрлі. Сондық осы туралы аңызда бар. Ерте заманда биік тау бөктерінде адамдар тұрыпты. Осы тайпаның басшысының қызы кішкентай кезінен басқа елдің ханына атастырылады екен. Уақыт өте келе қыз өсіп, бойжете және әдемі, батыл болып өседі екен. Күндердің күнінде бойжеткен сол тайпадағы қойшы жігітке ғашық болып қалады. Екі жас әке – шешелерінен ырзашылығын сұрамақшы болады. Бірақ қыздыңәкесі қатты ашуланады. әкесі қыздан міндетін орындап, ханның жары болуын сұрайды. – Бұл мүмкін емес деп қыз шешім қабылдайды. Түннің бір уақытында жігіт пен бойжеткен өз ауылдарынан қашып кетеді. Қыздың әжесі өз батасын беріп, ашық жасыл жүзік және жылан жүздес білезік сыйға тартады. Сыйлықпен тек қиын жағдайда қолдансын деп бұйырады. Ұзаққа қашып үлгермеген балардың артынан әкесі қуып жетуге сәл қалғанда, қыз ашық-жасыл жүзігін шешіп лақтырған кезде көл пайда болады. Бойжеткен мен жігіт тағыда алыстап қашады, бірақ әкесі тағыда жетіп алады, сонда қашп құтыла алмайтыны білген екі жас шешім қабылдап шексіз дүниеде бірге боламыз деп сө беріп, қыз жылан тәрізді білезігін алдына лақтырады. Мұнда 8 тәріздес, яғни шексіз символы, көл пайда болады. Міне осыдан екі түсті көл пайда болған.Оның басты байлығы мұздақтан пайда болған көл. Бір қызығы, көлдің түсі ақшыл көк пен көгілдір түске сызылғандай екіге бөлінеді. Бұл жайында тамаша аңыз бар. Жергілікті тайпа басының жөргектегі ханның ұлына атастырған қызы болыпты. Қыз бойжетіп, қарапайым малшының ұлына ғашық болады, олардың үйленуіне қыздың әкесі келісімін бермейді. Қыз бен жігіт қашуға бел буады. Қыздың әжесі оларға батасын беріп, қызға көгілдір тасты сақина мен жылан кейіпті білезік сыйлайды. Қуғыншылардан қашып бара жатып қыз көгілдір сақинаны жерге лақтырады, сол жерде малахитті көл пайда бола кетеді. Білезік түскен жерде шексіздік белгісінде сегіздік формалы көл шыға келеді. Міне, содан көп жылдардан бері көгілдір су (қыздың) және ақшыл көк (жігіттің) сулары қосылған. Көл суын тамшылап айырса да, екі түс айырылмайды, олар осы көлге бастау берген ғашық жүректердің мәңгілік бірге болатынын білдіреді.

Қозғалыс түрі – жаяу.   Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі – Сайрамсу өз.- Кырчищлы –жылғасы, Көпжайлау – жылғасы, Сайрамсу көлі. Бағыт ұзақтығы -14 км.

Жол Шымкент қаласынан басталып 2 сағаттық жолды қамтиды, сондықтан қаладан кетуді таңғы сағат 8-ден кешіктірмей жүзеге асырған жөн. Бағыт   «Альтекс» тур кешенінен басталады және Сайрамсу өзенінің кең әрі көрікті шатқалы арқылы өтеді. Оңтүстік шығыста Сайрам шыңының   (теңіз деңгейінен 4236м.) ақ ұшар басы мұндалап тұр. Тур кешенінен жоғары соқпақ жол алдымен өзеннің сол жақ, кейін оң жақ жағалауымен жалғасып жатыр. Бір сағаттан кейін Қырғилы жылғасын кесіп өтеміз. Енді жол Сайрамсудың оң жағалауымен оңтүстік-батыс бағытына апарады. Шатқалдың солтүстік және шығыс беткейінде әдемі арша ормандары, өзен қуысында қалың қайың орманы. 1 сағат жүрген соң Қапжайлау жылғасын кесіп өтеміз, асуға келіп тоқтаймыз. Бұдан әрі бағыт гүлгүл жайнаған альпі шалғындарынан өтеді. 2 сағаттық қиын емес көтерілу және соқпан жол көлге әкеледі. Сайрамсу көлі үлкен емес қазаншұңқырда өзен көздерінде теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Өзен аумағы шамамен 350 ш.м. Аса терең емес және судың мөлдірлігі түбін көруге мүмкіндік береді. Оңтүстік бөлігінде көлді толықтырып тұратын суық көздерінің ағыны бар. Көлдің батыс бөлігі қалың ашық жасыл түсті өсімдікпен жабылған.
    Қарақаттың ірі түптері мен алуан түрлі гүлдер демалу үшін қолайлы жағдай жасайды. Үш сағаттық демалу мен түстенуден (қалағандары өзеннің жоғары жағына шыға алады) кейін көтерілген жолмен төмен түсеміз.









2.4. Ақмешіт

ОңтүстікҚазақстаноблысы, Бәйдібекауданына бара қалсаңыз, міндеттітүрдеАқмешітүңгірінеатбасынтіреңіз. Әулиеліжерге, перзентсұрап, ауру-сырқауына ем тілепкелушілержеткілікті.

Ойық жарқабақ үңгір ұзындығы 254 болса, ені 65, биіктігі 25 метрге жетеді. Жарқабақ саңылауларынан су тамып тұрады.

Бір кездері онда бір әулие кісі отбасымен киіз үй тігіп, арнайы саты арқылы төмен-жоғары мініп-түсіп жүрге Бұл жерде бағзы дәуірде жерасты мешіті болған деседі. Ортадағы алаңнан бірнеше қамалдарға жолдар жалғапты. Кейін сол жолдар бітеліп, мешітке жан адам кіре алмай қалған екен. ХХ ғасырда күмбездің бір бөлігі опырылып, содан үңгірге кіретін саңылау пайда болыпты. Қасиетті жерге жол тапқан адамдар бұл орынды әулиелі жерге айналдырады.

Келесі бір аңызда осы үңгірде жоңғар шапқыншылығынан бас сауғалау үшін балалар мен қазақ әйелдері мекен етіпті.Бұл үңгірді арнайы «биолокациялық» құралмен тексергенде адам денсаулығына кері әсер беретін геомагнитті толқындарды таппаған. Яғни, үңгір керісінше, адам ағзасындағы жаман энергияны (тіл, көз, дуа) өзіне алып қалады.

«Ақ мешіт әулие» үңгіріне кезінде 10 мың әскер еркін сыйған деседі.

«Ақ мешіт әулие» үңгірі - Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылының жанындағы Қаратау сілемінің бөктерінде, 250 м биіктікте орналасқан. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыз бойынша бұл жерде бағзы дәуірде жерасты мешіті болған деседі. Ортадағы алаңнан бірнеше қамалдарға жолдар жалғапты. Кейін сол жолдар бітеліп, мешітке адам кіре алмай қалған. ХХ ғасырда күмбездің бір бөлігі опырылып, содан үңгірге кіретін саңылау пайда болыпты. Қасиетті жерге жол тапқан адамдар бұл орынды әулиелі жерге айналдырады. Келесі бір аңызда осы үңгірде жоңғар шапқыншылығынан бас сауғалау үшін балалар мен қазақ әйелдері мекен етіпті. Бүгінде киелі саналатын орынды көргісі келетіндердің қатары артқан. Себебі, үңгірдің өзіндік тылсым сыры көп. Үңгірдің іші қоңыр салқын, салқын леп ұрып тұрады. Оның кереметі сол, ішінде түрлі ағаштар мен өсімдіктер, құстар бар. Үңгірдің ортасында биіктігі 10-15 м, көптеген жылдан бері жиылған қазақта «киелі құс» деп аталатын үкі саңғырығының үйіндісі жатыр.   73-жастағы шырақшы Асқар ақсақалдың айтуынша, бұл құстың саңырығы жүздеген жылда жиналған. Кейінгі жылдары үкі үңгір ішінде неше түрлі жұмыстар жүргізіле бастағандықтан ұшып кетіпті. Әулие үңгірдің шырақшысы жасы 70-тен асқандығына қарамастан келген адамдарды ертіп, кем дегенде 5-10 рет мешітке түсіп шығады. Шаршауды білмейді. Киелі орынның кереметі де осында. Киелі «Ақ мешіт әулие» үңгірі күмбезінің әр жерінен су тамшылап тұрады. Күмбез шаңырақтың қасиетінің арқасында судың тамшылары қысы - жазы тамшылағанымен ауада ешқандай келеңсіз патогенді ауру бактериялары болмайды. Сондықтан мұнда көгеру, шіру деген процесс жүрмейді екен. Қазіргі таңда киелі мекенге Алматыдан, Тараздан, Қызылордадан, Шымкенттен өзге ұлттың адамдары да ағылып келуде.  

Ендігі бір аңызда айдаһар туралы айтылады. Ол айдаһар адамдардың төрт түлігін әкетіп отыратын болған екен. Бір күні бұл маңға Сүлеймен пайғамбар келіп, айдаһарды матап кетеді. Ол үңгірдің ортасындағы күн түсетін дөңнің үстінде ұйықтаған екен делінеді. Зұлым айдаһардың қанша уақыт өмір сүргені айтылмайды

Бұл жерде бір кездері үлкен айдаһар өмір сүріп, ол қарашаның төрт түлігін қырып-жойыпты. Амалы біткен халық Ақмешіт әулиеге келіп, көмек сұрайды. Өз кезегінде Ақмешіт әулие ілім-білімнің күшімен айдаһарды жеңген екен деседі. О дүниеге аттанарында денесін осы жерге жерлеуін өтінеді. Өзі сұрағандай оны осында арулап көмген екен.

Есіркеп Қойкелді батыр қалмаққа қарсы жорыққа дайындалып жатқанда нөсер тоқтамай қояды. Сонда ол 10 мың қолымен үңгірге түнеп, бәрі бірдей таңғы намаз оқыған екен.

Кейін сарбаздың бірі бұл үңгірді Есіркеп немесе Қойкелді деп атаудды ұсынады. Сонда батыр, «Бұл үңгір Қаратаудың қасиет дарыған етегі ғой, барлығымызды жауыннан қорғады, намазға жығылдық, тастары да аппақ екен, жақсы әсер сыйлады, сол себепті бұл жерді  «Ақмешіт» деп атайық» дейді. Содан бастап, бұл киелі орын «Ақмешіт» үңгірі аталып кетіпті.

Дүниежүзінің жұрты сәті түссе, Тибет тауына шығып, көкірек кере дем алып, шамбалалар қасиетін жүрегінен өткізуге құмбыл. Қолы жеткендер бойындағы кеселдерден арылдым, жан-дүнием тазарды деп келеді. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, аспанмен амандасқан сол Тибет тауларының қасиеті осы біздің Ақмешіт үңгірінде бар, деп жазады ОҚО-дағы «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Бақтияр Тайжан.  Геомагниттік толқындарды зерттеп жүрген Мұсатілла Тоқановтай ғалымның басқа шаруасын жиып қойып: «Ақмешіт!» деп шырылдауынан осыны ұққайсыз. Өйткені, киелі Ақмешіт үңгірі жоғарғы күш-қуатты, таза энергетикалық ауа ағымдары шоғырланған толқынды аймақта орналасқан. Ақмешіт үңгірінің күмбез шаңырақты құрылымы адам ағзасына оң әсер етіп, кір энергиядан тазартып, иммундық күш-қуатын оятып, келеңсіз ауру-сырқаудан арылтады. Ақмешіт үңгірі - Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы Көктерек ауылының жанындағы Қаратау сілемінің бөктерінде. Қасиетті, киелі Ақмешіт 250 метр биіктікте таудың сілемінде орналасқан. Үңгірдің кіре берісінде ені шамамен 10-15 метр көлемінде, арнайы орнатылған темір сатымен 35 метр төмен түскенде бірден жаздың аптап ыстығы +35, +40 градустан үңгірдің іші қоңыр салқын, +18-20°С салқын лебі ұрып тұрады. Үңгірдің бір кереметі: ені 60-80 метр, ұзындығы 120 метр, биіктігі шамамен 35 метр күмбез іспеттес. Киелі Ақмешіт күмбезінің әр жерінен су тамшылап тұр. Күмбез шаңыр

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!