Материалдар / Ғылыми зерттеу сабағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Ғылыми зерттеу сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ғылыми зерттеу сабағы, Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» Мақсаты: Сабақты зерттеу жобасын жүзеге асыра отырып, интербелсенді оқыту арқылы жеке тұлғаның білім сапасын арттыру. Күтілетін нәтижесі: Сабақты зерттеу тақырыбы аясында тәжірибе алмасу. 2019-2020 жылдардан бастап «Кеңес одағының батыры Т. Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі» КММ- де мұғалім тәжірибесін жетілдіруге арналған педагогикалық тәсілді зерттеу сабағын жүргіздік. Зерттеу сабақтары тиімді, себебі ол мұғалімдерге: балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге, оқушыларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге мүмкіндік туғызады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
541
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғылыми зерттеу сабағы, Қазақстан мектептерінің тәжірибесі»

Мақсаты: Сабақты зерттеу жобасын жүзеге асыра отырып, интербелсенді оқыту арқылы жеке тұлғаның білім сапасын арттыру.

Күтілетін нәтижесі: Сабақты зерттеу тақырыбы аясында тәжірибе алмасу.

2019-2020 жылдардан бастап «Кеңес одағының батыры Т. Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі» КММ- де мұғалім тәжірибесін жетілдіруге арналған педагогикалық тәсілді зерттеу сабағын жүргіздік. Зерттеу сабақтары тиімді, себебі ол мұғалімдерге: балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге, оқушыларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге мүмкіндік туғызады.

  Зерттеу сабағын жүргізу мақсатында, зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында қазақ тілі мұалімдері, психолог маманы және сынып жетекшісі болды. Зерттеуге 7 «Б» сыныбын таңдап алдық. Психолог маманның көмегі арқылы оқушыларың қабылдау дағдысын анықтап алдық. Зерттеу тобындағы 3 мұғалім қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері. Зерттейтін топпен «Қазақ тілі мен әдебиеті» сабағындағы кездесетін қиындықтарды анықтадық.

Зерттеуге қатысатын мұғалімдермен, психолог маманы және сынып жетекшісімен бірлесе бақылауға алынатын А,В,С оқушыларын анықтадық. А оқушысы-сабақта белсенді, үлгерімі жақсы, бірақта қасындағы басқа оқушыларға көмек қолын соза бермейді. В оқушысы сабақта үлгерімі орташа, диалог, суреттермен әңгіме құрастыру, толық қалыптаспаған, мұғалімнің көмегімен орындай алады. С оқушы сабақта белсенділігі, ынта-жігері төмен, , дағдысы қалыптаса қоймаған.

Сабақты жоспарлау үшін зерттеудегі мұғалімдермен бас қостық. Мақсатымызға жету үшін қандай әдіс-тәсіл қолданған дұрыс, бағалау жүйесін қалай жүзеге асырған тиімді тұстарын анықтап, оқушылардың бақылау парағын әзірледік. Топ мүшелерінің әрқайсысы сабақ соңына қарай нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде нені көргісі келетінін нақты жазып отыру қажет екендігін айқындадық. Жоспардың негізінде сабақ өтілді, топтағы мұғалімдер бақылау жүргізді. Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардан сұқбат алынды. Оқушыларға: Саған сабақта бәрінен де не ұнады? Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы? т.б. сұрақтарға жауап алынды. №1 сабақ тақырыбы: Жылқы ер қанаты «Миға шабуыл» әдісі арқылы Жылқының қандай пайдасы бар?деген сұрақты жұпта талқылады. А оқушысы қасындағы жұбымен талдау арқылы бірінші қол көтеріп: тұрмыста, ауыл шаруашылығында, қолдануға болатынын жесе ет, мінсе көлік,ішсе сусын, деп жақсы жауап берді.

1-тапсырма ”Ойлан,жұптас,бөліс”әдісі арқылы деңгейлі тапсырма болды. В оқушысы мәтіннің мазмұнын түсінеді,сүрақтардың жауаптарын мәтіннен алады,негізгі ойды анықтай алады, бірақ мінезі тұйық белсенділік танытпайды, сұрағанда ғана жауап беретін оқушы.. С оқушысы қасындағы жұбының көмегімен мәтіннен негізгі ойды анықтап, қалған сұраққа дұрыс жауап бере алмады. Оқушылармен төмендегідей сұрақ жауап болды. Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей алдың? Кездескен қиыншылықтары жайлы пікірлерін білдік.Келесі сабақты жоспарлағанда қателерін талдап, С деңгейлі оқушысына мәтіннен негізгі ойды анықтайтын кілт сөздерді теріп жазады деп шештік. №2 сабақ. «Төрт түліктің пайдасы» Видеобейне көру «Төрт түлік жануармен танысу»Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: Интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды  орындау.жұптық жұмыс «Ойлан-бөліс»әдісі.Төрт түлік төлдері қалай аталады?

Жылқы төлі – ….құлын………. деп аталады, деп оқушылар дұрыс жауап берді.Төрт түлік қалай дыбыстайды? - деген сұрақтарға да жауап бере алды.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бірге орындау қажет. Өйткені А оқушының бойында қасындағы сыныптастарына көмек беруді, бір-біріне бауырмалдықты, мейірімділік қасиеттерін бойына сіңіру еді. А оқушы барлық уақытта белсенді тапсырманы орындады, бірақ қасындағы өзінен білім деңгейі төмендеу оқушыға жазып беріп отырды. талдауда ескермей кеткен тұсы,өзі орындап жоғары деңгейде екендегін дәлелдей алуы. В оқушы алдыңғы сабаққа қарағанда белсенділігі пайда болғанын байқадық. Сабақтан кейін, бақылаудағы оқушыларлардың сұхбаттарынан «Ыстық орындық» әдісінде қобалжып, өз ойларын білдіре алмағанын байқадық, келесі сабақта оқушыларды орнында отырып жауап беретіндей әдіс таңдау қажеттігін білдік. Сөйтіп, «Интервью» әдісін қолдануды жоспарладық.

3 сабақ; Осы ұсыныстарды ескеріп сабақ жоспарын жасап келдік. Жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы жоспар бойынша сабақ өткізілді. Оқушылар бақыланды. Жоспарлағанымыздай оқушылар орнында отырып жауап бергендіктен, оқушыларды қобалжу болмады. Бұл сабақта жаңа тақырып Ғ.Мұстафин «Шығанақ» романы. жұптарға тапсырмалар бөлініп берілді. Жұптағы 1-ші оқушы мәтінді оқып, жұбына: «Сен қалай ойлайсың, мәтін не туралы айтып тұр?» немесе «Мәтінде нені әңгімелеп тұр? -деген сияқты сұрақтар қойды. Ал 2-ші оқушы түсінгенін өз сөзімен айтты, ал 1-ші оқушы 2-шіге «Өте жақсы түсініпсің, жарайсың!», «Жақсы, бірақ, түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып үйрен!,» деген сияқты кері байланыстар берді. Сабақта оқушылар бірін-бірі тыңдап, қызығушылықпен жұмыс жасады. Бұл сабақта оқушыларда ой еркіндігі пайда болып, ойларын дұрыс тұжырымдар айтуға тырысты. Мәтінмен жұмыс жасағанда «Интервью» әдісінің тиімділігін байқадық. А оқушысы – жұбымен ынтымақтаса жұмыс жасаса, В оқушысында белсенділік пайда болып, қолын көтеріп сабаққа қызыға қатыса бастағанын байқадық. Сол сияқты С оқушысының да сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа қатыса бастағаны сабағымыздың сәтті жағы болса, сәтсіз тұстарына кей жұптардың (деңгейлері әртүрлі) деңгейі жоғары оқушы көшбасшылықты өз қолына алып кеткені, мәтіннің мазмұнын айтуда С оқушысы ойын жеткізе алмағанын айтуға болады. Осы сәтсіз жақтарын келесі сабақта қарастыру қажеттігін білдік. Қайта жоспарлау негізінде оқытуды жақсарту бойынша топ мүшелерінің ұсыныстарын ескердік. Топтарға өздері бөлініп, өзара рольдер таңдап алынды. А оқушы көшбасшы боламын деп өзі таңдап алды. Ол әр оқушы жасайтын міндетті бөліп беріп, жұмысты бақылап, уақытылы бітіруге, топтың әрбір мүшесінің өзінің жұмысын дұрыс атқаруды ұйымдастырып отырды. В оқушы постерді безендіруге басты мән берді. Сурет өнеріне икемі бар екенін осы кезде біз байқадық. Берілген ақпаратты постерге түсіріп отырды. С оқушы зерттеу тобындағы мұғалімдерді таңғалдырды. Спикер рөлін алған, топтағы айтылған ақпаратты жіті сараптап отырып, бар мүмкіндігін салып қорғап шықты. Жалпы үш сабаққа қарай отырып біз зерттеуші мұғалімдер өзімізге мынандай ой түйдік, барлық уақытта бір әдісті пайдалана беру оқушылардың дағдыларының дамуын баяулататынын білдік. Оқудағы әдіс-тәсілдерді жиі сыныптың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып өзгерту қажет. Бұл зерттеуді осымен шектемей, келесі циклын ұйымдастыруды келістік. Түйінді идеялар негізінде оқытуды жақсарту нәтижелілігін үнемі зерделеу. Болжамдар мен нақты нәтижелерді салыстыру негізінде келесі сабақты бірлесіп жоспарлап отыру деп шештік. Сабақты зерттеу әдісінің  өз тәжірибемізден туындаған мынандай негізгі ұстанымдарына тоқталған орынды деп ойлаймыз:

- сабақ беру барысында туындаған қандай да бір өзекті мәселені (теориялық, әдістемелік немесе қарым-қатынас саласындағы проблеманы) шешу мақсатында сабақты бірлесе жоспарлау,

- сабаққа қатысу барысында оқушылардың үйрену әрекеттерін бақылау, олардың жетістіктері мен қиындықтарын айқындау,

- оқушылармен сабақтан кейін (сабаққа дейін де болады) сұхбаттасу арқылы олардың мұң-мұқтаждарын, сұраныс-тапсырыстарын анықтау, оларды сабақ барысында ескеру, жүзеге асыру,

- сабақтан кейінгі талқылауда оқушыларды бақылау мен сұхбаттасу нәтижелерін қолданып, сабаққа жағымды өзгерістер енгізу, сабақ жоспарын жақсарту.

К. Ушинский «Мұғалім үздіксіз ізденіп, жетіліп отырғанда ғана мұғалім,ізденуі тоқтаған сәтте оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық. Баршаңызға сәттілік!

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!