Тезис
Тақырыбы: «Үмбетәлі Кәрібаев ауылының экологиялық жағдайының
мониторингісі»
Зерттеудің
өзектілігі:
Бұл жұмыста мектеп оқушылардың
ағзасына Үмбетәлі ауылы экологиялық жағдайының тигізетін әсері
толық зерттеліп, ауыл тұрғындарының назарына
ұсынылды.
Ауылымыздың экологиялық
жағдайын жақсарту жолдары көрсетілген.
Зерттеу жұмысының
мақсаты:
Үмбетәлі ауылы экологиялық
жағдайының мектеп оқушыларының ағзасына тигізетін әсерін мониторинг
жүргізіп, диагностика арқылы зерттеу.
Үмбетәлі ауылының экологиялық
жағдайын жақсарту жолдарын анықтау, болашақ экологиялық жағдайды
болжау.
Гипотеза: Табиғат - бәріміздің ортақ
үйіміз, мекеніміз. Экология ғаламдық проблемаға айналып отырғаны
бәрімізге мәлім.
Онда шекара деген болмайды.
Сол себепті, жер, су ауаға залалы тиер қандай да бір қауіп болса,
елге мемлекетке бөлінбей бірлесе шешкен
абзал.
Табиғатта тіршілік иелері мен
өлі дүние арасында үздіксіз қарым-қатынас жүріп жатады. Бүлар
денсаулыққа белгілі бір әсерін тигізеді.
Зерттеу жұмысының
объектісі:
Үмбетәлі ауылының экологиялық
жағдайы, мектеп оқушыларының денсаулықтарының
көрсеткіштері.
Зерттеу жұмысының
әдістері:
-
Баспасөз және әдеби
шығармаларды талдау;
-
Жамбыл ауданы Үмбетәлі
ауылының экологиялық жағдайының зерттеу жұмыстары: бақылау,
зертханалық жұмыстар;
-
Экологиялық жағдайының
оқушылардың денсаулығына түсірген жағымсыз әсерін
анықтау;
-
Экологиялық проблемаларды шешу
жолдарын анықтау;
-
Зерттеу материалдарын
сұрыптап, мониторинг жүргізу.
Зерттеудің
кезеңдері:
-
Жамбыл ауданы Үмбетәлі
ауылының экологиялық жағдайын зерттеу;
-
Адам ағзасына тигізетін
әсерінің анықтау;
-
Зерттеу материалдарын
сұрыптап, мониторинг жүргізу.
Зерттеудің
жаңашылдығы:
Бұл жұмыста мектеп оқушылардың
ағзасына Үмбетәлі ауылының экологиялық жағдайының тигізетін әсері
толық зерттеледі.
Өзіндік жұмыс істеу
деңгейі:
Зерттеу жұмысының
құрастырушылары өз бетінше:
-
Үмбетәлі ауылының экологиялық
жағдайын анықтады;
-
экологиялық жағдайды
төмендететін факторларды зерттеді;
-
мектеп оқушылар арасында
экологиялық жағдайдың әсерінен туған аурулар туралы мәлімет
жинақтады.
Практикалық
өзектілігі: Үмбетәлі
ауылдың экологиялық жағдайды жақсарту
мақсатында ауыл тұрғындарының назарына буклеттер мен үлестірмелі
парақтар ұсынылады, ауыл әкімшілігімен тығыз байланысқа кіріп, бұл
жоба көпшіліктің ортасына салынды.
Ұсыныс: ауыл тұрғындары мен еліміздің
болашағына көңіл бөлетін азаматтарымыздың назарына ауылымыздың
экологиялық жағдайды жақсарту жолдары
ұсынылады.
Жобаның практикалық
өзектілігі:
Өз ауылымды, өз жерімді,
өзімнің Отанымды таза, көрікті болсын деп армандаймын. Елімді
мақтан тұтқым келеді. Адам мен табиғат тығыз байланыста, солдықтан
табиғаттың ластануы адамның денсаулығының нашарлауына
соғады.
Адамзат тек бүгінгі
күнмен өмір сүрмей, өзінің болашақ ұрпағы туралы ойлайды. Әр адам
өзінің баласының денсаулығы мықты болсын деп армандайды. Жобамда
тек қана ауылымыздың экологиялық жағдайын зерттеп, табиғаттың
ластануы мен оқушының денсаулығының нашарлануы туралы мағлұмат
бермей, алға қойға мәселелердің шешу жолдарын ұсынып
отырмын. Ауыл тұрғындары ның назарына
мектеп оқушыларының денсаулығына әсер ететін экологиялық жағымсыз
жағдайдың тигізетін әсерін жою ұсынылады.